Агроэкология негізіне кіріспе



бет1/26
Дата03.01.2022
өлшемі66.82 Kb.
#450138
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Агроэкология лек. (1)


АГРОЭКОЛОГИЯ НЕГІЗІНЕ КІРІСПЕ

Ауыл шаруашылығы негізін жасыл өсімдіктер құрайды, сондықтан олар ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі құралы болып табылады. Өйткені өсімдіктер күн сәулесінің қуатын пайдаланып, топырақ пен ауадағы органикалық емес заттардан органикалық заттар: көмірсуларды, ақуызды, май, дәрумен және басқақажетті заттарды түзеді.

Өсімдік шаруашылығы өзіне сала ретінде шалғындық, орман, жеміс-жидек, көкөніс және басқа шаруашылықтарды біріктіреді, ал ғылыми пән ретінде дәнді, майлы, мал азықтық, талшықты дақылдарды, тамыр-түйнек жемістерді, т.б. оқытады.

Өсімдік шаруашылығының ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде өнеркәсіп өндірісінен ерекшеліктері бар: басты ерекшелігі – маусымдық өсімдіктер жылдың жылы, аязсыз кезеңінде ғана өсіп – жетіліп жаңа өнім береді; қоршаған орта факторларына байланыстылығы (жылу, ауа, қоректік заттар, ылғал, күн сәулесі) және дақылдардың өсіру технологиясына тәуелділігі.

Өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығы өндірісінің басқа бір саласы-мал шаруашылығымен мал азығымен қамтамасыз етсе, өз кезегінде мал шаруашылығы өсімдік шаруашылығына органикалық тыңайтқыштар (көң, т.б.) береді, ал соңғысы өсірілетін дақылдардан мол өнім алуға, топырақ құнарлылығын арттыруға мүмкіндік жасайды.

Жер шарында ауыл шаруашылығы өсікдіктері бір млрд.гектардан астам егістік жерлерде өсіріледі, оның ең көбі – дәнді (астық және бұршақ) дақылдар 750 млн.га, 110 млн.га майлы дақылдар (күнбағыс, майлы зығыр, майбұршақ, қыша т.т.), 30 млн. га - дан астам талшықты дақылдар (мақта өсімдігі, талшықты зыңғыр,т.б.), 18 млн.га картоп, 3,5 млн.га шамасында қант қызылшасы, т.б.

Қазақстанда 2001 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 16,7 млн.га болса, оның ішінде дәнді дақылдар 13,2 млн.га (оның 10,8 млн.га еліміздің басты дақылы - бидай) жерге,майлы дақылдар 349,6 мың га (оның ішінде күнбағыс -255,4 мың га), мақта өсімдігі 184,7 мың га, картоп 162,0 мың га, қант қызылщасы 19,7 мың га егістік алқаптарды өсірілді. Мал азықтық дақылдар 2,6 млн.га егістікке орналастырылды.

Дәнді дақылдардың егістік құрылымында еліміздің басты азық-түліктік астық дақылы – бидайдың үлесі 80%-дан жоғары. Одан кейінгі орында арпа (16%-дан астам), әрі қарай сұлы, тары, жүгері, т.б. орналасқан.

Аграрлық өнеркәсіп кешенінің алдында тұрған ауқымды мәселелерді шешуде агрономия ғылымының рөлі зор.

Агрономия саласындағы басты бағыт – өсірілетін дақылдардың қоршаған орта факторларына қоятын талаптарын оқып-үйрену және физиологиялық тепе-теңдік пен факторлардың айырбасқа жатпайтындығы туралы заңы (суды ауамен, жарықты сумен, қоректік заттарды жылумен т.т.), минимум, оптимум және басқа заңдар негізінде барынша жетілдірілген өсіру технологиясын жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет