Зат есімнен туған сөздер
Түпкі зат есімдер түпкі заттың есімін көрсетеді. Түпкі затқа
қатысқан екінші зат болса, ол екінші затты атау үшін түпкі заттың есіміне
һәр түрлі жұрнақтар жалғанады. Мысалдар:
«-шы» жұрнақ заттың есіміне жалғанады: сол затқа қатысы бар
адамдарды атау үшін. Мәселен: «Үй» деген сөзге «-ші» жұрнағын жалғап,
55
«үйші» дейміз, үй істейтін адамды атау үшін; «Жылқы» деген сөзге «-шы»
жұрнағын жалғап, «жылқышы» дейміз, жылқы бағатын адамды атау үшін;
«Балық» деген сөзге «-шы» жұрнағын жалғап, «балықшы» дейміз, балық
аулайтын адамды атау үшін; «Егін» деген сөзге «-ші» жұрнағын жалғап,
«егінші» дейміз, егін егуші адамды атау үшін. «Су» деген сөзге «-шы»
жұрнағын жалғап, «сушы» дейміз, су таситын адамды атау үші уа ғайри
сондай.
1) Дағдыландыру. «-шы» жұрнағы жалғанарлық сөздерді тапқызып,
жалғату.
«-лық» (-лік, -дық, -дік, -тық, -тік) жұрнақ зат есімге жалғанады.
Әуелі, сол зат үшін жұмсалатын нәрсені атау үшін. Мәселен: «Арқа»
деген сөзге «-лық» жұрнағын қосып, «арқалық» дейміз, арқа үшін
жұмсалатын нәрсені атау үшін; «Тер» деген сөзге «-лік» жұрнағын қосып,
«терлік» дейміз, тер үшін жұмсалатын нәрсені атау үшін; «Мұрын» деген
сөзге «-дық» жұрнағын қосып, «мұрындық» дейміз, мұрын үшін
жұмсалатын нәрсені атау үшін; «Түн» деген сөзге «-дік» жұрнағын қосып,
«түндік» дейміз, түн үшін жұмсалатын нәрсені атау үшін; «От» деген
сөзге «-тық» жұрнағын қосып, «оттық» дейміз, от үшін жұмсалатын
нәрсені атау үшін. «Өркеш» деген сөзге «-тік» жұрнағын қосып,
«өркештік» дейміз, өркеш үшін жұмсалатын нәрсені атау үшін уа ғайри
сондай.
Екінші, басқа нәрселерге сол затты өлшеу болатындығын көрсету
үшін. Мәселен: «Ай» деген сөзге «-лық» жұрнағын жалғап «айлық»
дейміз, айдың өлшей болғандығын көрсету үшін; «Түйе» деген сөзге
«-лік» жұрнағын жалғап, «түйелік» дейміз, түйенің басқаларға өлшеу
екендігін көрсету үшін; «Жыл» деген сөзге «-дық» жұрнағын жалғап,
«жылдық» дейміз, жылдың басқаларға өлшеу болғандығын көрсету үшін;
«Күн» деген сөзге «-дік» жұрнағын жалғап, «күндік» дейміз, күннің
басқаларға өлшеу болғандығын көрсету үшін; «Оқ» деген сөзге «-тық»
жұрнағын жалғап, «оқтық» дейміз, оқтық басқаларға өлшеу болғанын
көрсету үшін; «Көйлек» деген сөзге «-тік» жұрнағын жалғап, «көйлектік»
дейміз, көйлек басқаларға өлшеу болғанын көрсету үшін.
Үшінші, сол заттың қалпын көрсету үшін, мәселен: «Аға» деген
сөзге «-лық» жұрнағын жалғап, «ағалық» дейміз, аға қалпын көрсету
үшін; «Іні» деген сөзге «-лік» жұрнағын жалғап, «інілік» дейміз, іні
қалпын көрсету үшін; «Шал» деген сөзге, «-дық» жұрнағын жалғап,
«шалдық» дейміз, шал қалпын көрсету үшін. «Ел» деген сөзге «-дік»
жұрнағын жалғап, «елдік» дейміз, ел қалпын көрсету үшін; «Жұрт» деген
сөзге «-тық» жұрнағын жалғап, жұрттық дейміз, жұрт қалпын көрсету
үшін.
56
2) Дағдыландыру. «-лық», (-лік, -дық, -дік, -тық, -тік) жұрнақ
жалғанарлық сөздерді тапқызып, жалғату.
«-шылық» (-шілік) жұрнақ зат есіміне жалғанады, сол затқа лайық
қалпын атау үшін. Мәселен: «Адам» деген сөзге «-шылық» жұрнағын
жалғап, «адамшылық» дейміз, адамға лайық қалпын атау үшін; «Жігіт»
деген сөзге «-шілік» жұрнағын жалғап, жігітшілік дейміз, жігітке лайық
қалпын атау үшін; «Қазақ» деген сөзге «-шылық» жұрнағын жалғап,
қазақшылық дейміз, қазаққа лайық қалпын атау үшін;
Ескерту. Бұл «-шылық» (-шілік) жұрнағынан «балықшылық»,
«егіншілік» деген сөздердегі «шылық», «шілік» жұрнақтарын айыру тиіс,
үйткені «-шылық» екі жұрнақтан болған: «шы» һәм «-лық» (балықшылық,
егіншілік) һәм бұлар заттың жай ғана қалпын көрсетеді.
«-шыл» жұрнақ зат есіміне жалғанады. Сол затты екінші зат
жарататындығын, сүйетіндігін көрсету үшін. Мәселен: «Ұйқы» деген
сөзге «шыл» жұрнағын жалғап, ұйқышыл деп, ұйқыны сүйетіндігін
көрсетеміз; «Ұлт» деген сөзге «-шыл» жұрнағын жалғап, «ұлтшыл» деп,
ұлтты сүйетіндігін көрсетеміз; «Қазақ» деген сөзге «-шыл» жұрнағын
жалғап, «қазақшыл» деп, қазақты сүйетіндігін көрсетеміз уа ғайри сондай.
4) Дағдыландыру. «-шыл» жұрнағын жалғарлық сөздерді тапқызып,
жалғату.
«-шық» (-шік) жұрнақ зат есіміне жалғанады, сол заттың
кішкенелігін көрсету үшін. Мәселен: «Қап» деген сөзге «-шық» жұрнағын
жалғап, «қапшық» деп, қаптың кішкенелігін көрсетеміз. «Үй» деген сөзге
«-шік» жұрнағын жалғап, «үйшік» деп, үйдің кішкенелігін көрсетеміз уа
ғайри сондай.
5) Дағдыландыру. «-шық» (-шік) жұрнақ жалғарлық сөздерді
тапқызып, жалғату.
«-ша» (-ше) жұрнақ та зат есіміне жалғанады, сол заттың
кішкенелігін көрсету үшін. Мәселен: «Құман» деген сөзге «-ша»
жұрнағын жалғап «құманша» деп, құманның кішкенелігін көрсетеміз;
«Көрпе» деген сөзге «-ше» жұрнағын жалғап, «көрпеше» деп, көрпенің
кішкенелігін көрсетеміз уа ғайри сондай.
Ескерту. Құнанша, дөненше, бұқаша, өгізше, інгенше, тайынша
ғайри сонда
й сөздерді осы жолмен болған заттың кішкене һәм
сүйкімділігін көрсету үшін сол заттың есіміне мынау жұрнақтар
жалғанады: «-шақ», «-қан», «-қай». Мысалы: құлын – құлыншақ, бота –
ботақан, бала – балақай.
6) Дағдыландыру. «-ша» (-ше) жұрнақ жалғанарлық сөздерді
тапқызып жалғату.
57
«-қой» (-көй, -гөй) жұрнақ зат есіміне жалғанады, сол затты
күйттеушіні атау үшін. Мәселен: «Сықақ» деген сөзге «-қой» жұрнағын
жалғап, «сықаққой», деп күйттеушіні айтамыз; «Әзіл» деген сөзге «-гөй»
жұрнағын жалғап «әзілгөй» деп, әзіл күйттеушіні атаймыз; «Бата» деген
сөзге «-гөй» жұрнағын жалғап, «батагөй» деп, бата күйттеушіні атаймыз.
7) Дағдыландыру. «-қой» (-көй, -гөй) жұрнақ жалғанарлық сөздерді
тапқызып, жалғату.
«-нікі» (-дікі) жұрнақ зат есіміне жалғанады, нәрсенің сол затқа
тиісті екендігін көрсету үшін; Мәселен: «Кісі» деген сөзге «-нікі»
жұрнағын жалғап, «кісінікі» дейміз, нәрсенің кісіге тиісті екендігін білдіру
үшін; «Мал» деген сөзге «-дікі» жұрнағын жалғап, «малдікі» деп, нәрсенің
малға тиісті екендігін білдіреміз уа ғайри сондай.
8) Дағдыландыру. «-нікі» (-дікі) жұрнақ жалғанарлық сөздер
тапқызып жалғату.
«-лы» (-ды, -ты) жұрнақ зат есіміне жалғанады, сол заттың екінші
затта барлығын, хатта молдығын да көрсету үшін. Мәселен: «Бала» деген
сөзге «-лы» жұрнағын жалғап, «балалы» деп, баласы көптігін көрсетеміз.
«Мал» деген сөзге «-ды» жұрнағын жалғап, «малды» деп, малы барлығын,
молдығын көрсетеміз; «Ұлақ» деген сөзге «-ты» жұрнағын жалғап,
«ұлақты» деп, ұлағы барлығын көрсетеміз уа ғайри сондай.
9) Дағдыландыру. «-лы» (-ды, -ты) жұрнақ жалғанарлық сөздер
тапқызып, жалғату.
«-сыз» жұрнақ зат есіміне жалғанады сол заттың екінші затта
жоқтығын көрсету үшін. Мәселен: «Бала» деген сөзге «-сыз» жұрнағын
жалғап, «баласыз» деп, баласы жоқтығын көрсетеміз; «Мал» деген сөзге
«-сыз» жұрнағын жалғап, «малсыз» деп, малы жоқтығы көрсетеміз; «Жан»
деген сөзге «-сыз» жұрнағын жалғап, «жансыз» деп, жаны жоқтығын
көрсетеміз уа ғайри сондай.
10) Дағдыландыру. «-сыз» жұрнағын жалғайтын сөздер тапқызып,
жалғату.
«-лас» (-лес, -дас, -дес, -тас, -тес) жұрнақ зат есіміне жалғанады, сол
затқа басқалар ортақ екендігін көрсету үшін. Мәселен: «Ата» деген сөзге
«-лас» жұрнағын жалғап, «аталас» деп, атаға ортақ екендігін көрсетеміз;
«Жер» деген сөзге «-лес» жұрнағын жалғап, «жерлес» деп, жерге ортақ
екендігін көрсетеміз; «Жол» деген сөзге «-дас» жұрнағын жалғап,
«жолдас» деп, жолға ортақтығын көрсетеміз; «Көл» деген сөзге «-дес»
журнағын қосып, «көлдес» деп, көлге ортақ екендігін көрсетеміз; «Шек»
деген сөзге «-тес» жұрнағын жалғап, «шектес» деп, шекке ортақ екендігін
көрсетеміз уа ғайри сондай.
58
11) Дағдыландыру. «-лас» (-лес, -дас, -дес, -тас, -тес) жұрнағын
жалғайтын сөздер тапқызып, жалғату.
«-еке» жұрнақ зат есіміне жалғанады, сол затты зор тұту үшін я
көңіл аулау үшін. «Аға» деген сөзге «-еке» деген жұрнақ жалғап, «ағеке»
десек, ағаны зор тұтқанымыз, яки көңілін аулағанымыз көрінеді. «-еке»
жұрнақ жалпы есімге жай жалғанады. Жалпы есімге жалғанғанда ол есім
қысқартылып айтылады. Мәселен: «Ысмайыл» деген есім, жұрнақ
жалғанғанда қысқарылып, «Ыс-еке» болады; «Ыбраһім» деген есім,
жұрнақ жалғанғанда қысқарылып. «Ыб-еке» болады уа ғайри сондай.
Ескерту. «-еке» жұрнақ көбінесе үлкен адамдарға айтылады. Кей
сөздерде «-еке» орнына жалғыз «-й» қосылады, мәселен аға – ағай, апа –
апай, ата –атай.
Кішіге сөйлегенде есіміне басқа жұрнақ, яки жұрнақ орнына бүтін
сөз жалғанады, мәселен, -жан, -ан, -ман, -ш. Сүйткенде, «Тұрмұхаммед»
деген есім «Тұрман» болып, «Ермұхаммед» деген есім «Ержан» болып,
«Қосмұхаммед» деген есім «Қосан» болып, «Жұмағали» деген есім
«Жұмаш» болып, уа ғайри сондай жұрнақтар, я сөздер қосылып айтылады.
12) Дағдыландыру. Жоғарыда көрсетілген «-еке», «-жан», «-ман»,
«-ан», «-ш» жұрнақтарын жалғарлық сөздер тапқызып, жалғату.
«-шаң» (-шең) жұрнақ зат есіміне жалғанады, сол зат екінші затқа
көрнеу екендігін көрсету үшін, мәселен, «шапан» деген сөзге «-шаң»
жұрнағын жалғап, «шапаншаң» дейміз: кісі үстінде шапан көрнеу
екендігін көрсету үшін, «бөрік» деген сөзге «-шең» жұрнағын жалғап,
«бөрікшең» дейміз, кісі басында бөрік көрнеу екендігін көрсету үшін.
Ескерту. «-шаң» (-шең) жұрнақ басқа мағанада да жүреді, яғни зат
есіміне жалғанады басқа мағана туғызу үшін. Мәселен: «Ашу» деген сөзге
«-шаң» жұрнағын жалғап, «ашушаң» дейміз, ашуы оңай пайда
болғандығын көрсету үшін; «Тер» деген сөзге «-шең» жұрнағын жалғап,
«тершең» дейміз, тері тез шығатындығын көрсету үшін; «Кір» деген сөзге
«-шең» жұрнағын жалғап, «кіршең» дейміз, кірі оңай қонатындығын
көрсету үшін.
Сүйтіп, «-шаң» (-шең) жұрнақ зат есіміне жалғанады, сол заттың
оңай пайда болатындығын көрсету үшін де.
13) Дағдыландыру. «-шаң» (-шең) жұрнақтар екі түрлі мағанасында
жалғанарлық сөздер тапқызып, жалғату.
«-а» (-е) жұрнақ зат есіміне жалғанады, сол затты іске айналдыру
үшін. Мәселен: «Ас» деген сөзге «-а» жұрнағын жалғап, «аса» дейміз,
асты іске айналдыру үшін; «Дем» деген сөзге «-е» жұрнағын жалғап,
«деме» дейміз, демді іске аудару үшін.
59
14) Дағдыландыру. «-а» (-е) жұрнақ жалғарлық сөз тапқызып,
жалғату.
«-ла» (-ле, -да, -де, -та, -те) жұрнақ зат есіміне жалғанады, істі сол
затпен істеу үшін. Мәселен: «Таға» деген сөзге «-ла» жұрнағын жалғап,
«тағала» дейміз, істі тағамен істей үшін; «Шеге» деген сөзге «-ле»
жұрнағын жалғап, «шегеле» дейміз, істі шегемен істеу үшін; «Тұз» деген
сөзге «-да» жұрнағын жалғап, «тұзда» дейміз, істі тұзбен істеу үшін;
«Таяқ» деген сөзге «-та» жұрнағын жалғап, «таяқта» дейміз, істі таяқпен
істеу үшін; «Тіс» деген сөзге «-те» жұрнағын жалғап, «тісте» дейміз, істі
тіспен істеу үшін.
15) Дағдыландыру. «-ла» (-ле, -да, -де, -та, -те) жұрнақтар
жалғанарлық сөздер тапқызып, жалғату.
«-ғар» (-қар, -кер) жұрнақ зат есіміне жалғанады, басқаны сол затта
болдыру үшін. Мәселен: «Аң» деген сөзге «-ғар» жұрнағын жалғап,
«аңғар» дейміз, аңында болдыру үшін; «Бас» деген сөзге «-қар» жұрнағын
жалғап, «басқар» дейміз, басында болдыру үшін; «Ес» деген сөзге «-кер»
журнағын жалғап, «ескер» дейміз, есінде болдыру үшін.
16) Дағдыландыру. «-ғар» (-қар, -кер) жұрнақ жалғанарлық сөздер
тапқызып, жалғату.
«-сын» жұрнақ зат есіміне жалғанады, сол зат сияқтану үшін.
Мәселен: «Адам» деген сөзге «-сың» жұрнағын жалғап, «адамсың» дейміз,
адам сияқтану үшін; «Жігіт» деген сөзге «-сің» жұрнағын жалғап,
«жігітсің» дейміз, жігіт сияқтану үшін.
17) Дағдыландыру. «-сын» жұрнағы жалғарлық сөздер тапқызып,
жалғату.
«-шыл» (-шіле) жұрнақ зат есіміне жалғанады, сол зат сияқты
істеуді көрсету үшін. Мәселен: «Қазақ» деген сөзге «-шыла» жұрнағын
жалғап, «қазақшыла» дейміз, қазақ сияқты істеу үшін; «Естек» деген сөзге
«-шіле» жұрнағын қосып, «естекшіле» дейміз, естек сияқты істеу үшін.
18) Дағдыландыру. «-шыл» (-шіле) жұрнағын жалғарлақ сөздер
тапқызып, жалғату.
«-ық» (-ік) жұрнақ зат есіміне жалғанады, сол зат пайда болуын
көрсету үшін. Мәселен: «От» деген сөзге «-ық» жұрнағын жалғап, «отық»
дейміз, от пайда болуын көрсету үшін; «Жел» деген сөзге «-ік» жұрнағын
қосып, «желік» дейміз, жел пайда болуын көрсету үшін. Бұл жұрнақтар
кей сөздерде «-ай» (-ей) жұрнақ та айтылады. Мәселен: «От» деген сөзге
«-ай» жұрнағын жалғап, «отай» дейміз, от пайда болуын көрсету үшін;
«Іс» деген сөзге «-ей» жұрнағын жалғап, «ісей» дейміз, іс пайда болуын
көрсету үшін.
60
19) Дағдыландыру. «-ық» (-ік), «-ай» (-ей) жұрнақтар жалғанарлық
сөздер тапқызып, жалғату.
«-гер» жұрнақ зат есіміне жалғанады, сол затты қолданушыны
көрсету үшін. Мәселен: «Сауда» деген сөзге «-гер» жұрнағын жалғап,
«саудагер» дейміз, сауданы қолданушыны көрсету үшін.
20) Дағдыландыру. «-гер» жұрнағы жалғанарлық сөздер тапқызып
жалғату.
«-дай» (-дей) жұрнақ зат есіміне жалғанады, басқа затты сол затқа
балау үшін, теңеу үшін. Мәселен: «Ай» деген сөзге «-дай» жұрнағын
жалғап «айдай» дейміз, бір нәрсені айға балағанда; «Күн» деген сөзге
«-дей» жұрнағын жалғап, «күндей» дейміз, нәрсені күнге балағанда; «Оқ»
деген сөзге «-тай» жұрнағын жалғап «оқтай» дейміз, оққа балағанда;
«Шөп» деген сөзге «-тей» жұрнағын жалғап, «шөптей» дейміз, шөпке
балағанда.
21) Дағдыландыру. «-да» (-дей) жұрнағын жалғарлық сөздер
тапқызып, жалғату.
«-дағы» (-дегі) жұрнақ зат есіміне жалғанады, нәрсенің болуы, сол
затта екендігін көрсету үшін. Мәселен: «Тау» деген сөзге «-дағы»
жұрнағы жалғап, «таудағы» дейміз, болуы тауда болса; «Үй» деген сөзге
«-дегі» жұрнағын жалғап, «үйдегі» дейміз, болуы үйде болса; «Жас» деген
сөзге «-тағы» жұрнағын жалғап, «жастағы» дейміз, болуы жас кезде болса;
«Түс» деген сөзге «-тегі» жұрнағын жалғап, «түстегі» дейміз, болуы түс
кезде болса.
22) Дағдыландыру. «-дағы» (-дегі) жұрнағын жалғарлық сөздер
тапқызып, жалғату.
Достарыңызбен бөлісу: |