Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі



Pdf көрінісі
бет1/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
40hadis



Әйелдер тұрғысында
40 хадис
және
Әйел әдебі
Алматы 2009
Мансұров Батыржан Берденұлы


Ә 38
Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі / Құраст.: 
Б.Б.Мансұров. – Алматы, «Хикмет» 2009. – 96 бет.
© «Хикмет» баспа үйі ЖШС, 2009.
Бұл кітапшада Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) әйел кі-
сілер хақында айтқан хадистері мен өсиеттері және әйел баласына 
тән әдептілік қағидалар сөз етіледі. Өйткені әйелдер қауымы отба-
сы ынтымағының ұйытқысы һәм келешек ұрпақтың туын жоғары 
көтерушілер. Әрине ана болудың да өзіне тән ерекшеліктері бар. 
Әсіресе этикалық тұрғыдан алғанда әйел баласына қойылатын талап 
ер кісілерге қарағанда басым. Пайғамбарымыз (с.а.у.) өз хадисінде: 
«Əйел бес уақыт намазын оқыса, Рамазан айында оразасын ұстаса, ар-
намысын қорғап жəне күйеуіне мойынсұнатын болса, жəннат есіктерінің 
қалағанына кіреді» деген. Осы мақсатқа орай «Əйелдер тұрғысында 40 
хадис жəне Əйел əдебі» деген атпен әзірленген бұл шағын еңбегімізде 
әйел кісілерге тән қасиеттер барынша қарастырылды.
Кітапша көпшілік оқырманға және келешек аналарға арналады.
УДК 297
ББК 86.38
Ә 38
ISBN 978-601-7094-19-5
УДК 297
ББК 86.38
ISBN 978-601-7094-19-5
М
0403000000
00(05)-09


Алғы сөз
Аса қамқор ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын!
Адам баласын ана құрсағында бір тамшы судан жаратып, ең көркем 
түрде бейнелеген, күллі әлемнің жаратушысы, шексіз мейірімді, аса 
жарылқаушы Аллаһ тағалаға сансыз мақтау-мадақ болсын!
Жаратылған ғаламға ұлы шапағатшы адамзаттың ардақ тұтар 
тұлғасы, бүкіл ғұмырын Ислам жолына арнаған, ұлы мінез-құлық 
танытқан, пайғамбарлардың ең соңғысы Мұхаммедке (с.а.у.) сәлем 
жолдап, салауат айтамын!
Қазақстан тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғалы бері дініміз едәуір 
дамып, әсіресе соңғы жылдары жалпы діннің де, діни мекемелердің 
де ықпалы өсіп, қоғамымыздағы саяси мәдениеттің қалыптасуына 
жәрдемші рөл атқарып келеді. Бұл дегеніміз Қазақ халқының руха-
ни өмірінде Ислам мәдениетінің үлкен ізі бар екенінің айғағы. Ислам 
шариғатының қайнар көзі – Құран. Ал, пайғамбар хадистері Құран 
аяттарының астарлы, терең мағыналары мен түсу себептерін кеңінен 
қарастыратын ғылым. Хадис араб тілінде «жаңа», «сөз», «әңгіме» деген 
мағыналарды білдіреді. Яғни, хадис хазіреті пайғамбар Мұхаммедтің 
(с.а.у.) айтқан сөздері, істеген амалдары мен бір іске немесе оқиғаға бай-
ланысты берген шарғи үкімдері.
Қадірменді оқырман! Қолыңыздағы бұл кітапша екі бөлімнен 
тұрады. Бірінші бөлімінде сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) 
әйел затына қатысты айтқан қырық хадисі түсінігімен қоса қамтылды. 
Сондықтан да бұл кітаптың бірінші бөлімін «Әйелдер тұрғысында 
40 хадис» деп атадық. Әрине әйел түрғысындағы барлық хадисті 
толық қамтыдық деуден аулақпыз. Теңіздің бір тамшысындай болса 
да халыққа пайдасы тиер деген мақсатпен өздеріңізге ұсынып отыр-
мын. Ал кітаптың екінші бөлімінде әйелдерге тән әдептілік нормалар 
қарастырылды. Әсіресе, мұнда әйел кісілерге талап етілетін шариғат 
үрдісіне сай киім кию әдебі кеңінен сөз болды. Өйткені этикалық 
тұрғыдан алғанда әйел баласына қойылатын талап ер кісілерге қарағанда 
басым. Сонымен қатар ертеңгі келешек ұрпағымыз бүгінгі қыз балала-
рымыз бен аналарымыздың қолында болғандықтан өзге елдердің Ис-
лам мәдениетіне жат қылықтарына еліктегеннен гөрі, рухани болмы-


сы жоғары әйел затына мұқтаждық бар. Сондықтан кітапшаның 
екінші бөлімінде «Әйел әдебі» туралы барынша сөз қозғауға 
тырыстық
Дегенмен Ислам дінінде әйел кісілердің орны ерекше. Ислам 
аналарды, әпке-жеңге, қарындастарды өз орнымен құрметтеп 
оларға қолдан келгенше жақсылық жасауға шақырады. Бұл 
сөзімізге дәлел ретінде Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) пайғамбарымызға 
келіп: «Әй, Аллаһтың елшісі! Ең алдымен жақсылықты кімге жа-
сайын?» - деп сұрағанда, Аллаһтың елшісі (с.а.у.): «Анаңа» - деп 
жауап береді. «Одан кейін ше?» - деп сұрағанда «тағы да анаңа» 
- дейді. Қайта сұрағанда «анаңа» - деп тағы айтады. Төртінші рет 
сұрағанда барып, «әкеңе» - дейді. Тағы бір хадисінде: «Жәннат 
– аналардың аяғының астында» - деген.
Қазақ халқының да ұғымында отбасы, ошақ қасының, үй-
іші тыныс-тіршілігінің берекесі, ұрпақ тәрбиесі адамгершілік 
қасиеттерімен тікелей ұштасып жатады. Осыған орай әйелдерге ар-
нап дайындалған осы кітапша әйелдер қауымының имандылығын 
арттыруға өз септігін тигізер деген үміттемін.
Пайғамбарымыздың хадистері иман жүзді, салиқалы да иба-
лы әйелдерді мәңгілік жұмақпен сүйіншілесе, аналық мейірімін 
жоғалтқан, ар-ұят имандылықтан жұрдай болған жеңіл жүрістегі 
әйелдерді тозақ отымен ескертіп, жөнге келуді, түзу жолмен 
жүріп, отбасын құруға, қоғамда өз орнын табуға үндейді. Осы 
түрғыдан алғанда Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін халыққа 
түсіндіріп-жеткізу қаншалықты маңызды екені айтпаса да түсінікті 
болар.
Аллаһ тағаладан осы кішігірім еңбектің бұл дүниеде де, о 
дүниеде де біздер үшін пайдалы болуын тілеймін. Сондай-ақ осы 
кітапшаның жарыққа шығуына себепші болған кісілерге де шы-
найы алғысымды білдіремін.
Кітаптағы кейбір кемшіліктер жөнінде пікір туып, сын-ескерт-
пелер айтылса, алдын ала алғысымды білдіремін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет