Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакцияның жылу эффектісі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға реакциялар, олардың жіктелінуі мен эндотермиялық және экзотермиялық реакциялардың жүру жағдайлары мен қасиеттері, жылу эффектісі туралы білім беру.
Дамытушылық: табиғаттағы жылу бөле және сіңіре жүретін реакциялар туралы мәліметтер арқылы оқушылардың дүниетанымдық ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға қоршаған орта және ауаның тазалығы туралы экологиялық білім беру.
Әдіс-тәсілі: деңгейлік тапсырмалар орындау
Көрнекі құралдар: тақта, үлестірмелі қағаздар,сызба,суреттер
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, ынтымақтастық атмосферасын құру.
ІІ. Тақырыпты ашу.
Табиғаттағы болып жатқан өзгерістерді мысал келтіре отырып, экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар жөнінде білімдерін қалыптастыру.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар берілген рефераттарын қорғайды.
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
Көптеген жану реакциясы кезінде жылу бөлінеді. Химиялық реакциялар жылу түрінде энергия бөле немесе сіңіре жүреді. Мысалы: көмір, күкірт және метан, бензин, ағаш жанғанда жылу бөлінеді. Кейде, мысалы, азот пен оттек әрекеттесіп, азот (ІІ) оксидін түзіп, жылу сіңіріледі.
Жылу бөле жүретін реакциялар – экзотермиялық реакция. Айырылу реакциялары жатады.
Жылу сіңіре жүретін реакциялар – эндотермиялық реакциялар. Қосылу реакциялары жатады.
Химиялық реакциялар кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері реакцияның жылу эффектісі деп аталады. Жылу мөлшері – Дж немесе кДж арқылы белгіленеді.
Реакцияның жылу эффекті көрсетілген химиялық реакциялар – термохимиялық теңдеулер деп аталады.
Деңгейлік тапсырмалар:
1-тапсырма:
Мына реакциялардың қайсысы эндотермиялық, қайсысы экзотермиялық екенін көрсетіңдер:
Достарыңызбен бөлісу: |