Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл – құрал



Pdf көрінісі
бет17/98
Дата13.10.2022
өлшемі2.67 Mb.
#462563
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   98
tileshov erbol kurast akhmet baitursynuly til kural

 


33 
 
 
Қорыту 
Сүйтіп, сөздер тұлғасына қарай беске бөлінеді: 1) Түбір сөз;
2) Туынды сөз (туғын сөз; 3) қос сөз; 4) қосалқы сөз; 5) Қосымшалар. 
Сөздер мағанасына қарай тоғыз тапқа бөлінеді: 1) Зат есім; 2) Сын есім;
3) Сан есім; 4) Есімдік; 5) Етістік; 6) Үстеу; 7) Демеу; 8) Жалғаулық;
9) Одағай.
 
Тасымал 
Жазып келе жатқанда, жол аяғында орын аз қылап, сөз сыймайтын 
болса, ол сөзге тасымал керек, яғни сөзді екі бөліп, бір бөлігін сол жолда 
қалдырып, екінші бөлігін келесі жолға асыру керек.
Тасымал үшін, әуелі, сөзді буынға бөлу, сыймаған буындарын келесі 
жолға асыру. Бұл туралы қағида мынадай. 
1) 
Тасымалдағанда әр буын бөлінбей, я тұтас қалады, я тұтас 
асырылады. Мәселен, жол аяғында «шақырғанға» деген сөз тұтас 
сыймайды. Не істемек керек? – Сөзді дұрыстап буынға бөлу керек болады: 
«Ша-қыр-ған-ға», «ша» буынды қалдырып, басқаларын келесі жолға 
асыруға болады; я «шақыр» деген екі буынын қалдырып, басқаларын 
асыруға болады, я «шақырған» деген буындарын қалдырып, жалғыз «ға» 
буынды асыруға да болады. Егер де «шақ» деп бөліп, қалғанын асырсақ, 
яки «шақырға» деп бөліп, «нға»-ны асырсақ, дұрыс болмайды. Неге десек 
қағида бойынша буын бөлінбеске тиіс. Мұнда буындар бөлініп тұр, яғни, 
«шақ» деп бөлгенде, «қыр» буын екі бөлініп тұр: «шақырғанда» деп 
бөлгенде «ған» буын екі бөлініп тұр.
2) 
Жалғыз хәріф буын бола тұрса да, қалынбайды да, асырылмайды да, 
мәселен, а-ға-лар деген сөзде бас буын жалғыз хәріф «а». Қағида бойынша 
«а» өз алдына буын бола тұрса да қалынбайды, яғни «а»-ны ғана 
қалдырып, басқа буындарын келесі жолға асырмаймыз.
Сүйтіп, жолға сыймаған сөзді тасымалдау үшін не істеу керек? 
Әуелі, сөзді буынға дұрыс бөлу; екінші, бір буынды бөлмей, тұтас 
күйінде асырау; үшінші, жалғыз хәріфті, буын бола тұрса да, қалдырмай 
келесі жолға асыру. 
Дағдыландыру. Һәр түрлі сөздерді алып тасымалдатып үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет