Қабылданған өзара міндеттемелер туралы шарт Өтеген батыр кенті 2015 жылғы Іле ауданы әкімдігі атынан «Іле ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»



Дата09.06.2016
өлшемі52.5 Kb.
#124114




Іле ауданы аумағынан коммуналдық

қалдықтарды шығару бойынша қызмет

көрсетушілерді анықтау жөніндегі

тендерлік құжаттамаға 3 қосымша


Қабылданған өзара міндеттемелер туралы

шарт
Өтеген батыр кенті 2015 жылғы«___»________
Іле ауданы әкімдігі атынан «Іле ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, бұдан әрі «Уәкілетті орган», бір тараптан және қоқыс шығаратын ұйым, бұдан әрі «Қызмет көрсетуші», екінші тараптан төмендегілер туралы осы келісім-шартты (бұдан әрі – Шарт) жасады.

1. Шарттың мәні
1. Іле ауданы аумағынан коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызмет көрсету.

2. Қызмет көрсету орны – учаскелердің бекітілген сызбасына сәйкес Іле ауданы.



2. Уәкілетті органның құқықтары мен міндеттері
3. Уәкілетті орган мыналарға міндеттенеді:

1) коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызмет көрсету құқығын Қызмет көрсетушіге өткізіп беруге;

2) коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызмет көрсетуді тиімді етуге байланысты келіп түскен Қызмет көрсетушінің барлық ұсыныстарын 15 күн ішінде қарауға және оған жазбаша түрде жауап беруге;

3) коммуналдық қалдықтарды шығарудың шарттарындағы барлық өзгерістер туралы Қызмет көрсетушіні хабардар етуге міндеттенеді.

4. Уәкілетті орган мыналарға құқылы:

1) Қызмет көрсетушінің жұмысын бақылауға және Шарттың талаптарын бірнеше рет ( 2 және одан да көп) бұзған жағдайда немесе Қызмет көрсетушінің қанағаттанарлықсыз жұмысы жайлы тұтынушылардан шағым түскен жағдайда коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызмет көрсету құқығын тендердің басқа қатысушысына беру арқылы Шартты бір жақты бұзуға құқылы;

2) бір айдың ішінде (бір учаскеде) осы Шарттың 3 тарауының 7 тармағында көрсетілген бұзушылықтарды жасаған болса, сондай-ақ Уәкілетті органның келісімінсіз, қызмет көрсетуші өзінің учаскесі бойынша міндеттерді басқа жаққа берсе (үшінші тұлғаға) Шартты бұзуға негіз болады. Бұзушылықтар Уәкілетті органның қызметкері, аудан әкімі аппаратының қызметкері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет маманының және тапсырыс берушінің (коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызметті тұтынушының) қатысуымен толтырылған акт Шартты бұзуға негіз болады;

3) Шарт бұзылған жағдайда Уәкілетті орган Қызмет көрсетушіге жазбаша ескерту жасағаннан кейін 30 (отыз) күн өткен соң тараптардың міндеттері тоқтатылады.




3.Қызмет көрсетушінің құқықтары мен міндеттері
5. Қызмет көрсетуші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында қарастырылған тәртіпте тұтынушыдан коммуналдық қалдықтарды шығару үшін төлемді уақытында алуға және қызмет үшін төлем кешіктірілген жағдайда шара қолдануға құқылы.

6. Қызмет көрсетуші мыналарға міндетті:

1) коммуналдық қалдықтарды шығару үшін тұтынушымен коммуналдық қалдықтарды шығару кестесі көрсетілген өзара міндеттері белгіленген типтік шарт жасауға;

2) коммуналдық қалдықтарды шығару: күнделікті – сағат 7.00-ден ерте емес, сағат 23.00-ден кешіктірілмей жүзеге асырылуы керек.

3) Уәкілетті орган бекіткен Іле ауданының аумағынан коммуналдық қалдықтарды шығарудың Бас сызбасын сақтауға;

4) контейнер алаңшалары мен онда қойылған контейнерлерді және қоқыс қабылдайтын камераларда орнатылған контейнерлерді тиісті санитарлық және техникалық жағдайда ұстауға;

оларға уақытында жөндеу жұмыстарын жүргізуге және одан әрі пайдалануға жарамайтындарын ауыстыруға;

қалдықты уақытша жинайтын орындарды, контейнер алаңшаларын және қоқыс қабылдайтын камераларды жүйелі түрде жууды, дезинфекциялауды және шыбын-шіркейге қарсы дезинсекциялауды қамтамасыз етуге;

контейнер алаңшаларынан және басқа да қалдық жинайтын орындардан радиусы кемінде 5 метр жердегі қоқысты теріп алуға;

5) қызмет көрсететін учаскеде заңсыз қоқыс үйінділерін болдырмау үшін тұрғындармен коммуналдық қалдықтарды және ірі көлемдегі қоқыстарды шығару бойынша шарттар жасаудың қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;

6) қызмет көрсететін учаскеде коммуналдық қалдықтардың заңсыз үйіндісі пайда болған жағдайда, өз қаржысы есебінен алынып тасталуын қамтамасыз етуге;

7) коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызмет көрсетуді ұйымдастыру барысында Іле ауданы санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің келісімінсіз коммуналдық қалдықтарды шығарудың кестесіне өзгерістерді өз еркімен енгізбеуге;

8) жұмыс кестесінде, коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызмет үшін төлемде өзгерістер пайда болған жағдайда, тұтынушыны болатын өзгерістерден 30 (отыз) күн бұрын, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы болатын өзгерістер туралы хабардар етуге, Уәкілетті органға хат арқылы жеткізуге;

9) жер үйлердің, ұйымдар мен мекемелердің аумағынан коммуналдық қалдықтарды уақытында шығаруды (шарттарға сәйкес) жүзеге асыруға;

10) жеке меншік құқығындағы азаматттарға тиесілі салынып жатқан үйлердің аудандарында коммуналдық қалдықтардан аптасына екі реттен кем емес жоспарлы- жүйелі түрде тазалауды жүзеге асыруға;

11) әр арнайы техника үшін қозғалыс сызбасы көрсетілген жүретін маршрутының кестесін жасау және енгізілген өзгерістерге сәйкес оларға түзетулер енгізуге;

12) металлдан жасалған контейнерлер жазғы маусымда 10 күнде кем дегенде 1 рет (ауыстырылмайтын жүйеде) және әр төңкерілгеннен кейін (ауыстырылатын жүйеде) жуылып тұруы тиіс;

13) қалдықтарды полигонға шығарған кезде автомашинаның әр рейсі туралы жол жүру парағына полигон әкімшілігі белгі қоюға;

14) Уәкілетті органға ай сайын қағаз және электронды тасымалдағыштарда тұтынушылармен жасалған шарттар, көрсетілген қызмет көлемі, контейнерлерді жөндеу және ауыстыру, контейнерлер мен контейнер алаңшаларына дезинфекция жүргізу туралы есеп беруге;

15) Қызмет көрсету барысында анықталған кемшіліктерді қызметті алушы немесе Уәкілетті органның ұсынысынан 3 күннен кешіктірмей жоюға;

16) Тұрмыстық қалдықтарды контейнерлерде немесе контейнерлік алаңдарда өртеуге тыйым салынады.

7. Қызмет көрсетуші мыналарға:

1) коммуналдық қалдықтарды шығарудың Бас сызбасын сақтамағаны үшін;

2) қызмет көрсететін аумақтың антисанитарлық жағдайы үшін;

3) коммуналдық қалдықтардың уақытында шығарылмағаны үшін;

4) коммуналдық қалдықтарды шығару қызметі үшін төлемді бір жақты көтергені үшін;

5) контейнер алаңшалары мен контейнерлердің санитарлық жағдайы үшін;

6) Уәкілетті органмен келіспей, Шарт бойынша жұмыс құқығын үшінші жаққа бергені үшін жауапкершілік артады.


4. Басқа да жағдайлар
8. Осы Шарттың талаптары, егер қызмет шарттары мен жағдайлары объективті түрде өзгерсе, тараптардың бірінің ұсынысы бойынша қайта қаралуы мүмкін. Ол жөнінде жазбаша ескерту алынғаннан кейін 10 күн ішінде ұсынылған өзгерістер тараптардың екіншісі арқылы қабылданады немесе қабылданбайды.

9. Келісім шартта көрсетілмеген барлық сұрақтарды шешу кезінде қолданыстағы заңнама басшылыққа алынады.

10. Келісім шартты орындау кезінде орын алған Тараптар арасындағы пікірталас келісім шарт міндеттемелін орындаудан бас тартуға негідеме бола алмайды.

11. Аталған келісім шартты орындау бойынша Тараптар арасындағы пікірталастар сот тәртібімен шешіледі.


«Іле ауданы тұрғын үй коммуналдық

шаруашылық және тұрғын үй

инспекциясы бөлімі» ММ басшысы

______________ А.Қамалбек ________________аты-жөні
М.О. М.О.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет