Афазияның себептері
Сөйлеу тілі қалыптасып болған кезеңде бас мидың сөйлеу жүйелерінің әр түрлі органикалық зақымдалуға ұшырауы афазияның пайда болуына себеп болады: бас ми жарақаттары, мидың қабынуы, ісіктері, тамыр ауырулары және мидағы қан айналымының бұзылуы (инсульт).
Афазияда ми қыртысының жартышарының маңдай, төбе, самай және желке бөліктерінде зақымдалу байқалады. Афазияның түрі, ауытқу күрделілігі және сипаты зақымдалған ошақтың көлемі мен оқшалануына; мидың қан айналымының бұзылуына; орын басу міндетін атқаратын мидың зақымдалмаған бөліктеріне тәуелді болады.
Афазияның сипатына, пайда болуына және кері дамуына әр түрлі патологиялық процестер ықпал етеді. Мұны афазиялық зақымды талдау барысында ескерген жөн. Әр этиологиялық фактор дамуының өз ерекшеліктеріне ие. Сондықтан негізгі ауытқудың ағымының әр түрлі кезеңінде афазияның синдромы әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, ми ісігінің ұлғаюынан пайда болған афазияның симптомдары әртүрлі, жиі ми қыртысы симптомдары байқалады.
Бұл мидың ошақтық зақымдалуының салдарынан афазияға тән емес интеллектуалды-мнестикалық процестерінің бұзылыстарына және психикасының басқа да өзгерістеріне әкелуі мүмкін. Қан тамырының ауырулары кезінде инсульттің сипатына (ишемиялық немесе геморогиялық), атеросклеротикалық процесінің таралуына қарай афазия әр түрлі бол болады.
Геморрагиялық инсульт деппатологиялық өзгерген бас ми тамырларының үзілуінің салдарынанбас сүйек ішіндегі қан құйылуын айтады. Көптеген жағдайда геморрагиялық инсульттің себебі жиі атересклерозбен үйлескенартериалық гипертензия болады. Инсульттің бұл түрі таза гипертония және аневризмнің үзілунің фонында пайда болуы мүмкін. Геморрагиялық инсульткенеттен пайда болады.
Кейбір жағдайда алдын ала бас сақинасына ұқсас бастың ауыруы немесе эпилептикалық талмалар байқалады. Көптеген жағдайда қан құйылуы күндіз болады. Ауырудың пайда болуының алғышарты едәуір физикалық жүктемелер немесе күшті эмоциялық күйзелістер болуы ықтимал. Инсульт алдында адамның басының айналуы, ауыруы және басқа қанның құйылуы, аяқ-қолының ұйып қалуы, сөйлеу тілінің бұзылуы, содан кейін естен танып қалуы мүмкін.
Науқастың беті қызарып, тамыр соғуы баяу және әлсіреген, тыныс алуы терең, жиі, қырылдаған, дене қызуы жоғары, көз қарашығы жарыққа әсер етпейді. Аяқ-қолдың салдануы, беттің ассиметриясы бірден анықталады. Сал жағы әрқашан мидың зақымдалған ошағына қарама-қарсы болады. Бас миының бір бөлігінің қан айналымы жеткіліксіз болғанынан ишемиялық инсульт пайда болады және ми тінінің (тканінің) аймағының жұмсаруымен (ми инфарктісімен) қатар жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |