Ақынова жібек мұхтарқызы



Pdf көрінісі
бет28/66
Дата27.05.2024
өлшемі3.56 Mb.
#501911
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66
19042023 disser

«Пропптың сиқырлы карталары» арқылы өз бетінше ертегі құрастыруға 
үйрету технологиясы. Фольклорист В.Я.Пропп әлем халықтарының ертегілерін 
жан-жақты зерттеп, жүздеген сюжетті талдап, 31 тұрақты функцияны анықтады, 
оларсыз бірде-бір ертегі шығармасы орындай алмайды. Функция – әрекет 
барысы үшін маңыздылығы тұрғысынан анықталған кейіпкердің әрекеті. 
Олардың бәрі бірге ертегіде болуы шарт емес, кейде олардың реті бұзылады, 
бірақ ертегінің идеясы, мазмұнына әсер етпейді [152,с. 81]. 
Ертегілерді құрастыру бойынша жұмысты екі кезеңге бөлуге болады: 1-
кезең ертегінің функцияларымен тікелей танысу. Ертегіні былай бастауға 
болады: «орман алқабында кішкентай үйде ертегі кейіпкерлері өмір сүріпті. Олар 
өте тату-тәтті өмір сүріпті, бір-біріне ертегілер жазуға көмектеседі екен. Ал, 
қанеки, балалар, олармен танысайық!». Педагог функциялардың барлық 
суреттерін ала алмайды, бірақ ертегілерде жиі кездесетін іс-әрекеттерді ала 
алады. Мысалы: кейіпкердің үйден кетуі, тыйым салу, тыйым салуды бұзу, қиын 
тапсырма, сиқырлы құрал, көмек, кейіпкер қашады, күрес, жау жеңілді, бақытты 
аяқталды деген сияқты маңызды әрекеттерді алады. 
Оны өз ретімен орналастырады, одан кейін ертегіні оқып, айтып береді. 
Кейінірек балалардың өздері көрсетілген функцияны ауызша табады, 
функциялары бар карталарды ретімен орналастырады. Карталармен тәжірибе 
жинақтаған сайын балаларға келесі тапсырмаларды ұсынуға болады: 
- жаңа ғана оқыған ертегіден бұрыннан білетін «сиқырлы карталарды» 
табу; 
- таныс картаның жоқтығын өз бетінше анықтау
- карталарды жаңа ертегінің сюжетімен белгіленген тәртіпте көрсету; 
- жаңа ертегінің сюжеті бойынша карталарды орналастыруда қатені табу 
деген сияқты әр-түрлі тапсырмалар арқылы ертегіні аяқтауға болады. 
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлау кезінде ертегі мәтіндерінің 
материалы бойынша сөйлеуді бейнелі қалыптастыруға жаттығулар жүргізу 
арқылы ертегілер қабылдау процесін тереңдетеді, тілдік материалға назар 
аудартады, мәтінде қолданған сөз тіркесінің мағыналарын немесе сөздің ұқсас 
мағыналарын табады. Мысалы, жалмауыз кемпірді басқаша айтыңыз? Жауап-
мыстан кемпір.
2-кезеңде «сиқырлы карталар» көмегімен өз ертегілерін құрауға үйрету 
жүргізіледі. Балаларға 5-6 карта жиынтығы ұсынылады. Олар топпен бірге 
сиқырлы карталарды қолдану арқылы ертегіні ойлап таба алады. Топпен 


74 
құрастыру барысында бала досының әңгімесіндегі дәлсіздіктерді (сөйлеу, 
логикалық қателерді) байқайды, ол құрастыру кезінде мұқият болуға тырысады 
(суреттер 7,8). 
Сурет 7 – Пропптың «сиқырлы карталары» арқылы өз бетінше ертегі 
құрастыруға үйрету кезеңдері 
«Пропптың сиқырлы карталарының» көмегімен өз бетінше ертегі 
құрастыруға үйрету кезеңдерін өз алдына ерекше, тартымды етіп құруға 
талпынғаны байқалып, тәрбиеленушілер ертегінің қызметімен танысуға 
тырысады. Мысалы, тапсырма «қоян туралы» ертегі құрастыру берілді дейік. 
Балаға 5 карта ұсынылады: өмір сүру, тыйым салу, тыйым салуды бұзу, сиқырлы 
құрал, бақытты аяқталу (сурет 8). 
1. Өмір сүру
2. Тыйым салу 
3. Тыйым салуды бұзуы 
Сурет 8 – Пропп карталары, бет 1 
«Пропптың сиқырлы 
карталарының» 
көмегімен өз бетінше 
ертегі құрастыруға 
үйрету кезеңдері
Ертегінің қызметімен 
тікелей таныстыру
«Сиқырлы тірек 
карталары» арқылы 
балалар өз ертегілерін 
жазу, құрастыру


75 
4. Сиқырлы құрал
5. Бақыттың аяқталуы 
Сурет 8 – Пропп карталары, бет 2
Суреттерде көрсетілген карталарды педагог-тәрбиеші ретімен бере алады 
немесе оларды қалай орналастыру керектігі туралы ойлануды сұрайды. Немесе 
Мыстан кемпір мен жезтырнақ туралы ертегі құрастыру беріледі. Шарты: олар 
мейірімді, адамдарға көмектеседі. Қандай сиқырлы карта негізгі болады 
(«көмек»), қандай карталар ертегіні қызықтырақ, шытырман оқиғалар мен тосын 
сыйларға толы ете алады (тыйым салу, тыйым салуды бұзу, қиын тапсырма, 
бақытты аяқталу).
Педагог балаларға келесі ережелер ұсынылады: басты кейіпкер кім болады, 
кейіпкерге кім кедергі жасайды, оған қиын тапсырманы шешуге кім көмектеседі 
(сиқырлы көмекшілер, басқа кейіпкерлер), ертегінің атын ойлап табу, қалай 
аяқталады, ертегі сөздері мен сөз тіркестерін ойлап табу, басты және екінші 
кейіпкерлердің болуы, кездесулер, кейіпкерлердің әрекеттері, олардың 
моральдық сипаттамалары. Бұл әдіс арқылы балалардың сөздік қорын, 
коммуникативтік дағдыларын есту, тыңдау, көмектесу, сұрақты дұрыс қоя білуін 
және сұраққа жауап беруін қалыптастырады, сонымен қатар, ертегі құрастыру 
арқылы баланың қиялы, ойлау қабілеті дамиды.
«Каталог» әдісі арқылы ертегі құрастыру технологиясы. Бұл 
технологияны Берлин университетінің профессоры Э.Кунце 1932 жылы тапқан. 
Әдістің мәні кездейсоқ таңдалған құралдарын (кейіпкерлер, заттар, әрекеттер 
және т.б.) пайдалана отырып, ертегі мазмұнын байланыстыру негізінде ертегі 
мәтінін құру. Әдіс ертегі кейіпкерлерін, олардың іс-әрекеттерін ойлап табуда 
және болып жатқан оқиғаның орнын сипаттауда психологиялық инерция мен 
стереотиптерді жою үшін жасалған. Мақсаты: балаларды кездейсоқ таңдалған 
заттарды бір сюжеттік желіге біріктіруге үйрету, өзіндік мақсаты бар екі кейіпкер 
(жағымды және жағымсыз) болатын үлгі бойынша ертегі мәтінін құрастыру 
дағдысын қалыптастыру, осы мақсаттарға жетуге көмектесетін олардың 
достарын таңдау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет