«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар



бет1/8
Дата24.09.2024
өлшемі39.47 Kb.
#503922
  1   2   3   4   5   6   7   8
Адал еңбек


«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар

Мемлекет басшысы өз сөзінде ұлттық бірегейлікті сақтау мәселесіне айрықша тоқталды.


Президенттің пікірінше, еліміздің рухани дербестігін сақтап, оны нығайта түсеміз десек, дәстүрлі дініміз – сунниттік бағыттағы ханафи мәзһабына ден қоюымыз қажет. Бұл орайда Мемлекет басшысы Ислам дінінің Ұлы дала төрінде таралып, тамыр жаюына орасан зор үлес қосқан, түркі әлеміндегі сопылық ілімнің негізін қалаған Қожа Ахмет Ясауи мұраларын терең зерделеп, дәріптеуге айрықша назар аударған жөн деп санайды.
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде қоғамды жайлаған бес кеселмен, атап айтқанда, есірткі саудасы және нашақорлықпен, лудоманиямен, тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг және агрессиямен, вандализммен, ысырапшылдықпен бүкіл ел болып күресіп, тосқауыл қоюға шақырды.
Сонымен қатар Президент ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтарға жеке-жеке тоқталды. Олар – тәуелсіздік және отаншылдық, бірлік және ынтымақ, әділдік және жауапкершілік, заң және тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық және жаңашылдық.
Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздегі әрбір азамат осы басты құндылықтарды берік ұстануы керек. Президент ұсынған «Адал азамат» ұғымы мұның бәрін түгел қамтиды. Сонымен бірге бұл Әділетті Қазақстан идеясымен үндесіп жатыр.
– Біз осы іргелі құндылықты ұрпақ санасына сіңіре беруіміз керек. Адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш тағанды озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ұлттық құрылтайда жұртшылық атынан Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин, қоғам қайраткері Оразалы Сәбден, Парламент Сенатының депутаты, «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Евгений Больгерт, адвокат, «Құқық қорғаушылар» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы Айман Омарова, Парламент Мәжілісінің депутаты Никита Шаталов, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайда айтылған жаңа идеялар мен ұсыныстар мұқият қаралып, нақты шаралар қолға алынатынын жеткізді. Сонымен қатар Ұлттық Құрылтайдың төртінші отырысын келесі жылы Көкшетауда өткізуді ұсынды.

Адамзат баласы адалдық пен әділдікті әлмисақтан бері іздеп келе жатқаны анық. Адалдық дегеніміз не? Әділдік дегеніміз не? Бірақ тапты ма, тапқан жоқ па сол адалдық пен әділдікті?! Және кімнен іздейді, кімнен талап етеді тағы да сол адалдық пен әділдікті?!


Әр адам баласы өзін адалмын әрі әділмін дері тағы да хақ. Алайда кімнің адал және кімнің әділ екендігін дәл өлшеп-пішіп анықтап бере алатын құрал да әзірге жоқ қой, ойлап табылған жоқ әлі де! Болмасы да анық!
Адамзат баласының өзі Жаратылыстың адамға деген адалдығы мен әділдігі!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінің бір парасын Адалдық пен Әділдікке неге арнады?!
Өйткені, Қасым-Жомарт Тоқаевты қазіргі әлемнің және қазіргі адамзат өркениетінің даму барысында жалпы Адам баласының барлығына бірдей ортақ құндылықтардың құны түсіп, әсіресе, Ар мен Ұяттың аяқасты болып қала бастауы және бүкіл адам баласын жамандық пен арсыздықтан сақтап тұратын осы Ар мен Ұяттың санадан өше бастауы алаңдатары анық.
Адамзаттың Ар мен Ұят атты қамалына қазіргі уақытта жасалып жатқан бейәдеби шабуылдардың нәтижесінде адам баласының санасы небір жамандықтармен уланып жатқаны да анық. Жамандықпен сананың улануы біздің халқымызды да азғындықтың апанына жыға бастағандай. Бәрін бірдей тізбелеп жатпай-ақ қояйын! «Мал құлағы саңырау» деп ашық айтуға да аузың бармайтын жамандықты қазақ баласы да ішінара болса да жасап жатыр…
Не істемек керек?! Мәселе осында! Ең бастысы, әр адам баласы Адалдықты өз бойынан іздеуі керек! Әуелі әр адам баласы өзі Адал болмақ керек! Әзірге біз Адалдық пен Әділдікті тек қоғамнан ғана іздейтініміз бар! Адалдық пен Әділдікті тек биліктен ғана сұрайтынымыз бар! Сол Адалдық пен Әділдікті әркім өзімізден өзіміз сұрап жүрміз бе?!
Бұл да орынды! Өзге кімнен сұрарсың енді?! Алайда, Адам әділ болмайынша қоғам Әділ болар ма?! Мәселені осы тұрғыдан ойлайтын болсақ, Адамның Адалдығының бірінші орынға шығары бар!
Ал, енді Адал адам тәрбиелеу ол өзге сөз, бөлек әңгіме. Және де Адам баласын кілең адал етіп тәрбиелеу де, адал ете қою да неғайбыл, мүмкін де емес шығар.
Дегенмен, адамды Адалдыққа және Әділдікке тәрбиелеу ниетінен ешкімнің де бас тартып көрмегені және де анық. Әркім өзінің шама-шарқынша, білімі мен ақыл-парасаты жеткенше өз ұрпағын адалдыққа тәрбиелеп келеді, солай жасай берері де анық.
Кез-келген халықтың, соның ішінде біздің қазақтың да өз ұрпағын адалдыққа тәрбиелеуінің тамаша, тіпті ғажап бір үлгісі мен өнегесі, өз мектебі болған еді. Ол – Ұлттық салт пен дәстүр еді!
Біз сол ұлттық салтымыз бен ұлттық дәстүрімізден айырыла бастап едік, ұлттық тәрбиенің бір тетігін жоғалта бастадық. Сол ұлттық тәрбиенің әр тетігі әр Отбасында болатын және болғанда да ол қатаң сақталатын, дүниеге жаңа келген сәбиді «биссмиллаһи» деп ана сүтімен емізуден басталатын.
Қазір екінің бірінің аузымен адам баласы, соның ішінде жастар қатыгез болып барады деген қауіпті жайдың айтылып қалатыны бар. Тегін емес. Ал, неге солай болып барады деп ойландық па?!
Қазіргі жағдайда дүниеге әкелген өз сәбиін кей аналардың дұрыс емізбеуінде үлкен қатер жатқандай. Осы күні сәбиді дайын жасанды сүтпен (исскуственный) асырау етек алып келеді.
Өз анасы мейірленіп емізбеген және де өз анасын мейірлене ембеген балада не қылған мейірім болсын?! Жасанды сүтпен ауыздандырып, жасанды Адам шығарып жатқанымыз да сол сияқты. Сонан да болар, қазір дамыған елдің ғалымдары роботтарға жасанды ақыл-ой сала бастағанының аралығында бір байланыс жатқан жоқ па екен?! Түбі неге апарып соғады?!.
«Елімізде жаңа қоғамдық этика қалыптасуы керек. Онда елдің бірлігі және тұрақтылығы, азаматтардың өзара тілектестігі, әділдік, заң мен тәртіп, сенім және жауапкершілік сияқты құндылықтар үстемдік құруы қажет», – деген Президентіміздің осы айтқан бір ауыз сөзінің мәнінің түп-төркіні осы Адал адам тәрбиелеу мәселесіне келіп саяры да бар.
Міне, Президент айтып отырғанындай, елімізде, яғни, қазақ қоғамында жаңа этика қалыптастыру мәселесі Адал адамға байланысты болмақ. Бойымызда адалдық болмаса, Қасым-Жомарт Тоқаев «бәрінен биік тұруға тиісті» деп айтып отырған «отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттер» қайдан келеді, кімнен дариды?!
«Осындай ізгі қасиеттің бәрін бойына сіңірген жанды Адал азамат деген бір ауыз сөзбен сипаттауға болады» және де «Шын мәнінде, біз айтып жүрген Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады. Бұл – бір-бірімен өте тығыз байланысты ұғымдар»,–дейді Президентіміз.
Және де Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев адалдық категориясын парасаттылық пен адамгершілік белгісі деген тұжырым жасайды. Әбден жөн! Сол парасаттылық пен адамгершіліктің түп негізі Отанға және Отбасына деген адалдық бәрінен де биік тұруға тиісті деген қағидатты алға тарта отырып, Мемлекет басшысы «адал табыс, адал еңбек» деген қос қанатты қос ұғымды текке ұштастырып отырған жоқ.
Қазақстандық қоғамда адал табыс пен адал еңбектің құны әлі де төмен екендігін жасқанбай айтар едік. Әсіресе, тәуелсіздіктің соңғы отыз жылында адал еңбек етіп, адал табыс табу мейлінше мүмкін болмай қалғаны да болды. Бұл келіп қарапайым халықтың жігерін құм қылды, билікке деген сенімін жойды.
Ең өкінштісі, қоғамда немқұрайлылық етек алды. Бұл жауапсыздыққа ұрындырды. «Қайтсек те күн көрсек болды» деген мақсатсыз бейжай көңіл күй ырқына соқтырды. Бұл тіпті келіп қазақ елінің болашағына деген күдікті де көбейтіп жіберген-ді. Жастарымыздың бар аңсарларының шет елге ауып кеткені де бәлкім осы шығар?!
«Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Ұлы Абай «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі» деген. Ал арлы адам әділетсіздік жасамайды. Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды», –деген Қасым-Жомарт Тоқаевтыңтағы бір айтқаны Қазақстан қоғамы үшін берік ұстанатын қағидаға айналса етті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет