Адамдарды Жаратушымен тілдескеннен артық. Не жұбаныш, не қуаныш біз мүлде таппадық



бет1/7
Дата13.06.2016
өлшемі483.5 Kb.
#133975
  1   2   3   4   5   6   7
Адамдарды Жаратушымен тілдескеннен артық. Не жұбаныш, не қуаныш біз мүлде таппадық.

Қ-сы: Құдаймен мәңгі тілдескен тамаша, Құдаймен тілдескен сондай тамаша.

2. Тәңірмен тілдессең сен, ұлы ұстазбен мәңгі, Толық біліп аласың Құдай берген пәнді.

3. Тілдессең сен Тәңірмен «Әкем» деп қана, Құшағында Әкенің табасың сен пана.

Адамдар, ойланындар, құлақ сап сөз тыңдаңдар, Жаратқан жер дүниені Құдайдан артық кім бар?

Қ-сы: Ол сенің жанашарын, аңсаған арман жырың. Мәңгілік өмір сыйлар, Ол сенің Құтқарушың.

2. Адамдар ойланыңдар, күнәдан бой тартыңдар, Біз үшін құрбан болған Исаны ойға алыңдар.

3. Адамдар ойланыңдар, өкініп кеш қалмаңдар. Исаның сөзін тыңдап, журекпен қабылдаңдар.

Адамзат құтқарылды. Қандай бақыт! Мәсіх қанын төкті көнә арқалап, құрбан боп шалынып, берді жан. / Бар әлем шаттансын / 3р. Сені мадақтап!

2. Бойымда күнә көп, рухым қараңғы. Құдай сөздерін құлағым шалады, жүрегім көндігіп, төгілді жасым. / Өтеуші Тәңірім / 3р. Құтқарды жанымды!

3. Тартуың теңдессіз, серт бердің киелі. Мәңгі келісіп, болдық біз Иелі, Ол – біздің Жеңімпаз, серпілді түнек, / Мәсіхке мың алғыс / 3р. Жылыды жүрек!

4. Дұғамды арнаймын, мен Саған сенем. Ол барда мен мәңгі жауымды женем. Жарықпен әлемге нұр беріп тұрады, / Құтқарушым жасасын / 3р. Онда куш-қуат!

5. Құдай Баласы қиналды айқышта, құрбан болуға, кесілді азапқа. Әлем мен үшін Мәсіхпен бірге өлді. / Онымен біргемін / 3р. Исамен мәңгі.

6. Ұлы даңқ, асыл тәж сыйлайды маған. Онда менің Тәңір Ием, Жаратқан. Қосылсын жыры аспан менен жердің. / жеңіс әні үшін / 3р. Мәсіхте тірілдім.

Адасып жүргенде азап шегіп, Сен мені іздедің, Құтқарушым. / Алдамшы өмірге қызығумен, Өзіңнен адасып жүріппін мен / 2р.

2. Керемет мынау бір табиғатың. Ай менен жұлдызды жарқыраттың. / Аспан мен жерді де Сен жараттың, барлығы Өзіңе бағынатын / 2р.

3. Мың алғыс айтамын Өзіңе мен. Көкірегімді ояттың Рухыңменен. / Көзімді аштың Сен, жұмулы еді. Жүрегім тас еді, жібіттің Сен / 2р.

4. Тәңірім Өзіңе бас иемін, құдіретті күшіңе мен сенемін. / О, неткен күнәһар жан едім мен, айқышта азаппен Сені өлтірген / 2р.

5. Сен мені сүйесің, иланам ғой. Жаныңды мен үшін қинадың ғой. / Өзіңе келгенді кешіріп Сен, мәңгілік өмірді сыйладың ғой / 2р.

6. Бар бақыт Өзіңсің өмірдегі, күнәмді жуасын көңілдегі. / Тек қана Өзіңе бас иемін. Тәңірім, кешірші, кешір мені / 2р.

Адасып көп жылдар жүріппін. Жарық деп түнекті сүйіппін. Тәнірдің сөзінен бейхабар, күнәнің құлы боп жүріппін.

Қ-сы: “Жол, шындық, мәңгі өмір – Менмін” деп, Тәңірім шақырды мені де. Әкеге Менсіз жан бармас деп, жеңді Ол өлімді мәңгіге.

2. Мәңгілік жерінен Ол келген, рухымен адамға Ол еңген. Мәңгілік болмысын паш етіп, Мәсіхте Ол өліп, тірілген.

3. Жаңа өмір басталады Мәсіхпен. Бауырым, сен де кел, кешікпе. Жалғанның бітері жақында. Жол, шындық, мәңгі өмір Мәсіхте.

Айналайын Тәңірім, алғысым шексіз Өзіңе. Оңалды менің өмірім, айнаңа қарап – Сөзіңе.

2. О, неткен пақыр пенде едім, қаранғыда адасқан. Шындық таппай өмірден, алас ұрып мен сасқам.

3. Жүрегім толы жамандық, қиналған жаным азаптан, Ұлыңды Иса жіберіп, құтқардың Ием тозақтан.

4. Мен Сені сүйем, Тәңірім, Қожасы барлық өмірдің. Жырыма қосып атыңды, даңқтаймын Иса Әміршім.

5. О, неткен ғажап Ұлысың, аспан мен жерді жаратқан. Тіршіліктің барлығын бас игізіп каратқан.

6. Адам ата баласын, сонша сүйіп ұнатқан. Аямай Өз жаныңды, айқышта төктің қаныңды.

7. Даңқталсын атың мәңгілік, жер менен көктің бәрінде. Патшалығың орнасын, жүректің әрбір төрінде.

Айтқан сөзін Құдайымның ашуланбай қабылдашы, Құтқарылып сен де бүгін, жарыққа сол жақындашы.

2. Ертеңгі күн белгісіз ғой, бүгін келші құтқарылшы, Сөзін тыңдап, асығып сен, жарыққа сол жақындашы.

3. Бұл өмірден аларым жоқ, жақсылық та тапқаным жоқ, Мәсіхшідей өмір сүріп, жақындашы сол жәннатқа.

4. Исаменен бір сөйлессең, дұға етіп, кешірім сұра, Күнәдан тазалап Ол, қуантады, жұбатады.

Айтшы: Қанның жігерін сен білдің бе?

Ақталдың ба Иса Қанымен?

Рахатын Оның жаныңмен сездің бе?

Тазардың ба Иса қанымен?

Қ-сы: Тазартыл! Оның Қаны күнәның дағын кетіреді. Айқышта Мәсіхтің төгілген Қаны қардан да сені ақ қылады.

2. Күнде сен Оның алдында тұрасын ба? Ақталдың ба Иса Қанымен? Мейірімділігін сездің бе Құдайдың, тазардың ба Иса Қанымен?

3. Мәсіхті қарсы алуға дайынбысын? Ақталдың ба Иса Қанымен? Қасиетті өлкеге кірер жаның, тазарсаң Қанымен Мәсіхтің.

4. Кешірім сұра да жамандықтан жерін. Мәсіхтің Қанымен ақтал сен! Айқышта Қаны төгілген сен үшін, Мәсіхтің Қанымен тазар сен.

Анық сенемін, менің Исам, аспанның мұрасын берді маған. Мені жұбатып, қуантады. Иеленемін сол мұраны.

Қ-сы: / Салтанат әнді айтам мәңгі, менің ғажап Исам туралы / 2р.

2. Жан-тәніммен Оған берілдім. Исаның перзенті енді болдым. Тек одан табам нан мен сусын, тыныштыққа толды жүрегім.

3. Пана болады күшті қолымен. Оған батыл анық сенемін мен. Қиындыққа да рухым риза. Досым, Бақташым мәңгі қасымда.

4.Сенімен ғана табады рухым,ғажапқа толы өмір мен тыным. Мен кішірейіп, Сен өсесің. Саған жүрегімді мен берейін.

Арайлы бүгін таң атты , құшағын Құдай бізге ашты. Кездесіп бүгін, Тәңірім, тағзым еттім алдында.

Қ-сы: Сездің бе, жүрек, сездің бе, кездесер күнді Құдаймен? Кештің бе, мені кештің бе, күнәмді менің, Құдайым? Күнәмді менің, Құдайым.

2. Сенімен болу тамаша, қолымды бердім балаша, Жетелеп мені келесің. Тастама Иса, тастама.

3. Көңілді бұршы жеріме, қазақ деген еліме, Жалынып, Иса, сұраймын, құтқаршы қазақ елімді.

Арайлап атты таңдарым, нұрыңа мені бөледің. Тәңірім Иса, қаныңмен күнәмнің құнын өтедің.

Қ-сы: Қиналдың Иса мен үшін айқышқа беріп тәніңді, Құтқарып алдың күнәдан әлемді және елімді.

2. Шыдадың Ием, мен үшін, жаныңды салып азапқа. Адамның әрбір ұрпағы бармайды сенсе тозаққа.

3. Кеудеңнен қаның төгілді, тамшылап жерге тоқталмай. Күнәсіз Иса керілді, айқыштан бақыт тапқандай.

4. Күнәні енді жасама, киелі Иса қаны үшін. Тәубеге келгін бауырым, өмірдің ұғып мәнін шын.

Арайымен атқан күннің нұр күліп, жан-жүрегім ақтарылды жаңғырып. / Бұлақ көзін ағып жатқан таптым мен, қуанышым таусылмайды мәңгілік / 2р.

2. Үміт мақсат алға мені жетелер, еш солмайтын мәңгілік сый әперер. / Жарығын боп мына өмірде жүруге, Тәңір Ием, Өзін қуат бере гөр / 2р.

3. Айтпай-ақ та жүрегімді білесің, мұқтажымның ең асылын, киесін. Оятсаңшы қазағымды, елімді. / Құтқарылсын, қисық жолын түзесін / 2р.

4. Шапағатың бүкіл елге тарасын. Шаттық әнім шарлап қазақ даласын. / Басымды иіп сұраймын мен, Тәңірім! Құтқарсаңшы барлық қазақ баласын / 2р.

Асқар биік көк аспан Жүректі тербер арман Мәсіхтегі тағдырым Ортақ іске айналған.

Қ-сы: Туыс болдық бәріміз, Достық біздің сеніміз. Исаның біз хатымыз, Мәсіхші-ол атымыз.

2. Достығы Оның ісінде, Күнделікті өмірде. Дертімізден жазылтты, Қайғымыздан арылтты.

3. Әрбіріне адамның, Құтқарылу хабарын, Жеткісейік, білеміз, Мәсіхшілер боларын.

Аспандағы Әкеміз! Сенің Атың киелі, Тұтылсын мәңгі, патшалығын келсін.

2. Аспанда болғандай жерде де, Сенің еркің орындалсын. Бізге бүгін күнделікті нанымызды бере көр.

3. Бізге күнә жасағандарды кешіргендей, кешіргендей. Біздің күнәларымызды да, кешіре гөр, кешіре гөр.

4. Бізді теріс жолға түсіп кетүге қалдырмай, Бізді жамандықтан, құтқара гөр, құтқара гөр.

5. Өйткені патшалық та, құдірет те, ұлылық та, Мәңгілік Сенікі! Аумин, аумин.

Аспандағы жарық күн, қызарып барып батпай ма? Тіршіліктің дәм-тұзын, Құдаймен адам татпай ма?

2. Қанағат, тоқтам, әрқашан абырой саған әперер. Тіршілікте мәңгілік, сені тек Құдай мәпелер.

3. Арманшыл менің бауырым, тілеймін саған тура жол. Сол тіршілік тұтқасы-Ақиқат біреу: Иса - Ол.

4. Айналаңа көз салып, ақылмен бәрін сарала. Өмірдің тап тұтқасын, әлемді түгел арала.

5. Мына өмірдің мәні мен мақсатына көз жеткіз. Ақиқаттың, ақ жолдың шұғыласын жарқ еткіз!

6. Қайта тумай өмірге, мәңгілікке бармайсың. Мынау жалған өмірден, тек өкініш қармайсың.

7. Көктемде шыққан қызғалдақ, күз болғанда солады. Бүгінгі байлық,шат өмір, ертең-ақ қурай болады.

8. Тек қана Құдай мәңгілік, мәңгілік болып қалады. Құлпырып өскен қызыл гүл, күз жеткенде солады.

9. Айналайын, бауырым, арманың болсын мәңгілік. Тура жолға кел сен де, Құдайды жырла әң қылып.

Аспанда жарық ай, самсаған жұлдыздар. Рақымын аямай нұрын төкті Құдай. Бүгін жар саламыз, Иса сөзін елге. Құдайдан Ол келген, күнәң үшін жерге.

Қ-сы: Иса Тәңір, жүрегімде жаса мәңгі, Өзіңменен өміріміз болсын сәнді. Мадақталсын киелі атың бар әлемге. Бір өзіңе арнайық жыр менен әнді.

2. Көктегі Әкемнің айтқан сөзі балғын. Інжу-маржан сөзін бауыр, сен де алғын. Кешірім алғанда, күнәңді ақтайды. Ажалдан, апаттан жанынды сақтайды.

3. Ием Жаратушы, Тәңірім бағушы, атыңды даңқтаймын Иса Құтқарушы. Шексіз мейріміңмен аштың құшағыңды. Сыйладың Сен бізге, ғажап жұмағыңды.

Аспанда менің Отаным, ұмтылар оған менің жаным, Онда киелілер тұрады, онда ағады өмір суы.

Қ-сы: Аспанда, аспанда. Отаным менің аспанда. Аспанда,аспанда.Отаным менің аспанда.

2. Күтеді Тәңір аспанда, дайындап Өзінің панасын, Ақ жарқын игілік жұмақта-көк шалғында тыныс аламын.

3. Жақында көкте боламын, жердегі сапарым бітеді, Киелі сеніммен тұрғандар жұмақта мені қарсы алады.

Аспанда таңғы жұлдыз туған кезде, нұрынанжердің жүзі арайланды. Шығыста данышпандар атқа қонып, көз тігіп кең дүние қарай қалды.

Қ-сы: О ғажап, дүниеге сәби келді! О,ғажап, бұл әлемге өмір келді! Иіліп данышпандар тағзым етіп, алдында Нәрестенің сәлем берді.

2. Қуаныш жер жүзіне таратылды- Бетлехем шаһарында бала туды. Дәуіттің Ұрпағынан Исраилде: Келді,- деп,- Құтқарушым, - дала тұрды.

3. Таңданды бүкіл әлем қайран қалып, әндетті періштелер сайран салып. Еркексіз таза қыздан туған сәби, түбінде жай ғана адам болмасы анық.

Асыл сәтті бізге Құдай сыйлайды, байырларды біз кездестірдік. / Иса бізбен бірге болуға серт берді, Оған жүректе бердік кендік! / 2р.

2. Оның алдында кездескен қандай ғажап! Дүние толқынын ұмытып, / Қасиетті Рух пен қуанышқа толып, жүрек те шаттыққа кенеліп! / 2р.

3. Біз Сион жолайшылары, қайнар көздің жағаларында дем аламыз. / Фаворда боламыз, Қастыққа жоламай, Тәңірдің соңынан жүреміз / 2р.

4. Ғажап тілдесемен үрейді ұмыттық, қатты тастарды жол бойында. / Құдайдың сөздерінен қуат біз таптық, жүруге жаңа күшпен алға / 2р.

5. Жан-жақтан Исаны қаумалай жиналып, мәңгілік тауларға көз салып, / Оның сауыты мен қалқаны астында Құдайдың ізімен жүреміз! / 2р.


Қ-сы: Ахау! Бауырларым,бауырларым,арналды сіздер үшін осы әнім. / Келіңдер аяулы жұрт, мәңгі өмірге-жол ашып құшақ жайған бұл Тәңірге / 2р.

Көп болды-ау, құстай қанат қағысқалы, армысың бауырларым осындағы. / Арада қилы-қилы жылдар өтіп, Құдайдан бірте-бірте алыстадық / 2р.

Бауырлар, ұмытпандар өз тіліңді, кең далам шалғай жүрген қазағымды. / Күйзелген қазақ үшін жүрегімді, Тәңірім қабыл алсын тілегімді / 2р.

Қайғысын бұл дүниенің ойлама деп, Құдайым бет бұрдың біздің елге. / Келіңдер, кешікпеңдер құтқарам деп, сендерге жұмақ төрін дайындады / 2р.

Әр түрлі дін жолымен құтылам деп, қапыда қалып жүрме бауырларым. / Исаның құрбан болған қаныменен, Құдайым құтқарады бәріңді де / 2р.

Қиналып шаршағандар, бәріңе де беремін жан тыныштық Маған кел деп. / Тәңірім есік қағып шақырады. Бауырлар, жүрегіңді аш түсінуге / 2р.

Жұмақтын бар есігін айқара ашып, Тәңірім шақырып тұр барлығынды. / Жабылар ол есіктің уақыты жақын. Бауырлар, асығыңдар,үлгеріңдер / 2р.


Әкемнің әлемін құлақ сап тыңдасан, алуан түрлі әуендермен табиғат жырлайды. Әкемнің әлемін үңіліп қарасаң, тауда,көкте,көлдерде, Ол берер қол ұшын.

2. Әлеміне Оның, құстар ән салады. Інжу-маржандай ақ таңдар Құдайды мақтайды. Әкемнің әлемі сәулесін шашады. Табиғатпен біргесің Сен, менің жанымдасың.

3. Әкемнің әлемін ұмыттырмашы Сен, қателіктер көп болса да. Бір Құдай басқарған. Әкемнің әлемі, өмір бітпес күрес. Құрбан болған Иса келіп, аспан мен жер бірлес.


Әндетемін саған Иерусәлім.Берекелі болғын Иерусәлім. Тәңір жарылқасын, Иерусәлім. Бейбітшілікте бол, Иерусәлім.

Қ-сы: Шалом,шалом, Иерусәлім.Шалом,шалом,бейбітшілікте бол Иерусәлім! / Тәңір жарылқасын, Иерусәлім! / 2р.

2. Бейбітшілікте бол Иерусәлім. Қорғаның нық болсын Иерусәлім. Қуанышқа толсын жүрегіміз,ән айтылсын саған,Иерусәлім.

3. Ұмыта алмаймын сені Иерусәлім. Ойымнан шығармаймын Иерусәлім.Есімдесің сен Иерусәлім.Мадақтаймын сені Иерусәлім.

Әркімдер-ақ сұрап жүр Ғайса кім деп.Кейбіреулер: пайғамбар-Ғайса демек.Ашылмайтын бұл әлі құпия сыр, сондықтан түсіндірме бергенім жоқ.

2. Егерде бәріне айтсам Ғайса-Сол деп.Найза ұшында өлтірер мені түйреп. Жемтігімді көмуге бермей рұқсат,өлімтіктей тастар еді итке сүйреп.

3. Ғайсаның туы айтады: бері жүр деп.Сенбейтін кейбіреулер бұған күлмек.Ғасыр бойы алысқан дұшпандары, мандайыма дақ салмас Оны күндеп.

4. Ұстара Ғайса тілі, әділ тілмек, асауды жуасытар тірі жүндеп. Қиянатшыл замандар өтсе дағы, Ғайса жолы мәңгілік өмір сүрмек.

Бар әлем жырлаңдар, Иеңді шаттанып.Иеңе қызмет ет қуанып. Келіңдер Құдайға, дауыстай масайрап.Танып ал,Ием деп Құдайды.

2. Ол бізді жаратқан. Үмбеті халқымыз Құдайдың. Қамқоршы Ол бізге,шопандай отарын бағатын.

3. Алғыс жыр айтыңдар, қақпадан өткенде. Мадақтап алаңға кіріндер! Алғысты айтындар Құдайға, мадақтандар Тәңірдің есімін!

4. Иеміз мейірімді, мәңгі рақым етеді.Ұрпақтан ұрпаққа, біздерге адал боп қала береді.

Барлық аспан атыңды мақтайды Ием. Сенің көркің немен теңеседі екен?

Қ-сы: / Мәңгі отырасың / 2р, / жарқыраған тақта / 2р/ Тек Сенің алдында / 2р. Тізе бүгемін мен.

2. Мадақтаймын Сенің даңқыңды Жан Ием. Сен біз үшін, өміріңді құрбан еттің.

3. Аялаймын Сенің Сөзіңді Жан Ием. Жаратушым, бір Өзіңе дұға етем.

Бәрің шаттаныңдар: Даңқты күн келді. Құдай бауырларға қуаныш берді. Бір кезде бөтен біз енді достастық, Исаның Қанымен біз бауырластық.

Қ-сы: Қуанышпен ән салындар, Құдай бізді құтқарды.Атымызды мәңгі сақтап, бәрімізді ақтады.

2. Бағыт біздің қазір Синайға емес. Қауіп-апаттардан біз қорықпаймыз. Игілік сөзін Ол бізге жеткізеді. Өзінің Қанымен бізді құтқарды.

3. Сүйіспеншілікпен өмір сүреміз. Исаның Қанымен мәңгі жүреміз. Үміт те, сенім де көңіл көтерер. Исаның Қанымен көкке жеткізер.

Бәрімізге Емші келді, жалпы Емдеші келді.Азап шеккендерге Иса тыныштықты әкелді.

Қ-сы: Жақсы тағдырды бердің, дәмеленбесем де мен. Сені мадақтаймын мен, Иса, Құтқарушым.

2. Сені сүйген Құтқарушың бар күнәңді көтерді,Үйің тастап Әкесінің-аспандағы мекенді.

3. Мәңгі Сені мадақтаймын, тірілген Құтқарушым, Маған қымбат Сенің атың, Патшам менің, Тәңірім.

4. Үрей мен күнә, Тәңірім,алдыңда шегінеді. Құтқарушым деп айтқан сөз тәтті боп естіледі.

5. Исаның атымен бауырлар, келіңдер, әндетейік. Мадақтап Исаның даңқын әнмен біз көтерейік.

Кішісі де,үлкені де мадақтайды Тәңірді, Иса үшін еңбек етіп, өмір сүр деп шақырды.

Мақтанышпенен Исаның алдына біз барамыз, Аяғының астына біз тәжімізді тастаймыз.

Бәрі тыныш, әлем ұйықтап жатқанда, жарық ай, тып-тынық түн далада. Бұл дүниеге Құтқарушым шырылдап,келді міне,қуанышқа кенелтіп.

Қ-сы: /Қуаныңдар, қуаныңдар, қуаныңдар! Пәк Нәресте-Иса келді дүниеге, құтқаруға бәрімізді күнәдан / 2р.

2. Бәрі тыныш, әлем ұйықтап жатқанда, Тәңіріміз бүгін бізді жарылқады.Қуаныштан жүрегіміз ән салып, Иса Мәсіх, Саған бола шаттанып.

Берген уәдесі мәңгі болады, Исаның қаны оны растайды. Түңілсен де,сен үмітіңді үзбе: Құдай сертінен таймайды.

Қ-сы: Өмірде бәрі жойылсын мейлі: уәдесін Құдай орындайды. Көк аспандағы жұлдыз сөнсе де, Уәдесінде Ол тұрады.

2. Азап шеккенде, қараңғы түнде, жүрекке уайым-қайғы түскенде, жанымды күмән абыржытпайды: Құдай сертінен таймайды.

3. Өмір сынауы өршеленсе де, қанның жігері күш берер бізге. Қуанып сонда мен мадақтаймын.Құдай сертінен таймайды.

4. Тіріліп қайта көкке кетеміз, Онда періште бізді күтеді, Жеңіс гүл тәжін аламыз сонда: Құдай сертінен таймайды.

Берілген жоқ өмір бо армандауға, бос абыржып қапыда қалмайық. / Берілді ол арпалысқан жалғанда,ғажайып көктің жолын табуға / 2р.

2. Құтқарылу үшін өмір берілді, бойымыздан Мәсіхті көрсетіп, / Исаға арнап бар өмірімізді, тек қана Исаға қызмет етіп / 2р.

3. Қарамай барлық қиыншылықтарға, қызмет етуге дайын болайық. / Күнәнің құлдығында жатқандарға Құдайдың Сөзін жариялайық / 2р.

4. Жеңіп шығу үшін кедергілерді, Досымыз Мәсіх жәрдем береді. / Шүбәлі ойлар келіп қалған сәтте, «Жоғал!» - дейік біз мәсіхшілерше / 2р.

5. Бұл дүние қатал қарсы алады, той үшін келмедік біздер мұнда. / Күнәсін арқалап бәрі өлуде, құтқарғымыз бәрін келеді / 2р.

6.Зер салып Құдай біздің дұғамызға, орындағысы бәрін келеді, / Атын мадақтап даңқын асыруға,күш-қуат пен денсаулық береді / 2р.

«Болсын!» десең, әлем болады бұдан басқа «Шықсын!» десең, гүлдер шығар қара тасқа. Гүлденген жер күлге айналады, теңіз құрғап, кенеттен ұлы Құдай қаһарланса.

Қ-сы: Сиынамыз бір Құдайға, Қорғаушымыз-бір Құдайға.

2. Бар әлемді ақиқаттан жараткансың. Бас идіріп, бір шындыққа қаратқансың.Ақырында келеріңді біз білеміз. Бұл туралы Ізгі хабар таратқансың.

3. Жалғыз Өзің жоқ нәрсені бар қыласың. Өз еркің ғой, қанша өмір Сен сыйлайсың. Сиынамыз бір Өзіңе Құдай Әке, теңдесі жоқ бір Өзің ғой жалғыз көкте.

4. Қол ұсынып, құтқарады азғырудан.Құдай сүйеді, кешікпей кел сиынуға.Жаныңды бер, жүрегің бер, ойыңды бер, құшақ жайып күтіп тұрған бір Құдайға.


Бұл әлемнің бастамасы Өзің болып, әлемнің ақыры да Сен боласың. Аспаннан жердегіге қуат беріп, ал Өзің кең әлемге құпиясың.

Қ-сы: О, Тәңір, бұл әлемнің патшасы! О,Тәңір,бұл әлемнің қолдаушысы! Иіліп,Саған ғана тағзым етем, / О,Тәңір, өмірімнің берекесі / 2р.

2. Кешір мені,күнәлардан арылайын.Иса Тәңір,Өзіңе мен табынайын.Қуаныштан, жұбаныштан көздің жасы төгіледі Құтқарушым, айналайын.

3. Өзің бол мендегі шынайы сенім, мәңгілік жүрегімде жаса менің. Жаратқан, көрсет енді шындық жолын, жарық көріп, Саған келсін қазақ елім.

Бұл әлемнің шексіз биіктігінде, ештеңе жоқ Оның ұлы сүюіндей. Жүрегімнің тереніңде жатқан жарық, мәңгілікке сыйлады маған бақыт.

Қ-сы: Мадақтандар, мадақтандар! Киелі Ұлды, Киелі Ұлды - Тәңіріміз Исаны.

2. Періштелер үні аспаннан естіледі, қуанышын бұл дүниеге сыйлық етіп. Жарқыраған мына күннің щұғыласы бар әлемнің жер бетіне нұрын төгеді.

3. Мәңгілік өмірге біз ұмтылайық. Сүюіне сүюменен жауап беріп, Өзі берген өміріне сай болайық.

Бұл өмірден өтеді екен даналар да, өтеді екен ақ жаулықты аналар да. Дүниені дүр сілкінткен патшалар да, өтеді екен асыл сұлу арулар да.

Қ-сы: / Ей, адамдар ойланыңдар, өткенге коз салыңдар. Бұл өмірде мәңгі жүрген, айтыңдаршы кім бар? / 2р.

2. Көрген түстей өте шығар көз алдыңнан. Өмір жалған, оны ешкім біле алмаған. Бұл өмірдің бар беймәлім құпиясын, қанша іздеп талай адам таба алмаған.

3. Тыңда бүгін, тыңда үнін Жаратқанның-Бағушысын батқан күн мен атқан таңның. Пенделері жүрсінші депмәңгілікте, сүйгендіктен бізлер үшін төкті қанын.

4. Мәңгілікке барар жолды көрсетіп, Иса Мәсіх көкке кеткен тіріліп. Жаратқанның аларынан берері көп. Сен де алғын, қалма досым кідіріп.


Бұл өмірдің жұмбақ сыры бір Өзіңнен жаралған.Аспандағы күннің нұры бір өзіңнен таралған.

2. Тәңір Ием, көз алдыңда ойнақтаған баладай, Өзіңмен бір мәңгі болсам, Өзіңнен бақыт тапсам.

3. Таңғы самал, түнгі ызғар бар бойыңнан табылар. Мейірімнің қандай ыстық, жаураған жан жылынар.

4. Алыс жолдан келдім Саған, су берші, Әке маған. Көп адасқан мен ұлыңды шығарсың сен сағынған.

Бүгін міне, қуанышта шек болмас, періштелер әсем әнін тоқтатпас. Неткен Құдай қасиетті, құдіретті! Өз баласын Бетлехемге жіберді.

Қ-сы: / Патша болып туылған, айналайын баладан. Әлем Құтқарушысы адамзатқа берілді / 2р.

2. Дәуіттің қаласында нұр төгілді.Періштелер сонда былай тіл қатты; «Лайым, Құдай аспанда құрметтелсін!Адамдарға шапағаты төгілсін!».

3. Қуанамыз, ән айтамыз шаттана,Нәрестенің ғажап туылғанына.Себебі, өз уақыты келген кезде, күнәдан Ол құтқарады бәрін де.

Бүгінгі күн бізге берген қандай күн! Құтқаруға Иса Тәңір келген күн!Аспанымнан жарық жұлдыз туған күн!

Қ-сы: Құдай Ұлы - көктен түскен Мәсіх келген күні осы жарық дүниеге.Еммануел-Құдай Өзі бізбенен. Келгендерді жарығына енгізген.

2. Неше адам көрмей кеткен бұл күнді. Неше адам ұқпай кеткен бұл үнді. Неше адам көздің жасын көл қылып, қайратпенен күтіп келген бұл күнді.

3. Құтқарылу қуанышы Исада. Ол құтқарады еліңді де, сені де. Күнәһардың кешірілуі Исада. Құтылуға бекем буғын беліңді.

Бізбен мәңгі бола көр,сара жолда Тәңір, Мейірімділік көзіне жетелеші әрдайым.

2. Құпияңды аш әлемге: бірлік мәңгі болсын.Татулық,ынтымақты балаларың көрсін.

3. Жүрекке мейірімділік, ойға бірлікті бер, Момын,жуастық рухын біздерге төге көр.

Рақымың бәрімізге қайта мол төгілсін, Өміріміз,сөзіміз даңқыңды асырсын!

Біздің Жаратушымыз, күшті Құдай тағала! Әміріңе құлдықпыз,көрсеткеніңе құлдықпыз.

Қ-сы: / Я, Жаратқан Тәңір! Сен өмір бастауысың, Мәңгі өмір беретін, киелі бұлақсың / 2р.

2. Күшті болғандықтан,Сенен көмек сұраймыз.Сенің жарылқауыңа әрдайым мұқтажбыз.

3. Осы қиын кезде кімнен жәрдем табамыз? Сен секілді ешкім қамқор бола алмайды.

4. Жоқшылық кезінде Сөздеріңмен жұбатып, Күш-қуат,жігер беріп, қасымызда бола гөр.

Осы жалған дүниенің бүкіл күнәсін, Өз мойнына алып, Өзің құрбан болдың.

6. Шексіз Құтқарушымыз Сен біздің Жасаған, Күнәларымызға енді қарамайсың.

Әкесі балаларын бауырына басып, Жылы жүзбен қарап, жұбатқандай жұбатасың.

Мың да бір алғыс рақымыңа айтамыз, Сүйіспеншілігімізді Саған арнаймыз.


Біз естідік періштелерді ән салып тұрған. Таулар олармен бірге әндетті.

Қ-сы: Көкте Құдай мадақталсын! Көкте Құдай мадақталсын!

2. Бетлехемге келіңдер, ән салғанын көріңдер. Кел, Иеміз Мәсіхке-жаңа туған Птшаға.


Біріншіден не жаман, шайтан жаман - ай. Екіншіден шайтанға сенген жаман - ай. Шайтан сөзі жалған сөз сенбеңдер - ай. Құдай Сөзін тыңдамай азғырылмаңдар - ай.

Қ-сы: О, Құдайым-ай, көкте тұрған-ай. Көкте тұрып, біздерді таңдап алған-ай. О, Құдайым-ай,жаратқансың-ай. Өмір бойы біз Саған табынамыз-ай.

2. Бас Иеміз Мәсіхке сеніп барамыз. Мәсіхпенен біз бірге еріп барамыз. Ол біздерді күнәдан тазартып алар. Жамандықтың бәрінен құтқарып алар.

3. Біз түнекке әрқашан қарсы тұрамыз. Иса айтқан сөздерін еске аламыз. Иса сөзі тірі сөз байқасаңдар-ай. Оның сөзін ешқашан ұмытпандар-ай.

Ғажап Сөзіңе мән бергенде, танимын сені Тәңірім, Түсінемін терең сол кезде, күнәһармын мен жердегі. /Киелі жүзім сабағы Сен, ал кішкентай бұтағы мен. Нәрімді өмірлік аламын Құтқарушым жалғыз Сенен/ 2р.

2. Жан беріп нәрің бойыма, шаттыққа мені бөлейді. Тәңірді сезіп жақыннан, жаным Өзіңмен бірге болмаған кезімді, Қиналам сонда жан-тәніммен, жас жуар менің көзімді/ 2р.

3. Сөздерін сенің ақиқат, Сенсіз киім едік өмірде. Табылмас бізде күш-қайрат, күнәһар мына дүниеде. /Сондықтан жалғыз бір тілегім-мәңгілік боду Өзіңмен. Атқарылса барлық істерім, Тәңір Исаның күшімен/ 2р.

4. Мәсіх-тіршілік, өмір жолы, мәнділік берер тұрмысқа. Жаннын беріп елге күнәлі, жол ашып берді Құдайға. /Киелі жүзім сабағы Сен, ал кішкентай бұтағы мен. Нәрімді өмірлік мен алып, Сенімен мәңгілік жүрсем/ 2р.

Ғолғота, Ғолғота, Ғолғота ...

Булығып жасқа көздерім, қараймын Саған Тәнірім. Жүрегімді жігерлендіріп Сен, айқышқа Ием, керілдің.

Қ-сы: Шеге емес айқышта ұстаған, адамдар да емес Сені қинаған. Көп уақыт өтсе де содан бері, күнәларым менің Сені қинаған.

2. Басында тәжің шеңгелді, соғылып бардың айқышқа. Өз еркінмен кергіздің Сен мен Өзіңді, күәдан құтқарып мені.

3. Жиі елестейді маған айқыштағы төгілген қан. Иса, Саған басымды иемін, күнәдан мені құтқарған.


Далама көз салсам, өткенді ойға алсам, Қаншама күнәм бар, сан жетпес санасам.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет