Қабылдау
Қабылдау
Заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі, бірнеше анализатордың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі
Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері
Қабылдаудың тұтастығы
Қабылдаудың объектісі жеке қасиеттерден тұрғанымен оны бүтіндей ,тұтастай қабылдау.Мысалы адам үш нүктені жеке ноқат ретінде емес үш бұрыштың тұтас бейнесі ретінде қабылдауы
Қабылдаудың мағыналылығы
Объектілердің мазмұнын жақсылап түсінбейінше, белгілі тұжырымдар мен сөздер арқылы айтылмайынша оның толық қабылданбауы
Қабылдаудың таңдамалылығы
Толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеу
Қабылдаудың тұрақтылығы
Сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты қабылдануы
Қабылдаудағы иллюзия
Түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдау
Апперцепция – қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің байланыстылығы
Апперцепция
Тұрақты
Уақытша
Байқау – белгілі мақсат пен объектіні әдейілеп қабылдау
Байқағыштық – кез-келген уақытта көзге ілінбейтін, ілінсе де оған көбінесе мән бермейтін нәрселерге ерекше зейін қоюшылық
Кеңістікті қабылдау – заттар мен құбылыстардың көлемін, тұрқын, түрін, аумаған, алыс-жақындығын, бағыт бағдарын қабылдау
Уақытты қабылдау – сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстарды болатын өзгерістердің санаға әсер етіп қалдыратын бейнесі
Достарыңызбен бөлісу: |