Адамдарды құтқару үшiн және өте қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлiгiн, мүлкiн және өзге де материалдық құралдарын пайдалану ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 27 тамыздағы N 875 қаулысы
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 35, 357-құжат
"Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылар мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Адамдарды құтқару үшiн және өте қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлiгiн, мүлкiн және өзге де материалдық құралдарын пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 27 тамыздағы
N 875 қаулысымен
бекiтiлген
Адамдарды құтқару үшiн және өте қажет болған
жағдайда төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан
ұйымдардың байланыс құралдарын, көлiгiн, мүлкiн
және өзге де материалдық құралдарын пайдалану ережесi
1. Осы Ереже құтқарушылардың төтенше жағдайлар аймақтарында ұйымдардың байланыс құралдарын, көлiгiн, мүлкiн және өзге де материалдық құралдарын пайдалану тәртiбiн айқындайды.
Байланыс құралдары, көлiк, мүлiк және өзге де материалдық құралдар iздестiру-құтқару, авариялық құтқару және кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу барысында адамдарды құтқару үшiн және өте қажет жағдайда ғана пайдаланылады.
2. Өте қажет жағдай табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың нәтижесiнде туындаған адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп-қатер төнген кезде басталады.
3. Төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлiгiн, мүлкiн және өзге де материалдық құралдарын пайдалануды тұрақты шарттық негiзде немесе ерiктi бастамалармен құрылатын авариялық-құтқару қызметi мен авариялық-құтқару құралымдарының құтқарушылары жүзеге асырады.
Құтқарушылардың төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлiгiн, мүлкiн және өзге де материалдық құралдарын пайдалануы туралы шешiмдi төтенше жағдайларды жою басшысы қабылдайды және бұйрықпен (өкiммен) ресiмделедi.
4. Төтенше жағдайларды жою басшысының шешiмi негiзiнде құтқарушылар төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың басшыларынан байланыс құралдарын, көлiктi, мүлiктi және өзге де материалдық құралдарды қабылдап алады.
5. Төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлiгiн, мүлкiн және өзге де материалдық құралдарын пайдалану осы ұйымдар қызметiнiң бұзылуына әкелiп соқпауы тиiс.
6. Төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлiгiн, мүлкiн және өзге де материалдық құралдарын пайдалану үшiн құтқарушылар ұйымдардың адамдарды құтқару үшiн және өте қажет болған жағдайда қажеттi байланыс құралдарының, көлiктiң, мүлiктiң және өзге де материалдық құралдарының тiзбесiн анықтайды.
Құтқару бөлiмшесiнiң басшысы ұйым басшысымен бiрлесiп, қабылдап алу актiсiн, ал авариялық-құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейiн пайдаланылған мүлiктi беру актiсiн (1-2-қосымшалар) жасайды. Актiнiң бiр данасы ұйым басшысына, екiншi данасы төтенше жағдайларды жою басшысына берiледi.
7. Адамдардың өмiрi мен денсаулығына төнген тiкелей қауiп жойылғаннан кейiн оларды құтқару үшiн тартылған байланыс құралдары, көлiк, мүлiк және өзге де материалдық құралдар иесiне қайтарылады.
Адамдарды құтқару үшiн және
өте қажет болған жағдайда
төтенше жағдайлар аймақтарында
орналасқан ұйымдардың байланыс
құралдарын, көлiгiн, мүлкiн
және өзге де материалдық
құралдарын пайдалану
ережесiне
1-қосымша
Бекiтемiн
Төтенше жағдайларды жою
басшысы
_______________________
2003 ж. "__"___________
Адамдарды құтқару үшiн және өте
қажет болған жағдайда материалдық
құралдарды қабылдап алу актiсi
Құтқару бөлiмшесiнiң басшысы ______________________________________
Ұйым басшысы ______________________________________________________
"Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылар мәртебесi туралы"
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңына
сәйкес ____________________________________________________ұйымынан
адамдарды құтқару жөнiндегi жұмыстарды орындау уақытына
мынадай материалдық құралдар:
байланыс құралдары ________________________________________________
көлiк _____________________________________________________________
мүлiк _____________________________________________________________
өзге материалдық құралдар _________________________________________
қабылдап алғаны туралы осы актiнi жасасты.
Материалдық құралдардың техникалық жай-күйi _______________________
Құтқару бөлiмiнiң басшысы _________________________________________
(тегi, аты-жөнi)
Ұйым басшысы ______________________________________________________
(тегi, аты-жөнi)
Адамдарды құтқару үшiн және
өте қажет болған жағдайда
төтенше жағдайлар аймақтарында
орналасқан ұйымдардың байланыс
құралдарын, көлiгiн, мүлкiн
және өзге де материалдық
құралдарын пайдалану
ережесiне
2-қосымша
Бекiтемiн
Төтенше жағдайларды жою
басшысы
_______________________
2003 ж. "__"___________
Адамдарды құтқару үшiн және өте
қажет болған жағдайда материалдық
құралдарды қабылдап алу актiсi
Құтқару бөлiмшесiнiң басшысы ______________________________________
Ұйым басшысы ______________________________________________________
"Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылар мәртебесi туралы"
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңына
сәйкес ____________________________________________________ұйымға
адамдарды құтқару жөнiндегi жұмыстарды орындау уақытына
мынадай материалдық құралдар:
байланыс құралдары ________________________________________________
көлiк _____________________________________________________________
мүлiк _____________________________________________________________
өзге материалдық құралдар _________________________________________
қайтарылғаны туралы осы актiнi жасасты.
Материалдық құралдардың техникалық жай-күйi _______________________
Құтқару бөлiмiнiң басшысы _________________________________________
(тегi, аты-жөнi)
Ұйым басшысы ______________________________________________________
(тегi, аты-жөнi)
Достарыңызбен бөлісу: |