«Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған байқау сценарий»
1 тур:
Топтық таныстырылым
1) Видеоролик
2) Сәлемдесу.
Аяжан: Армысың қазақ елі, дүйім жұртым
Сәлем бердік қабыл ал бізді бүгін
Оңтүстіктің намысын қорғап келген
Оқмпудың жалынымыз сөнбейтұғын
Зарина: Әріп жазып, оқытып қазақ халқын
Қараңғы тар тапасты қылған жарық
Оқу мен тіл құралын қосып берді
Ұлы емес ұлтшыл деп айыптадық
Биік қойған намыс пен ардың жайын
Үйретіп бар білгенін аянбайтын
Елім деп қанын төккен ұлы ұстаз
Ахаң ғой біле білсең айналайын.
Ақсамал: Көп сөйлеп ұзатпайық сөзді біздер
Қызық алда, асықпай көріңіздер
Білім менен өнерді қатар ұстап
Таңқалдырып кетеміз сізді біздер
3) Видеоролик кітапханада
4) Көрініс
Автор: 1937 жылы 8 тамызда қайта қамауға алынған Ахмет Байтұрсынұлы тергеуші қабылдауында…
Тергеуші: тергеу ісінде өмірбаяныңызбен толық танысып шықтым, кітаптарыңызды да түгелдерлік оқыдым. Жасыратыны жоқ, әуелгіде пәле іздеп оқығаным рас, бірақ кейін өміріңіз не бетке апарды, айдау, қуғындалу. Енді маған айтыңызшы, осының бәрін қалай, қай кезде жазып үлгердіңіз?
Ахмет: біреу жұмыс қыламын десе тұрған жерім жаман дейді, біреу маңайындағы едім жаман дейді. Бұлардың бәрі бос сөз. Абақтыдан жайсыз орын жоқ,бірақ абақтыда да жұмыс істеуге болады.
Тергеуші: не зорлық, А? Ешкімнің ақы төлемесі анық. Жарайды, қазіргінің кейбір жазушылары ақталатындарын біліп отырып жазар. Ал сіз ше? Сіз ертең сотталатыеыңызды біліп отырып жаздыңыз ғой.
Ахмет: балам ақталатын адам да сотталатын адам да өмір сүреді, өледі. Бірақ екеуіндегі мазмұны басқа. Жақын туысың айнала жұртың, тұтас қауымыңнын қорлықтағы өмірі сені тыныш ұйықтап ма?Бұлар үшін қылған еңбегін мақтан емес міндет. Азамат өз міндетін атқарғаны үшін мақтана ма? Соттың жөні бөлек әңгіме, ол біздің еркімізге бағынбай тұр, алайда титтей де өкініш жоқ. Мен де сен де бүгін бармыз, ертең жоқпыз. Адам өмірі сондай,қысқа ғана. Бірақ елің үшін қылған еңбегің, ту қылып көтерген тура идеяға жалғаса бермек. Ол жалғаса берсе адамның да өлмегені. Міне мазмұн. Сендер өлердей қорқатын Алаш идеясы осы ғана…
Автор: Обвинительное заключение: В соответствии со статьей 58 Уголовного кодекса КазССР Байтурсынов Ахмет Байтурсынович признается “врагом народа” и приговаривается к высшей мере наказания – смертной казни через расстрел. Приговор обжалованию и повторному рассмотрению не подлежит.
1988 жылы 4 қарашада Ахмет Байтұрсынұлы ресми түрде ақталды.
Қорытынды: Шындығында, туған халқының келешегін ойлап, оның әліпбиін түрлеп-түзеуден бастаған жалпы, ұлт мүддесі үшін қызмет еткен,түркi елiне есiмi мәшһүр бабамыздың ғұмыр жолы – баршамызға үлгі боларлық өнеге.
Достарыңызбен бөлісу: |