Ағдарбеков Т. А. Ағдарбекова З. Т


ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТУ НЕГІЗДЕМЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖОЯТЫН ЖАЙЛАР



бет12/14
Дата30.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#167441
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

103. ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТУ НЕГІЗДЕМЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖОЯТЫН ЖАЙЛАР

Әр түрлі салалық жауапкершілік институты мынадай заңды жауапкершілікті жоққа шығаратын мән-жайларды бекітеді: орындауының эксцесі, басқа қылмысқа қатысушылар жауапкершілікке жатпайды, казус; құқықбұзуды жасаған кездегі ауырып жүргендік жағдайы; қажетті қорғаныс; қажетті қорғаныс үшінші жаққа зиян келтіру ретінде, қоғамдық жағымды мақсатқа жету арқасында; қылмыс жасаған адамды ұстаған кездегі зиян келтіру; жеңуге болмайтын күш (жер сілкіну, су тасқын) және басқадай төтенше жағдайлар; жеңуге негізделген риск, қоғамдық-тиімді мақсатқа жетумен байланысты; заңсыз бұйрық пен жарлықты орындамау, т.б.

Заңды жауапкершіліктен босату негіздемесіне жата-тындар: заңды жауапкершілікке тартатын уақыттың өтіп кетуі; жәбірленушімен татуласу; адам не оның жасаған әрекеттерінің қоғамдық қауіпсіздігінің жоғалуы; қылмыс жасаудан өз еркімен бас тартушы, т.б.

Заңды жауапкершіліктен босатудың негіздемесіне жалпы пікірлер бойынша амнистия немесе кешірім жатады. Оның маңызы сонда, белгілі категориядағы адамдар мен нақтылы адам жөнінде қылмыстық-құқықтық статус өзгереді және мемлекеттік тәжірибеде қылмыс жасайтындарға адамгершілік көрсету болып табылады. Амнистия мен кешірім берудің негізінде құқықбұзғандарды кешіру идеясы жатыр.



104. ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН БАСҚА МЕМЛЕКЕТТІК МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ

Заңды жауапкершілік мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі және ең маңыздысы. Сонымен қатар, мемлекеттік мәжбүрлеуге мыналар жатады: ескерту шарасы, бұлтартпау шарасы және қорғау шарасы.

Ескерту шарасы – мүмкін болатын құқықбұзуды ескерту мақсатында не табиғи апат жағдайында, сәтсіз кездерде пайдалану үшін қолданылады (құжаттарды тексеру, қауіпті жағдай туған кезде көліктердің және жаяу адамдардың қимылын тежеу, тоқтату, карантин аймағына кіруге тыйым салу, т.б.). Ескерту шарттары профилактикалық және қамтамасыз ету сипатта болады.

Бұлтартпау шарасы мәжбүрлеу арқылы құқыққа әрекет-терді тоқтату (бұлтартпау) үшін және олардың зиянды сал-дарын болдырмау үшін қолданылады, яғни тек құқықбұзу фактісіне байланысты қолданылады (келтіру және адамға, қо-ғамға қарсы тәртібі үшін, зиянды жауапкершілікке тартыл-майтын, арнайы ескерту жасау, мүлікті алып қою, егер оған рұқсаты болмаса (мөрлер, штамптар, атылатын мылтық, радиоқабылдағыштар, т.б.); әкімшілік ұстау (әкімшілік-құқықтықбұзуды болдырмау, хаттама жасау, т.б. банктік шоттарға, багаждарға арест жариялау).

Қорғау шаралары – (құқықты орнына келтіру шара-лары) бұл мемлекеттік биліктегі мәжбүрлеу әрекеті, бұзылған құқықты орнына келтіруге мойындалмаған заңды меншік-тіктің орындалуын қамтамасыз ету. Мысалы, азаматтық құқықта қорғау шарасына жататындар: келісім шарттың дұрыстығын мойындамау; қосымша жеткізу, өнімді қосымша дайындау; дұрыс емес, жеке адамның адамгершілігіне, арына зиян келтіретін мәліметтердің жалғандығын дәлелдеу, т.б.; қылмыс құқығында – медициналық сипаттағы шаралар: соттың шешімімен психикалық ауруы бар адамдардың құқыққа қарсы әрекет жасағанда, ондай әрекеті есі жоқ кезде жасағандарға қолданылады; әкімшілік құқықта – мәжбүрлеп емдету; салық салу, т.б.; еңбек құқығында – заңсыз жұмыстан шығарылғандарды орнына кайта орналастыру; жұмыстардың құқығын бұзатын әкімшілік бұйрықтарын жою; қылмыстық процессуалдық құқықты – тергеу жасаған тергеушіні не прокурорды әрі қарай тергеуден жырақтату; отбасылық құқықта – нені дұрыстыққа жатқызбау; балаларды бағу және тәрбиелеу туралы конституциялық міндеттілікті бұзғаны үшін алимент өндіру; асырап алуды тоқтату. Алимент төлеуден бас тартқан әкені қылмыстық жауапкершілікке тарту.

* * *
ЗАҢДЫЛЫҚ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП ЖӘНЕ ТӘРТІП
105. ЗАҢДЫЛЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ
Көпшілік биліктің қалыптасу кезінде пайда болуы және алғашқы құқықтық ескерткіштердің көрінуінде, заңдылық қазіргі мемлекеттің бір анықтаушылық белгісінің біріне айналды.

Заңдылық – құқықтық өмірдің субъектілерімен заң нормаларын бұлжытпай іске асырудағы қатаң талаптары.

Заңдылықтың көбірек бөлігі, белгілеріне мыналарды көрсетуге болады:



  • жалпылығы сонда көрінеді, егер барлық, кім болсын құқық нормасының шегінде болып міндетті түрде оларды орындаса ғана көрінеді, ешкімнің одан ауытқуы мүмкін емес: жекеленген азаматпен мемлекеттің өзімен және оның өкілімен;

  • мұндағы атап айтатынымыз, әрекеттердің өзінікі емес тек сол әрекеттер қағидалары.

Заң ғылымында заңдылық үшін қасиетте көрінетін құбылыс ретіндегі көзқарас қалыптасты «қағида, әдіс және қоғамдық қатынастарға қатысушылардың және оның нәтижесінің құқық нормаларының заңдарында көрсетілген, соларға негізделген нормативтік өкілдердің және құқықтың басқа қайнар көздерінің тәртіп режиміне сайлығы:

  • заңдылық қағида ретінде заңдарда бекітіледі және барлық субъектілердің әрекетінде негізделген идеяны өмір сүру идеясы ретінде жарияланады;

  • әдіс ретінде – қандай болмасын құқық, субъектілерінің тәртіп жолдары заңдылық талаптарына сай келеді, олардың қылықтарының негізі болады;

  • ерекше режим ретінде саяси, экономикалық, моральдық және басқадай өмір жағдайлары, онда кедергісіз құқықты адал ниетпен міндеттілікті іс жүзіне асыруы мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының әрекеттері, қағидалар болып табылады.

Заңдылықтың қағидаларына бірнеше негізделмеген идея-ларды жатқызуға болады, олар мемлекет пен жеке адамның қарым-қатынасының өмір сүруін үйлесімді қамтамасыз етеді:

  • заңдардың жоғарылығы, басқа барлық құқықтық актілерге қарағанда, міндетті түрде заңдар ережелеріне сай болуы қажет, соларды орындау үшін қабылданады және қолданылады,

  • заңдар міндетті түрде бойына жалпы адамдық идеалдарды және бағалылықты сіңіруі қажет;

  • заңдар конституцияда бекітілген және адамның бостандығы мен заңды мүдделерін сонымен қатар, кепілденген солардың қорғалуын міндетті түрде көрсетіп қорғауын қамтамасыз етеді;

  • заңдардың жалпығы, бірдейлігі, оларды түсінудің аумақтығы, олардың әрекеттерін қолданудың біртұтастығы ретінде;

  • барлық құқық субъектілерінің кепілденген заңдарын қорғау бірдей мүмкіншілік, егер құқықбұзушылық кезде олардың құқығына және бостандығына заңды мүдделеріне қол сұғылса;

  • заңдылық пен мақсатқа сәйкестікті бірін-біріне қарсы қоюды болдырмау;

  • болдырмау және құқықбұзумен белсенді күрес;

  • заңдардың орындалуын тиімді ұйымдастыру, тексеру және қадағалау.



106. ЗАҢДЫЛЫҚ КЕПІЛДІГІ
Заңдылық кепілдігі – бұл белгілі ұйымдастырылған, экономикалық саяси, идеологиялық факторлардың және заңды шаралардың комплексі, олар құқық нормаларының сақталуын, азаматтардың құқықтарымен қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз етуші.

Заңдылықтың материалдық (экономикалық) кепілдіктері, қоғам дамуының экономикалық жағдайымен, экономиканың көп салалы үйлесімді қатынастардың қалпында тиімді әрекет ететін салық жүйесімен белгіленеді.



Әлеуметтік жағдай, ең алдымен, азаматтардың өндіріс-тік процеске қатынасушылардың өмірі деңгейінің жақсылы-ғын қамтамасыз етуден тұрғындардың қорғалмаған қатынас-тарын қолдайтын тиімді әлеуметтік жүйенің барлығынан көрінеді.

Заңдылықтың саяси кепілділігі дегеніміз, барлық саяси жүйенің құрылымының жекеленген элементтері заңдылық режимді қолдауға міндетті, қызығушылығы болуы қажет.

Заңдылықтың мәдени кепілділігі мемлекеттік орган-дардың, мекемелердің және олардың лауазымды адамдарының және құқықтық мәдениеттің жалпылама деңгейімен белгіленеді.

Идеологиялық кепілділігі мемлекеттік аппараттың барлық бөліктерінің қызметіндегі үйлесімділік арқылы және бар коммерциялық және қоғамдық құрылымдармен іс жүзіне асырылады. Бұл мемлекеттің жүргізіп, атқарған саясатының дұрыстығының тікелей дәлелі.

Арнайы-заңдылық (құқықтық) кепілдіктер тізімі заңдарды тиімді заңдарды құрғанда сіңеді, себебі ол қоғамдық дамудың және ғылыми ұсыныстарды еске алуға негізделген (нормативті-құқықтық кепілдік); мемлекеттік органдардың арнайы бөліктері заңдылықты бұздырмауға тоқтатуға құрылған (ұйымдастырушылық-құқықтық кепілдіктер).

107. ЗАҢДЫЛЫҚТЫҢ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІҢ ЖӘНЕ

ТӘРТІПТІЛІКТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ
Құқықтық тәртіп – бұл қоғамдық қатынастардың (жүйе) жағдайы, заң шығару ережелерін шын мәнінде іс жүзіне асы-рудың нәтижесі. Құқықтық тәртіп – бұл қоғамдық қатынас-тарға қатынасушылардың барлық құқыққа сай әрекеттері.

Құқықтық тәртіптің белгілеріне мынадай ерекшеліктерін жатқызуға болады:



  • құқық табиғатының қалыптасу негізі;

  • барлық мемлекет көлеміндегі құқықтық тәртіптің бірлігі ол тұтастығымен, құрамдылығымен, құқықтық

талаптардың көнелігімен көрінеді.

  • мемлекет жағынан құқықтық әрекеттің кепілділігі, ол үшін күрделі тексеру-бақылау, соттық және құқыққорғау органдарының жүйесі бар.

  • құқықтық тәртіптің қоғамдық тексеруде таяулығы және құқықтық тәртіптің деңгейін өз мәнінде қамтамасыз етуге қатынасу мүмкіндігі.

Заңдылық пен құқықтық тәртіп бір-бірімен тығыз байланысты, құқықтық тәртіп заңдылықсыз өмір сүре алмайды, оған қоса құқықтық тәртіпті қолдау тек қана заңдылық құралдармен іске асырылады.

Заңдылық және құқықтық тәртіптің қарап отырған құбы-лыстармен қатар, біздің өміріміздегі тағы да бір бөлінбейтін компоненті бар, ол тұжырым, органикалық және гармондық қоғамдық қатынастарды қамтамасыз етеді. Бұл тәртіп құқық және мораль құқықтарына, нақтылы ұйымның талаптарына не әрекет түрлеріне сай адамдардың белгіленген тәртібі.

Егер заңдылықтың талаптары негізінде барлығында заңдарды сақтау идеясы жатса, онда тәртіп көбірек бағыттағы құбылыс және заңдылық тек оның компоненттерінің бірі ретінде көрінеді, себебі маңызды нормативті құқықтық актілердің талаптарымен қатар тәртіптің мазмұнына моральдық нормалардың жоғарғы іскерлік сипаттамалары кіреді. Бұл ерекшелік оның мынандай түрлерінің өмір сүруінде көрінеді: орындаулар, психикалық, еңбек, оқу, әскери, қаржы (бюджеттік, салықтық, валюттік, кассалық) келісімдік және басқа тәртіп түрлері.


108. ҚАУІПСІЗДІК, ОНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Заңдылық тәртіп және құқықтық тәртіп өздерінің жиын-тығымен адамның барлық өмір сүру аясында қауіпсіздік негі-зінің қалыптасуына жағдайлар жасайды. Қауіпсіздік, заңды-лықтың құқық тәртібінің өмір сүруіндегі, ақырғы іс жүзіне асыру мақсаты, ал қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісі, тұтасымен мемлекеттік органдардың барлық жүйесінің үйлесімді жұмы-сына байланысты. Сонымен бірге, қауіпсіздікті қолдануда маңызды рөлді азаматтар мен олардың бірлестіктері ойнайды.

Қауіпсіздік – қандай болмасын жеке адамға, қоғамға, мемлекетке және ішкі және сыртқы қауіпсіздіктің жоқтығымен сипатталатын ереже.

Қауіпсіздіктің жалпы жағдайының қалпында оның түрлерін бөліп көрсетуге болады. Оларға мыналар жатады:


  • қоғамның қауіпсіздігі – өмірлік маңыздылығы бар елдің қоғамның құндылығын адамның құқығы мен бостандығын қол сұғудан қорғау жағдайы.

  • мемлекеттің қауіпсіздігі – өмірлік маңыздылығы бар елдің мүдделерін, ішкі және сыртқы қауіптен қорғау.

  • жеке адамның қауіпсіздігі (азаматтық) – қоғамның қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі, фундаментальді табиғи құқыққа және бостандыққа, заңды мүдделерге негізделеді.

Осындай үлкен блоктармен қатар, қауіпсіздік жағдайының жалпы қалпында солай бөлініп шығатындар:

  • Ұлттық қауіпсіздік – бұл жеке адамның қоғамның мемлекеттің әр түрлі аядағы (экономикалық, саяси, әскери қорғанудың, әлеуметтік, отбасылық, экологиялық, ақпараттық, т.б.) құқыққа қауіпсіздігі барлық түрлерінің жүйесі, ішкі және сыртқы қауіпсіздік бағытта.

  • Экономикалық қауіпсіздік – ішкі және сыртқы экономикалық қауіптіліктен елдің шаруашылығына қалпына келмейтін залал келуін болдырмауға кепілдік беретін мемлекетпен құрылатын жағдайлар.

  • Ақпараттық қауіпсіздік – мәліметтің тұтастығы мен құпиялылығы ақпараттың барлық авторлық пай-даланушылардың, соған жетуге рұқсат берілуді үйлестіретін жағдайды қамтамасыз ететін, ұйымдас-тырылған техникалық шаралар.

  • Товардың қауіпсіздігі – (жұмыстар, қызмет көрсету) – товардың қауіпсіздігі (жұмыстар қызмет көрсету) өмір үшін денсаулық талап етушінің мүлкі және оны жай пайдалану кезіндегі қоршаған ортаны сақтау, тасу және залалсыздандыру, сонымен бірге жұмысты орындау процесіндегі қауіпсіздік.


* * *
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
109. ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ

ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Құқықтық жүйе – бұл бір-бірімен қарым-қатынастағы келісілген және әрекеттестік құрал, қоғамдық қатынастарды және элементтерді реттейтін жиынтық сол не басқа елдердің құқықтық дамуының деңгейін сипаттаушы.

Құқықтық жүйені құрайтындарға құқықтың қайнар көздерінің ерекшелігі және мемлекеттік органдардың билігі, құқықтық шығармашылық және құқықты қолданумен шұғылданатындар жатады. Солармен қатар өздерін ашық көрсететін дүниетанымдық сипаттағы рухани құбылыстар заңгерлік ғылымдар, құқықтық түсініктер, құқықтық қағидалар, құқықтық мәдениет, құқықтық саясат, құқық тұтасымен және оны көрсететін заңдар, заңды техника, т.б.

Құқықтық жүйенің бірнешеге топтастырылған түрлері бар (өзгешеліктерін сайлау негізінен, сол не басқа құқық жүйесін бөлшектеу арқылы жүргізіледі) ұлттық құқықтық жүйені жүктеудің көбірек таралғаны нақтылы-тарихи құқықтық жиынтықта (заңдарда), заңды тәжірибеде және жекеленген елдердің үстемдік идеологиясында Р.Давидтың ұсынысы бойынша. Ол тура солай құқықтық отбасы түсінігін, ұлттық құқықтық жүйесінің жиынтығы ретінде, бір құқық типінің қалпында, тарихи жолының жалпы қалыптасу негізінде, биік тұрған қайнар көздердің, құқық құрамының құқықты пайдалану әрекеттерінің ерекшелігімен, заңгерлік ғылымның түсіну-категориялық аппаратына байланысты.

Үш құқықтық отбасы жүйесі бөлініп шығады, құқық жүйесінің ішкі салыстырмалы бірлігімен сипатталатын, заңдылық белгілерінің ұқсастығының болуы.



  • роман-германдық құқықтық отбасы (конституциялық құқық);

  • ағылшын-саксондық құқықтық отбасы (жалпы құқық-тың жүйесі);

  • діни-дәстүрлік құқықтық жүйелер.


110. РОМАН-ГЕРМАНДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕ
Роман-германдық құқықтық жүйе не құқықтың конституциялық жүйесі, оған мына мемлекеттер жатады: Франция, Германия, Италия, Испания және басқа мемлекеттер, оған қоса Ресей де өзінің ұзақ тарихына қарасақ түбірімен римдік құқыққа дейін баратынын байқаймыз.

Роман-германдық құқықтық жүйе рим құқығына негізделген осы күнгі негізгі құқықтық жүйе, сондықтан құқықтың маңызды қайнар көзіне нормативтік-құқықты кіргізеді, норманың абстрактілігі, құқықтың көпшілікке және жекешелікке бөлінуін, құқықтың әр түрлі салаларының бөлініп шығуын мойындайды.

Роман-германдық құқықтық жүйе ерекше құқық жүйесі ретінде XIII ғ. нормалар рецепциясы, қағидалар мен рим құқығының дәстүрлері негізінде қалыптасты.

Континентальдік құқық жүйесінің негізгі белгісі мен элементтері:



  • барлық елдерде роман-германдық құқықтық отбасы заң ғылымын құқық нормаларын бір үлкен топқа біріктіреді, барлық жерлерде фундаментальді құқықты көпшілік және жекеше құқыққа бөлу кездеседі.

  • Көпшілік құқық, жекеше ретінде барлық елдердегі роман-германдық құқықтық отбасы, сол негізгі бір салаға бөлінеді: конституциялық, қылмыстық, процессуалдық, еңбек, т.с.с.;

  • Осы елдердің бәрінде құқық нормасы абстракты (жалпы) ұйғарым ретінде түсіндіріледі және бағаланады, ол моральдік және адалдыққа негізделген, яғни нақты кезді шешу құралының көрінісі емес (құқықтық прецеденттің);

  • Роман-германдық елдердің барлығында соттар құқықты құрамайды, тек оны қолданады;

  • Құқықтың негізгі қайнар көзіне, нормативті-құқықтық актілер, олардың ең маңыздысы – заңдар жатады, ал көптеген елдердің континентальдық құқығында негізгі құқықтың қайнар көзіне кодекстер жатады.


111. ЖАЛПЫЛАМА ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОТБАСЫ (АҒЫЛШЫН-САКСОНДЫҚ ҚҰҚЫҚ)
Роман-германдық отбасы елдерінен өзгешелігі сонда, мұнда құқықтың қайнар көзіне, англосаксондық құқықтық отбасының кіргізген заңы және құқықтың негізгі қайнар көзіне соттардың тұжырымдаған және сот прецедентінде көрінетін нормалар жатады.

Ағылшын-саксондық жалпы құқық – бұл өзіндік ерекшелігі бар құқықтық жүйедегі отбасы, абстракты тұжырымдалған құқық нормаларына құқық нормаларына негізделмей, әдет құқығы мен сот тәжірибесіне негізделген (прецеденттік құқыққа).

Егер роман-германдық жүйедегі құқық нормалары (заңды нормалар) әлеуметтік процестердің типтігін көрсетіп бекітсе, (кез) соның салдарынан олардың қайталануы белгілі абстрактілікпен сипатталады, ал англосакондық құқық нормалары ғылыми түрде жасалып заңдармен белгіленген, ол нақтылы кезге негізделген әр уақытта казуальдік.

Бірінші өзгешелікпен екіншісі тығыз байланысты. Егер роман-германдық құқықтық отбасы елдерінде, құқықтың негізгі қайнар көзіне нормативті-құқықтық актілер-заңдар жатса, отбасының жалпы нормативті типтегі прецеденттік құ-қық. Сондықтан, сот тәжірибесі бірінші және жалпы құқық-тың негізгі қайнар көзіне жатады. Мұнда төменгі сатыдағы соттар өз жұмысында жоғарғы соттардың шешімін міндетті түрде басшылыққа алады. Сонымен бірге, англосаксондық елдерде, кейінгі кезде, жоғарғы заң шығару органдарымен шығарылады және сот прецедентімен қатар (статуттық құқық) әрекет ететін нормалардың рөлі артып келеді.


112. ДІНИ-ДӘСТҮРДЕГІ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ
Діни-дәстүрдегі құқық жүйесі – бұл сондай реттеу жүйесі, заңды элементтер көп мөлшерде оның алғашқы жағдайда болған қоғамның дәстүрлік нысанын реттеумен байланысты (діни догмалармен, ілімдермен, дәстүрлер, т.б.). Мұндай жүйелер үшін тән нәрсе – қасиетті тестілердің және діни (культовый) үстемділіктің қағидаларының беделіне тиісуге болмайтындығы.

Мұсылман құқығы – Араб халифатында VII-X ғғ. мұсылман діні исламға негізделген. Оның түсіндіруі бойынша, құқықтың өмір сүруі Аллаға байланысты, яғни Алла оны Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар арқылы адамға ашқан. Сондықтан қоғам сонымен реттелуі қажет.

Мұсылман құқығы көптеген оны талдаушылармен қалыптасып барлық өмір аясын қамтиды, тек құқыққа қатысты жағдайлар емес (намаз оқу, ауыз бекіту). Мұсылман құқығын түсіндіретін заң жоқ. Тек құдайдың заң шығару билігі бар. Оған табынатындарға ұйғарым – шариғатты (жүру жолы) ұстау: сенім қағидалары (ахида) және құқықтық талаптар (фикха). Фикх не мұсылман құқығы бойынша, адам құқыққа сенуші ретінде өзіне-өзі Аллаға сенуді міндеттейді.



Шариаттың негізгі қайнар көзіне Құран жатады (қасиетті кітап, Алланың Мұхаммед пайғамбарға қарап айтқан сөздері қосылған), сунна (Мұхаммедтің істегендері мен айтқандарына негізделген дәстүрлі жинақ), иджма (Құранның ережесін нақтылаған үлкен ғалым-исламистердің айт-қандары).

Индустық құқық – дәстүрлі құқықтың анық мысалы. Ол дүние жүзіндегі ең көп құқыққа жатады. Бұл қауымның құқығы әлі варново-касталығы бар форальді емес, қамтамасыз етілген қоғам құрылымы. Көбірек таралған жерлері Үндістан, Пакистан, Бирма, Сингапур, Малайзия және Африканың жағалауындағы елдер (Танзания, Уганда, Кения).

Ислам сияқты, индуизм өздерін қолдаушыларға мынаған сенуді үйретеді: адамдар туғаннан бастап әлеуметтік және көнелік категорияларға бөлінеді, олардың әрқайсысының өзінің құқық жүйелері және міндеттері бар. Ол негізінен неке-отбасылық, мұрагерлік және басқадай қатынастарда көрінеді.

Индустық құқықтың маңызды материалдық қайнар көздеріне жататындар: ведтер және дхармашастрлар.

Африкалық әдет құқығы – топтар мен қоғамдас-тықтардың құқығы. Бұл санаттағы белгі, әрбір әдет құқықтарының салаларына тән.

Атап айтатын нәрсе, дәстүрлі құқықтағы жоғарғы табиғи күш рөлі. Сот процесінде бұл фактор негізінен шындықты анықтауда ант беруге мәжбүрлеуді және «құдайдың сотымен» (ордали) сыннан өткізген. Сот шешімдері татуласуға не орнына әкелу гармониясына негізделіп қабылданады.




113. СОЦИАЛИСТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ОТБАСЫ
Социалистік құқық – бұл советтік Ресейдің (СССР) тәуелсіз құқық жүйесі, 1917 жылы Октябрь революциясының нәтижесінде қабылданған және Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін басқа социалистік елдермен мойындалған. Бұл құқықтың басқа құқық жүйелерден айырмашылығы сонда, мұнда өндірістік құралға мемлекеттік үстемдігі, саяси құрылымының ерекше жүйесі бар, ондағы үстемдік ететін коммунистік идеология, көпшілік және жекеше құқықтық өзгешеліктер жойылып, коммунистік қоғамды құруға ықпал етуші күш ретіндегі құқық концепциясы іс жүзіне асырылды.

«Социалистік лагерьге» кірген елдердің құқықтық жүйесі, роман-германдық құқық жүйесіне жатқан. Олар қазіргі кезде де соның бірталай белгісін сақтап қалған. Құқық нормасы мұнда әр уақытта жалпылама тәртіп ретінде қаралған. Көп маңыздылықта заңдар жүйелі және құқық жүйесі және заң ғылымдарының терминологиялары сақталған. Бұл белгілер европалық құқыққа ұқсас және рим құқығына тіреледі.

Дегенмен, континенталдық жүйеге қанша ұқсағанымен, социализмнің құқық жүйесінің ерекшелігінің жоғары болуы, ол анық көрінген таптық сипатпен қамтамасыз етілді. Европаның, Азияның және Латын Америкасының социалистік құқықтық жүйесіне «социалистік лагерьді» құрушыларға, маңызды ықпалды тигізгендер бірінші советтік құқықтық жүйе болды. Сондықтан, ұлттық, құқықтық жүйелер (Қытай, Куба, Солтүстік Корея) қазірде социалистік құқықтың түрлері есебінде қабылданған.


* * *

ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ
114. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ, ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Құқықтық мемлекет – бұл сондай саяси биліктің ұйымы, онда адамның және азаматтың құқығы мен бостандығын толық қамтамасыз етуге жағдайлар жасайды, сонымен қатар, құқықтық заңдардың көмегімен мемлекеттің өзінің жағынан теріс пайдалануға жол бермейді.

Құқықтық мемлекетте құқық және бостандық тек жарияланып қоймаған, ондағы бар мәніндегі жағдайлар мен заңды механизмдер, оларды іс жүзіне асыруға арналған (дамыған азаматтық қоғам, мемлекеттік мекемелердің тиімді үйлескен жұмысы, өмірлік қабілетті нарықтық тәртіп, адамдардың адамгершілікке сай деңгейін, олардың еркін дамуын, жеке адамның, оның мүлкінің меншігінің қауіпсіздігін, бұзылған құқықтарымен бостандығын қамтамасыз ететін механизмдердің болуын қамтамасыз ету.

Құқықтық мемлекеттің қағидасы мемлекет пен жеке адамның өзара жауапкершілігі. Сонда мемлекет адамның құқығының, барлық заңды және идеологиялық құралдармен орындауларына мемлекет кепілдік береді; жеке адамды жауапкершілікке тарту кезінде, мемлекет істің жағдайын жан-жақты ескертуге міндетті және қатаң түрде жауапкершілікті жекешелендіреді; жеке адамның өз құқығының орындалуы-ның қамтамасыз етілуін мемлекетпен талап етуге құқығы бар және оны қорғау үшін және орнына келтіру үшін көмекке жүгінеді; құқықты сақтау міндеттілігін орындамаған жақтар үшін екінші жағы құқық бұзушыны жауапкершілікке тартуға мүмкіндігі бар.

Мемлекет пен жеке адамның қарым-қатынасындағы құқықтық сипат – мемлекет пен жеке адам міндетті түрде қарсыластар емес, өзара құқықтары мен міндеттері бар серік-тер ретінде көрініп, екеуіне бірдей заңды жауапкершілікке тартылуы керек; мемлекетте заңды түрде азаматтың әрекеті мен тәртібі және билік құрылымы болуы міндетті; мұнда мем-лекеттік органдар міндетті қатаң түрде мынадай қағидаға бағынуы керек «разрешено то, что прямо предусмотрено законом», ал азаматтардың әрекеті «разрешено все, что прямо не запрещено законом».

Қазақстан Республикасында биліктің бөлінуі және ұстамдылық пен тепе-теңдік механизмінің болуы – бұл мемлекеттің маңызды қағидаларының бірі. Соған сай ҚР Конституциясымен барлық заң шығару, атқару және сот органдарының жиынтығы бір-бірімен өздерінің қызметтерін үйлесімді бірдейлендіру жағдайында ұстайды.

Құқықтық мемлекеттің қажетті алғышарттарына мынадай жағдайларды жатқызуға болады:


1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет