«Тұқым сапасын сараптау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына



Дата23.02.2016
өлшемі28.67 Kb.
#9852


«Тұқым сапасын сараптау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына


ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА


Р/с



Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі


Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 «Мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды болдырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Қосымша қаржылық шығынды қажет етпейді


5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Жобаны қабылдау шаруашылық жүргізуші субъектілердің мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін арттыруға және оларды көрсету мерзімдерін тездетуге мүмкіндік береді.

Күтілетін нәтижелер мерзімдері – 2014 жыл және келесі жылдар



6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттiң және/немесе Yкiметтiң бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Тұқым сапасын сараптау саласындағы мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 1364 Қаулысы

7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Қажет етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы)

Жоба Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz ресми сайтында орналастырылған (Пояснит зап каз 50 kb, Прил 1 каз 743 kb, Прил 2 каз 54 kb, Прил 3 каз 61 kb, Прил 4 каз 39 kb, Прил 5 каз 53 kb, Прил 6 каз 310 Kb, Прил 7 каз 134 kb, Прил 8 каз 37 kb, Проект постановления каз 31 kb, Стандарт каз 68 kb)


Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков

2013 жылғы « »





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет