Айналым капиталы



бет1/2
Дата11.10.2023
өлшемі33.54 Kb.
#480406
түріҚұрамы
  1   2
96-100


96-100
96.Айналым капиталының құрылымы және оның маңызы
Айналым капиталы — өндіргіш капиталдың бір бөлігі. Оның құрамына тұрақты капиталдың шикізат, материалдар, отын, өндірістің аяқталмаған элементтері және өзгермелі капитал (жұмысшы күшіне жұмсалатын шығын) кіреді.
Тұрақты капиталдың материалдық элементтерінің бір бөлігі (шикізат, материалдар) өндірілген өнімге өз құнын көшіре отырып, оның материалдық субстанциясын (алғашқы негізін) жасайды, ал басқа бөлігі (отын) тек өз құнын көшіреді, бірақ сол субстанцияны (зат негізін) жасауға қатыспайды. Айналым капиталының шикізат пен материалдар түріндегі құны өндірістің толық уақытына авансыланады. Сондықтан тұрақты капиталдың ұзақ кезеңді салалардағы айналым шапшаңдығы өндірістің қысқа кезеңді салаларына қарағанда аз болып келеді. (қ. Капитал айналымы). Тауар сатылған соң айналым капиталының құны айналым саласынан ақшалай күйде толық қайтып оралады және қайтадан өндіргіш капитал элементтеріне айналуы мүмкін.
Қолданыстағы айналым капиталының мөлшері өндіріс көлемі мен айналым уақыты арқылы анықталады. Ауыспалы айналым процесінде капитал құнының бір бөлігі өндірістік айналым капиталының материалдық қоры түрінде болады. Егер капитал айналымы бәсеңдесе өндіріс процесінің тоқтап қалмауын қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлер айналым капиталына қосымша қаржы жұмсауға мәжбүр болады. Ал айналым тездеген жағдайда, керісінше, айналым капиталы құнының бір бөлігін босатуға мүмкіндік туады.
Негізгі капиталдың қорлануы мен өндірістің өсуі өндіріске қажетті қорларды көбейтуді қажет етеді. Мұны жүзеге асыру үшін таза пайданың бір бөлігін капиталға айналдыру немесе несие алуға тура келеді. Егер айналым капиталының кейбір элементтерінің бағасы өссе, кәсіпкерлер нақты өнім көлемін бұрынғы деңгейде сақтау үшін қосымша қаржы жұмсауы керек
97.Негізгі қордың табиғи және сапалық тозуы.
Негізгі қорлар — материалдық өндіріс саласында да, бейөндірістік салада да заттай нысанда ұзақ уақыт бойына жұмыс істейтін және өзінің құнын тозуына қарай бөліктер бойынша жоғалтатын материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы. Негізгі қорларға үймереттер, ғимараттар, беріліс қондырғылары, жұмыс және күш машиналары мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш приборлар мен құрылғылар, өндірістік, шаруашылық құрал-саймандар мен керек-жарақтар, жегіндік және өнімдік мал, көп жылдық екпе ағаш, т.б. жатады. Өндірістік және бейөндірістік Негізгі қорларға бөлінеді. Ақшалай тұлғадағы Негізгі қорлар “Негізгі құрал-жабдық” деп аталады. “Негізгі құрал-жабдық” термині көбінесе бухгалтерлік есепте қолданылады, басқа жағдайларда “Негізгі қорлар” термині пайдаланылады.[1] Негізгі қорларды жою - негізгі қорлардың тозуы, белгіленген пайдалану мерзімінің салдарынан одан әрі пайдалануға жарамсыз болуымен байланысты кәсіпорын (бірлестік, фирма, компания, т. б.) Теңгерімінен алу және есептен шығару. Апат пен дүлей (өрт, су і, т. б.) салдарынан жойылған, сапалық түрғыдан ескірген және конструкциясы жетілдірілмеген жабдық пен машиналар да жұмысқа жарамайтын болса, сатуға келмейтін қалпына келтіру (жаңғырту) техникалық жағынан мүмкін емес немесе экономикалық тұрғыда тиімсіз болса, азып-тозған немесе құрылыс салу кезінде бұзылған үймереттер мен ғимараттар да бухгалтерлік теңгерімнің есебінен шығарылуга тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет