Агломерация – кейбір ірі өндірістік орталықтар айналасында өндірістік, транспорттық, мәдени және тұрмыстық байланыстарға ие көптеген ұсақ және орта қалалардың шоғырлануы. Ауылдық жер
Агломерация – кейбір ірі өндірістік орталықтар айналасында өндірістік, транспорттық, мәдени және тұрмыстық байланыстарға ие көптеген ұсақ және орта қалалардың шоғырлануы.
Ауылдық жер – қалалық мекендерден тыс орналасқан, табиғи және адам қолымен (антропогендік) өзгертілген ландшафтысы, адамдары мен (ауыл санатына жататын) елді мекендері бар елдің және аудандардың халық мекендеген барлық аумағы.
Демография (грек. халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы.
Жалған урбандалу – қала халқының санының өсуі. Бірақ жұмыс орындары емес, үйсіз-күйсіздердің артуы.
Иммиграция (лат. Іm-mіgrare – көшіп келу) — қоныстанушылық, келімсектік, бір мемлекет азаматтарының екінші бір мемлекетке тұрақты немесе уақытша (Қазақстан заңнамасы бойынша алты айдан көп мерзімге) тұру үшін көшіп келуі.
Көші-қон – адамдардың тұрғылықты мекенінен әр түрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы.
Контрурбандалу – урбанизацияға кері процесс.
Қала, шаһар — тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен.
Миграция (лат. migratio — көші-қон, қоныс аудару) — адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі.
Субурбандалу – қалалық агломерациялардың қалыптасуының нәтижесінде ірі қалалардың қала маңындағы аймағының өсу және даму процессі.
Урбанизация – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы.
Экологиялық мигранттар— аумақ тіршілігіне қауіпті табиғи және техногендік апат нәтижесінде ластанған жерлерден көшкен мигранттар.
Экономикалық мигранттар – құлдыраудан қарқында дамып жатқан аудандарға қарай көшкен мигранттар.
Эмиграция (лат. Emіgzaze – елден кету) – өз еліндегі тұрғылықты мекенін бөтен елдегі тұрғылықты жерге айырбастау.