Айнабұлақ ауылдық округінде 2012 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған іс-шаралар



Дата03.07.2016
өлшемі16.42 Kb.
#173841
Айнабұлақ ауылдық округінде 2012 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған іс-шаралар

2012 жылы Айнабұлақ ауылдық округінде мәдени іс-шаралар атқарылып, жұмыстар жүргізіліп отырылады. 2012 жылға 1жарты жылдығына санақ бойынша жеке меншік құрылымдарының малдарын санаудың қорытындысы анықталып, шаруашылық кітаптарына түсірілді.

Барлық елді мекендерде ауыл әкімінің есепті кездесу жиыны өткізілді.

Айнабұлақ ауылында аудан әкімінің есепті жиынын өткізуге байланысты іс шаралар ұйымдастырылды. Бірінші жарты жылдық бойынша әлеуметтік және 18 жасқа дейіңгі балалар жәрдемақысына құжаттар қабылдап, өткізілді.

Аудан әкіміне аппараттық Кеңесте берілген тапсырмаларды жинақтап, орындалуы жайлы уақытында анықтамалар дайындалды.

Мемлекеттік қызметкерлер, шаруа қожалықтарының жыл сайынғы декларацияны уақытында тапсыру ұйымдастырылды.

Ауылшаруашылық құрылымдарының тұқым сапасын тексеру, техникаларын техникалық байқаудан өткізулері жөнінде қожалықтарымен жеке тұлғаларға хабарлау. Ауылшаруашылық құрылымдарының тұқым сапасы тексеріліп, техникалары техникалық байқаудан өткізілді.

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты » атты Қазақстан халқына Жолдауы округ көлемінде ақпаратты топ мүшелері арқылы халыққа жеткізілді. Тазалық айлығында абаттандыру жұмыстары атқарылып, барлық көшелер тазалынып, ауылдың кіре беріс екі жағына бақ жасалып, ағаш көшеттері отырғызылды.Автомобиль жолдары күреліп, қалыпқа келтірілді. Айнабұлақ мектебі «Мұғалім» бағын жасап 320 түп ағаш көшеттерін егіп, гүлзарлар жасап, мүсіндер орнатты. Округ көлемінде 2500 жуық ағаш көшеттері округ тұрғындары мен мекемелерде егілді. Айнабұлақ ауылына «Темірсу» өзенінен арық суы әкелінді. Көктемгі егіс жұмыстары аяқталып, берілген тапсырмалар орындалды. Жеке меншік тұрғын үй салу жұмыстары да іске асырылуда.



Бірінші жарты жылдықта жеке және заңды тұлғалардан 36 жазбаша, өтінішітер келіп түсіп, барлығы қанағтттандырылды.

2011 жылдың 2 жарты жылдығында баспасөзге жазылу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесіде округ көлемінде ауыл тұрғындары 84 Егемен Қазақстан,108 Дидар, 65 Семей таңы, 20 Дала мен қала, 11 Казахстанская правда газеттеріне жазылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет