Аитв және жүктілік



Дата05.07.2016
өлшемі33 Kb.
#179071
АИТВ және жүктілік
Бүгінгі күнге медицинаАИТВ –ның анадан балаға берілун болдырмау секілді көптеген жайттарды біледі. АИТВ-сі оң әйелдер осыны жұқтырмаған бала туа алады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша ешқандай араласуынсыз, АИТВН-нің анадан балаға берілуінің тәуекелдігі 20-45% құрайды. Алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде, осынау тәуекелді ең кем дегенде 2% дейін азайтуға болады.

Өзіңіздің балалы болуды тілеуіңіз, өзіңізді күтуіңіз, саналы түрде жүкті болуыңыз, босанғанға дейін көмекке дәрігерге уақытылы қаралуыңыз және АИТВ берілуінің алдын алуға белсенді қатысуыңыз, дені сау баланың бақытты анасы болуға мүмкіндік береді. АИТВ-жұқпасы алдына мейлінше осал әйелдер жыл өткен сайын АИТВ –мен өмір сүруді үйрену қажеттілігіне көбірек кезігуде. Олардың көпшілігі – 18-ден 30 ға дейінгі жастар. Бұл әйелдер үшін балалы болуға мейлінше қолайлы жас. Жыл өткен сайын шешесі АИТВ жұқтырған, дүниеге келген балалар көбейе түсуде. Балалы болуды не жүктілігін үзуді тек әйелдің өзі ғана шешеді. Ең алдымен, мұндай жағдайда, Сізге қосымша ақпарат, кеңес және ең жақын адамыңның қолдауы қажет етіледі.



АИТВ деген не? АИТВ – бұл адамның иммун тапшылығы вирусы. АИТВ ағзаны әртүрлі инфекциядан қорғайтын иммунды жүйені әлсіретеді. АИТВ иммун жүйесінің белгілі бір жасушасын (СД4-жасушасын) зақымдайды. СД4-жасушасы санының азаюы бойынша ауру сатысы жайлы пайымдайды. АИТВ –мен өмір сүретін адамдарды да АИТВ –оң деп атайды.

АИТВ қалай беріледі? Егер АИТВ жеткілікті мөлшері қанға енсе, жұқтырып алу мүмкін. АИТВ жұқтыру үшін өзіде оның жеткілікті мөлшері болатын ағзадағы сұйықтық бұл:

– қан,


- ұрық,

- қынаптық секрет,

- емшек сүті.

Сілекей, тер мен кіші дәректе жұқтыру үшін жеткілікті мөлшерде вирус болмайды. АИТВ салқын тию не тұмау сияқты, ауамен не зақымданбаған тері арқылы өте алмайды.



Жүктілікке дайындық. АИТВ –мен өмір сүріп жатқан көптеген әйелдер, әсіресе олар ана бақытын бастан кешпесе, балалы болуды қалайды. Жарық дүниеге әкелу және өз ұрпағын жалғастыру – әр әйелдің таңдауы мен құқығы. Ана болуды ұйғарған әр әйел, өзінің болашақ баласының өмірі мен денсаулығына өзі жауапкершілік артады. Әрине, өзіңізде ойлануға және өз серіктесіңізбен және/немесе АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша консультантпен талқылауға тура келетін мәселелер пайда болады.

ҚР-да 01.07.2012 жылға өсіңкі қорытындымен 18830 АИТВ жұқтырғандар тіркелген. Осылардың 2005 АИТВ жұқтырған жүкті әйел мен 2662 жүкті әйел, яғни жүктілігі екінші қайтара тіркелгені 657 әйел. 2012 жылдың 6 айында АИТВ жұқтырған 181 жүкті әйел мен 263 жүкті әйел тіркелген. Туған бала – 151. Өсіңкі қорытындымен барлығы 1498 баладан АИТВ-ға зертханалық теріс деректері болған және қадағалау мерзімінің аяқталуымен 978 бала диспансерлік есептен шығарылған. 80 балаға АИТВ-жұқпасы диагнозы қойылған.

Маңғыстау облысы бойынша өсіңкі қорытындымен 7 жүкті және 10 босанған әйел тіркелді.Бақылау мерзімінің аяқталуымен 8 бала диспансерлік есептен шығарылды. Бүгінгі күнге, АИТВ жұқпасы бар аналардан туған 2 бала есепте тұр.

Кеңес алу мәселелерімен, ЖИТС Облыстық орталығына, мына мекен- жай бойынша: Ақтау қ. 3 ш/а, 170 ғимарат, тел: 52-44-05, ішкі.114 бойынша хабарласуға болады.



Дайындағандар: «ЖИТС МОО» МКҚК диспансерлік бөлімінің мамандары.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет