Ағылшын тіліндегі махаббат концептісі
Адам баласы айналасын тани отырып, оны бағалайды. Бағалау барысында кездесетін шынайы өмір құндылықтарын ақ-қара, жақсы-жаман, мейірімді-қатыгез, сұлу-сұрықсыз, алыс- жақын деп ажыратады.
Әрбір мәдениеттегі әлем бейнесі кеңістік, уақыт, махаббат, әйел, еркек, достық, бостандық, жеке меншік және т.б. бірқатар ортақ концептер мен мәдени константтардан тұрады. Халық осылар арқылы әлем бейнесін таниды.
Аталған концептілердің арасынан “махаббат концептісіне тоқталайық. Концепт ұғымы лигвистикада «адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері». Концепт- біздің нысан туралы білімдеріміздің жиынтығы». «Концепт- адамның ойлау кодының басты бірлігі болып табылатын салыстырмалы түрде реттелген ішкі структурасы бар жеке тұлға мен қоғамның танымдық әрекетінің нәтижесін көрсететін әрі бейнеленіп отырған зат немесе құбылыс жөнінде кешенді, энциклопедиялық ақпаратты бойына жинаған, берілген ақпараттың қоғамдық санада интепретациялануы мен қоғамдық сананың құбылысқа не нысанға арақатысын бейнелейтін дискретті ментальдық бірлік» тәрізді анықтамалармен беріліп жүр. Ю.С.Степанов концепті «қатпарлы» білім дей келе, басты үш қатпарды атап көрсетеді: нақты мағына (ішкі форма), пассивті (тарихи), жаңа ( өзекті және белсенді). В.Н.Телияның пікірінше, концепт – бұл адамзаттың ақыл-ой жемісі және ондағы құбылыстар мен болмыстар идеалды. Ол тек тілге ғана емес, адам санасына тікелей қатысты. Демек, концепт адам санасында танылған, бейнеленген білімді айқындайды.
Жаңа гуманитарлық білімдер саласына концепт терминін алғашқылардың бірі болып, орыс ойшылы С.А.Аскольдов енгізген болатын.
Концепт термині ағылшын сөздіктерінде «ұғым, идея, жалпы көрініс, тұжырым » мағынасымен берілген.
Кез-келген ұлттық мәдениет тарихында адамдардың қарым- қатынасына қатысты достық, махаббат секілді мәселелер зор маңызға ие болып келеді. Адамдар махаббаттың мәні неде, махаббат неге соншалықты қажет, махаббатсыз өмір неге тұл екенін айқындауға тырысады. Дегенмен ,осындай бірегей мәнді түсіндірмесі жоқ мәңгілік мәселелер толып жатқан тартыс туғыза тұра, адамзат махаббат феноменінің мәнін ашуға деген талпынысын да тоқтатпайды.
Wordsmyth Dictionary Thesaurus сөздігінде ағылшын тіліндегі love лексемасына мынадай анықтама беріледі..
1.tender and passionate affection for another person;
2.deep and strong affection for a friend or relative ;
3. strong interest or enjoyment and for an activity ;
4. a person, activity or object for which one has intense affection or strong liking
5. a sacrificial commitment, esp.in religious experience .
Ағылшын фразелогизмдерінде махаббатт-күш екені туралы ой мейлінше жиі кездеседі. Бұл жағдайда махаббат адами қабілет-қасиетпен астасып тұр. Оны төмендегі мысалдардан көруге болады. . Love conqueres all; Love laughs at locksmiths; Love makes the world go round; Love rules the country without a sword; Than love greater force exists; Love will creep where it may not go; Осындай метафоралық сипаттаулар ағылшындардың махаббатқа алып күштей қарайтын эмоциональдық қарым-қатынасының айғағы. Сондай-ақ, Love cannot be forced. Forced love does not last. Follow love and it will flee, flee love and it will follow thee фразеологизмдері махаббаттың тәуелсіз, оны басқарып билеуге болмайтындығын көрсетеді.
Махаббат- айналаға әсер ететін және адамды кардинальды өзгертуге қабілетті белсенді әрекет ететін субстанция: Love makes men orators. Love makes all hard hearts gentle. Love makes a wit of the fool. Осы тіркестер махаббаттың адамға әсерінің орасан зор екенін , тіпті өзгертіп те жіберетін ұлы сезім екенін бейнелейді. Десек те, ғашық болған кезде, адам жиі дұрыс ойлап, жөнді шешім қабылдау қабілетінен айырылатынын да айта кеткен жөн..
The first sight of love is the last of wisdom ; Love puts reason away; Love is blind; Faults are thick where love is thin тіркестері ғашық болған жанның кемшілікке көз жұма қарайтынын , яғни махаббат соқыр екенін нақтылай түседі.
Кейбір фразеологизмдерде махаббаттың алдамшы және өткінші екендігі сөз болады: Hot love is soon cold; Hot love does not reign; Hotter love is often sour; Light love will change; The love that is too violent will not last long; Love is sweet in the beginning and sour in the ending. Бұл жерде махаббат теріс бағаға ие түрлі эпитеттермен беріліп, шынайы емес махаббаттың ұзаққа созылмайтыны байқалады. Шын махаббат қана мәңгі болады. Бұл идея Natural love descends but it does not ascend; Sound love does not soon forgotten; A perfect love does not rust; True love endures in the heart; Faithful love will never turn to hate; No love like the first love типті мақалдарда көрініс табады.
Махаббат пайда болса, онда оны қолдау қажет. Ағылшындар махаббатты алауға теңейді. Love is no longer love when it is without arrows and without fire. Бірақ алаудың отын салып тұрмаса сөніп қалатынындай, махаббатты да сөндірмей, қолдап, аялау қажет.
Сонымен қатар бірқатар ағылшын фразеологизмдерінде махаббаттың тек қана қуаныш пен бақыт әкелмейтіні, оның дерт екені, зардап шектіретіні, өлімге дейін апаратыны да бейнеленеді. Great love , great sorrow; Love is full of fear; Love’s beginning is fear, middle sin,and end grief and annoyance; There is no living in love without suffering; Love is a sweet torment; Махаббат жүрген жерде ұрыс пен қызғаныштың да болатыны заңды. He that loves dearly chides severely; The quarrel of lovers is the renewal of love; Love is never without jealously.
Махаббат кей жағдайларға да байланысты , мысалы ақшаға. Ағылшын тілділер санасында сезімнен гөрі адамға ақшаның маңыздырақ және ақшасыз махаббаттың да жоқ екені Love lasts as long as voney endures; Money is the sinews of love as well as of war; Love is potent, but money is omnipotent; Who marries for love without money, has good nights and sorry days секілді тіркестерден аңғарылады. Бірақ бұл жерден махаббаттың ақшаға, әл- ауқатқа шексіз тәуелді деген тұжырым жасауға болмайды. Өйткені, бірқатар ағылшын фразеологизмдері бұны терістейді. Love in a cottage; Love live in cottages as well as in courts; Lover’s live in by love as larks live by leeks.
Адалдық пен сенім жоқ жерде махаббаттың да болуы мүмкін емес екенін ешкім жоққа шығармайды: Love asks faith and faith firmness; Where love is there is faith; Where there is no trust there is no love.
Махаббаттыңі басты сыйын әркім –ақ иеленгісі келеді. Әр адам бақыт құшағына бөленіп сүйікті болғысы келеді. Бірақ оған қалай жетуге болады? Махаббаттың ең басты көзі махаббаттың өзі: Show love to win love; Love begets love; Love is mother of love. Махаббатқа ие болу үшін жасалған амал- тәсілдердің барлығы орынды: All is fair in love and war. All stratagems are fair in love.
Сыртқы келбет те махаббаттың бір көзі екендігі Love comes by looking. In love beauty counts for more than reputation. Love must be attracted by beauty of mind and body мысалдары арқылы берілсе, Love built on beauty, soon as beauty dies тіркесінен сұлулық махаббаттың міндетті де бірден – бір көрсеткіші емес екенін аңғаруға болады.
Қорыта айтқанда, жоғарыда келтірілген мысалдардан махаббат өмірдің негізін қалайтын мәңгілік мәдени құндылық ретінде қарастырылатынына және махаббаттың тілдік концептуализациясында адамдардың өзара қарым- қатынасының іргелі факторларының бірі ретінде бейнеленген деп айтуға толық негіз бар.
Осылайша, ағылшын тіліндегі махаббат концептісінің көпжақтылығы мен көпкомпонеттілігіне көз жеткізуге болады. Ол ұлы сезім, бақыт, көңіл-күй, азап, уайым, дерт, ойланбай, шалыс басқан қадам секілді адам әрекетінің нақты фактілерінің жиынтығы. Сондай- ақ махаббаттың аса мәпелеп қорғауды, кіршіксіз пәк көңілді, адалдық пен сенімді қажет ететін, адам өмірінде айрықша орын алатын сезім екенін көреміз.
Әдебиеттер:
1.Вежбицкая А. Семантические универсалии и описание языков\ Пер с англ. А.Д.Шмелева; под ред. Т.В.Булыгиной.- М... Языки русской культуры, 1999.-І-ХІІ.- 780с.
2. Телия В.Н. Русская фразеология. Семантический, прагматический и лингвокультурологические аспекты. – М... Школа «Языки русской культуры», 1996.- 288с
3. Попова З.Д., Стернин И.А. Основные черты семантико- когнитивного подхода к языку\\ .Антология концептов, Волгоград. Парадигма, 2006, Т,1 с 7-10
4. Англо-русский фразеологический словарь. \ сост.Кунин А.В. – М.. Государственное издательство иностранных и национальных словарей, 1956.
5. English proverbs and sayings with their Russian equivalents\ cост.Модестов В. – М.. Худож. лит. 2000
Достарыңызбен бөлісу: |