«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады


Электроэнцефалографияның (ЭЭГ) нейрофизиологиялық негізі



бет31/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

4.12. Электроэнцефалографияның (ЭЭГ) нейрофизиологиялық негізі

Бас миы қыртысының басты нейрондары – пирамидалы және жұлдыз тәрізді нерв клеткалары. Пирамидалы нейрондардың денелері қыртыстың ең терең орналасқан ІV қабатында орналасқанымен де, олардың дендриттері жоғарғы беткейіндегі І және ІІ қабатында болады. Ал жұлдызша клеткалардың денесі де, өсінділері де ІV қабатта орналасқан.


Үлкен ми қыртысының қабаттарында ми қыртысының құрамы пирамидалы, жұлдызша және ұршықты нейрондардан тұрады.
Пирамидалы нейрондардың пішіні әртүрлі, дендриттерінде, ұшында көптеген тіке-нектері болады (шипик), олардың аксондары ақ заттар арқылы ми қыртысының басқа аймағына немесе орталық нерв жүйесіне барады.
Жұлдызды клеткалардың дендриттері жақсы тармақталған және қысқа аксондары бар. Олар тек ми қыртысының шегінде ғана нейрондардың байланысын қамтамасыз етеді.
Ұршық тәрізді нейрондар ми қыртысы қабаттарының көлденең және ұзына бойымен орналасқан клеткаларды байланыстырып тұрады.
Ми қыртысының әр аймағында нейрондарының құрамы, олардың түрлі қабатында орналасуы әртүрлі. Осыған қарай ғалымдардың зерттеуінің нәтижесінде адамның миын 53 цитоархитектоникалық аймақтарға бөліп, оның картасын анықтаған.


4.13. Үлкен жарты шарлардың қыртысы (ҮЖШҚ)

Бұл мидың өте жас құрылымы. Оның даму тарихына тоқталатын болсақ мынадай кезеңдерге бөлуге болады: ежелгі (архикортекс), ескі (палеокортекс) және жаңа қыртыс (неокортекс). Соның ішінде соңғысы сүтқоректілерде жақсы дамыған, сондықтан да олардың ерекшеліктері бар.


Ежелгі қыртысқа иіс сезу төмпешігі жатады, афференттік талшығы мұрын қуысындағы иіс сезу кілегейлі эпителийден келеді. Иіс сезу жолы маңдай бөлігінің астыңғы беткейінде орналасқан.
Ескі қыртысқа белдеме қатпары, гиппокампп және зәйтүн ядросы кіреді. Ал басқалары жаңа қыртысқа кіреді.
ҮЖШҚ-ның нервтік элементтері қабат-қабат орналасқан. Олар алты қабаттан тұрады:

  • Молекулалы қабат – нерв клеткалары аздау. Нерв талшықтарының өрімінен тұрады.

  • Сыртқы дәнді немесе бүршікті қабат – дене пішіндері сопақша, үшбұрышты немесе көпбұрышты тығыз орналасқан (4-8 мкм) нейрондардан тұрады.

  • Қабатта әр түрлі мөлшердегі пирамидалы нейрондары орналасқан.

  • Ішкі дәнді қабат – онда да сыртқы қабатқа ұқсас майда нейрондардың жинақталған жері.

  • Қабат алып пирамидалы клеткадан немесе басқа клеткасынан тұрады. Одан жоғары қарай ұзын дендрит өсінділері жоғарғы қабатқа дейін жетіп, оны апикалды дендриттер деп те атайды. Ал базалды дендриттер пирамидалы клетканың бүйір жағында орналасқан. Аксондар бас миының және жұлынның әр түрлі ядроларында орналасады. Осылардың ішіндегі ең ұзын пирамидалы жол, ол жұлынның құйрық сегментіне дейін жетеді.

  • Мультформалы ұршық тәрізді, үшбұрыш формалы нейрондардан тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет