333
Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап.
Сырттан бірен-саран жат сөздер келсе, оны жаншып кеміріп, өз
тілінің қалпына түсіріп алған – қазақ. Жат жұрттың шалығы тимесе,
кәсіби, ғұрпы өзгерілмесе, жалғыз тіл өзгерілді деп айтуға тіпті жол жоқ.
Қазақтың тілі өзгерген тіл деп айтуға жол жоқ болса, емлесін де қисық деп
айтуға жол жоқ: қазақта тілінің табиғатына хилаф келетін емле жоқ.
Еділден
бастап Ертіске дейін, Оралдан бастап Ауғанға шейін қазақта тіл
де бір, емле де бір.
20-ншы ғасырға шейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып
келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті.
Әліп-би деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың
жұмағы. Неғұлым тіл дыбыстарына мол жетсе,
арнаған дыбысқа дәл
келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер
құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліп-би жақсы болмақшы.
Қазақ алдақашан тілінде қандай дыбыстар бар екенін айырған, әр
дыбысқа белгілеп таңба арнаған. Оқуымызға онымыз жақсы, жазуымызға
тағы жақсы, үйрету жағынан орыстікінен, немістікінен, француздікінен,
ағылшындікінен оңай, оңтайлы.
Сауатты адам жазғанда қол дағдысымен жазады.
Тіл білімі ереже жаттату түрде үйретілмей,
сөздің тұлға, мағына,
қисын жағын тану түрде үйрету керек. Сөздің тұлға, мағына жағын тануға
керегі жоқ нәрселер тіл білімінің сабағына кірмеске тиіс.
Жақсы әліпби тілге шақ болу керек. Өлшенбей тігілген о жер бұ жер
бойға жуыспай, қолбырап, солбырап тұрған кең киім сияқты артық
әріптері көп әліпби де қолайсыз; Бойыңды қысып, тәніңді құрыстырып
тырыстырып тұрған тар киім сияқты әрпі кем де әліпби қолайсыз болады.
Сөздің ең ұлысы – тарих!
Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек.
Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді.
334
Елде жоқ рух – ақын сөзіне қайдан келсін?!
Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі.
Мақал – тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз.
Теңеу – ереуіл сөз.
Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: