Ағартушылық істің дамуы және өнер қайраткерлері



бет1/2
Дата16.10.2022
өлшемі23.77 Kb.
#462810
  1   2
тарих бөж7 (копия)


Ағартушылық істің дамуы және өнер қайраткерлері
1.Орыс географиялық қоғамының қызметі
2.ХІХ ғғ. қазақ әдебиеті. Ақындар мен композиторлар



  1. Орыс география қоғамы – дүние жүзіне белгілі географиялық қоғам.

Әр кезде Орыс география қоғамы мүшелігіне Қазақстан ғалымдары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, М. Бабажанов, т. б. сайланған. Түрлi кезеңдерде әр түрлi аталған:

  • Орыс география қоғамы (1845–1850, 1917–1926)

  • Императорлық орыс география қоғамы(1850–1917)

  • Мемлекеттік география қоғамы (1926–1938)

  • Бүкiлодақтық география қоғамы (1938–1991)

  • Ресей география қоғамы (1991)

Орыс География Қоғамы 1845 жылы 6(18) тамызда Санкт-Петербург қаласында құрылды. Қоғамды құрған 17 құрылтайшының 7-еуі Қазақ жерiн ғылым зерттеулерге үлес қосқан ғылым және мемлекет қайраткерлерi: Г. Гельмерсен, Ф. Берг,А. И. Левшин, В. Даль, В. Струве, В. Перовскийлер болды. Орыс география қоғамы құрылған кезден бастап Ресей және оған iргелес елдер туралы география мәлiметтер жинады. Қоғамның жаңа игерiле бастаған Сiбiр мен Қиыр Шығысқа, Қазақстан мен Орта Азияға, Оралмен Кавказға, ғылымға беймәлiм Орталық Азия мен полюстiк аймақтарға, т. б. ұйымдастырған экспедициялары дүниежүзіндегі география ғылымына теңдесi жоқ үлес қосты. Орыс география қоғамы географиямен қатар оған iргелес көптеген ғылым салалары: статистика, этнография, картография, биогеография, климатология, гидрология, көлтану, топырақтану, т.б. бойынша зерттеулер ұйымдастыруға ұйтқы болды. 
1851 жылдан бастап Ресейдiң iрi қалаларында Орыс география қоғамының бөлiмшелерi құрыла бастады. Солардың iшiнде Орынбор, Батыс Сiбiр, Семей, Түркiстан бөлiмшелерi қазақ жерiне көптеген ғылым зерттеу экспедицияларын жабдықтап жiбердi. Бұл жұмысқа Кеңес өкiметi жылдарында Қазақ география қоғамы және оның Батыс Қазақстан бөлiмшесi қосылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет