Өтеген батыр кенті 2023 жыл Тақырыбы



Дата14.03.2024
өлшемі17.43 Kb.
#495541
Білім күні


Экономика және құқықтану колледжі
Мемлекеттік емес мекемесі


Тақырыбы: «1 қыркүйек –Білім күні»


Жауапты: Директордың тәрбие-ісі жөніндегі
орынбасары Сатканова Н.Г.

Өтеген батыр кенті
2023 жыл

Тақырыбы: «1 қыркүйек –Білім күні»
Мақсаты: Білім алушылардың жаңа оқу жылына бейімделуін жетілдіру. Колледже жағымды ахуалды қалыптатыру. Студенттердің білім алуға құштарлығын ояту.
Барысы:
Жүргізуші:
1. Қымбатты ұстаздар, ата - аналар, қадірменді қонақтар, білім алушылар! Сіздерді колледж әкімшілігі атынан 1 қыркүйек - Білім күнімен, дәстүрлі жаңа оқу жылының басталу салтанатымен құттықтаймыз. Бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы. Дәл осы күннен бастап, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан жалынды жастарға, яғни сіздерге тікелей байланысты. Абай атамыз: «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім - ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деген екен. Сондықтан бүгінгі жастар ілім - білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін ел кәдесіне жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтары болуы қажет.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Білім күні шын мәнінде барша халықтың дәстүрлі мерекесіне айналды. Оқушылар мен студенттер, білім мен ғылым саласындағы ұстаздар мен оқытушылар, барша қызметкерлер үшін 1 қыркүйек жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы.
Бүгінде еліміздегі барлық білім ордасы оқушылар мен студенттерге есігін айқара ашты. Бұл барша жанның көңілін толқытқан ерекше сәт деп білеміз. Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін. Шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық-саулық тілейміз. Колледж табалдырығын алғаш аттаған студенттерге сәттілік жолдас болсын! Мереке құтты болсын! Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!


2. Колледж туралы слайд көрсету.
3. Құттықтау сөз кезегі «Экономика және құқықтану» колледжінің құрылтайшысы тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Қозыбақова Фатима Акынбаевнаға беріледі.
4. Келесі құттықтау сөз кезегі колледж директоры, тарих магистрі Азанбаев Медет Дюсенбековичке беріледі.
5. Келесі құттықтау сөз кезегі директордың оқу-ісінің орынбасары Балапан Сания Өміржанқызына беріледі. Өз кезегінде қабылданған студенттер саны туралы мәлімет беріп, топтарды эдвайзерлерімен таныстырады.
Жиынның соңы Білім күніне арналған кураторлық сағаттармен жалғасады. Талқыланатын тақырыптар шәкірттердің білімге, еңбекқорлыққа және патриотизмге, рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамытуға, жауапкершілік пен өзара сыйластыққа ұмтылуына бағытталады.

Экономика және құқықтану колледжі
Мемлекеттік емес мекемесі
Тақырыбы: «Жер сілкінісінің алғашқы дүмпуі кезінде»


Жауапты: Директордың тәрбие-ісі жөніндегі
орынбасары Сатканова Н.Г.
Өтеген батыр кенті
2024 жыл
Тақырыбы: «Жер сілкінісінің алғашқы дүмпуі кезінде»
Мақсаты: Оқушыларға жер сілкінісі туралы мағлұмат беру, табиғи апаттан қорғану шаралары туралы айту, сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.
Сабақтың барысы:

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет