Қабылдаудың үлгі ережесі
Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың Үлгі ережесі
Қазақстан Республикасы
БжҒМ 2008 жылғы 1- сәуірдегі
№ 161 бұйрығы
-
Жалпы ережелер
1. Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың Үлгі ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27-шілдедегі «Білім туралы» және «Ғылым туралы» Заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Ереже азаматтарды Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантурасына қабылдаудың тәртібін белгілейді.
3. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының магистранттардың, резидентура тыңдаушыларының , адъюнкттардың және докторанттардың аумағын қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындауға арналған (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандарды даярлауды қоспағанда) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сонымен қатар азаматтардың өз қаражаты және басқа да көздері есебінен оқу ақысын төлеу арқылы жүзеге асырылады.
Басқа мемлекеттің азаматы болып табылатын қазақ ұлтының тұлғалары жоғары оқу орнынан кейінгі білімді Қазақстан Республикасы азаматтарымен бірдей ала алады.
Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын азаматтығы жоқ
басқа шетелдік азаматтар жоғары оқу орнынан кейінгі білімді егер олар осы деңгейдегі білімді бірінші рет алғалы отырса конкурстық негізде ала алады.
Басқа шетел азаматтары жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерге Қазақстан Республикасы заңнамаларында сондай-ақ Қазақстан Республикасында тіркелген шарттарда белгіленген тәртіп бойынша қабылданады.
4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (Қаржы полициясы), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясына ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының магистратура, адъюнктура және докторантурасына азаматтарды қабылдау білім беру саласындағы уәкілетті органымен келісілген жеке нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
5. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантурасына азаматтарды қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
6. Жоғары оқу орны және ғылыми ұйым құжаттарды тапсыру мерзіміне дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмей магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантураға қабылдауды даярлау мамандықтарын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.
7. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау 1-30- шілде аралығында өткізіледі.
Магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантураға түсу емтихандары 1- тамыздан 20 -тамызға дейін, қабылдау 31 -тамызға дейін өткізіледі.
8. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар магистратура, резидентура, адъюнктураға түсу емтихандарының бағдарламаларын жоғары білім беру пәндері бойынша үлгі бағдарламалардың негізінде қалыптастырады.
Докторантураға түсу емтихандарының бағдарламаларын жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар магистратураның кәсіби оқу бағдарламаларының негізінде қалыптастырады.
2. Магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантураға түсуші тұлғаларды қабылдау тәртібі
9. Магистратура, резидентура, адъюнктураға жоғары білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады.
10. Магистратура, резидентура, адъюнктураға түсуші тұлғалар жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарға мына құжаттарды тапсырады:
1) ұйым басшысының атына өтініш;
2) жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы нотариальды куәландырылған құжаттар көшірмесі, интернатурада оқығандығы туралы құжат (резидентураға түсу үшін);
3) бар болған жағдайда кадрлар есебі бойынша жеке парағы және нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;
4) 3,5x4,5 көлеміндегі алты фотосурет;
5) 086 -У үлгісіндегі медициналық анықтама;
6) жеке куәлігінің көшірмесі;
7) бар болған жағдайда ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі;
8) ақылы негізде түсушілердің оқу үшін оқу төлемақысын төлегенін және шартқа отырғанын кепілдендіретін хат;
10) құжаттар тізімдемесі.
11. Докторантураға:
1) «магистр» академиялық дәрежесі бар;
2) ғылым кандидаты дәрежесі бар азаматтар қабылданады.
12. Докторонтураға түсуші тұлғалар жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарға мына құжаттарды тапсырады:
1) ұйым басшысының атына өтініш;
2) зерттеу тақырыбы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде автореферат үлгісіндегі негіздеме;
3) жеке куәлігінің көшірмесі;
4) білімі және/немесе/ ғылым кандидаты туралы нотариальды куәландырылған құжаттар көшірмесі;
5) бар болған жағдайда ғылыми және ғылыми - әдістемелік жұмыстарының тізімі;
6) 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;
7) бар болған жағдайда кадрлар есебі бойынша жеке қағазы және нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;
8) басқа оқу орындарында, аспирантурада оқығандығын куәландыратын құжаттар көшірмесі;
9) ақылы негізде түсушілердің оқу үшін оқу төлемақысын төлегенін және шартқа отырғанын кепілдендіретін хат;
10) құжаттар тізімі.
3. Түсу емтиханын өткізу тәртібі
13. Магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантураға түсуші азаматтар:
1) бір шет тілі бойынша (ағылшын, француз, неміс);
2) мамандық бойынша. түсу емтихандарын тапсырады
14. Магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантураға түсуші шетел азаматтары:
1) қазақ немесе орыс тілдері бойынша (оқыту тілі);
2) мамандық бойынша түсу емтихандарын тапсырады
15. Басқа шет тілдері бойынша (араб, қытай, түрік, жапон тілдері және басқалар) және емтиханды басқа үлгіде (ауызша, жазбаша) тапсыру туралы мәселені білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы шешеді және жеке тәртіппен қаралады.
16. Магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантураға түсу емтиханын өткізу кезеңінде жоғары оқу орнында және ғылыми ұйымда мамандықтар бойынша қабылдау және емтихан комиссиялары құрылады.
17. Қабылдау комиссиясының төрағасы жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның басшысы болып табылады.
18. Мамандықтар бойынша емтихан комиссиясы берілген аймақтағы жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардағы мамандықтарға сәйкес жоғары білікті ғалымдардың санынан құралады.
Мамандықтар бойынша емтихан комиссиясының құрамы төрағадан және үш мүшеден тұрады, оның ішінде екеуі ғылым докторы, қалғандары мамандық бейімі бойынша ғылым кандидаттары болуы тиіс.
Мамандықтар бойынша емтихан комиссиясының құрамы жоғары оқу орындары немесе ғылыми ұйымдары басшыларының бұйрығымен бекітіледі.
19. Шет тілі, қазақ және орыс тілдерінен түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік білім беру стандарттары мен тестілеудің ұлттық орталығы әзірлеген технология бойынша тапсырылады.
20. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға болмайды.
21. Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген азамат жазбаша шағым хат бере алады.
Осы мақсат үшін шет тілі, қазақ және орыс тілдері және мамандық бойынша шағымдарды қарау комиссиясы құрылады
4. Магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға қабылдау
22. Магистранттар, резидентттер, адъюнкттар және докторанттар қатарына қабылдауды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.
23. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау түсу емтихандарының қосындысы бойынша шет тілінен және мамандық бойынша кемінде 8 балл (әр пән бойынша білімді бағалаудың 4 баллдық шкаласы бойынша) жинаған тұлғалар жіберіледі.
24. Конкурстық балл көрсеткіштері бірдей болған жағдайда мамандық бойынша, шет тілі, қазақ және орыс тілдері бойынша ең жоғары баға алған азаматтар қабылдау кезінде басым құқыққа ие болады. Содан кейін тиісті ғылыми мамандығының бейіні бойынша ғылыми жетістіктері ескеріледі.
25. Осы Ережелермен реттелмеген оқыту бөлігіне қабылдау тәртібі жоғары оқу орнының және ғылыми ұйымның құрылтайшы немесе құрылтайшылармен (мемлекеттік басқару органымен) белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |