Ахмет Йүгнеки «Ақиқат сыйы» дастанындағы идеялар мен көзқарастар
Адам қалай кемелденеді? Әр адамның кемелденуі,кәмәлет табуы сан қилы. Біреуі өмір сүріп,көзімен көріп сезініп сабақ алса, Ал біреуі ақылдыларды оқып, естуі арқылы. Осы кемелдену жайлы, толық адам болу ережесі туралы әр ғасырдың ойшылдары саралап, топшылап еңбек жазды. Адамды қалай жетілдіру туралы бағыттар көптің-қасы: Философиямен, писхологиямен және дін мен. Көптеген жылдар бойы адамдар дінмен жетіліп,дамып отырған. Өйткені дін- философияға да, психологияға да бай. Осы дінді саралап,жинақтау X-XII ғасырда үлкен жетістікке жеттті. Дінді негізге ала отырып,кемел тұлға қалыптастырудың санқилы ережелерін, бағыттарын шығарма ретінде көпшілік қауымға,болашақ ұрпаққа мұра қылып жазды. Сол ойшылдардың бірі-Ахмет Йүгінеки.Өмір сүрген қоғамында өзіндік алар орны болған -зағип ақын шығармаларын адамзатқа пайдалы етуге тырысқан. Сол жолда исламдық көзқарасты құп санап, адамгершілік қасиеттерді негізін шариғат пен хадистен алып барынша толық қамтуға мақсұт қылған. Ахмет Йүгінекидің дінмен сабақтастырып жазған шығармасы “Ақиқат сыйы.” Бұл шығарманы жазарда оқыған,көрген,білген ойларын жаза салмады, оны ойлау ақылтезінен,ой елегінен өткізу арқылы жаңа туындыны жарыққа шығарған-ды.Ахмет Йүгінеки әрбір сөздерін ажарлап, айшықтап, құбылтып,шығармасының құндылығын айқындай алған. Автордың шығармасындағы ерекшелігі қиын ұғымдар мен күрделі сөздерді бірен-саран қолданған. Себебі көксеген мақсаты-болашаққа,шәкіртке түсінікті сөзбен ұғындыру еді.
“Ақиқат сыйы” шығармасында ол кездегі замана кейпі көңілге қошымсыз сипатталады:
Ел тәуірі болып алды ішкендер,
Маскүнем бол, осы күні ішкенде- ер.
Осы жолдардан байқайтынымыз ақын шығармасында келтірген іштарлық, надандық деген мәселелерден бөлек ішімдікке тәуелділік сол кезден өзекті екенін анық көрсеткен. Осы мәселелер қоғамның ішінен құрт екенін, оны құртпаса қоғамды құртып бітетінін ақын шығармада бірнеше рет ескерту арқылы маңыздылық береді. Бұдан бөлек үлкен мәселе- надандық:
Алла өзімен біліменен құт етеді
Қайырсыз надандықты жүт етеді
Білімді үйренбеген талай қауым
Құдайды қолдан жасап ,бұ етеді.
Шығармада білімді мен наданды параллелизм әдісі арқылы көркем салыстырған. Бұл туралы Н.Келімбетов: «Автор өз дастанының негізгі бөлімін «Білімнің пайдасы мен надандықтың зияны» деп аталын тараумен бастау арқылы бұл тақырыптың қаншалықты маңызды екенін баса көрсеткен» деп пікір білдіреді. Екеуінің арасында айырмашылықты осылайша оқырманға ашып беру арқылы таңдау еркі әрқашан пендеде екенін де айта кеткен. Десе де, оқып-білуді әр қауымға парыз етіп көрсеткен. Себебі, автор көзқарасы бойынша қауымды Құдайдың қаһарына ұшырататын — қауымның білімнен тысқары қалуы. Ислам дінінде де алғашқы түскен аят-”Оқы!” еді. Яғни діннің өзі адамға адамдық беретін ең бірінші оқу-білім екенін ашып түсіндіргендей. Автор бақытты діннен іздеген:
Уа дос,өзіңді білімдіге жақын тұт
Бақыт жолы білім арқылы білінеді
Білім ал. Бақыт жолын ізде.
Білімсіздің өмірі қараң дегенді осы шеңберде қарасақ автор көзқарасы анық ашылатындай. Себебі, білімді қараңғы түндегі шам ретінде алсақ, адамның діттеген мақсатына жетудегі жалғыз үміті- сол шамы болмақ.
Білімді не айтады,тыңдап көріңіз!
Әдептіліктің басы аузын бағу
Тіліңді тарт, тісің сынбасын,
Егер тілің шыға қалса, тісіңді мықтап сындырады.
Тілді тыю - әдептілік пен тәртіптіліктің шарты екендігі, “Ойланып сөйлеген кісінің сөз-асылдың сөзі, көп шатып мылжыңдаған тілді алдырмайтын жау” деп тілдің жүгенсіздігі бір күні басыңа жетеді деген ескертулерімен болашақ жастарға ойланып сөйлеу керек екендігін насихаттап,көркем сөзбен жеткізген. М.Қаратаев осы тақырып жөнінде Ахмет Йүгінекидің тіл жайындағы осындай жыр жолдарын оқи отырып, қазақтың «Басқа пәле-тілден», «Аңдамай сөйлеген- ауырмай өледі», «Тіл тас жарады,тас жармаса- бас жарады» деген сияқты мақалдарын еріксіз еске түсіретінін айтып көркемдік ерекшелігіне назар аудартқан. Тілдің өлшемі қысқа болса да, сол қысқа жаратылыстан ауыр күнәлар шығатынын тізбелеп өлең арқылы ұғындырған.
Жомарттың арқасында қорғансыздар жақсы өмір кешті
Дүниеде жақсы ат қалдырып өлді
Сараң арам жолмен көп алтын,күміс жинады
Обал арқалап өлді,оның үстіне қарғыс алды
Жомарттың қайырымдылығы және сараңның қассыздығы туралы айтып келіп сараңдық ол-малдың құлы,мал оның билеушісі. Жомарт ер-халықтың құрметтісі. Сараң адамның қолы жабық болғанымен әрі тәкаппар болатындығын,сол үшін ұлықпын деп кеуде көтерме.”Ұлықтық менікі. Сіз иеленбеңіз” деген құдайдың сөзін қосып, Алла кішіпейілдің абыройын асырады, тәкаппардың құтын қашырады деген пайғамбардың хадисімен қорытындылайды.
Өнерлі кісіге дүние опасызырақ
Өнерсізге бұдан жәбір азырақ
Өнер арқылы дәлеттің келуі
Мүмкін емес. Қиындық атаулының ең қиынын осы.
Тіршілікті тәтті екендігі ол өте келе сен тәтті өмірлеріңің аяқталуын көргенде ащы болуын түсіндіреді. Әрі сіз дүниеге үкім айтпаыңыз өнерлілерге дүниенің тарлығы, өнерсізге дүненің кеңдігін себеп қылып өйткені Алла бәрін өзі реттейді. Бәрі Алланадан екендігі және оған ренішіңді айтып бостан босқа күнәлі болма деп аяқтайды.. Ақиқат сыйы атты кітапта Ахмет Йүгнеки күнделікті адамның қасиеттері мен оғаш мінездерін қарама-қарсы ұғымдарды, жағдайларды, образдарды салыстыра отырып,антитеза(шендестіру) көркемдеуіш құралы арқылы жырдың көркемдік идеясын аша білді. Шығармада жағымды қасиеттерден білім,әдептілік,жомарттық өнерді айтса онымен қарама-қайшы өмір сүретін надандық, әдепсіздік,сараңдықты мағыналап жазу арқылы, келер жастарға түсінікті зерделеді. Әрі өзінің жазған шығармасындағы әрбір айтылған қасиеттердің,мәселелердің тарауын бітірер кезде Құранның сөзі мен пайғамбардың хадис шарифын қолданып, тікелей исламммен байланыстырып түсіндіргені, сол ислам дәуір әдебиетінің бір дәлелі болса керекі.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, Ахмет Йүгнеки “Ақиқат сыйы” шығармасында “Ақиқаттың” яғни, Исламның адамзатқа қандай сый жасағанын көркем аша білген. Себебі, исламдағы қызметтер ешқандай патша жасай алмайтындай деңгейде кемел деп сипатталады. Себебі, ол құрылым әлемді жаратқан Құдай тарапынан сыйға тартылған!
Достарыңызбен бөлісу: |