Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет31/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Ескерту. Ақ, қара, қызыл, қоңыр деген сын есімдер аң-құс, өсімдіктердің түсін айыру 
үшін қолданылған болса, бөлек жазылады: ақ аю, қоңыр аю, қара бұрыш, қызыл бұрыш, қара 
жүзім, қара өрік, қоңыр қаз. Кер сөзі де түсті білдіріп тұрса, бөлек жазылады: кер ат, кер ала, 
кер бесті, кер жағал, кер төбел, кер марал, ал кері және керілген сөздерінің ықшамдалып 
барып тіркескен түрімен келген күрделі сөздер бірігіп жазылады: керауыз, керзаман, 
кермиық, кертақыс, кертартпа. 
Физика-математика ғылымдары мен өндіріс-техника саласына жататын 
терминдердің бірсыпырасы біріккен сөздер болып келеді. Мысалы: сегізжақ, 
үшжақ, көпмүше, бірмүше, көпбұрыш, темірбетон, қазаншұңқыр (котлован), 
майбалшық (раствор), жанармай, жағармай. Медицина, ветеринария 
салаларына қатысты терминдердің бірқатары екі түбірден жасалып, бірігіп 
жазылады: шорбуын (артрит), соқырішек, сарысу (илену), сарауру, көкжөтел, 
құрқұлақ, өкпеқұрт, қоянжел. Мәдени-ағарту, өнер, әдебиеттану,тіл білімі 
салаларына жататын терминдердің ішінде екі түбірден бірігіп жасалғандары 
едәуір: күйтабақ, қылқалам, қолтаңба, сөзжұмбақ, жолжазба, сегізаяқ, 
сөзжасам, сөзтізбе (реестр). Спорт саласына жататын терминдер екі түбірден 
жасалса, біріккен сөз болады: бессайыс, онсайыс, мұзайдын, ойынсерік 
(партнёр), жанкүйер. Спорт терминдері сияқты қазақша ұлттық ойын аттары 
да екі түбірден жасалса, көбінесе, біріккен сөз ретінде қосылып жазылады. 
Бұлардың ішінде сын есім, сан есімдер мен зат есімдердің тіркесуімен 
жасалғандары көбірек кездеседі: аққала, ақсүйек, түйебас, қосқұлақ, әуетаяқ, 
салматаяқ, алакүшік, алтынқабақ, бурақотан, қарабие, қарақұлақ, алтыбақан, 
бесқақбай, үштабан, шықетер, төртасық, бесасық, бестас, соқыртеке, 
тоғызқұмалақ. Сондай-ақ кейбір ойын аттары есімдер мен етістіктердің 
тіркесінен жасалады, олардың көпшілігі біріккен сөз болады: балтамтап, 
қолсоқпақ, ханатпақ, ханталау, тисінқабақ, ал бірқатары күрделі сөз ретінде 
бөлек жазылады: қыз қуу, орамал тастау. Бастауыш, баяндауыш, толықтауыш 
мүшелері бар, сөйлем іспетті құрылымдардан жасалған ойын аттары 
тырнақшаға алынып, кейде тырнақшасыз әр сөзі бөлек жазылады: «ханды қара 
басты»,, «хан жақсы ма?», «кім түртті?». Бір сөздің қайталауынан жасалған 
немесе қарсы мәндес қос сөздерден жасалған ойын аттары дефиспен жазылады, 
олар да көбінесе тырнақшаға алынады: «мыршыммыршым», «ұжмақ-тозақ», 
«хан-уәзір». Әр түрлі ырым, ритуал аттары да екі түбірден тұрса, бір сөз ретінде 
танылады: ақсарыбас, жолаяқ, беташар, есікашар, тұсаукесер, атұстатар, 


32 
қолұстатар, батаоқыр. Химия, геология, металлургия салаларына қатысты 
терминдердің бірқатары біріктіріліп жазылады: оттек (оттегі), сутек (сутегі), 
қостотық, теміртас (железняк), таскөмір.
Астрономия саласына қатысты терминдік сөздер екі түбірден жасалса, 
біріктіріліп жазылады: көкжиек (горизонт), кемпірқосақ, оңтүстік, солтүстік, 
шоқжұлдыз. Бұл топқа жұлдыздардың, шоқжұлдыздардың аттары да жатады: 
Темірқазық, Жетіқарақшы, Ақбозат, Есекқырған, Үшарқар, Құсжолы. Біріккен 
сөз болатын терминдерге келгенде мынадай жайттарға көңіл аудару қажет 
болады. Флора (өсімдік) пен фауна (жан-жануарлар) дүниесінің терминдік 
атаулары болып келетін біріккен сөздердің жасалу жолдары көбінесе мыналар: 
1) Флора мен фауна атаулары түсті білдіретін ақ, қара, көк, сары, қызыл, ала, 
боз деген сөздер мен жеке тұрғандағы лексикалық мағынасынан айырылған 
сөздердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы, (алақоржын (тышқан), ақиық 
(құс), қарақанат (өсімдік) дегендердегі қоржын, иық, қанат сөздері осы 
атауларда өздерінің жеке лексикалық мағынасында қолданылып тұрған жоқ, 
алдыңғы сөздермен бірігіп барып, нақты аңның, құстың, өсімдіктің атауы 
болып тұр. Бұл топтағы өсімдік атауларына мысалдар: ақбүйрек, ақбілек, 
ақшелек, ақсырғақ, ақтамақ, бозбұғы, бозкілем, қарабас, қарақұлақ, қарашора, 
қарашұнақ, қызылбас, қызылқұйрық, сарыбуын, сарысадақ, көкқасқа, көкнайза, 
көксұлтан, көкшолақ. Осы топтың жан-жануарлар атауларына мысалдар: 
ақиық, қарабай (құстар), ақкөз, аққайран, ақсерке, алабұға, қаракөз 
(балықтар), алақоржын (тышқан), қарақұйрық (аң). 2) Бірінші сыңары түсті 
білдіретін сын есімдер, екінші сыңары аң-құс, өсімдіктердің жалпы атауы 
болып саналатын құс, ағаш, балық, құрт, шөп, гүл, торғай, жидек, жеміс сияқты 
сөздер болып келген атаулар біріккен сөз болады: қарақұс, қараторғай, 
қарағаш, қарақұрт, сарағаш, сарыгүл, сарышөп, қаражидек, қызылжидек. 
Мұнда да өсімдіктің нақты атауы ағаш, гүл, жидек деген сөздер емес, сол 
сияқты құс, торғай дегендер де – нақты бір құстың аты емес, жалпы атаулар.
3) Бірінші сыңары әр алуан есім сөздер болып, екінші сыңары шөп, от(ы), гүл, 
құс, торғай, балық, тауық, құрт сияқты жалпы атау болса, олар да біріккен 
термин сөз болады. Мысалы: айгүл, айланшөп, бояушөп, барқытшөп, 
қоңыраушөп, сәлемшөп, әтіргүл, безекгүл, тарақбалық, теңгебалық, 
қылышбалық, күркетауық, түйетауық, тентекқұс, жыланқұрт, суықторғай. 
Соңғы компоненті жапырақ, тікен, тікенек, тамыр сияқты сөздер болып 
келгендер де осы қатарға жатады: бабажапырақ, алтайтамыр, сужапырақ, 
сүтжапырақ, теңкежапырақ, әректікен. 4) Екі сыңары да жеке тұрғандағы 
лексикалық мағынасынан айырылған есім сөздер болса, ол атаулар да 
ботаникалық немесе зоологиялық терминдер бола алады: егеуқұйрық, 
бізтұмсық, қаптесер, айқабақ, асқабақ, бестамақ, балмұрын, томардәрі.
5) Бірінші сыңары мал атаулары (қой, сиыр, айғыр, түйе, бота, бие, қозы, ат) аң 
атаулары (аю, киік, бөрі) немесе балық, бақа, құс деген сөздер болып, екінші 
сыңары өзінің лексикалық мағынасынан айырылған сөздерден жасалған 
биологиялық терминдер біріккен сөз болады: аюқұлақ, аютабан, атқұлақ, 
атшоңқай, бақабас, балықкөз, бөрікөз, бөріқұлақ, бөрігүл, ботатабан, 
қозыжаурын, қозықұйрық, қозықұлақ, құсаяқ, құсқонбас, құстарақ, 


33 
түйеқарын, түйеқұйрық, түйесүйек, түйежапырақ, биебау, биеемшек, 
биеқарын, қоянсүйек, қоянтамақ, қоянтобық. Бірінші сыңары кейбір малдар 
мен аңдардың жалпы атаулары (қой, қоян, түйе, киік, балық т.б.) екінші сыңары 
шөп, от(ы), жапырақ, тікен, жеміс, тамыр, ағаш, қат сияқты сөздер болса, 
бұлардың бірігуі арқылы да ботаникалық терминдер жасалады: балықот(ы), 
қояноты, бақоты, қойоты, қояншөп, қандағаш, қарағаш, қызылағаш, 
түйежапырақ, түйетікен, киікоты, қазоты, бөріжеміс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет