Ақылбеков Ә. Т. Кривобоков В. П. Даулетбекова А. К. Радиациялық және плазмалық технологиялар Орысша-қазақша терминология анықтамалығы астана-2012 +544 (038) ббк 24. 5 Я 2 а 38



бет11/54
Дата09.06.2016
өлшемі5.14 Mb.
#125080
түріСправочник
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54

Коэффицие́нт

Coefficient, factor

Критерий пропорциональности, знак, употребляемый для обозначения зависимости одной физической величины от другой.




Коэффициент

Coefficient, factor



Бір физикалық шаманың басқа физикалық шамаға тәуелділігін белгілеуге қолданылатын пропорционалдық критерий, белгі.

коэффициент адсорбции / adsorption coefficient — коэффициент пропорциональности адсорбции, зависимости степени заполнения поверхности адсорбированными молекулами, от давления адсорбента.

адсорбция коэффициенті / adsorption coefficient — беттің адсорбцияланған молекулалармен толығу дәрежесінің адсорбент қысымына тәуелділігін сипаттайтын адсорбцияның пропорционалдық коэффициенті.

коэффициент аккомодации энергии / accommodation coefficient— применительно к технологиям обработки поверхности твёрдых тел пучками заряженных частиц, потоками плазмы, нейтральных атомов (или молекул) – это отношение потока энергии, переносимой пучком заряженных частиц потоком плазмы, струёй газа после контакта с твёрдофазной поверхностью теплообмена (например, со стенкой канала, по которому они движутся) к потоку энергии, падающему на поверхность теплообмена.

энергия аккомодациясының коэффициенті / accommodation coefficient— қатты дененің бетін зарядталған бөлшек шоқтарымен, плазманың ағынымен, бейтарап атомдармен (немесе молекулалар) өңдеу технологиясына қатысты қолданылады – ол қатты фазалы жылу алмасу бетімен әсерлескеннен соң плазма ағынының, газ ағысының, зарядталған бөлшектер шоғының алып кететін энергия ағынының жылуалмасу бетіне түсіп жатқан энергия ағынына қатынасы.

коэффициент воспроизводства / breeding ratio — отношение числа ядер образовавшегося топлива к числу ядер выгоревшего делящегося топлива. Реакторы на быстрых нейтронах характеризуются расширенным воспроизводством вторичного ядерного топлива, т.е. в них накапливается ядерного топлива больше, чем расходуется.

қайта өндіру коэффициенті / breeding ratio — пайда болған отын ядросы санының жанып кеткен ыдыраушы отын ядросының санына қатынасы. Шапшаң нейтрондағы реакторлар екінші ретті ядролық отындарды қайта өндіруінің жоғарылығымен сипатталады, яғни онда ядролық отынның шығынына қарағанда жинақталуы көп болады.

коэффициент вторичной электронной эмиссии/ secondary yield, yield — отношение тока вторичных электронов к току первичных.

екінші реттік электрондық эмиссияның коэффициенті / secondary yield, yield — екінші реттік электрондар тогының бірінші реттік электрондар тогына қатынасы.

коэффициент деформации / strain coefficient — показатель, характеризующий относительное изменение основных геометрических размеров обрабатываемого материала (длины, ширины, высоты) при деформировании.

деформация коэффициенті / strain coefficient — деформациялау кезінде өңделуші материалда пайда болатын негізгі геометриялық өлшемдерінің (ұзындығы, ені, биіктігі) салыстырмалы өзгерісін көрсететін шама.

коэффициент диффузии / diffusion conefficient, diffusion constant — 1) мера подвижности диффузанта, отношение квадрата средней длины перемещения частиц в про­цессе диффузии к её продолжительности. 2) Коэффициент пропорциональности между плотностью потока диффундирующих частиц и градиентом химического потенциала (градиентами концентрации диффузанта, температуры – для термодиффузии, давления – для бародиффузии и т.д.).

диффузия коэффициенті / diffusion conefficient, diffusion constant — 1) диффузант қозғалғыштығының шамасы, диффузия процесінде бөлшектердің орын ауыстыруының орташа ұзындығы квадратының диффузия ұзақтығына қатынасы. 2) Диффузияланушы бөлшектер ағыны тығыздығы мен химиялық потенциал градиенті (диффузант концентрациясы градиенті, термодиффузия үшін – температура, бародиффузия үшін – қысым және т.б.) арасындағы пропорционалдық коэффициент.

коэффициент излучения / emittance, emessivity, radiation coefficient — (1) отношение яркости излучения рассматриваемого тела к яркости излучения абсолютно чёрного тела при одинаковой температуре; (2) отношение количества энергии или энергетически эффективных частиц, излучаемых с единицы площади поверхности, к количеству частиц, излучаемому с единицы площади идеального эмиттера при тех же условиях.

сәулелену коэффициенті / emittance, emessivity, radiation coefficient — (1) бірдей температурада қарастырылып отырған дененің сәулелену жарықталуының абсолют қара дененің сәулелену жарықтығына қатынасы; (2) беттің бірлік ауданынан сәулеленетін энергия немесе энергиялы эффективті бөлшектер мөлшерінің идеал эмиттер бетінің бірлік ауданынан сәулеленетін бөлшектер мөлшеріне қатынасы.

коэффициент использования материала при напылении / average deposit efficiency коэффициент, выражаемый отношением массы напылённого материала к массе напыляемого материала.

тозаңдандыру кезінде материалды пайдалану коэффициенті / average deposit efficiency — тозаңдаушы материал массасының тозаңдалушы материал массасына қатынасымен өрнектелетін коэффициент.

коэффициент качества излучения / irradiation danger factor — коэффициент, показывающий во сколько раз радиационная опасность в случае хронического облучения человека для данного вида излучения выше, чем в случае рентгеновского излучения при одинаковой поглощённой дозе.

сәулелену сапасының коэффициенті / irradiation danger factor — адамның берілген сәуле түрімен хроникалық сәулеленуі кезіндегі радиациялық қауіптің жұтылу дозасы дәл сондай рентген сәулесімен сәулеленген кездегіден неше есе жоғары екендігін көрсететін коэффициент.

коэффициент конденсации / condensing coefficient — отношение количества молекул (атомов), осевших на поверхности твёрдого тела, к их количеству, упавшему на эту поверхность за этот-же промежуток времени.

конденсация коэффициенті / condensing coefficient — қатты дене бетіне тұнған молекулалар (атомдар) мөлшерінің осы уақыт ішінде бетке түскен молекулалар (атомдар) мөлшеріне қатынасы.

коэффициент обогащения / enrichment factor, ratio of enrichment – критерий эффективности обогащения, учитывающий селективность разделения.

байыту коэффициенті / enrichment factor, ratio of enrichment – бөліну таңдаулылығын есепке алушы байыту тиімділігінің критериі.

коэффициент отражения / reflection coefficient, reflection factor, reflection index, radiant reflectance, reflectance, reflectivity — отношение потока излучения, отраженного телом, к упавшему на него потоку излучения. Иногда (например, для радио-волн) пользуются понятием амплитудного коэффициента отражения — отношения амплитуд отраженной и падающей волн. В общем случае коэффициент отражения есть сумма коэффициента зеркального и диффузного отражения.

См. также альбедо.



шағылу коэффициенті / reflection coefficient, reflection factor, reflection index, radiant reflectance, reflectance, reflectivity — дене шағылдырған сәулелену ағынының, денеге түскен сәулелену ағынына қатынасы. Кейде (мысалы, радиотолқындар үшін) амплитудалық шағылу коэффициенті, шағылған және түскен толқындар амплитудаларының қатынасы, түсінігі қолданылады. Жалпы жағдайда, шағылу коэффициенті айналық және диффуздық шағылу коэффициенттерінің қосындысы.

Сонымен қ.қараңыз: альбедо.



коэффициент отражения частиц дифференциальный / differential particle reflection coefficient отношение потока частиц в узком диапазоне энергии, отражённых от поверхности, к потоку, упавшему на неё, пронормированное на величину рассматриваемого диапазона энергии.

бөлшектер шағылуының дифференциалды коэффициенті / differential particle reflection coefficient қарастырылып отырған энергия диапозонына нормалданған, энергияның енсіз (тар) диапозонында беттен шағылған бөлшектер ағынының сол бетке түскен ағынға қатынасы.

коэффициент отражения частиц интегральный / integral particle reflection coefficient отношение потока частиц, отражённых от поверхности, к потоку, упавшему на неё, во всём рассматриваемом диапазоне их энергий.

бөлшектер шағылуының интегралды коэффициенті / integral particle reflection coefficient қарастырылып отырған барлық энергиялар диапазонындағы беттен шағылған бөлшектер ағынының, бетке түскен ағынға қатынасы.

коэффициент отражения энергии дифференциальный / differential energy reflection coefficient отношение потока энергии, переносимого частицами, отражён-ными от поверхности, к потоку энергии, переносимому частицами, упавшими на неё, пронормированное на величину рассматри-ваемого диапазона энергий.

энергия шағылуының дифференциалды коэффициенті / differential energy reflection coefficient қарастырылып отырған энергия диапозонының шамасына нормалданған, беттен шағылған бөлшектермен тасымалданатын энергия ағынының бетке түскен бөлшектермен тасымалданатын энергия ағынына қатынасы.

коэффициент отражения энергии интегральный / integral energy reflection coefficient отношение потока энергии, переносимого частицами, отражёнными от поверхности, к потоку энергии, переносим-ому частицами, упавшими на неё, во всём рассматриваемом диапазоне их энергии.

энергия шағылуының интегралды коэффициенті / integral energy reflection coefficient беттен шағылған бөлшектермен тасымалданатын энергия ағынының қарас-тырылып отырған энергияларының барлық диапозонындағы бетке түскен бөлшектермен тасымалданатын энергия ағынына қатынасы.

коэффициент переноса числа ионов / ion transfer coefficient, ion transfer factor — показатель доли тока, переносимой через электролит ионами данного рода.

ион санының тасымалдану коэффициенті / ion transfer coefficient, ion transfer factor — электролит иондардың берілген түрімен тасымалданатын ток үлесінің көрсеткіші.

коэффициент поглощения / absorptance, absorption ratio, coefficient of absorption — отношение потока излучения, поглощенного данным телом, к потоку излучения, упавшему на это тело; если же диапозон частот падающего света узок, то говорят о монохроматическом коэффициенте поглощения или способности тела поглощательной.

жұту коэффициенті / absorptance, absorption ratio, coefficient of absorption — берілген дененің жұтқан сәуле ағынының осы денеге түскен сәуле ағынына қатынасы; егер де түсетін жарық жиілігінің диапозоны енсіз болса, онда жұтудың монохроматты коэффициенті немесе дененің жұту қабілеті жайында айтылады.

коэффициент прилипания / adhesion coefficient — отношение потока адсорбции к падающему потоку молекул.

жабысу коэфициенті / adhesion coefficient — адсорбция ағынының түскен молекулалар ағынына қатынасы.

коэффициент Пуассона / Poisson`s ratio — абсолютная величина отношения поперечной деформации к соответствующей продольной деформации в условиях равномерно распределенного осевого напряжения ниже предела пропорциональности материала.

Пуассон коэффициенті / Poisson`s ratio — материалдың пропорционалдық шегінен төмен осьтік кернеудің біркелкі таралуы шартындағы көлденең деформацияның оған сәйкес келетін бойлық деформацияға қатынасының абсолют шамасы.

коэффициент распыления / spattering coefficient — отношение количества атомов или молекул, покинувших поверхность в результате распыления, к количеству частиц, вызвавших этот процесс.

тозаңдату коэффициенті / spattering coefficient — тозаңдату кезінде бетті тастап кеткен атомдар және молекулалар мөлшерінің осы процесті тудырған бөлшектер мөлшеріне қатынасына тең.

коэффициент рассеяния / scattering coefficient — величина, обратная расстоя-нию, на котором поток излучения из-за рассеяния в веществе ослабляется в е раз.

шашырау коэффициенті / scattering coefficient — заттағы шашырау нәтижесінде сәуле ағыны е есе азаятын қашықтыққа кері шама.

коэффициент самораспыления / self-scattering coefficient — отношение количества атомов или молекул, покинувших поверхность в результате распыления, к количеству частиц, вызвавших этот процесс при условии, состав пучка распыляющих частиц совпадает с составом распыляемой мишени.

өздігінен тозаңдату коэффициенті / self-scattering coefficient — тозаңдатушы бөлшектер ағынының құрамы тозаңдатылушы нысана құрамымен сәйкес келген жағдайдағы тозаңдату нәтижесінде бетті тастап кеткен бөлшектер мөлшерінің осы процесті тудырған бөлшектер мөлшеріне қатынасы.

коэффициент температуропроводно­сти / thermal diffusivity характеристика скоро­сти изменения температуры вещества в нестационарных тепловых процессах, равная отношению коэффициента теплопроводности к произведению плотности вещества на его удельную изобарную теплоёмкость.

температураөткізгіштік коэффициенті / thermal diffusivity жылуөткізгіштік коэффициентінің зат тығыздығының оның меншікті изобаралық жылусыйымдылығына көбейтіндісінің қатынасына тең, тұрақсыз жылулық процесс кезіндегі заттардағы температура өзгерісі жылдамдығының сипаттамасы.

коэффициент теплопроводности / coefficient of heat conductivity , coefficient of thermal conductivity — коэффициент пропорциональ­ности между плотностью теплового потока и вызвавшим его градиентом температуры в веществе.

жылуөткізгіштік коэффициенті / coefficient of heat conductivity , coefficient of thermal conductivity — жылулық ағын тығыздығы мен оны тудырған заттағы температура градиенті аралығындағы пропорционалдық коэффициент.

коэффициент транспортиро́вки ио́нов / ion transport coefficient — отношение числа выходящих из масс-спектрометра ионов к общему числу ионов соответствующего элемента, покидающих поверхность тела.

иондарды тасымалдаудың коэффициенті / ion transport coefficient — масс-спектрометрден шығатын иондар санының соған сәйкес келетін элементтегі дененің бетін тастап шығатын иондардың жалпы санына қатынасына тең.

коэффициент трения / friction factor — отношение силы трения к силе нормального давления, напр., при прокатке, волочении, прессовании и др. видах обработки металлов.

үйкеліс коэффициенті / friction factor — үйкеліс күшінің мысалы, металдарды өңдеудің тығыздау, сүйреу, сырғанату сияқты және т.б. түрлерінде нормал қысым күшіне қатынасына тең.

коэффициент элементной чувствитель-ности / element sensitivity factor — вероятность определения данного элемента диагностической аппаратурой (детектором) при его достоверном наличии в пробе.

элементті сезгіштік коэффициенті / element sensitivity factor — берілген элементті оның сынамада болуын диагностикалық аппаратпен (детектормен) анықтаудың ықтималдылығы.


Кратерообразова́ние

Crater-formation

Эффект образования кратеров на поверхности твёрдого тела под действием мощных импульсных пучков заряженных частиц. Механизмы их образования исследованы пока недостаточно.



Кратердің түзілуі

Crater-formation

Зарядталған бөлшектердің күшті импульсті шоқтары әсерінен қатты дененің бетінде кратерлердің пайда болуы. Олардың пайда болу механизмі әлі толық зерттелмеген.



Кратность вырождения состояния

Degeneracy order

Число состояний атома (иона), обладающих данной энергией



Төмендеу күйінің еселігі

Degeneracy order

Берілген энергияға ие атом (ионның) күйінің саны



Кратность ионизации

Ionization ratio, degree of ionization

Абсолютное значение отношения электри-ческого заряда иона к заряду электрона (число элементарных зарядов в ионе).



Иондалу еселігі

Ionization ratio, degree of ionization

Ионның электр зарядының электрон зарядына (иондағы элементарлы зарядтар саны) қатынасының абсолют мәні.



Краудион

Crowdion (от англ. Crowd – тесниться, толпиться)

Радиационный дефект кристаллической решетки, представляющий собой одномерное сгущение в расположении атомов или ионов в кристалле, образуемое атомом междоузельным (см. ст. атом), когда в определенном кристалло-графическом направлении, например на длине в несколько межатомных расстояний, располагается один лишний собственный атом или ион.



Краудион

Crowdion (от англ. Crowd – тесниться, толпиться)

Белгілі бір кристаллографиялық бағытта, мысалы бірнеше атомаралық арақашықтықтар ұзындығында бір ғана артық меншікті атом немесе ион орналасқандағы, түйінаралық атом жасайтын, кристалдағы атомдар немесе иондардың орналасуындағы бірөлшемді қойылту болып келетін кристалдық тордың радиациялық ақауы.



Кристалл (криста́ллы)

Crystal (от греч. krystallos, первоначальное значение — лед)

Твердые тела, обладающие трехмерной периодической атомной структурой, дальним порядком в расположении атомов, и при равновесных условиях образования имеющие естественную форму правильных симметричных многогранников.



Кристалл (кристалдар)

Crystal (гр. krystallos, бастапқы мағынасы — мұз)



Үш өлшемді периодты атомдық құрылымға, атомдардың орналасуындағы қашық реттілікке, және де тепе-теңдік жағдайларында түзілгенде дұрыс симметриялық көпжақтардың табиғи формасына ие қатты денелер.

квазикристалл / quasicrystal — твердое тело, состоящее из атомов, которые не образуют кристаллической решетки, но тем не менее обладают дальним координа-ционным порядком, проявляющимся в способности когерентно рассеивать падаю-щее излучение.

квазикристалл / quasicrystal — кристал торын құрамайтын атомдардан тұратын, бірақ түскен сәулені когерентті шашырату қабілетінен байқалатын алыс координациялық реттілікке ие қатты дене.


кристаллы двуосные / diaxonic crystal — кристаллы, в которых происходит двойное лучепреломление при всех направлениях падающего на них луча света, кроме двух направлений (каждое из них называют оптической осью кристалла).

екі өсті кристалдар / diaxonic crystal — түсіп жатқан жарық сәулесінің тек екі бағытынан (олардың әрқайсысын кристалдың оптикалық осі деп атайды) басқа барлық бағытында сәуленің қосарынан сынуы байқалатын кристалдар.

кристалл идеальный / perfect crystal — физическая модель, представляющая собой бесконечный монокристалл, не содержащий примесей или структурных дефектов (вакансий, межузельных атомов, дислокаций и др.).

идеал кристалл / perfect crystal — құрамында қоспасы және құрылымдық ақаулары (вакансия, түйінаралық атомдар, дислокация және т.б.) жоқ шексіз монокристал болып табылатын физикалық модель.

кристаллы ионные / ionic crystal — кристаллы с ионным (электростатическим) характером связи между атомами; могут состоять как из одноатомных, так и многоатомных ионов.

иондық кристалдар / ionic crystal — атомаралық байланысы иондық (электростатикалық) сипаттағы кристалдар; олар бір атомды, немесе көп атомды иондардан тұруы мүмкін.

кристаллы молекулярные / molecular crystal — кристаллы, образованные из молекул, связанных друг с другом слабыми ван-дер-ваальсовскими силами или водородной связью.

молекулалық кристалдар / molecular crystal — бір-бірімен әлсіз ван-дер-ваальс күштерімен немесе сутектік байланыстармен байланысқан молекулалардан тұратын кристалдар.

кристаллы нитевидные / whisker, filamentary crystal — моно­кристалл, размеры которого в одном направлении во много раз больше, чем в остальных.

жіп тәрізді кристалдар / whisker, filamentary crystal — бір бағыттағы өлшемдері басқа бағыттарға қарағанда әлдеқайда үлкен болатын монокристалдар.

кристаллы положительные / positive crystal — одноосные кристаллы, в которых скорость распространения обыкновенного луча света больше, чем скорость распространения необыкновенного луча.

оң кристалдар / positive crystal — ондағы кәдімгі жарық сәулесінің таралу жылдамдығы өзгеше жарық сәулесінің таралу жылдамдығына қарағанда үлкен болып келетін бір ості кристалдар.

паракристалл / paracrystal — молекуляр-ный кристалл с перемежающимися  кристаллическими и аморфными областями.

паракристалл / paracrystal — араласа орналасқан кристалдық және аморфтық облыстары бар молекулалық кристалл.

поликристалл / polycrystal — агрегат мелких кристаллов какого-либо вещества, иногда называемых из-за неправильной формы кристаллитами или кристалли-ческими зернами. Многие материалы естес-твенного и искусственного происхождения (минералы, металлы, сплавы, керамики и т.д.) являются поликристаллами.

См. также решётка кристаллическая.



поликристалл / polycrystal — кейде дұрыс емес формасы үшін кристалиттер немесе кристалдық дәндер деп аталатын, қандай да бір заттың ұсақ кристалдарының агрегаты. Көптеген табиғи және жасанды материалдар (минералдар, металдар, қорытпалар, керамикалар және т.б.) поликристалдар болып келеді.

Сонымен қ.қараңыз: кристалдық тор





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет