Ахметжанов о. Н



Дата16.06.2016
өлшемі199.18 Kb.
#138505


Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей ҚАЛАСЫНЫҢ Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

АХМЕТЖАНОВ О.Н.

«Паразитология және инвазиялық аурулар» пәнінен курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған


Семей,

2013 ж
Ахметжанов. О.Н.

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған «Паразитология және инвазиялық аурулар» пәнінен курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау, Семей. - 2014. – 15 бет.

Рецензенттер:

Мынжанов М.Р – Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің молекулярлық биология кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор.

Қабышева.Ж.К – Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент міндетін атқарушы.

Әдістемелік нұсқау «Ветеринариялық медицина» мамандығының күндізгі және сырттан оқу бөлімінің студенттеріне «Паразитология және инвазиялық аурулар» пәнінен курстық жұмысты орындауға арналған. Онда ұсынылатын курстық жұмыс тақырыптары, курстық жұмыс жоспары, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, өзіндік зерттеулер жүргізу, мәліметтерді жинау, жинақтау және өңдеу жөнінде әдістемелік нұсқаулар берілген.



МАЗМҰНЫ

1. Кіріспе .................................................................................................... 4

2. Курстық жұмысының мақсаты..............................................................4


  1. Курстық жұмыстың тақырыбын таңдап алу........................................5

  2. Тақырып бойынша ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу...................5

  3. Өзіндік зерттеулер жүргізу, мәліметтерді жинау, жинақтау және өңдеу........................................................................................................5

  4. Курстық жұмысты дайындау және оның жоспары.............................8

  5. Әдебиеттер .............................................................................................11

  6. Қосымшалар ...........................................................................................12



1 Кіріспе

Жоғары оқу орындарының қазіргі уақыттағы басты мақсаттарының бірі- жекелеп және белсенді оқу түрлерін нығайту. Студенттердің өз бетімен істеген жұмыстарына сүйене отырып, болашақ мамандардың творчествалық қабілетін дамыту. Қазіргі кездегі білім алудың ерекшелігі адамдар өз бетімен білім алып, өзін-өзі тәрбиелеу арқылы мамандығын өсіруінде.

Мал дәрігерлерін дайындау бағытында, паразитология және инвазиялық аурулардан курстық жұмысын орындаудың болашақ мамандардың клинико - паразитологиялық білімін көтерудегі орны ерекше. Ол басқа да клиникалық пәндермен бірге мамандардың қалыптасуын аяқтап, мал шаруашылығын мал дәрігерлерімен қамтамасыз етуді шешуге бағытталған. Ветеринариялық медицина мамандығының күндізгі және сырттан оқу бөлімінің студенттеріне арналған бұл әдістемелік нұсқау пәннің типтік оқу бағдарламасына, біздің бұрынғы жұмыс тәжірибемізбен басқа да оқу орындарында дайындалған осы сияқты жұмыстарға сүйене отырып жасалған.

- Бұл нұсқауда келтірілген әдістемелік кеңестер өзінің толықтығымен ой желісінің логикалық сәйкестігімен ерекше.

- Ауылшаруашылық малдарының инвазиялық ауруларының басым көпшілігін қамтитын курстық жұмыстардың негізгі тақырыптары келтірілгендіктен студенттер өзінің қалаған тақырыптарына жұмыс орындауына болады.

Курстық жұмыстың алғашқы беті (титулдық) қосымшада көрсетілген


2 Курстық жұмысының мақсаты.

I.1. Студенттердің нақтылы тақырыппен паразитология және инвазиялық аурулар пәні бөлімдерінен алған теориялық білімдерін баянды етіп, оны ары қарай тәжірибемен ұштастырып тереңдете меңгерту.

I.2. Ғылыми ізденіс жұмысын дағдыға айналдырып, ғылыми әдебиеттерді, малдәрігерлік есептілікті және басқа да ветеринариялық құжаттарды түп дерек бойынша зерттеп, оларды дұрыс пайдаланып, библиографиясын дайындап ғылыми тұрғыда өңдеуге дағдыландыру.

I.3. Шаруа қожалықтарында, ЖШС-де, ауылдық округте сондай-ақ аудан көлемінде, мал дәрігерлік паразитологиясының нақтылы сұрақтарына дұрыс шешім тауып, паразитоздарды ажырата біліп, емдеу және алдын ала сақтандыру жұмыстарын жоспарлау, оны ойдағыдай орындап және нәтижесін дер кезінде қадағалау мәселесін дұрыс жүргізіп, тәжірибе жүзінде байқап, өз бетімен шешім қабылдау қасиетін жетілдіру мақсаты қойылған.

1.4. Инвазиялық аурулардың келтіретін зиянын анықтап, емдеу және аурудан алдын ала сақтандыру шараларының экономикалық тиімділігін есептеп шығара білуді үйрету.

1.5. Ғылыми әдістемелерді игеріп, паразитоздарға қарсы шараларды дұрыс жоспарлап, жүргізуді үйрету.

1.6. Паразитологиялық коллекцияны жинау әдістерін игеріп, этикеткасын жазып, жиналған паразиттерді кафедра зертханасында зерттеуді үйрету.

1.7. Жазбаша жұмыстарды дайындауға дағдыланып, оны көпшілік алдында қорғауға машықтандыру.

Курстық жұмыс келесі негізгі кезендерден құралады: тақырыпты таңдап алу, ғылыми деректерді жинақтап өңдеу, жоспарлау, ғылыми өндірістік тәжірибені жүргізіп, оның нәтижесін есепке алу, аурудың келтірілген зиянының көлемін анықтап, жүргізілген емдеу және аурудың алдын ала сақтандыру шараларының экономикалық тиімділігін анықтау, паразитологиялық коллекцияны жинап, қолжазбаны дайындау.
3 Курстық жұмыстың тақырыбын таңдап алу

Паразитология және инвазиялық аурулардан курстық жұмысының тақырыбын студент өз бетімен немесе жетекшісінің ұсынысы бойынша таңдап алады. Студентке, оқу немесе өндірістік тәжірибе кезінде шаруашылықта кездескен, кез келген инвазиялық ауруды курстық жұмыстың тақырыбы ретінде алуға болады. Курстық жұмыстың тақырыбы ретінде, ауданда, облыста, республикада тіркелген ауруларды пайдалануға болады.

Кафедра ұсынатын курстық жұмыстар тақырыбы қосымшада көрсетілген (Қосымша Б).
4 Тақырып бойынша ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу

Кафедрада курстық жұмыстың тақырыбы бекітілгеннен соң, студент керекті ғылыми әдебиеттердегі деректерді жинап танысады да, зерттеу жұмысының жоспарын жасайды. Ол үшін соңғы 5-10 жылда жарық көрген ғылыми әдебиеттерді, ветеринария журналын, мал шаруашылығының әр саласына арналған журналдармен, малдәрігерлік-зоотехникалық жоғарғы оқу орындары және ғылыми зерттеу институттарының ғылыми еңбектерін, реферативтік журналдарды оқып, интернеттен іздеп, керекті ғылыми деректерді жинау қажет.


5 Өзіндік зерттеулер жүргізу, мәліметтерді жинау, жинақтау және өңдеу

Курстық жұмыстың құндылығы онда көрсетілген өзіндік мәліметтердің мазмұнымен және мұқият дайындалуына байланысты. Өзіндік мәліметтерге сүйеніп жазылған курстық жұмыс, реферативтік жұмыстан анағұрлым бағалы есептеледі.

Зерттеулер жүргізіп, материалдар мен мәлімет жинаудың жолдарымен тәсілдері әртүрлі. Мал мамандары мен малшылардан сұрастырып көптеген мәселелерге жауап алуға болады, яғни: аурудың басталуымен тоқталу мерзімдері, аурудың шығуына байланысты жаман жағдайдағы қора - қоныс, жайылым мен су қоймалары, аурудың негізгі белгілері, өлекседе байқалатын іш құрылысындағы патанатомиялық өзгерістер, жүргізілген басқа көптеген деректерді алуға болады. Сұрастыру арқылы жиналған мәліметтер қорытындыланып, клиникалық тұрғыдан бағаланылуға тиіс.

Малдәрігерлік есеп беру мәліметтері- ресми түрде танылатын документ. Бұл деректер бойынша ауру келтіретін экономикалық зиянды есептеп шығаруға болады.

4.1.Өлген, амалсыз құртылған және сойылған /У1/ малдан шеккен зиянды төменгі формула арқылы табамыз:

У1 ЖЦ –Сф, бұнда

М- өлген немесе амалсыз құртылған мал саны

Ж-малдың орта салмағы, кг/ группасына байланысты/

Ц- сатып алатын бір салмақ бөлігінің құны

Сф- сатылған етпен шикі заттан түскен ақша

5.2. Мал өнімінің төмендеуінен шеккен зиянды / сүт, қосымша салмақ, жүн, жұмыртқа/ жоғалған өнімнің коэффициентін табу арқылы сау және ауру пайда болған мал табындарының өнімін салыстыру немесе бір табындағы сау және ауру жеке мал басының өнімін салыстыру арқылы табуға болады.

Бұны төмендегі формула арқылы есептеп шығарады:

У2п№ М3Ц1 мұнда

У2- әртүрлі ауруға сәйкес жоғалған өнімнің коэффициенті, кг

М3 – ауырған малдың саны, бас

5.3. Малдың асыл тұқымдық құнының төмендеуінен шеккен зиян. Бұл зиянды табу үшін малдың баланстық құны немесе оның асыл тұқымдық құны мен мемлекет сатып алатын бағасының айырмашылығын есептеу керек.

У3= М4п- Цу/, мұнда

М4- өзінің асыл тұқымдық қасиеттерін жоғалтқан мал басының саны

Цп- Цу – сатылған асыл тұқымды және өзінің асыл тұқымдық қасиетінжоғалтқан малдың орта бағасы

Өнімнің сапасының төмендеуіне сәйкес шеккен зиянды табу үшін өнімнің стандарттық құнымен сапасының төмендеуіне сәйкес құнының айырмашылығын есептеу керек.

Уп= Вр3- Ц6/, мұнда

Вр– төменгі сапамен сатылған өнім, кг


Ц3- Ц6– сау және ауру малдың сатылған бір кг өнімінің бағасы

5.4 Су-ауру, трихомоноз т.б. инвазиялық ауруларға байланысты жоспарланған төл алынбағандықтан шеккен зиянның мөлшерін табу үшін алынбаған төл басын оның құнына көбейтеміз.

У5= /КрРв- Рф/Сп

Кр – жоспарланған төл алу коэффициенті

Рв- әр түліктің төл беруге мүмкіндігі бар аналығының саны

Рф – нақтылы туған бұзау , құлын, қозы, торай саны

Сп – туған мезеттегі әр төлдің шартты бағасы

5.5. жұмыс малының амалсыз бос тұрып қалу салдарынан шеккен зиянды мына формула арқылы есептеп табуға болады:

У6= МрТСк мұнда

Мр – амалсыз бос тұрып қалған жұмыс малының саны

Т – жұмыссыз тұрған уақыттың орташа мерзімі, күндер

Ск – жұмыс жылқысының күнінің өзіндік құны

5.6. жарамсыз ет, ішек-қарын мен шикі затты жою салдарынан шеккензиянды төменгі формуламен табамыз.

У7= В6Ц- Сф мұнда

В6 – жойылған жарамсыз өніммен шикізаттың көлемі, кг, ц, т.

Ц- орта сапалы өніммен шикізатқа мемлекет тағайындаған сатып алу бағасы.

Паразиттік аурулар келтірілген шаруашылықтағы барлық зиянның қосындысы арқылы жалпы экономикалық зиянды табамыз.

У= У1234567

Мал дәрігерлік шығын, еңбек және зат қорының ақшалай құнының қосындысынан тұрады.

Мал дәрігерлік шараларын жүргізу үшін шығындалған бір сомға келетін экономикалық тиімділікті табу үшін алынған экономикалық нәтижені, шараны жүргізуде шыққан шығынға бөлеміз.

Эр= 

Нақтылы және толық мәліметтерді тек қана жалпы қабылданған клинико-паразитологиялық методикаларды пайдаланып, өзіндік жүргізілген зерттеулер арқылы ғана алуға болады.

Ол үшін әр үйірден, табыннан, отардан немесе жынысы мен жасына сәйкес топталған мал басының кемінде 25-30 зерттеу керек, одан көп болса (50-100) алынатын деректер толық және құнды болады.

Мал басын толық зерттеу арқылы аурудың етек алып ұлғаю мөлшерін (ИЭ - инвазия экстенсивтілігі), яғни ауырған малдың процентін табамыз. Өлген малды паразитологиялық сойып қарау арқылы инвазияның интенсивтілігін (ИИ) - ауруға шалдыққан бір бас малда қанша тоғышар барлығын анықтау. Мал дәрігерлік есеп беру мәліметтері болмаған жағдайда, бұл деректермен, аурудың келтірген экономикалық шығыны мен емдеу шараларының экономикалық нәтижесін есептеп табуға болады.

Емдеу шараларының тиімділігі ең бірінші клиникалық деректермен бағаланылады: қанша мал емделді, оның қаншасы сауықты, неше бас елді немесе қаншасы амалсыздықтан сойылды, сауыққан малдың проценті қанша. Қолданылған антигельминтиктермен басқа да тоғышарларға қарсы пайдаланылатын дәрілердің нәтижелілігінің негізгі көрсеткіші экстен-нәтижемен (ИЭ) мен интенс нәтиже (ИИ) болып табылады.

ЭЭ-дегельминтизациядан соң барлық тоғышардан арылған мал саны /процентпен есептеледі/; ИЭ-ИИ- дегельминтизациядан соң бөлініп шыққан тоғышарлар санының /процент есебінде/, емделген /контрольдағы/ мал басының бойындағы тоғышарлар санына қатынасы.

Бұл көрсеткіштерді гельминтооволярвоскопиялық зерттеулермен қоса ПГВ, НГВ (К.К. Скрябинның тәсілі бойынша толық және жартылай гельминтологиялық сойып зерттеу) арқылы жинақтап алуға болады.

Мәліметті толық жинау үшін жұмыс журналын немесе күнделік дәптерін жүргізу керек. Керекті суреттермен фотосуреттер дайындап, мүмкіндік болса киноға да түсіріп алған жөн. Барлық деректер талқыланып, оларды таблицаға, график, диаграмма түсіру керек. Кейбір мәліметтерді статистикалық әдіспен есептеген дұрыс.

Қурстық жұмысты орындау барысында, студент паразитологиялық коллекция жинап, дайындайды. Коллекцияға тоғышарлармен зақымдалған малдың іш-құрылысы, тоғышар құрттар (гельминттер), кенелер, насекомдар, қан жағындысы бауыр етінен алынған бөлшек, бездер жатады. Тоғышарлармен зақымдалған малдың іш-құрылысын бұзылмас үшін, 5-10 %-тік формалин ерітіндісінде, ал құрттарды-Барбагал сұйығында /натрий хлориды-9 г, сауда формалині -40 %-30 мл, дистиляндырылған немесе қайнатылған су-99 мл/, кенелер мен насекомдарды 70◦ этанолда (шарап спирті) сақтау керек. Малщдың жаңа бөлінген немесе әдейлеп алынған тезегін 25 %-тік формалинде немесе 2 %-тік калий бихроматында сақтайды. Жағынды мен органдардан алынған таңбаны зат шынысына метанолмен немесе этанолмен бекітеді. Паразитологиялық коллекция, жаңа тоғышарларға қарсы арналған дәрілердің үлгісі, қысқаша сипаттамасымен кафедраға тапсырылып, курстық жұмысты бітіріп, қорғаған уақытта, жетекші мұғаліммен есепке алынады.

6 Курстық жұмысты дайындау және оның жоспары

Курстық жұмыстың жоспары

1. Кіріспе

2. Әдебиеттерге шолу

3. Өзіндік зерттеулер

3.1 Шаруашылықтың сипаттамасы

3.2 Шаруашылықта жүргізілген гельминтологиялық, арахнологиялық, энтомологиялық немесе протозоологиялық зерттелердің нәтижелері

4 Қорытынды және тәжірибелік ұсыныс

5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

6. Қосымшалар.


Курстық жұмыстың алғашқы бетінің (титулдық) қосымшада көрсетілген Қосымша А). Курстық жұмыстың мазмұнымен оны жазу жөніндегі түсініктеме төменде берілген. Қолжазбаның көлемі компьютермен тергенде 15-20 бетінен кем болуға тиіс емес. Шрифт-14, интервал-1.
I. Кіріспе. Кіріспеде (I-2 бет) студент курстық жұмыстың тақырыбына байланысты мал шаруашылығының халық шаруашылығындағы маңызын көрсетеді. Мал шаруашылығының жұмыс жүргізген саласының негізгі мақсатын келтіреді. Бұл саланың алдына қойылған мақсаттарын ойдағыдай орындауы үшін ерекше көңіл аударарлық мәселелерге, яғни дер кезінде ауруды ажырата білу, емдеу және аурудан алдын ала сақтандыру шараларына тоқталады.

Ғылыми деректерге сүйеніп, тақырыпқа байланысты зерттелген паразитоз ауруының келтіретін шығынның натуральді және ақшалай құны көрсетіледі.


2. Әдебиеттерге шолуда /3-4бет/ зерттелген ауру жөнінде қысқаша мағлұматтар беріледі, яғни клинико - паразитологиялық сипаттама, ауру қоздырушысы, биологиясы жөнінде, олардың иелері туралы: дефинативтік (немесе негізгі), аралық ие, қосымша иелері, тоғышардың таралуы жөніндегі деректер.

Ауруды ажырату, емдеу, алдын ала сақтандыру тәсілдеріне, олардың жетістіктері мен кемшіліктеріне шолуда сын көзбен қарап, баға беру керек.


3 Өзіндік зерттеулер

3.I Шаруашылықтың сипаттамасында /2-3бет/ студент оның негізгі өндірістік бағытын, мал шаруашылығының негізгі саласның жағдайын, малдың санын, мал бағу, өсіру технологиясымен өнімділігін,зоотехникалық–малдәрігерлік жұмыстың барысында байқалған кемшіліктерді көрсету керек.

3.2 Шаруашылықта жүргізілген гельминтологиялық, арахнологиялық, энтомологиялық немесе протозоологиялық зерттелердің нәтижелері. Студент шаруашылықта тақырыбына сай гельминтологиялық, арахнологиялық, энтомологиялық немесе протозоологиялық зерттелер жүргізіп, нәтижелерін жинақтап, талдайды.

Малдәрігерлік есептілік мәліметтерін пайдалана отырып және өзінің зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, шаруашылықта /ауданда/ белгілі бір мал түлігінің әртүрлі жыныс және жас тобында аурудың таралуын анықтау керек. Алынған бірнеше жылғы деректердің /5-10/, жыл маусымдарындағы немесе ай сайынғы өзгерістерін анықтап, олардан кесте, график, диаграмма дайындау қажет. Аурудың келтірген зиян түрлерін анықтап, оны есептеу керек.

Шаруашылықта жүргізіліп жатқан емдеу және аурудан алдын ала сақтандыру шаралары толық көрсетіліп жазылады. Өзі де дәрілер қолданып, тиімділігін анықтайды. Пайдаланған дәрі-дәрмекке толық сипаттама беріліп, оларды қолдану әдістері мен алынған нәтиже көрсетіледі.

Жүргізілген шаралардың тиімділігі есептеліп баға беріледі.

Студенттің өзінің жүргізген зерттеулері – курстық жұмыстың негізгі бөлігі. Оның көлемі қолжазбаның 8-10 бетін қамтуға тиіс.

Алынған деректерді талдай отырып, студент өзі қойған диагноздың, жүргізген ем және алдын ала сақтандыру шараларының дұрыстығын дәлелдеуге тиіс. Өзінің зерттеп, бақылап анықтаған деректерінің нәтижесін ғылыми әдебиеттердегі мағлұматтармен салыстыру қажет.


4. Қорытынды және тәжірибелік ұсыныс. Қорытындыны өзінің негізгі зерттеу жұмысынан алынған мәліметтерден шығару керек. Нақтылы сол шаруашылықта қолдануға ұсыныс жасалуы тиіс. Ғылыми соңғы деректермен алғы тәжірибенің жетістіктерін пайдаланып, өз зерттеулерінің нәтижесіне сүйеніп, шаруашылықты аурудан тазарту шараларының жоспарын жасау керек. Онда мына мәселелер көрсетілуі тиіс: жүргізілетін шаралардың тізімі, орындау мерзімі, жауапты адамдармен орындаушылар, шаралардың орындалуы жөніндегі белгі /мәлімет/.
5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі. Пайдаланған әдебиеттер тізіміне тек курстық жұмыста қолданылған әдебиеттер енгізіледі. Тізімді қолданылу реті бойынша жасау керек.

Тізімде ең алдымен автордың фамилиясы мен аты, әкесінің аты, содан соң мақаланың жарияланған журнал немесе ғылыми еңбек жинағының аты, жылы, журналдың нөмірі, беті көрсетіледі. Егер кітаптағы мақала пайдаланса онда автордың /авторлардың/ аты-жөні, кітаптың аты, шығарылған жерімен баспахананың аты, шыққан жылы көрсетіледі.




  1. Қосымшалар. Бұл бөлімде студент тақырыпқа байланысты қосымша материалдар тіркейді. Ол фотосуреттер, дәрілердің нұсқаулықтары, ветеринариялық құжаттардың көшірмелері және тағы басқа курстық жұмыс материалдарына қосымша және оның мазмұнын ашатын материалдар болуы тиіс.



7 Әдебиеттер

1 Сабаншиев М.С. және т.б. Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары – Алматы, 2003. - 460б.

2. Есімбеков. Ж,М, Арахноэнтомология. Новосибирск. 2002. 159 б.

3. Искаков.М.М. Ветеринарлық протозоология. Семей. 2007. 180 бет

4. Есімбеков Ж.М., Ысқақов М.М., Дүйсенбаев С.Т. Жануарлардың инвазиялық ауруларын анықтау практикумы. Алматы, 2000. – 150б.

5. Кадыров Н.Т. Паразитология и инвазионные болезни с-х животных. Астана, 2000. - 560с.

6. Ысқақов М.М., Ахметжанов О.Н., Сабаншиев М.С. Құс паразитоздары. (оқу құралы) Семей-2011. 168 б.

7. В.А.Поляков., У.Я. Узаков., г.А. Веселкин. Ветеринарная энтомология и арахнология. Москва. 1990. 239 стр.

8. Ыбраев Б.К. Етқоректілер мен терісі бағалы аңдардың инвазиялық аурулары. Астана, 2008.-138б.

9. Абуладзе К.И. Паразитология и инвазионные болезни с-х животных. М., Агропромиздат, 1990 г.

10. Абуладзе К.И. Паразитология и инвазионные болезней с-х животных. М., Колос, 1984. - 483с.

11. Акбаев М.Ш. Паразитология и инвазионные болезни. Москва, Колос – 1999 – 460с.

12. Искаков. М.М. Эймериозы сельхозяйственных животных. Алматы. 2006 г. 230 с.

13. Искаков М.М. Үсенова Л.М. Қазақстанның шығысында шошқа эймериозын анықтау, емдеу және алдын алу шаралары жөніндегі ұсыныстар. Семей. 2011 жыл.

14. Искаков М.М., Есенгулова .Н.Ж. Эймериоз кур. Алматы. 206 г. 86 бет

15. Шабдарбаева Г.С. Ветеринариялық гельминтология. Алматы, 2007. – 194б.

16. Ысқақов М.М., Ахметжанов О.Н., Сабаншиев М.С. Құс паразитоздары. (оқу құралы) Семей-2011. 168 б.

17. Ыбраев Б.К. Гельминтоздарды балаудың негізгі әдістері. Астана, 2008.-52б.



8 Қосымшалар
Қосымша А.

Курстық жұмыстың алғашқы (титулдық) бетінің үлгісі.


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультет

«Ветеринариялық медицина» кафедрасы


Курстық жұмыс тақырыбы:

Орындаған: аты – жөні

Мамандығы, тобы
Тексерген:

Семей,


2013 ж


Қосымша Б

Курстық жұмыстың ұсынылатын тақырыптары.
1. Жылқының инвазиялық аурулары

I. I. Қазақстанның шығысындағы шаруашылықтарда жылқының оксиуроз ауруының таралуы және оған қарсы кейбір антигельминтиктердің тиімділігі.

I.2. Қазақстанның шығысындағы шаруашылықтарда жылқының параскаридоз ауруын таралуын зерттеу және оны емдеу нәтижелері.

I.3. Қазақстанның шығысындағы шаруашылықтарда жылқының гастрофилезіне қарсы қолданылатын кейбір дәрілердің тиімділігін анықтау.

I.4. Жылқының онхоцеркоз ауруы және емдеу әдістерін салыстырып бағалау.

I.5. Жылқының стронгилятоздары (деляфондиоз, альфортиоз) ауруы, ажырату және оған қарсы антигельминтиктердің тиімділігін анықтау.

I.6. Жылқының аноплоцефалидозы және оған қарсы ветеринариялық шаралардың тиімділігі.

I.7. Жылқының пираплазмидоз ауруы және оған қарсы ветеринариялық шаралар.


2. Түйенің инвазиялық аурулары

2.I.Қазақстанның шығысындағы шаруашылықтарда таралған түйенің гельминтоздары және оларға қарсы күрес шаралары.

2.2. Қазақстанның шығысындағы шаруашылықтарда таралған түйенің ларвальдық цестодоздары және оларға қарсы ветеринариялық – санитариялық шараларды ұйымдастыру нәтижелері.

2.3. Түйенің саркоптозының /сифункулятозының/ таралуы мен оған қарсы ветеринариялық шаралардың тиімділігі

2.4.Түйенің цефалопиноз ауруын анықтау және оған қарсы ветеринариялық шараларды жүргізу нәтижелері.

2.5. Түйенің су - ауруы және сақтандыру шаралары.


3. Мүйізді ірі қара малының инвазиялық аурулары

3.1. Қазақстанның шығысындағы шаруашылықтарда мүйізді ірі қараның фасциолезының таралуы және оған қарсы ветеринариялық шаралардың тиімділігі.

3.2. Қазақстанның шығысындағы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара малының мониезиозының таралуы және оған қарсы ветеринариялық шаралардың тиімділігі.

3.3. Қазақстанның шығысында мүйізді ірі қара малының эхинококкозының таралуы және оған қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралардың тиімділігі.

3.4. Қазақстанның шығысындағы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара малының стронгилятоздарының таралуы және оған қарсы ветеринариялық - санитариялық шаралардың тиімділігі.

3.5. Қазақстанның шығысындағы шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара малының телязиоз ауруының таралуы және оған қарсы ветеринариялық шаралардың тиімділігі.

3.6. Мүйізді ірі қараның эймериозы және оны әртүрлі әдістермен емдеудің тиімділігін анықтау.

3.7. Мүйізді ірі қараның пироплазмидоз ауруы және оған қарсы ветеринариялық шаралар.

3.8. Мүйізді ірі қараның псороптозын анықтау, емдеу және алдын алу шаралары.

3.9. Мүйізді ірі қараға зиянды жайылым кенелері және оларға қарсы акарацидтарды қолдану нәтижелері.

3.10. Мүйізді ірі қарада сифункулятозының таралуы мен емдеу және оған қарсы шаралар.

3.11.Мүйізді ірі қараның гиподерматозы және оған қарсы ветеринариялық шаралардың тиімділігі.

3.12. Мүйізді ірі қараға зиянды қансорғыш қос қанатты жәндіктер және оларға қарсы ветеринариялық шаралардың тиімділігі.

3.13. Мүйізді ірі қараға зиянды зоофильді шыбындар және оларға қарсы ветеринариялық шаралардың тиімділігі.


4. Қой мен ешкінің инвазиялық аурулары

4.1. Қазақстанның шығысындағы шаруашылықтарда қойдың (ешікінің) фасциолезінің таралуы және оған қарсы ветеринариялық шаралардың тиімділігі.

4.2. Қазақстанның шығысындағы шаруашылықтарда қойдың (ешікінің) дикроцелезынің таралуы және ветеринариялық шаралардың тиімділігі.

4.3. Қазақстанның шығысындағы шаруашылықтарда қойдың (ешікінің) ценуроз (айналма) ауруының таралуы және оған қарсы ветеринариялық шаралардың тиімділігі.

4.5. Қазақстанның шығысындағы шаруашылықтарда қойдың (ешікінің) эхиноккоз ауруының таралуы және оған қарсы ветернинариялық - санитариялық шаралардың тиімділігі.

4.4. Қазақстанның шығысындағы шаруашылықтарда қойдың (ешікінің) мониезиозының / тизанезы, авителлиниозы/ эпизоотологиясы және оған қарсы ветеринариялық шаралардың тиімділігі.

4.5.Қойдың гемонхозының /нематодирозының/ таралуы және оған қарсы ветеринариялық шаралардың тиімділігі.

4.6.Қойдың диктиокаулезының /протостронгилезының/ эпизоотологиясы мен ветеринариялық шаралардың тиімділігі.

4.7.Қойдың вольфартиозы, оған қарсы ветеринариялық шаралардың тиімділігі.

4.8.Қойдың маллофагозы / сифункулятозы, триходектиозы/ және оған қарсы ветеринариялық шаралардың тиімділігі.

4.9. Қазақстанның шығысындағы шаруашылықтарда қойдың псороптозының таралуы және оған қарсы шаралардың тиімділігі

4.10. Қой қорасы кенесі, оған қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар.


5 Шошқаның инвазиялық аурулары

5.1. Қазақстанның шығысында ошқаның цистицеркозының таралуы және оған қарсы ветеринариялық - санитариялық шаралардың тиімділігі.

5.2. Қазақстанның шығысындағы шаруашылықтарда шошқаның аскаридозының таралуы және оған қарсы шаралардың тиімділігі.

5.3. Шошқаның трихоцефалез ауруы және оған қарсы ветеринариялық шаралардың тиімділігі.

5.4. Шошқаның эймериозын анықтау және емдеу нәтижелері.

5.5. Шошқаның саркоптозы және оған қарсы ветеринариялық шаралардың тиімділігі.


6 Иттердің инвазиялық аурулары

6.1.Иттердің токсакарозын / токсаскаридиозын/ анықтау, оның таралуы мен емдеу нәтижелері.

6.2.Иттердің цестодоздарының (тениоз, мультицептоз, эхинококкоз, альвеококкоз) таралуы және ветеринариялық – санитариялық шаралардың тиімділігі.

6.3.Иттердің ктеноцефалезы /бүргесі/ және оларға қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралардың тиімділігі.

6.4.Иттердің саркоптоздары (отодектоз, демодектоз), таралуы және оны емдеу нәтижелері.
7 Құстардың инвазиялық аурулары

7.1. Тауық аскаридиозының таралуы және оған қарсы ветеринариялық - санитариялық шаралардың тиімділігі.

7.2. Құстардың гетаракидоз ауруларының таралуы және күрес шаралары.

7.3.Тауықтың эймериозы және оған қарсы ветеринариялық санитариялық шаралардың тиімділігі.

7.4. Құс қорасындағы аргас кенелеріне қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралардың тиімділігі.

7.5.Тауықтың кнемидокоптоз ауруын анықтау және емдеу нәтижелері.



7.6. Құстардың маллофагоздары және оларға қарсы ветеринариялық шаралардың тиімділігі.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет