Қанатын жайған - Қарағанды Сабақтың мақсаты : Білімділік : Оқушылардың өз бетімен Қарағанды жайлы мағлұмат жинақтай отырып, тарихта алатын орнын анықтауға дағдыландырып, үйрету. Электрондық оқулық арқылы оқушыларға білім беру. Тақырыптың мазмұнын ашу. Туған жерін, атамекенін сұрақ-жауап арқылы меңгерту .
Дамытушылық:Ойлау қабілеттерін қалыптастыра отырып, жүйелі сөйлеп, сауатты жазуға баулу.Оқушылардың іздену, сараптау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз Отанын сүюге тәрбиелеу, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақстан халқының тыныштығын қорғауға өз үлестерін қосуға тәрбиелеу. Бірігіп еңбек етуге, топпен жұмыс жүргізуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағаты.
Әдісі :сұрақ-жауап, әңгімелеу, баяндау.
Көрнекілігі :Интерактивті тақта,слайд, Қарағандыға арналған видиотека.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі (слайдта сабақ тақырыбы көрсетіледі, оқушылар өлеңдерін оқиды, сөзжұмбақ, отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер айтылады)
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар бүгін 4 «ә» сыныбы туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында, Қарағандыға 83 жыл толуына байланысты «Қанатын жайған Қарағанды» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
ҚР-ның Мемлекеттік гимні орындалсын. Жүргізуші : Мирас
Қайырлы күн қадірлі қонақтар, Қарағанды қаласының 82 жылдық мерей тойы құтты болсын! Қаламыз көркейе берсін! Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен жыр, мереке шашулары шашылсын!
Альмири: Сәлем бердік, сіздерге халқым менің,
Ақтарған кең даламның алтын кенін.
Бас иіп сәлем бердік баршаңызға,
Бас ию ежелден бар салтымызда.
Рухына бас иетін бабалардың,
Бүгінде 4 «ә»-сынып алдарыңызда!
МӨЛДІР: 1 Біздің қаламыздың 83 жылдық туған күні өтіп жатыр. Осы жылдарда Қарағанды үлкен және әсем қалаға айналды, халқы жарты миллионға жуық болды. Бүгінгі таңда Шахтерлік астана - Қазақстанның ірі өнеркәсіптік, ғылыми және мәдени орталығы болып табылады, мұнда тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамудың Стратегиялық жоспары нәтижелі түрде іске асырылып, Мемлекетіміздің Елбасы жобалаған басқа да маңызды жобалары жүзеге асырылады.
Алдияр Осының арқасында, Қарағанды облысының әкімшілік орталығы жылдан жылға Отанымыздың маңызды қаласына айналып, қиыр және таяу шет елдермен экономикалық және мәдени байланыстарын дамытуда.
Жылдан жылға облыстық орталықтың сыртқы келбетінде көптеген жағымды өзгерістер пайда болады - жаңа үйлердің қабаттары көбейіп, саябақтары мен бақтары көркейюде.