Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия


Малалау- суармалы танаптардың топырақ бетін тегістеу және тығыздау жұмысы. Мал азықтық құлқайыр



бет14/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

Малалаусуармалы танаптардың топырақ бетін тегістеу және тығыздау жұмысы.

Мал азықтық құлқайыр- бағалы мал азықтық өсімдік.

Мал азықтық сәбіз- мал азығы үшін өсірілетін сәбіз түрі.

Малды жайып семірту- етке өткізетін малды жайып семірту әдісі.

Малдың протеин қорегі- мал денесінде протеин қорын толтыру үшін берілетін жемшөп.

Малдың өнімділігі- белгілі бір уақыт аралығында(тәулікте, айда, жылда, бүкіл өмірінде) жеке малдан алынатын өнім мөлшері.

Малды қолда ұстау- малды қыста немесе жыл бойы қорада қолда ұстау.

Малды қолда және жайылымда бағу- малды қыста қорада, ал жазда жайылымда бағу.

Майсу- майынан айырылған көк сүт десе де болады. Ол май шайқау нәтижесінде алынады, құрамында қань және ақуыз болады. Оны тікелей пайдаланады немесе айран ұйытады.

Мая, күде тасығыш – маялаған шөптің немесе сабанды тұрақты орнына жеткізітін құрал.

Маялағыш- пішен маялауға арналған тіркеме құрал.

Мәдени дақылдардың шығу тегі – мәдени өсімдіктері жабайы өсімдіктерден, ал одан әрі жабайы және мәдени түрлерінің табиғи булдандасуынан шыққан жер шар аудандары. Мәдени өсімдіктердің ең көп табиғи әртрлілігі алғашқы (табиғи) немесе екінші (адам жасаған) «орталықта» болатын Н.И.Вавилов(1929-39 жж.) анықтап берді. Мәдени өсімдіктердің орасаң көп түрлері сегіз ортаға топтастырылған: Қытайлық – Май бұршақ, тары, көконіс және жеміс дақылдарҮнділік – күріш, вигна, баклажан,қияр, жеміс дақылдар; Орта азиялық – асбұршақ, жасымық, ноғатық,ноқат, көкөніс және жеміс дақылдар; Алдыңғы азиялық – бидайдың көп түрлері, қара бидай, көк жоңышқа, ққырыққабат түрлері және т.б.; Жерортатеңіздік – бидай түрлері, мал азықтық және көконіс дақылдар түрлері; Абиссиялық – кофе ағашы, банан, тефф ( нан өсімдігі) және т.б.; Орталық америкалық – тағамдық,техникалық және дәрілік өсімдіктер, жүгері, топинамбур, күнбағыс, асқабақ, какао, жеміс дақылдардың көп түрлері; Онтүстік америкалық – картоп және түйнекжемістілердің көп түрлері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет