Барыс септікті меңгеретін септеуліктер а) Шейін (дейін) септеулігі зат есімге, көбінесе мезгілдік үғымдар-дыц атауларына, сан есімге, есімдікке және -қан (-ған, -кен, -ген) формалы есімшслерге тіркесіп, негізіндс мез-гілдін, я мекеннің белгілі бір аралық шегін (катынасын) білдіреді. Мысалы: Ж ақып Рабиғаны пәтеріне шейін шығарып салатын болды (Б. Майлин).
ә) Қарай, таман септеуліктері барыс септіктегі зат есімге, соның ішінде мезгіл атауларына, көмекші есімдер-ге, есімдіктерге және үстеу сөздерге тіркесіп, белгілі бір мекендік бет алыс пен бағытты және мезгілдік орайды білдіреді. Мысалы: Сәду кейіншектеп топ арасынан үйі-не қарай бет алды (С. Ерубаев).
б) Өз ара мағыналас салым, тарта, жуық, таяу сияк-ты септеулік шылаулар да өздері тіркескен негізгі (атау-шы) сездердің барыс септік формасында тұруын қажет етеді. Мысалы: Күзге салым туған ауылды ойлады (С. Ссйфуллин) т. б.
Шығыс септікті меңгеретін септеуліктер. а) Гөрі септеулігі зат есіммен, есімдікпен, кейде -қан (-ған) -кен (-ген) формалы есімшелермен тіркесе қолданылып, бір затты я құбылысты екінші бір затқа салыстырып, таңдау, талғау үшіи жұмсалады. Мысалы: Бул урған сайын күм-
е беретін борсық секілді, тілден гөрі гаяқты сүйеді {Ә. Әбішев); Алатау Динаға күйден гөрі күйшіні елес-тетеді (С. Бақбергенов).
ә) Бері септеулігі негізінде мезгілдік шектің басталу-
ына, кейде тұтас камтылуына байланысты ұғымды біл-діреді де, көбінесе мезгіл атауларына, есімдіктерге және -қан (-ған, -кен, -ген) формалы есімшелерге тіркесіп, уа-қыттың я мерзімнін, басталу шегін ацғартады. Мысалы: Кеиіеден бері жапалақтап жауған қар бүгін күн еңкейе басылды (3. Ш ашкин); Бір жылдан бері Үлболсын жөн-ді ойын-той көрген емес (Б. Майлин).
б) Кейін септеулігі зат есімге, мезгіл атауларына, есімдіктерге, кимыл атауына -ған (-қан...) формалы есім-шелерге тіркесіп, белгілі бір фактінің соцынан болатың мекендік я мезгілдік ұғымды білдіру үшін қызмет етеді және соң, артынан сөздерімен мағыналас болып келеді. Мысалы: Жүмыстан кейін жалғыз ғана жан тыныс — осы (Ғ. Мұстафин).
в) Соң септеулігі колданылу ыңғайына қарай, бірде мезгілдік қатынасты білдірсе, бірде себептік мағынада қолданылады. Мысалы: Ж аңағы сөзден соң кейбіреуле-рі қуанды (С. Ерубаев).
г) Бұрын септеулігі белгілі бір амалдың я уакиғаныц басқа бір амалдың я уақиғаныц алдын ала болуын білді-ру үшін қолданылады. Мысалы: Институтты мерзімінен бүрын бітіріп, биыл осы колхоздың орталау мектебіне оқу меңгерушісі болды (Ғ. Мұстафин).
г) Бетер септеулігі белгілі бір іс-әрекеттің бұрын іс-тслген іс-әрекеттен анағүрлым күшті болатынын білдіру үшін жұмсалады. Мысалы: Гүлжан бойьін одан бетер жиды (X. Ерғалиев).
Достарыңызбен бөлісу: |