Қабiлет жоспары: Қабiлет жөнiнде түсiнiк. Қабiлет теориялары. Нышан жəне қабiлет. Қабiлеттердiң даралық сипаттары. Қабiлет жөнiнде түсiнiк



бет1/3
Дата10.06.2022
өлшемі31.35 Kb.
#459121
  1   2   3
ҚАБЫЛЕТ


ҚАБIЛЕТ
Жоспары:
1. Қабiлет жөнiнде түсiнiк.
2. Қабiлет теориялары.
3. Нышан жəне қабiлет.
4. Қабiлеттердiң даралық сипаттары.
1. Қабiлет жөнiнде түсiнiк Əрқандай iс-əрекетке байланысты адам қандай да қызметтi орындауы қажет жəне сол iстiң тиiмдi нəтижесiн қамтамасыз етуге жəрдем беретiн сапаларға ие болуы тиiс. Мұндай дара психологиялық ерекшелiктер мiндеттi түрде, бiр жағынан, өзiндiк психикалық табиғатына ие болудан, екiншi-ден - əркiмде өз алдына, қайталанбас көрiнiсiнен жеке адам қабiлетi деп аталады. Адам болғанның барлығы тiк жүру, сөйлеу мүмкiндiктерiне ие, бiрақ бұлардың бiрi де шын қабiлет тобына кiрмейдi, себебi, бiрiншiсi - психологиялық құбылыс емес, екiншiсi - баршада бiрдей көрiнетiн əрекет. Қабiлеттердiң табысты iсəрекетпен байланыстылығын баса айтумен, тиiмдi нəтижеге негiз боларлық дараөзгермелi адам қасиеттерiнiң шеңберiн тарылта қарастыру керек. Қабiлетсiз-дерге қарағанда, қабiлеттi адам iс-əрекеттi тезiрек меңгередi, қажеттi, мол нəтижеге оңай жетедi. Қабiлет өз iшiне əртүрлi психофизикалық қызметтер мен психикалық процестердi ғана емес, сонымен бiрге жеке тұлғаның барша даму деңгейiн қамтыған əрi оларға тəуелдi күрделi бiрiгiм. Адамның сыртқы бiлiм, ептiлiк, дағды əрекеттерiнде көрiнгенiмен, қабiлет табиғаты iс-əрекеттен бөлек. Мысалы, тұлға техникалық жəне бiлiм жағынан күштi бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбiреулер арнайы оқып, үйренбей-ақ күрделi қызметтердi атқарып, тиiмдi нəтиже беруге шебер. Нақты көрiнетiн бiлiм, ептiлiк жəне дағдылар қатарында қабiлет адамның жүзеге асуы мүмкiн қасиеттерiнiң бiрi ретiнде бағаланғаны жөн, яғни қабiлет жерге тастаған дəнмен бiрдей: қолайлы жағдай болса өнедi, керi жағдайда көрiнбей-ақ жойылады. Осыдан, қабiлет - бiлiм, ептiлiк жəне дағдыларды игерудiң мүмкiндiк көзi, ал оның iске асу, аспауы көп жəйттерге тəуелдi. Мысалы, балада керемет математика-лық қабiлет болуы ықтимал, бiрақ ол сол баланың ғұлама-математик боларының кепiлi емес. Арнайы шарттар (бағдарлы оқу, шығармашыл педагог, отбасы мүмкiндiктерi т.б.) орындалмаса, қабiлет дамымай жатып, өшедi. Қоғам қолда-мауынан қаншама даналардың болмай жатып, құрдымға кеткенiн кiм санапты? Ал мектепте "үштiк" бағаға ептеп iлесiп жүрген Альберт Эйнштейн əлемге əйгiлi ғалым-физик болыпты. Бiлiм, ептiлiк жəне дағдылардың игерiлуiмен олардың қабiлетпен тiкелей байланысы көрiне бастайды, яғни iс-əре-кеттi игеру барысында қатыса отырып, қабiлет одан əрi дами-ды, iс-əрекетке жаңа мазмұн мен сипат бередi. Математиканы оқымаған адамның математикалық қабiлетi ешқашан да жарыққа шықпайды: оны тек сандарды танып, олармен есеп құрап, мəселе шешу барысында ғана қалыптастыру мүмкiн. Сонымен, қабiлет бiлiм, ептiлiк жəне дағдылардың өздерiнде көрiнбей, танып үйренуге орай нақты əрекеттi игеру динамикасында (тез-шабан, оңай-қиын) байқалады. Iсəрекеттiң нəтижесi, орындалу деңгейi мен тəсiлдерiнiң тиiм-дiлiгi қабiлетке тəуелдi. Қорытындылай келе, "қабiлет" түсiнiгiнiң бүгiнгi ғылым қабылдап отырған үш негiзгi көрсеткiшiн (Б. М. Теп-лов) атайық: 1. Қабiлет - бiр адамды екiншiсiнен ажырататын дара психологиялық ерекшелiк. Баршаға бiрдей тəн қасиеттерi қабiлет бола алмайды. 2. Қабiлет - барша тұлғаға тəн болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бiр не бiрнеше iс-əрекеттi табысты орындауға жарайтын өзара ептiлiк. 3. Қабiлет - нақты адамда топталған бiлiм, ептiлiк жəне дағдылардан оқшау, қажет əрекеттi игеру желiсiнде ғана көрiнедi. Қабiлет пен iс-əрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер адам iсəрекетке байланысты талаптарды орын-дай алмаса, оның қабiлетiнiң жетiмсiздiгiн атап өткен жөн. Мұндай тұлға қажеттi бiлiм қорын жинақтап, ептiлiктер мен дағдыларды қалыптастыруы үшiн талай күш салып, ұзақ уақыт жаттығуы тиiс, ал тəрбиешi-педагогтар оны оқытып, үйрету үшiн үлкен шеберлiк пайдалануы лазым. Əйгiлi режисер В. Немирович-Данченко "Кiм болса, сол режисер бола алады ма?" деген сұраққа "Əлбетте, əркiмде болады, бiрақ бiреуге ол үшiн 3 жыл оқып, тəрбиеленуi қажет, ал екiншiге - 30 жыл, үшiншiге - 300 жыл да аз" - деп жауап берiптi. Сонымен бiрге, адам қабiлетi уақыт өтумен пайда болып, немесе қандай да қызметке орай қалыптасуы мүмкiн. Көрiнген iс-əрекет жеке адам қабiлетiн дамыта алмай-ды. Адам тiршiлiгiнiң жалпы құрылымына назар аудара отырып, қабiлет дамуына ықпалсыз, керiсiнше, көрiнген қабiлет нышандарын тежеп, олардың жойылуына себепшi iс-əрекеттер барын байқау қиын емес. Мысалы, егер əн-күй не шығармашылық қабiлетi бар адам ауыр, қарапайым дене жұмыстарымен шұғылдануына тура келсе, əрине, кейiнгi iс ондағы табиғи қаланған қабiлеттердiң дамуына оң əсер етуi екiталай. Жеке тұлғаға байланысты дамытушы iс-əрекет жайында əңгiме қозғалғанда, алдымен маңызды болуынан төңiрегiне адамның барша мүмкiндiктерiн жинақтай алатын iс-əрекет ескерiлуi қажет. Сондықтан, нақты əрекеттiң дамытушылық қасиетiн тану үшiн, оны жеке адаммен байланыстыра сипат-тау керек. Бұл жағынан бүкiл адам өмiрiмен қабысқан кəсiби қызметтiң өзi де иесi үшiн аса мəндi де маңызды болмауы мүмкiн. Өндiрiстiк тапсырыстар мен қызметтiк мiндеттер адам-ның шығармашылық мүмкiндiктерi мен тұрмыстық бай тəжiри-бесiн толық жəне жан-жақты ашып бере алмайды. Iс-əрекет адам қабiлетiн ұдайы дамыта бермейдi, оның себебi - қабiлет пен iсəрекет арасында белгiлi сəйкестiктiң болмауы. Бұл сəйкессiздiктiң мəнi: əрқандай қабiлет өзiнде қалаған iс-əрекет мүмкiндiктерiн қамтуынан қай бiр жағынан нақты орындалып жатқан iске қарағанда ауқымда да кең мағыналы. Екiншi жағынан, нақты iс-əрекет өзiне қатысты қабiлеттен кеңiрек болып, басқа да қабiлеттердi қажетсiнуi мүмкiн. "Қалыпты адам өзiнiң дене жəне ақыл қабiлеттерiнiң он пайызын ғана пайдаланады. Қолданған жəне онда пайда-ланбай қалған мүмкiндiктер айырмашылығы - адамның кiм болып танылғаны мен əлi де кiм болатынының көрсеткiшi" (Коупленд П.) Осыған орай қабiлеттер нақты жəне мүмкiн болып екiге бөлiнедi. Мүмкiн болар қабiлеттер нақты iс-əрекеттiң қандай да түрiнде көрiне бермейдi, алайда белгiлi əлеуметтiк жағдай-лардың өзгеруiмен қызмет желiсiне қосылуы мүмкiн. Нақты қабiлеттер қатарына жалпы қызмет бабында iске асатыны ғана емес, сонымен бiрге дəл бiр уақытта жəне нақты шақтағы əрекетке қажет болғандары да кiредi. Мүмкiн болған жəне нақты қабiлеттердi тұлға қабiлетiнiң дамуына ықпал етушi əлеуметтiк жағдайлардың жанама көрсеткiшi ретiнде тануға болады. Себебi қоғамның əр тарихи даму кезеңiнде қалыптасқан əлеуметтiк жағдайлардан мүмкiн болар қабiлет-тер өрiстей түседi не кедергiлерден сөнiп кетедi, нақты iс жүзiнде көрiнiп не пайдалану сəтi болмай қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет