Айгүл Кемелбаева
Болат Шәріп
Ыңғайсыз әңгіме
(қысқаша түйіні)
Жазушы Жұмагүл Солтиеваның
«Ыңғайсыз әңгіме»
атты әңгімесі бойынша
Әңгіме арқауы – екі әйелдің өмірі мен тағдыры. Бірі ерінің құдай қосқан қосағы болып, бір шаңырақтың астында 40 жыл өмір сүреді. Ал ер азаматтың шын сүйген ғашығы болу маңдайына жазылған екінші әйелге ері құпия кездеседі. Нағима – Ерденнің заңды әйелі, Әсел оның ашынасы, бір ұл туған. Нағимадан бала-шаға баршылық.
Нағима мен Әсел, екеуі де бірінің рөлін анық біледі, бірақ ашық күндестікке барғысы жоқ. Қасірет, қайғысы да екі әйелдің жүрегінде, сыртқа сыр алдырмайды, тіпті өздері сүйген жар деп есептейтін Ерденге де білдірмеуге шыдайды. Осы бір сүйіспеншілік жолындағы бақталастықтан жан тебірентетін тектілік табылады. Расында да Нағима мен Әсел нағыз қазақ әйелдері, екеуінде де анық ұлттық мінез бар. Ал Ерден де екі әйелін әрқайсысын өзінше сүйеді, Нағимадан кеткісі, Әселді тастағысы жоқ.
Әңгімедегі сырлы бір символ – өрік ағашы. Семіп бара жатқан өрік ағашы аяқ астынан гүлдейді. Бұл нышан Нағимаға ұнамайды, ол еріне үнемі осы қараң қалғыр ағашты кесіп таста деп айта береді. Не нәрсенің де беймезгіл гүлдегені қайбір жақсылық дейсің деп айтқаны, Әсел туралы білетінін аңғартады.
Әңгіменің тағы бір кейіпкері – Ерден мен Нағиманың қызы Гүлдария. Ол бәрін аңдап, байқап жүреді. Әкесі қайтыс болғанда өрік ағашы солады. Мұнда өрік ағашы өмірдің де, тыйым салынған махаббаттың да символы. Әсел жасөспірім баласын өлсем жалғыз қалмасын деп аманаттап, Ерденнің туыстарына тапсыруға, әрі Нағиманың алдында айыбын мойындауға үйіне келеді. Басындағы қызыл шәлі Гүлдарияның көзіне оттай басылған себебі, көкесі апасына тура осындай шәлі әкеліп берген.
Әуелі Әсел фәниден озды. Жаз кезінде. Ал қыс түскенде Ерден дүние салды. Ол қайтыс болғанда ауылда қар қалың жауды, әдеттегіден бөлек төпеп тұрып алды. Ерденді ауыл сыртындағы зиратқа, туған інісінің қасына шамалап қойды.
Қыстан соң жазғытұрым уақыт таянған, Ерденнің басына құран оқытуға алыстан нағашылары келген еді, Нағима туыстарымен оларды күйеуінің басына алып барады. Қараса, інісінің қасында жатыр деп ойлап жүрген күйеуі фәни тіршіліктегі ғашығының қасына жерленіпті. Мұны көргенде Нағима жұрттың көзінше аңырап, дауыс салып жылайды: «Құдай-ау, бұл қақпастың басқасын кешсем де, дәл осынысы өтіп кетті-ау, бұл қорлығын екі дүниеде де ұмыта алмаспын!» деп зарлайды.
Жарық дүниедегі ең күшті сезім – ер мен әйелдің арасындағы шынайы сүйіспеншілік. Нағима шын сүйгендер түбі бір табысарын жан-дүниесімен сезініп, қатты күйзеледі, қабір басындағы тоң жерді қолымен тоқпақтап жылайды. «Сүйіндікқызы Әсел» деп қашалған құлпытаспен қатар өз ерінің есімі тұр, қыззғаныштан өзін-өзі ұмытып шын егіледі. Күйеуі Ерден жерленгенде, қарғыс атқыр қары көрсетпей тастапты ғой. Мұсылман салтында адамды зиратқа қойғанда әйелдер баруға рұқсат жоқ. Бірақ кейін баруға, құран оқытуға болады.
Әңгіменің осынау оқыс эпизодқа құрылған соңғы түйіні оның құнын биіктетіп-ақ жібереді. Ерден мен Әсел тірісінде бір-бірін шын сүйген екен, құдайдың құдіретімен өлгенде Қозы Көрпеш – Баяндай бір молада жерленіпті.
Қазақ әйелінің махаббатқа адалдығы мен беріктігі, ерді қастерлеу қасиеті, соғыстан кейінгі жылдардағы тұрмыс бұл әңгімеде бар. Экрандауға лайық психологиялық және драмалық диалогтар мен эпизодтар баршылық. Екі әйел де мықты. Адамшылығы да, әдемілігі де бір-бірінен қалыспайды. Ерден бейнесі жұмбақтау, көп сөйлемейді, істің адамы.
Бұл хикая Гүлдарияның аузымен баяндалады, өзі де жас келіншек, өзі де ана болған, туған анасы мен оның күндесінің оқиғасын әділ бағалайды. Себебі бұл махаббаттағы үштік өз өмірінде тағы қайталанады. Бұл фильмнің екінші кезеңі.
Фильм – әйел махаббатына, бәрін кешіре білетін жүрегі мен бауырмалдығына ода.
Фильм шамалы бюджеттік, камералық, кейіпкерлер саны шектеулі, уақиға орны да аз. Бес-алты ай қысқа мерзімде түсіріп бітуге болады (күздің басы мен қыс мерзімі керек).
e-mail: bolatsharip21@mail.ru
тел. 392-85-08 дом.
моб. 8 777 122 99 82
Айгүл Кемелбаева
Болат Шәріп
Ыңғайсыз әңгіме
(қысқаша түйіні)
Жазушы Жұмагүл Солтиеваның
«Ыңғайсыз әңгіме»
атты әңгімесі бойынша
Әңгіме арқауы – екі әйелдің өмірі мен тағдыры. Бірі ерінің құдай қосқан қосағы болып, бір шаңырақтың астында 20 жыл өмір сүреді. Ал ер азаматтың шын сүйген ғашығы болу маңдайына жазылған екінші әйелге ері құпия кездеседі. Нағима – Жәнібектің заңды әйелі, Әсел оның ашынасы, бір ұл туған. Нағимадан бала-шаға баршылық.
Нағима мен Әсел, екеуі де бірінің рөлін анық біледі, бірақ ашық күндестікке барғысы жоқ. Қасірет, қайғысы да екі әйелдің жүрегінде, сыртқа сыр алдырмайды, тіпті өздері сүйген жар деп есептейтін Жәнібекке де білдірмеуге шыдайды. Осы бір сүйіспеншілік жолындағы бақталастықтан жан тебірентетін тектілік табылады. Расында да Нағима мен Әсел нағыз қазақ әйелдері, екеуінде де анық ұлттық мінез бар. Ал Жәнібек те екі әйелін әрқайсысын өзінше сүйеді, Нағимадан кеткісі, Әселді тастағысы жоқ.
Қазақ әйелінің махаббатқа адалдығы мен беріктігі, ерді қастерлеу қасиеті бұл әңгімеде бар. Экрандауға лайық психологиялық және драмалық диалогтар мен эпизодтар баршылық. Екі әйел де мықты. Адамшылығы да, әдемілігі де бір-бірінен қалыспайды. Жәнібек бейнесі жұмбақтау, көп сөйлемейді, істің адамы.
Әңгіменің тағы бір кейіпкері – Жәнібек пен Нағиманың қызы Гүлдария. Осы хикая Гүлдарияның аузымен баяндалады, өзі де жас келіншек, өзі де ана болған, туған анасы мен оның күндесінің оқиғасын әділ бағалайды. Себебі бұл махаббаттағы үштік өз өмірінде тағы қайталанады. Бұл фильмнің екінші кезеңі.
Фильм – әйел махаббатына, бәрін кешіре білетін жүрегі мен бауырмалдығына ода!
Фильм камералық, кейіпкерлер саны шектеулі, уақиға орны да аз. Бес-алты ай қысқа мерзімде түсіріп бітуге болады (күздің басы мен қыс мерзімі керек).
e-mail: bolatsharip21@mail.ru
тел. 392-85-08 дом.
моб. 8 777 122 99 82
Достарыңызбен бөлісу: |