Адам құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік органдар
Қазақстан Республикасының Конституциясы
1-бап
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Адам құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік органдар деп еліміздегі құқық қорғау органдарын айтсақ болады.Жалпы ҚР Конституциясының 1-ші бабына сәйкес Мемлекеттік ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары делінген.Бұл дегеніміз қандай жағдай болмасын адамның өмірі мемлекет алдында бірінші орында тұруы тиіс.Ата заңымыз Конституцияның адам және азамат тарауында нақты адам мен азаматтың құқықтары көрсетілген.Ешкім де адамның құқықтарын шектеуге құқығы жоқ.Заң мен көрсетілген жағдайларда ғанақ сот тәртібімен шектеледі және айырылады.Ешкім де соттың шешімінсіз кінәлі деп танылмайынша қылмыскер аталмауы тиіс.Кінәсіздік презумпциясы басым болуы керек.Осы себепті айыпталушының кінәсі дәлелденіп сот шешімі шықпайынша оны ешкім де кінәлі деп айтуға хақылы емес.Заң мен құқық тәртібін қорғаштау, адамның құқығы мен бостандығын қорғау, қылмыспен және басқа да құқық бұзушылықтармен күресу негізгі (арнайы) міндеті болып табылатын мемлекеттік органдар. Құқық қорғау органдарына: сот, төрелік сот, конституциялық сот, прокуратура, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, әділет, төрелік, кедендік бақылау, қаржы полициясы органдары және т.б. жатады.Құқық қорғау органдары – заң және құқық тәртібін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қылмысқа қарсы күрес міндеттерін атқаратын мемлекеттік органдар. Құқық қорғау органдарына сот, төрелік сот, Конституциялық сот (Қазақстанда Конституциялық кеңес), прокуратура, ішкі істер органдары, мемлекеттік қауіпсіздік (Қазақстанда ұлттық қауіпсіздік), кедендік бақылау, әділет органдары жатады. Кең мағынада алғанда, Құқық қорғау органдары ұғымы бірқатар беймемлекеттік институттарды да: адвокатураны, аралық сотты, т.б. қамтиды. Күшейтілген қылмыстық-құқықтық қорғау жүйесіне қауіпсіздік шаралары мен әлеуметтік шаралар да кіреді.
Сот — әділеттілікті жүзеге асырушы орган. Сот әділдігі қылмыстық және азаматтық істерді қатаң түрде заңға сәйкес қарау жене шешу жөніндегі құқық қорғау қызметінің бір түрі.Сот әділдігі мынадай белгілермен сипатталады:Сот әділдігін тек қана сот жүзеге асырады.Сот әділдігі қатаң түрде заңға сәйкес қылмыстық және азаматтық істерді қарайды және шешеді. Сот әділдігінің барлық маңызды мәселелерін тек қана заң анықтайды.Сот шешімі жалпыға міндеттілік күшіне ие. Бұл Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен заңды және жеке тұлғалардың міндетті сот шешімінің заңды күшіне енгенін көрсетеді. Сот шешімін орындамау мемлеттік мәжбүрлеу, тіптен бостандығынан айыру шарасын қолдануға алып келеді. Қазақстан Республикасында сот әділдігі соттар арқылы ғана жүзеге асырылады. Ешқандай басқа мемлекеттік немесе мемлекеттік емес органдар сот әділдігін жүзеге асыра алмайды. Соттың шығарған шешімдерін бұзуға немесе өзгертуге тек қана соттардың ғана құқығы бар.Сот билігін жүргізуші судья. Судья сот әділдігін жүзеге асыруды айыпталушының кінәсіздігін дәлелдеу қағидасына сүйене отырып атқаруы тиіс. Кінәсіздігін дәлелдеу азаматты жазықсыз соттап жіберуден қорғайды. Әр азамат заң жүзінде кінәлілігі дәлелденгенше кінәлі емес деп есептеледі. Тек сот үкім шығарғаннан кейін ғана оны қылмыскер деп айта аламыз.
Прокуратура — мемлекет атынан заңнама мен құқықтарды сонымен қатар адамның және азаматтың еркіндіктерін қадағалап бақылайтын құқық қорғау органы. Және де басқада функцияларды шектеулі, ұлттық заңнамамен орындалуын қадағалайды.Прокуратура органдарының орталықтандырылған жүйесі болып табылады, онда бағынысты адамдар Бас Прокурорына бағынады. Прокуратура жүйесі келесі саты болып табылады:
Бас прокуратура.
Бас прокуратураның академиясы.
Прокуратура субъектілері.
Облыстың, қаланың, ауданның прокуратурасы және т.б.
Әскери прокуратура.
Көлік, табиғат қорғау, пенитенциарлық прокуратура.
Ғылыми, білім беру ұйымдары.
Прокуратураның баспа басылымдары.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі — үкімет құрамына енетін, Қазақстан ішкі істер органдары жүйесін басқаратын, Қазақстан аумағындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мақсатындағы салааралық іс-қимылдарды реттейтін, құқық қорғау аясындағы мемлекеттік саясатты жасау және іске асыруға жауапты министрлік.
Ұлттық қауіпсіздік органндары — Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын арнаулы мемлекеттік органдар. Олардың міндеті — өздеріне берілген өкілеттіктер мен жеке адамдар мен қоғамның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты, мемлекеттің егемендігін, аумақтық тұтастығын; елдің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс қуатын қорғауды қамтамасыз ету.
Ұлттық қауіпсіздік органдары: жеке адамдардың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігі қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жасап, іске асыруға қатысады; Қазақстан Республикасының мүдделеріне сәйкес барлау ақпараттарын іздестіріп табады; Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға, қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталган терроризм сияқты қауіпті қылмыстар мен өзге де әрекеттерден сақтандырып, олардың жолдарын кеседі; мемлекеттік органдарды, еліміздегі ұйымдар мен әскери құрылымдарды ақпараттық және кодталған (астыртын) байланыстармен қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де қүрылымдық бөлімшелер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы үкіметтік байланыс органдары, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен өзге де ұйымдар ұлттық қауіпсіздік органдарының біртүтас жүйесін құрайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етуге тілек білдірген, өздерінің моральдық (өнегелік) және іскерлік қабілеттеріне, жасы, білімі мен денсаулығына қарай өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті азаматтар ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке орналаса алады. Кедендік бақылау органдары Қазақстан Республикасындағы Кедендік қызмет республиканың кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының (тасымалдаушының) қозғалысына кедендік иідемдер мен салықтар алу, кедендік рәсімдеу, кедендік бақылау және кедендік саясаттың, басқа да құрамаларын іске жұмылдырудың шарттары мен тәртіптерін құрайды. Кедендік органдардың лауазым иелері билік өкілдері болып табылады, олардың заңды талаптары мен өнімдерін мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар орындауғa міндетті. Кедендік органдар жүйесіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрамындағы кедендік бақылау агентігі, кедендік басқармалар, кедендер, кедендік бекеттер кіреді. Сонымен, құқық қорғау қызметі дегеніміз — заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі арнайы мемлекеттік органдардың қызметі. Бұл қызмет мемлекеттің, жалпы қоғам мен әрбір жеке адамның құқықтары, еріктері мен заңды мүдделерін қорғаудан тұрады. Құқық қорғау қызметі заңды ықпал ету шараларымен заңға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |