Ағылшын тілін оқытудың бастапқы кезеңінде(1-4 сыныптар) ауызша сөйлеуді бақылаудың формалары мен әдістері



бет1/3
Дата29.04.2024
өлшемі385.72 Kb.
#500110
  1   2   3
мақала


УДК311
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІНДЕ(1-4 СЫНЫПТАР) АУЫЗША СӨЙЛЕУДІ БАҚЫЛАУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
Мамандығы:
Ғылыми жетекші:


Аннотация Еліміздің заңнамасына сәйкес беделді тілдің бірі – халықаралық қатынастағы ағылшын тілі болып саналады. Ағылшын тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы. Мақалада ағылшын тілін қоршаған әлеммен қарым-қатынас пен таным құралдарының бірі ретінде өзінің әлеуметтік , танымдық дамуының арқасында қазіргі білім беру жұйесінде ерекше орын алатындығы туралы жазылған. Практикалық жұмыс барысында эксперименттік топта оқитын оқушылардың нәтижесі және эксперименттік топта оқымайтын оқушылардың нәтижесі көрсетіледі.
Кілтті сөздер ағылшын тілі, эксперименттік зерттеу,.
Қазіргі таңда, көптеген елдер, ең алдымен оның дамыған бөлігі, әлеуметтік дамудың жаңа кезеңіне өтуде, онда оқушылардың сапалық сипаттамалары көбінесе білім жүйесіндегі қатынастарды анықтайды. Бастауыш сыныпта білім сапасын бағалаудың маңызды көрсеткіші белгілі бір жүйе арқылы сабақты жүргізу болып табылады, ол белгілі бір дәрежеде білім алушылардың жетілдірілгендігін көрсетеді. Оқытудың әр әдісі мұғалімнің оқу жұмысын (жаңа тақырыпты түсіндіру,ұсыну) және оқушылардың белсенді оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды айқындайды. Демек, мұғалім бір жағынан жаңа тақырыпты, материалды өзі түсіндіреді ал екінші жағынан оқушылардан кері байланыс орнату арқылы сабаққа белсенді қатысуға ынталандырады. Бастауыш сыныпта 1 сыныптан бастап ағылшын тілі оқытыла бастайды. Ағылшын тіліен ерте оқытудың жүйесі баланың коммуникативті даму біліктілігі мен ой-өрісін арттыруға көмектеседі. Бастауыш сыныпта сабақ оқыту жүйесінде жаңа әдістемелер арқылы 1-4 сыныптар арасында тіл үйренуге деген қызығушылығын ояту барысында авторлық бағдарламаалрмен жұмыс жасалынады. Бастауыш сыныпта ағылшын тілін үйрету кезеңінде оқушылардың сөздік қоры, сөйлеу мәдениеті, олардың коммуникативті мәдениеті дамиды. Ағылшын тілін оқыту барысында қиындықтар туындауы әбден мүмкін. Сәйкесінше тілді үйрету мақсатында оқушылармен тікелей жұмыс жасаук арқылы, ынталандыру арқылы мынадай жоспармен өткізуге болады:
1.Сабақты жақсы көңіл-күймен смайлдар арқылы баламен амандасу;
2. Сабақ барысында көрнекі құралдармен жұмыс жасау;
3. Сабақты ойындар арқылы өткізу;
4. Сабаққа байланысты бейнероликтер мен сөздерді тыңдату;
5. Техникалық құралдарды тиімді пайдалану.
Ғалымдардың айтуы бойынша ерте жастан баланы басқа тілге үйрету тиімді болып саналады. Ерте жасатағы баланың ойлау қабілеті жоғары және есте сақтау қабілеті дн жақсы екендігі дәлелденген.
Ағылшын тілін үйрету кезеңінде топтық жұмыс арқылы музыка тыңдап, түрлі топтық жұмыс жасау арқылы оқу деңгейін көтеруге өз ықпалын тигізеді. Ән арқылы оқушылар сөздік қоры мен сөз тіркестерін таныс лексиканы оқушы жадына тез сақтайды. Ағылшын тілін оқытатын оқу құралдары өте көп. Бастауыш сыныпта ағылшын тілін үйренудің пәндік нәтижелері:ағылшын тілінің нормаларына сәйкес (фонетикалық,лексикалық,грамматикалық) туралы бастапқы мәліметтерді меңгеру;дыбыс, әріп,сөз сияқты бірліктерді тауып, салыстыра білумен айқындалады. Бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқыту әдістері мен құралдарын келесі сызбадан көре аламыз:

Оқыту әдістері






Дидактикалық ойындар



Ән тыңдау

Ауызша сұрақ-жауап

Түсіндірме жұмыстары

Әңгіме

Рөлдік ойындар

Сурет-1. Ағылшын тілін оқыту әдістері


Бүгінгі таңда педагогикада "оқыту туралы" ұғымның нақты анықтамасы жоқ. Әр педагог жоспар бойынша өзінің сабақты оқыту тәсілімен оқушыны оқытады. Парето әдісі бойынша 20/80 қағидасына сәйкес, егер білім алушы күнделікті 20%-ға талпынысы мен бар күш жігерімен сабақты меңгерсе, 80% нәтижесін алады. Практикалық жұмыс барысында №14 Павлодар жалпы орта білім беру мектебінің 4 «Ә» сынып оқушыларына Weather, Save our animals, Volcanoes, Healthy snacks тақырыптары негізінде сабақ өткізілді.
Кесте-1. 4«Ә» сыныбының ағылшын тілі пәні бойынша үлгерім мониторингі

Бағалау шкаласы

4 «Ә» сынып



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет