Агроэкология негізіне кіріспе


АГРОЭКОЛОГИЯНЫҢ ЖАЛПЫ СҰРАҚТАРЫ



бет3/26
Дата03.01.2022
өлшемі66.82 Kb.
#450138
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Агроэкология лек. (1)

АГРОЭКОЛОГИЯНЫҢ ЖАЛПЫ СҰРАҚТАРЫ

ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Жасыл өсімдіктер әлемі жылына 450 миллиард тоннадай органикалық зат түзеді. Сыртқы құрылысы бойынша айырмашылығы, мөлшері, тіршілік ұзақтығы және өмір жағдайы, олардың органикалық зат түзу сапасы бойынша жер шарында кездесетін 300 мың өсімдік түрінің ішінде адам баласы қазіргі уақытта 23 мың шамасындағы түрлерін қолданады, ал олардың 1500 түрі – мәдени өсімдіктер. Барлық өсімдіктерді екі үлкен топқа бөлуга болады:

1.Ағаштар және бұталар, олардың жер бетіндегі мүшелері (бұтақ, баған) тіршілік әрекетін бірнеше жыл бойы сақтайды.

2.Шөптесін өсімдіктер: олардың жер бетіндегі мүшелері (сабақ) бір жыл бойы тіршілік етеді.



Егістікте өсірілетін өсімдіктерді шөптесін қатарына жатқызады. Тіршілік ұзақтығы бойынша олар біржылдық, екіжылдық және көпжылдық болып ажыратылады.

Вегетативтік органдар (мүшелер).Өсімдіктердің барлық вегетативтік мүшелері – тамыр, сабақ және жапырақ тұқым ұрығында ертеден ұрық ретінде салынады.

Тамыр – жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегетативті мүшелерінің бірі. Өсімдік тіршілігінде тамырдың атқаратын негізгі қызметтері мыналар: бастысы – топырақтан суды және әр түрлі қоректік заттарды сіңіріп, оларды сабаққа және жапыраққа жеткізуі: тамыр үгілмейтін өте берік мүше болғандықтан, өсімдікті субстратқа бекітеді; тамырда әр түрлі заттар (органикалық қышқылдар, амин қышқылдары, ферменттер, пигменттер, дәрумендер, гармондар, алколоидтар және т.б. синтезделеді; тамыр жасушасында зат алмасуға қатысатын барлық қоспалар бөлініп шығады; топарықтағы кездесетін әр түрлі ағзалармен өсімдікті байланыстырады; қорлық заттарды (қызылша, сәбіз, т.б. тамыржемістерде) жинақтайды. Сонымен қатар, тамыр көптеген өсімдіктердің вегетативтік көбею мүшесі болып табылады.

Сабақ – вегетативтік мүше, ол өркеннің білігі. Сабақтың атқаратын қызметтері: өсімдік денесін жоғары көтеріп, жапырақ пен тамырдың расындағы байланысты қамтамасыз ету; жапырақ пен тамырдың тақтасында түзілген органикалық заттарды төменгі ағыс жолымен тамырға, ал тамырдан қабылданған су мен минералдық тұздар ерітінділерін жоғары ағыс жолымен жапыраққа өкізіп отыру болып табылады. Сабақ – өсімдіктегі ассимиляциялық процестің жүруін қамтамасыз ететін негізі мүше.

Жапырақ - өркеннің құрамды бөлігі, ассимиляциялық мүше ретінде, негізінен фотосинтез, булану және тыныс алу қызметтерін атқаратыд. Жасыл жапырақтың негізгі бөлігіне оның тақтасы жатады. Жапырақтың төменгі сабақпен тұтасқан бөлігін оның негізі деп атайды. Көп жағдайда жапырақ сағағы су минаралды заттарды оның тақтасында және ондағы пластикалық заттарды кері біліктік мүшелерге тасымалдауды қамтамасыз етеді. Егер сағатқа бір жапырақ тақтасы болса, онда жай, ал бірнешеу болса, күрделі жапарықтар деп атайды. Күрделі жапырақтың ортақ білігі рахис (грек, қырат) деп аталады.

Өркен-бойында сабақ, жапырақ, және бүршік орналасқан өсімдіктің негізгі мүшесі. Өркеннің барлық құрамды бөліктері біртұтас түзуші ұлпа жиынтығынан пайда болады. Өркеннің арқаулық бөлігі –сабақ. Оның жапырақ шыққан жерін буын, ал екі буын арасын буын аралық деп атайды.

Гүл-жабық тұқымды өсімдіктердегі түрі өзгерген, бұтақтанбайтын, көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар қысқарған өркен. Гүлде спора да гамета да түзіледі және жыныстық үрдіс жүреді. Демек, тозаңдану мен ұрықтану үрдістерінен кейін гүлде жеміс және ұрықты тұқым пайда болады. Жеміс –гүлдің ұрықтануынан кейін дамитынғ тұқымды қорғайтын және оны тарататын мүше. Жеміс жабық тұқымды өсімдіктердің ең басты ерекшелігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет