Моллюскалар типi
Негiзгi белгiлерi:
§ Сегменттелмеген целомды үшқабатты жануарлар.
§ Екiжақты симметриялы.
§ Денесi бас, тұлға және аяқ бөлiмдерiнен тұрады.
§ Сыртқы жамылғысы жұмсақ, iзбестi бақалшағын түзейтiн дененiң жан-жағында мантия қатпары орналасады.
§ Жүрегi бар, қан айналым жүйесi ашық.
§ Тыныс алу пигментi – гемоцианин.
§ Нерв жүйесi жұтқыншақ маңындағы сақинадан, бас және плевзольдi, педальдi ганглийлерден тұрады.
§ Жұмыртқадан трохофора личинкасы дамиды.
МОЛЛЮСКАЛАР НЕМЕСЕ БЫЛҚЫЛДАҚДЕНЕЛIЛЕР ТИПI
Моллюскалар типi жануарлардың әртүрлi топтарын бiрiктiредi. Бұл баяу жорғалайтын ұлулар мен шырыштар және шамалы отырықшы қоссауыттылар (соның iшiнде жеуге жарайтын теңiз түрлерi) және өте елгезек басаяқтылар. Қазiр 80000 астам тiршiлiк ететiн және 35000 жуық қазба түрлерден тұратын бұл жануарлар типi көлемi жағынан буынаяқтылардан кейiн ғана екiншi орында тұр. Басаяқты моллюскаларға ең iрi омыртқасыз жануар, салмағы бiрнеше тонна, ал ұзындығы 16 м-ге жететiн алып кальмар жатады.
Типтiң түрлi өкiлдерiнде қорғаныс суыттың, iштей және сырттай ұрықтануды және газ алмасуда өкпе мен желбезектi пайдалануды қамтамасыз ететiн механизмдердiң пайда болуы, молюскаларға су мен құрлықты басып алып түрлi экологиялық орталарды мекендеуге мүмкiндiк бердi. Аса елгезек моллюскалардың қимылдауына бөгет болатын сауыт өзгередi немесе жойылады.
Моллюскалардың аннелидтәрiздi ата-тектерден шыққандығы туралы сенерлiк мәлiметтер бар. Мысалы, молюскаларда да, полихеттерде де жұмыртқаның спиральдi бөлшектенуiнiң нәтижесiнде бiрдей трохофора личинкасының түзiлуi тән. Жақында табылған «тiрi қазба» Neopilina моллюскасының желбезек, гонадалар, зәр шығару мүшелерi мен аяқ бұлшықеттерiнiң метамериясы көне моллюскалар аннелидтер сияқты сегменттелген денеге ие болғанын тұжырымдауға мүмкiндiк бередi.
Бiрақ моллюскалардың шығу тегi туралы мәселе шешiмi әлi жоқ.
МОЛЛЮСКАЛАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГI Моллюскалар типiнiң өкiлдерi, жойылып кеткен организмдер қалдықтарынан тұратын жердiң көне қабаттарынан белгiлi, ал нақтырақ айтсақ, кембрий мен силур кезеңдерiнiң қалдықтарынан белгiлi және бұл кезде моллюскалардың әртүрлi класс өкiлдерi тiршiлiк еткен.
Бұл факт, моллюскалар типiнiң эволюция процессiнде айрықшалануы, жердiң, ешқандай өлi организмдер қалдықтары сақталмайтын,көне кезеңiнде пайда болу керектiгiн көрсетедi. Бұл жағдай себебiнен, моллюскалардың шығу тегiн, палеонтологиялық мәлiметтер негiзiнде анықтау мүмкiн емес, сол себептен бiз салыстырмалы анатомия және эмбриология материалдарына сүйенемiз.
Эмбриология мәлiметтерi, моллюскалардың буылтық құрттар мен туыстығын аса айқын көрсетедi. Бұл туыстықты, ұлулардың екiншi реттi қуысты жануарларға жататындығы және оларда перикард қуысының (яғни, целом қалдығы) болуы көрсетедi.
Кейбiр зерттеушiлер буылтық құрттар мен ұлулар ұқсастығын, моллюскалардыңқарапайым формалары - мысалы сауытсыздарында, жүйке жүйесiнiң құрылымынан метамерияның кейбiр iздерiнiң табылуымен түсiндiредi. Зерттеушiлер, моллюскалар буылтық құрттардан пайда болды деп есептейдi.
Молюскалардың дамуы буылтық құрттардың дамуына ұқсас. Жұмыртқа бөлшектенуi бiрдей жүредi. Моллюскаларға тән дернәсiл - велигер, аннелида дернәсiлi – трохофораға өте ұқсас.
Басқа зерттеушiлердiң айтуынша, алғашқы көне моллюскалар буындалмаған жануарлар болып есептелген, олар буындалмаған жалпақ құрттардан пайда болған дейдi.
Сол себептен моллюскалар типiнiң шығу тегi туралы сұрақтарда толық жауаптар жоқ.
Сауытсыз моллюскаларды, көптеген зерттеушiлер, көне сауытты моллюскалардың ұрпағы ретiнде қарастырады, олар өз эволюциясында сауытын жоғалтып, соған сәйкес басқа да белгiлерiн өзгерткен.
Моноплакофораларда – iшкi және сыртқы метамерия белгiлерi бар, моллюскалардың құрылысын талқылауда, көптеген қарама-қайшылықтар туады.
МОЛЛЮСКАЛАРДЫҢ КӨБЕЮI ЖӘНЕ ДАМУЫ
Құрсақаяқты ұлулардың көбеюi. Жынысты. Гермафродиттер. Ұрықтануы айқасты, iшкi. Iркiлдек баулармен байланған жұмыртқа салады.
Құрсақаяқты ұлулардың дамуы. Жұмыртқадан 20-шы күнi ұлу дамиды.
Қосжақтаулы ұлулардың көбеюi. Дара жынысты жануарлар. Ұрықтануы iшкi. Жұмыртқа аналық безде түзiлiп, сумен бiрге сперматозоидтар түсетiн мантия қуысында ұрықтанады.
Қосжақтаулы ұлулардың дамуы. Жұмыртқадан дернәсiл түзiлiп, ол шығару сифоны арқылы жүзiп бара жатқан балыққа бекiнедi. Балық денесiнде дернәсiлдер екi айға дейiн дамып, содан соң су түбiне түсiп, еркiн тiршiлiк етедi.
МОЛЛЮСКАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ТIРШIЛIК ПРОЦЕСТЕРI
Жамылғысы. Барлық моллюскалардың денесi мантиямен – терiлi қатпармен қапталған. Мантия мен дене арасында қоршаған ортамен байланыс түзетiн мантия қуысы болады.
Асқорыту жүйесi. Ауыздан (хитиндi тiстерi бар тiл), жұтқыншақтан, өңештен, қарыннан, iшектен, бауыр және аналь тесiгiнен тұрады. Көптеген моллюскалар өсiмдiкпен қоректенедi.
Қосжақтаулы моллюскаларда су мен қорек заттары кiру сифонынан кiрiп ары қарай жұтқыншаққа, қарынға, iшекке өтiп шығару сифонымен аяқталады. Асқорыту безi-бауыр.
Тыныс алу жүйесi. Құрлықта тiршiлiк ететiн моллюскалардың тыныс алу мүшесi – мантиядан түзiледi. Қантамырлы капиллярлармен торланған өкпе болып табылады. Атмосфералық ауа тыныс алу тесiгi арқылы түседi. O2 сiңiрiп CO2 бөледi.
Су моллюскаларының тыныс алу мүшесi - мантиядан түзiлiп, аяғының екi жағында орналасқан желбезек болып табылады. Суда ерiген O2 сiңiрiп, суға CO2 бөледi.
Қанайналым жүйесi ашық, жүрекшеден, қарыншадан, қан тамырларынан тұратын, екi камералы жүрекпен берiлген. Артериялды қан өкпеден жүрекшеге одан қарыншаға өтедi, ал содан тамыр арқылы дененiң барлық мүшелерiне өтiп, ол жерде клетка арасына құйылады. Өттегiнi берiп, көмiртегiнiң диоксидiмен байып өкпеге түседi, сол жерде қайтадан газ алмасу жүредi.
Зәр шығару жүйесi - бүйрек. Бүйрек қан айналым жүйесiмен тiкелей байланысты, ол қаннан диссимиляцияның ақырғы заттарын сiңiредi.
Жүйке жүйесi церебральдi, плевро-висцеральдi және педальдi ганглиялармен сипатталады.
Сезiм мүшелерi: көздерi (қармалауыштарының ұшында), қармалауыштары (жанаса сезу мүшелерi), тепе-теңдiк мүшесi жақсы дамыған.
МОЛЛЮСКАЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Моллюскалар биоценоздың әртүрлi қоректiк тiзбектерiне кiредi. Қосжақтаулы моллюскалар судың биофильтраторлары болып табылады. Мысалы, бiр моллюск бiр сағат iшiнде 10 л суды, органикалық қосылыстардан тазартып, фильтрлейдi.
Кейбiр моллюскалар – устрицалар мен мидияларды адам тағам ретiнде қолданады. Кальмар, сегiзаяқ және басқа да Басаяқты моллюскалардың еттерi адам үшiн қорек заты болып табылады. Олардың кәсiпшiлiгi Жапония, Қытай және Кореяда дамыған.
Теңiз меруерттерi үлкен қызығушылық тудырады. Бұл моллюскалардың бақалшағы мен мантиясының арасында меруерт түзiледi.
Ауыл шаруашылығына зиян келтiретiн моллюскаларда өте көп.
Достарыңызбен бөлісу: |