Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Биология және экология кафедрасы
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Биологиялық экология, Қоршаған орта туралы ілім, Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер биоалуантүрлілігі, Қоршаған ортаның мониторингі пәндер бойынша
6М060800 – Экология мамандығы бойынша
Павлодар
Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
|
Бекітемін
С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры
___________ Өрсариев А.А.
20__ж. «___»_____________
|
6М060700 – Биология мамандығы бойынша
ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАННЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 Қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары негізінде әзірленген
Құрастырушы/лар: ___________ б.ғ.к., профессор Калиева А.Б.
Кафедра биология және экология
Биология және экология кафедрасы отырысында ұсынылған, 2015 ж. «___» ____________ № ___ хаттама
Кафедра меңгерушісі ________________ Жумадина Ш.М. 20__ж. «____» ________
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған 2015 ж. «___» ____________ № ___ хаттама
ОӘК төрағасы ___________ Буркитбаева У. Д. 20___ ж. «___» __________
КЕЛІСІЛДІ:
Факультет деканы ___________ Ахметов К.К. 20___ ж. «___» __________
МАҚҰЛДАНДЫ:
АҚБД директоры ___________ Нургожин Р.Ж. 20___ ж. «___» __________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
20___ ж. «___» ____________ № ___ хаттама
-
Қабылдау емтиханның мақсаты мен міндеттері
Қабылдау емтиханының мақсаты абитуриенттің жалпы жеке бастық мәдениетінің, кәсіби біліктілігінің және магистратурада оқуға даярлығының деңгейін анықтау болып табылады. Ол білім беру саласында 6М060700 – Биология бағыты бойынша ғылыми-зерттеу және педагогикалық іс-әрекеттің кең өрісін болжайды.
Ғылыми-педагогикалық магистратурада 6М060800 – Экология мамандығы бойынша магистрлерді даярлау білім беру бағдарламасының негізгі міндетері:
- мемлекет пен нарықтың сұраныстарымен, магистрлерді даярлауды жүзеге асыратын кафердалардың ғылыми және тәжірибелік іс-әрекеттерімен шарттастырылған биологияның әртүрлі бағыттарында және педагогикалық іс-әрекеттерде жеке теориялық және тәжірибелік дайындықты тереңдету;
- әлемнің ғылыми бейнесі туралы және биосфера туралы тұтас көріністі қамтамасыз ететін маңызды және іргелі білімді меңгеру;
- олардың белсенді өмір сүруінің барлық мерзімінде жаңа білімді өздігінен шығармашылық түрде меңгерудің қажеттілігі мен дағдылануының және өзін-өзі кемелдендіру мен өзін-өзі жетілдіру ұмтылысын тұрақты түрде дағдыландыру;
- жалпы кәсіби мәдениетінің деңгейі, сонымен қатар қарым-қатынас мәдениеті жоғары, азаматтық ұстанымы бар, қазіргі заманғы ғылыми және тәжірибелік мәселелерді тұжырымдай және шеше алатын, жоо-да сабақ бере алатын, зерттеу, өнеркәсіптік, ұйымдастырушылық және басқарушылық әрекеттерді табысты іске асыра алатын мамандар даярлау;
- өзгеріп отыратын әлемде кәсіби жинақылықты қамтамасыз ететін ғылымдар тоғысуындағы іргелі білімдерді меңгеру;
- дала және зертханалық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізу дағдыларын меңгеру, ғылыми жұмысты докторантурада жалғастыру үшін босалқы дайындама жасау;
- тәжірибелік сұрақтарды шеше алатын, ұйымдастырушылық жұмыс мен менеджмент принциптері бар мамандар дайындау;
- жоо-ның педагогикасы мен психологиясы саласында минимум керекті білімді алу, жоо-да оқыту тәжіибесін алу.
Абитуриент мамандық бойынша қабылдау емтихан тапсырған кезде міндетті:
білу: тірі ағзалардың өмір сүру ортасының факторларымен әрекет етудің жалпы заңдылықтарын; жалпы биология, экология және паразитология саласында жеткілікті дағдыларына ие болуы керек, сонымен қатар алған теориялық білімді нақты ғылыми-тәжірибелік, ақпараттық-іздестірулік, әдістемелік міндеттерді шешу үшін қолдану.
істей білу: жағдайға байланысты міндеттерді шешуде экологиялық білімді тәжірибе жүзінде пайдалану, биологиялық және экологиялық зерттеулерді, ғылыми тәжірибелерді, бақылауларды жоспарлау мен жүзеге асыру; алынған нәтижелерді өңдеу, талдау және түсіну; табиғи ортаның өзгеруін реттеу бойынша шамаларды моделдеу, болжау және анықтау, нормативтік құжаттарды пайдалану.
дағдылы болу керек : табиғатты қорғау әрекеттерде экологиялық үрдістерді және нақты міндеттер мен артықшылықтарды талдау, биосфераның даму заңдылықтарын және экологиялық тепе-теңдікті сақтау шарттарын талдау, экологиялық міндеттерді орындау үшін тәжірибенің материалдары мен нәтижелерін қолдану дағдысы.
білікті болу: табиғи жағдайлар мен ресурстарды пайдаланудың жеке және жалпы мәселелерін және табиғатты пайдаланудың басқарылуын талдауда; халық шаруашылық және адам іс-әрекетінің басқа салаларындаэкологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша; жалпы білім беру мектебінде оқу үрдісін ұйымдастыруда.
2. Емтихан өткізуді ұйымдастыру және формасы
Мамандық бойынша кешендік емтихан ҚР ҮҚ 2012 жылдың 23 тамызында № 1080 және БББМ бекітіліп, жоғарғы оқу мен жоғарғы білімнен кейінгі білімалушыларды дайындау деңгейінің талаптарына сәйкес соңғы курста өткізіледі.
Мамандық бойынша кешендік емтиханға дайындықты жауапты кафедра, химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің деканаты алдын ала әзірленген жоспар бойынша өткізеді.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында магистратураға қабылдау экзаменін тапсыру рұқсат етіледі:
- жоғары кәсіби білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары.
- басқа мемлекеттердің азаматтары болып табылатын қазақ ұлтты адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен қатар жоғары ғылыми-педпгогикалық білім алуға құқылы.
- өткен сатыда білім алудың толық мерзімінде жалпы рейтингілік балдары 4,0-ден (5 балды межелігі бойынша) төмен азаматтар мемлекеттік тапсырыс бойынша магистранттар қатарына қабылданбайды.
Магистратураға түсушілер шетел тілі мен арнайы пән бойынша қабылдау емтихандарын тапсырады.
Шетел тілі бойынша қабылдау емтиханы білім беру саласындағы орталық атқарушы органмен құрылатын орталықтарда тест түрінде тапсырылады.
Өткен сатыдағы жоғары кәсіби білім бағдарламасы көлемінде арнайы пән бойынша емтихан жоғары оқу орнының мемлекеттік қабылдау комиссиясымен өткізіледі. Емтиханды қайта тапсыруға тыйым салынған.
Магистратураға қабылдау емтихандарының бағдарламалары жоғары базалық және арнайы білім алу пәндері бойынша типтік бағдарламалары негізінде жоғары оқу орындарымен құрастырылады. Қабылдау комиссиясының шешімімен келіспейтін талапкер жазбаша апелляциялық өтініш жазуға құқылы. Апелляцияны қарағаннан кейін апелляциялық комиссиямен емтихандық жұмыс бойынша (бағаны не жоғарлату, не төмендету) шешім қабылданады. Қойылған баға бойынша апелляциялық комиссияда келіспеушіліктер пайда болған жағдайда, баға дауыс көпшілігі арқылы бекітіледі. Талапкерде жоғары білім туралы құжаты болу керек. Іріктелу байқау негізінде өткізіледі.
3. Білімді бағалаудың реті
Қабылдау емтиханның қорытындысы мемлекеттік комиссия отырысының әр талапкер бойынша жеке хаттамамен толтырылып емтихан өткізілген күні таңыстырылады.
Комиссия мүшелері жалпыға бірдей білім стандарты бекіткен білім алушының теориялық және практикалық дайындық деңгейін, білімінің, біліктіліктің нақты деңгейін, кәсіптік білімінің практикалық дағдысын, жалпы және арнайы пәндер бойынша білімін, және олардың оқу бағдарламасы мен мамандықты дайындауда мамандану сипаттамасына сәйкестігін анықтайды.
Қабылдау емтиханның бағасы тест тұрінде өтеді және келесі тұрде жүргізіледі.
Қабылдау емтиханның нәтижесі мемлекеттік комиссияның отырысының хаттамасымен әрбір талаптарға жеке рәсімделеді және өткізер күннің алдында айтылады. Емтихан тест түрінде өтіледі.
Тесттілеу мониторинг бөлімінде өткізіледі. Тест құрамында 4 пән бойынша 50 сұрақтан кіреді. Әрбір пән бойынша салмақтық үлесі 0,2% құрайды. Кафедра емтихандық сұрақтардың тізімін құрастырып және тесттік тапсырмалардың жинағын құрайды.
4. Білімді бағалаудың критерийлері
Білім алушының барлық бақылау түрлері бойынша білімі, біліктілігі, дағдысы және сәйкестігі балды-рейтингтік әріптік жүйеге сәйкес анықталады.
«Өте жақсы» бағасына А бағасы сәйкес келеді, оның сандық баламасы 4,0 және пайыздық үлесі 95-100% және A-, сандық баламасы 3,67 және пайыздық үлесі 90-94%.
Бұл баға білім алушы бағдарламалық материалдың барлығын игерген және қандай да бір қате жібірмеген жағдайда қойылады.
«Жақсы» бағасына B+ сәйкес келеді, оның сандық баламасы 3,33 және пайыздық үлесі 85-89% және B, оның сандық баламасы 30 және пайыздық үлесі 80-84% және B-, сандық баламасы 2,67 және пайыздық үлесі 75-79%.
Бұл баға білім алушы бағдарламалық материалды 75% кем емес игерген және қандай да бір қате жібірмеген жағдайда қойылады.
«Қанағаттанарлық» бағасына C+ сәйкес келеді, оның сандық баламасы 2,33 және пайыздық үлесі 70-74%, C, сәйкес келеді, оның сандық баламасы 2,0 және пайыздық үлесі 65-69%, C-, сәйкес келеді, оның сандық баламасы 1,67 және пайыздық үлесі 60-64%, D+, сәйкес келеді, оның сандық баламасы 1,33 және пайыздық үлесі 55-59% и D, сәйкес келеді, оның сандық баламасы 1,0 және пайыздық үлесі 50-54%.
Бұл баға білім алушы бағдарламалық материалды 50% кем емес игерген жағдайда қойылады.
«Қанағаттанарлықсыз» бағасына F сәйкес келеді, оның сандық баламасы 0 және пайыздық үлесі 0-49%. Бұл баға білім алушы негізгі материалды игермегенде, пәндер бағдарламасының жартысынан аз деңгейін қабылдағанда және жауабында айтарлықтай қателер жіберген жағдайда қойылады.
Қорытынды емтихан тапсыру кезінде «қанағаттанарлықсыз» бағасын алған тұлғаларға аттестациялық комиссия қорытынды аттестацияны қайта тапсыруға жіберілім туралы шешім шығарады да, оның мерзімін белгілейді. Қортыныды емтиханды тапсыру кезінде қайта «қанағаттанарлықсыз» бағасын алған тұлғаға мамандық бойынша оқудың толық курсын аяқтағандығы жөнінде белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.
5. Емтихан бағдарламасына еңгізілген пәндердің тізімі:
- Биологиялық экология;
- Қоршаған орта туралы ілім;
- Өсімдіктер, жануарлар, және микроорганизмдер биоалуантүрлілігі;
- Қоршаған ортаның мониторингі.
6. Пәндер бойынша мемлекеттік (кешендік) емтиханға арналған тақырыптардың сұрақтары
6.1 Биологиялық экология пәнінең негізгі сұрақтар:
Қауымдастық экологиясы - синэкология. Қауымдастық экологиясы -синэкология. Популяциялық экология-демэкология. Особьтар экологиясы -аутэкология. Популяциялық экология – дэмэкология.
6.2 Қоршаған орта туралы ілім пәнінең негізгі сұрақтар:
Жер – тірі материяның тіршілік ету орыны. Биосфера – адамзаттың тіршілік ортасы. Тірі ағзаларға әсер-ықпал етуші табиғи факторлар. Атмосфера. Гидросфера. Литосфера. Қоршаған ортаның осы кездегі проблемалары. Халықаралық ұйымдар және қоршаған орта мәселелері бойынша бағдармалар.
6.3 Өсімдіктер, жануарлар, және микроорганизмдер биоалуантүрлілігі пәнінең негізгі сұрақтар:
Жануарлардың экологиялық әралуандығы. Өсімдіктердің биоәралуандығы. Өсімдіктердің морфологиялық әралуандығы. Жануарлардың таксономиялық әралуандығы. Өсімдіктердің тіршілік нышаны. Жануарлардың морфологиялық әралуандығы. Биоценотикалық әралуандық. Өсімдіктердің тіршілік нышаны.
6.4 Қоршаған ортаның мониторингі пәнінең негізгі сұрақтар:
Мониторингтің жіктелуі. Мониторинг түрлері. Әсер, факторлар мониторингі. Мониторинг объектілері. Мониторинг тұжырымдамасы. Мониторинг әдістері. Мониторинг міндеті. Әсер, факторлар мониторингі.
7. Пререквизиттер: Өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың биоалуантүрлілігі, Қоршаған орта мониторингі, Әлемдік экология.
8. Қолданылатын әдебиттердің тізімі:
-
Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология: Учебник для вузов.- М., 2000.
-
Алексеев С.В. Практикум по экологии. - М.: Мысль, 1990.
-
Бексеитов, Т. К. Общая экология (в схемах и в таблицах): учебное пособие/Т.К.Бексеитов. - Павлодар: ПГУ им. С.Торайгырова, 2004.
-
Бродский А.К. Краткий курс общей экологии. – СПб, 1992.
-
Горелов А.А. Экология: Учеб. пособие для вузов. - М.: Юрайт, 2002.
-
Защита окружающей среды от техногенных воздействий: Учебное пособие / Под ред. Г.Ф. Невской .- М., 1993.
-
Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология. - Ростов на Дону, 2003.
-
Максименко Ю.Л., Горкина И.Д. Оценка воздействия на окружающую среду для практики. - М.,1999.
-
Николайкин Н.И. и др. Экология: учебник для вузов/Н.И.Николайкин, Н.Е.Николайкина, О. П.Мелехова.-3-е изд., стер.- М.: Дрофа, 2004. - 621с.
-
Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. – М., 1998.
-
Одум Ю.М. Экология. – М.: Мир, 1986. - 1-2 том.
-
Основы экологии: СD / Нуркеев С.С., Мусина У.Ш. - Алматы: Респ. науч.-метод .центр информатизации образования.
-
Реймерс Н.Ф. Природопользование. – М.: Мысль, 1990.
-
Степановских А.С. Экология: Учебник для вузов. – М., 2001.
-
Хван Т.А. Основы экологии. - Ростов-н Д.: Феникс, 2001.- 255 с.
-
Шилов И.А. Экология – М.: Высшая школа, 2000.
-
Экология: Учеб. пособие/ Под общ. ред. Боголюбова С.А. - М.,1999.
-
Экология: Учеб. для вузов и сред. учеб. Заведений / Цветкова Л.И., Алексеев М.И., Усанов Б.П. И др.- СПб, 1999.
-
Зимняя И.А. Педагогическая психология: Учебное пособие. – М., 1997.
-
Ковалев А. Г. Психология личности. 3-е изд., переработ. и доп. - М., 1970.
-
Ковалев В. И. Мотивы поведения и деятельности / Отв. ред. А. А. Бодалев;
АН СССР, Институт психологии. - М., 1988. - 191 с.
-
Кон И. С. Психология юношеского возраста: Пробл. Формирования личности. – М., 1976. - 175 с.
-
Маркова А.К. Формирование интереса к учению у учащихся. - С.17.
Достарыңызбен бөлісу: |