Агротехнологиялық факультеті Агротехнология кафедрасы топырақтану зертханалық жұмыстарды орындау және жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулар Павлодар Кереку 2011



бет1/5
Дата19.06.2016
өлшемі341.5 Kb.
#147751
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Агротехнологиялық факультеті
Агротехнология кафедрасы

ТОПЫРАҚТАНУ
Зертханалық жұмыстарды орындау және жүргізу бойынша

әдістемелік нұсқаулар

Павлодар

Кереку


2011

УДК 631.4 (075.8)

ББК 40.3 я 73

Т 59
С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің агротехнологиялық факультетінің агротехнология кафедрасының мәжілісінде басылып шығарылуға ұсынылды




Пікірсарапшы

ауылшаруашылық ғылымдарның докторы Б. А. Мустафаев



Құрастырушылар: Г. Р. Кабжанова, У. Д. Буркитбаева
Т59 Топырақтану: зертханалық жұмыстарды орындау және жүргізу

бойынша әдістемелік нұсқаулар / құраст.: Г. Р. Кабжанова, У. Д.

Буркитбаева. – Павлодар : Кереку, 2011. – 44 б.
Бұл әдістемелік нұсқауларда «Топырақтану» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындаудағы мақсат, теориялық бөлім, қауіпсіздік техникасының ережелері және бақылау сұрақтары берілген

УДК 631.4 (075.8)

ББК 40.3 я 73

© Кабжанова Г. Р., Буркитбаева У. Д., 2011

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2011

Кіріспе
«Топырақтану» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындау және жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулар орман шаруашылық ісі, экология және география мамандықтарындағы студенттерге арналған.

Зертханалық нұсқауларда студенттер үшін зертханалық жұмыстарға дайындық жасаудағы тәртіп, оны орындаудағы реттілік және қауіпсіздік ережелері берілген.

Әр зертханалық жұмыстың мақсаты анықталған, қажетті құрал -жабдықтардың тізімі көрсетіліп, жұмыстың теориялық бөлімі, жұмыс барысы және бақылау сұрақтары берілген.

Студент, зертханалық жұмысты орындап болғаннан кейін қойылған мақсат бойынша алынған нәтижелерді өңдеп, қорытынды жасау керек, сонымен қатар, жұмысты зертханалық журналда рәсімдеу қажет.

Эксперименттік жұмысты орындап болғаннан соң студент жұмысты орындау барысында алған білімдері мен тәжірибесін бақылау сұрақтарына жауап беру арқылы бекітеді.
1 Тақырып. Минералдар
Сабақтың мақсаты: Топырақ минералдарымен танысу

Тапсырма:
1) минералдардың морфологиялық белгілерін және физикалық қасиеттерін зерттеу;
2) тау жыныстарын түзуші минералдарды және агрорудаларды 2 және 3 кестелерге ажырату, және минералдың кейбір қасиеттерін сипаттау.

Көрнекі құралдар: алғашқы және туынды минералдардың коллекциясы.

Минералдар диагностикасы физикалық қасиеттерінің жиынтығына байланысты (түсі, жылтырлық, жымдастық, қаттылығы, қайнауы).

Түс – маңызды диагностикалық белгі болып табылады. Кейбір минералдың түсі тұрақты (пирит, малахит, алтын). Көпшілік минералдарда бұл белгі тұрақсыз.

Маңызды диагностикалық белгі болып табылады. Кейбір минералдың түсі тұрақты (пирит, малахит, алтын). Көпшілік минералдарда бұл белгі тұрақсыз.

Метал жылтырлығы бар, минералдардың түсінің атауына қосымша кең таралған метал атауы бірге аталынады (мыс қызыл). Минералдар бояуы негізінен сол бояудың тасымалдаушысы болып табылатын минералдың химиялық құрамына және элементтер қосындысына байланысты (темір, кобальт, мыс т.б.) сызық түсі (ұнтақ күйіндегі минерал түсі). Көпшілік минералдың үгітілген, не ұнтақ күйіндегі түсі тас тәріздес күйіндегі түсінен өзгеше. Тегіс емес ақ түсті фарфор пластикасын минерал кесегімен сызу арқылы минерал ұнтағын салуға болады. Егер минерал қаттылығы фарфор пластикасының қаттылығынан жоғары болса пластинка бетінде сызат қалдырады, ал керісінше болса сызық (ұнтақ) қалады.

Жылтырлық – бұл минерал бетінің жарық шағылыстыру қасиеті. Бұл белгісіне байланысты минералды екі топқа бөледі: металдық жылтырлық және металдық емес жылтырлық:

1) металдық-жылтырлық жаңа сынған метал жылтырлығын еске түсіреді. Әр түрлі метал рудаларына тән (пирит,магнезит), табиғи кесек (алтын) түрінде кездесетін элементтерде де байқалады. Бұл топқа жартылай металдық жылтырлығы бар. Метал жылтырлығына жақын, бірақ ондай айқын емес минералдар жатады.

2) металдық емес жылтырлық бірнеше түрге бөлінеді:

- алмаз тәріздес – айқын, ұшқын атқан жылтырлық, алмаз, мырыш алдамшысына тән;

- шыны тәріздес – шыны бетінің жылтырлығын еске түсіреді, бұл түрге көпшілік минералдар кіреді (тау хрусталі, кальцит т.б.);

- құлпырма жылтырлық бірнеше құлпырып тұрады слюда, талькте байқалады;

- жібек тәріздес – жібек жіптерінің жылтырлығы тәріздес талшық және ине тәріздес құрылысты минералдарда байқалады;

- майлы – минерал бетінің май жаққандай болуымен сипатталады. Жұмсақ минералда (тальк) байқалады;

- солғын – бетінің жылтырауымен сипатталады (боксит, каолин т.б.) жылтырлықты жаңа сынған (омырылған) минералға қарап анықтайды.

Жымдастық – минералдың тегіс параллель жіктері бойынша бөлшектену қасиеті жымдастық кристалл минералдарда байқалады, себебі бұл қасиет кристалл торшасының құрылысына байланысты.

Минералдар жымдастығы бойынша бес түрге бөлінеді:

- аса жетілген – минерал жеке жапырақшаларға және пластинкаларға өте оңай (тырнақпен ыдырайды, тәріздес жылтыр тегіс жымдастық пайда болады (слюда, гипс т.б.);

- жетілген – ақырын соққы әсерінен бөлшектенеді бөлшек беттері тегіс кейбір бөліктерінде тегіс болмауы мүмкін (кальцит, галит);

- орташа – пайда болған бөлшектердің тегіс және тегіс емес жымдастығы орташа бірдей мөлшерде;

- жетілмеген – минералды бөлшектегенде бөлшек беттері негізінен тегіс емес белгілі бағытсыз сынады;

- аса жетілмеген – минералдар еш бағытсыз сынады (кварц).

Қаттылық – бұл сыртқы механикалық әсерлерге минералдың кедергі жасау дәрежесі, оны Моос шкаласының келісімді бірлігі бойынша анықтайды.
1 - кесте – Минералдың қаттылық шкаласы


Қаттылығы

Эталон минерал

Басқа минералдар

1

2

3

1

Тальк





2

Гипс




3

Кальцит




4

Флюорит




5

Апатит




1

2

3

6

Ортоклаз




7

Кварц




8

Топаз




9

Корунд




10

Алмаз





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет