Т.А.Ә. және жұмыс орыны
|
Аханова Гульнар Кынаровна «Жбб №9 орта мектебі» КММ
|
Пән: биология
|
Сынып: 6А
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы.
№32 зертханалық жұмыс. Түтікшелі және қатпарлы қалпақшалы саңырауқұлақтардың жемісті денесінің құрылысы.
|
Мақсаты:
(SMART, орта мерзімді жоспардан алынады)
|
Жер бетіндегі саңырауқұлақтар дүниесімен таныстырып, олардың таралу , құрылыс , көбею ерекшеліктерін меңгеру.
|
Күтілетін нәтижелер:
(орта мерзімді жоспардан алынады)
|
Бактериялар туралы алған білімдерін еске түсіріп, айта алады.
Терминдерге анықтама бере біледі
Бактерияларға жалпы сипаттама бере алады
Тақырыпты баяндай алады.
|
Жетістік критерийлері:
| -
Термин сөздерге анықтама бере алу
-
Саңырауқұлақтардың өсімдікке , жануарға тән белгілерін сипаттай алу.
-
Саңырауқұлақтардың құрылыс ерекшеліктерін сипаттай білу
-
Бактерия жасушасынан өсімдік жасушасын ажырата білу.
|
Түйінді идеялар/бөліктері (подход):
| -
Сыни ойлауы мен сынип көзқарасы қалыптасады.
- Топтық мүдде, ұжымдық әрекет орнайды
- Бірін - бірі тыңдай білу дағдысы қалыптасады
- Өзін - өзі және бірін - бірі өзара бағалай алады
|
Оқулық:
(ҚР ББҒМ ұсынған)
|
|
Уақыт
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеттері
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Формативті
|
Суммативті
|
2 минут
|
Шаттық шеңбері арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Топқа акт әдісімен бөліну
|
Шаттық шеңберіне тұрып, бір – біріне жылы сөздер айтып, топқа акт әдісімен бөлінеді.
|
Мадақтау сөздерімен айту.
|
-
|
|
5 минут
|
Оқушыларға «карта » әдісі бойынша бір қиылған карта пішіндес қағазға сұрақ одан бөлек сол сұрақтың жауабы жазылған қағаз қиындыларын топ мүшелеріне араластырып, тарату. Әр топтағы барлық карталардағы сұрақтар мен жауаптардың сәйкестігін тапқан соң, топ мүшелерінен сұрақтардың жауабын пысықтап сұрау.
|
Әрбір топқа 36 карта беріледі. Топ басшылары карталарды сапырып, топ мүшелеріне екі – екіден 6 карта таратады. Картаны таратып біткен соң таратқан оқушыдан кейінгі отырған оқушы кез келген қолындағы картаны ортаға тастайды басқа оқушылар қолындағы сұрақты не соған сәйкес жауапты ортаға тастайды да екі картаны өзіне алады. Солай жалғаса береді.
Карта ойыны біткен соң ұтып алған сұрақтарын пысықтайды.
|
|
|
|
3 минут
|
Білу
Жаңа тақырыпты Жаңа тақырыпты игеруге көмектесу. Интерактивті тақтамен слайд көрсету.
1. Балалар саңырауқұлақтар дегеніміз не?
2. Саңырауқұлақтардың қандай түрлерін білесіңдер?
3. Өздерің тұрған жерде жеуге жарамды қандай саңырауқұлақтардың түрін білесіңдер?
4. Саңырауқұлақтарды тағам ретінде пайдаланамыз ба?
|
Жаңа сабақ бойынша не білетіндерін айтады
Ә) Оқушылар мұғаліммен бірге слайдтар бойынша жұмыс жасайды.
Диалогты оқыту. Сұрақ - жауап. АКТ.
СТО.
|
Смаилик арқылы бағалау
|
|
|
12 минут
|
Түсіну
İNSERT немесе түртіп алу әдісі
Түртіп алу стратегиясы арқылы тақырыпты меңгерту. Бұл стратегия бойынша шартты белгілерді қоя арқылы оқушылар тақырып бойынша таратылған мәтінді меңгереді.
1 - қадам. Түртіп алудың түсініктемесін тақтаға жазған дұрыс. Сонан соң оқуға уақыт беру керек.
2 - қадам. Оқып болған соң, түртіп алу кестесін толтырады - тақтаға сызу керек, дәптерлеріне сызып алу үшін уақыт беру керек. Алдыңғы қойған белгілеріне сәйкес, кестені өз беттерімен толтырады.
3 - қадам. Кестелерін жұпта талқылайды.
4 - қадам. Кестені топтарында талқылайды. Сыныптың жалпы кестесіне не енгізу керектігін таңдайды.
5 - қадам. Сыныптың жалпы кестесін тақтаға толтырады. Мәтіннің барлық даулы жақтарын анықтайды, сондай – ақ сұрақтарға жауап іздейді. Не сәйкес келеді, егер сәйкес келмесе неге? Алғашқы жазған тізімдерімен салыстырады.
|
Оқушылар мәтінді оқиды , оқып болған соң ,
қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» - білмеймін, «-» - мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды - деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Кестелерін алдымен жұпта сосын топта талқылайды. Сыныптың жалпы кестесіне не енгізу керектігін таңдайды.
Мәтіннің барлық даулы жақтарын анықтайды, сондай – ақ сұрақтарға жауап іздейді. Не сәйкес келеді, егер сәйкес келмесе неге? Алғашқы жазған тізімдерімен салыстырады.
|
Бағдаршам тактикасы арқылы бағалау
|
|
|
10 минут
5 минут
5 минут
|
Қолдану
Тақырыбы: №32 зертханалық жұмыс: түтікшелі және қатпарлы қалпақшалы саңырауқұлақтардың жемісті денесінің құрылысы.
Мақсаты: Саңырауқұлақтардың жемісті денесінің құрылысымен танысу; қалпақшалы саңырауқұлақтардың түтікшелі және қатпарлы болып бөліну себебін анықтау.
Құрал – жабдықтар: саңырауқұлақтардың суреттері
1.Саңырауқұлақтардың жемісті денесінің құрылысын зерттеу.
Саңырауқұлақтың жемісті денесінің бөлімдерін қара ……………………………………………….
Ол неден тұрады?...................................................
Жемісті денесі неден түзілген?.............................
Саңырауқұлақ қалпақшасын төменгі жағынан қара, нені байқадың?
Басқа саңырауқұлақты ал да, төменгі жағынан қара. Нені байқадың?
Споралар қай жерде түзіледі?
2. Өзіңнің көргеніңді суретпен салыстыр
Талдау
Венн диаграммасы
Жинақтау
|
Биологиядан зертханалық жұмыс дәптерлеріндегі №32 зертханалық жұмысты орындайды.
Топқа берілген суреттегі саңырауқұлақтың жемісті денесінің бөлімдерін қарайды.
Жемісті денесі қалпақтан және түбіртектен тұрады.
Жемісті денесі жіпшумақтан өсіп дамиды.
Түбіртегіндегі жіпшумағы біркелкі, ал қалпақшасындағы жіпшумағы екі қабат құрайды.
Саңырауқұлақ қалпақшасының төменгі жағынан қарағанда қалпақшасының астында майда шұрықтар болады.Ол шұрықтар майда түтікшелермен байланысты.Мұндай саңырауқұлақтар түтікшелі саңырауқұлақтар деп аталады.
Саңырауқұлақ қалпақшасының төменгі жағынан қарағанда қалпақшасының астыңғы беттері түбіртектен шоқталып тараған қатпарларды көруге болады.
Споралары өте майда және ол қалпақшасының астында пісіп жетіледі.Қолайлы жағдайда әрбір спорадан жіпшелер дамиды. Жіпшелері ұзарып, , тарамдалып, ,жіпшумаққа айналады.
Мұндай саңырауқұлақтар қатпарлы саңырауқұлақтар деп аталады.Осыған байланысты саңырауқұлақтар түтікшелі немесе қатпарлы(арышқұлақ, қозықұйрық, түлкіжем) болып бөлінеді.
І топ
саңырауқұлақтардың өсімдіктерге және жануарларға тән белгілерін талдайды.
ІІ топ
Түтікшелі және қалпақшалы саңырауқұлақтардың өкілдерін топқа бөлу.
ІІІ топ
Саңырауқұлақтардың бактериямен айырмашылықтары мен ұқсастықтарын салыстыр.
IV топ
Түтікшелі және қатпарлы саңырауқұлақтардың айырмашылығы мен ұқсастығын салыстыр.
Кілт сөздерден мәтін құрау.
|
Смайлик арқылы бағалау.
Геометрия-лық фигуралар – мен бағалау.
|
|
|