Адам – жер бетіндегі тірі организмдердің дамуының ең жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи және мәдени субъект. Азаматтық қоғам



Дата05.10.2022
өлшемі16.58 Kb.
#462033
Документ


Глоссарий
Адам – жер бетіндегі тірі организмдердің дамуының ең жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи және мәдени субъект.
Азаматтық қоғам – саяси құрылымдарымен, соның ішінде мемлекетпен салыстырғанда қоғамдық өмірдің біртұтастығын сипаттайтын ұғым.
Әлеуметтану – қоғам дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары туралы ғылым.
Әлеуметтік институт – қоғамдық қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін мамандандырылған іс-әрекетті жүзеге асырудың бір түрі.
Әлеуметтік құбылыс – әлеуметтік қасиеттері мен белгілері бар әлеуметтік шындықтың көрінісі.
Әлеуметтік орта – адамдардың қалыптасуына, өмір сүруіне, дамуына және қызмет етуіне қоғамдық жағдай туғызатын адамды қоршаған нақты әлеуметтік әлем.
Бақылау —әлеуметтік деректер жинаудың негізгі әдістерінің бірі.
Білім- адам ойында шындықты дұрыс бейнелеуі қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі.
Құндылықтар – жалпы көпшілік таныған мінез-құлық стандарты, сол мақсаттарға жетудегі негізгі жолдар мен құралдар туралы сенім.
Қоғамөзара байланысты, бір-біріне әсер ететін әлеуметтік құбылыстар мен процестер жиынтығынан тұратын әлеуметтік жүйе
Девиация – көпшілік мойындаған ғадеттік ережелерден ауытқу.
Девиантты мінез құлық -бұл адамның қоғамдық, топтық нормалардан ауытқыған мінез құлқы.
Дербестік (индивидуальность) – жеке адамныц өзіне ғана тән ерекшелігі.
Индивид — әлеуметтік қарым-қатынас объектісі және саналы әрекет еетуші
Дербестік (индивидуальность) – жеке адамныц өзіне ғана тән ерекшелігі.
Монотеизм – бір ғана құдайды мойындайтын дін

Отбасы — бала тәрбиелеуді қамтамасыз ететін және басқа да қоғамдық мәні бар қажеттіліктерді канағаттандырып отыратын адамдардың некелік және туыстық катынастары арқылы байланысатын тобы.
Өркениет – қоғамның сапалық дамуы барысын көрсетеді.
Ұйым — бір-бірімен байланыста болып ерекше мақсаттарға және жоғары формалы құрылым құруға бағыт алған әлеуметтік топ.
Этнос – (тайпа, халық дегенді білдіреді) ортақ белгілері мен тұрақты тілі, мәдени және психологиялық ерекшеліктері, салт-дәстүрлері бар белгілі аумақта тарихи қалыптасқан топ

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет