Академиялық жазылым - Кіріспе - жазба жұмысының ең көп оқылатын бөлімі. Кейде кейбір студенттер үшін кіріспе бөлімді жазу біршама қиындықтар тудырады.
- Кіріспе жазу барысында мына кеңестерді есте сақтаған жөн:
- Кейбір студенттер үшін кіріспені соңында жазған тиімді. Өйткені, жазу барысында түрлі ойлар туындап, олар эссе құрылымы мен кіріспенің жазылуына әсер етуі мүмкін.
- Егер алдымен кіріспені жазғанды қаласаңыз, соңынан қайта қарап, түзетіп шығуды ұмытпаңыз.
-
- Кіріспе көлемі сіз жазатын эссе көлеміне тікелей байланысты. Егер жиырма беттен тұратын ғылыми жұмыс жазсаңыз екі бет кіріспе жазылуы мүмкін. Сондықтан да, кіріспені тым көлемді түрде жазуға болмайды.
-
- Мүмкіндігінше ойыңыз анық болу керек. Талқынатын тақырып алғашқы сөйлемнен-ақ білінуі қажет. Ойды немесе тақырыпты алыстан қозғау жиі кездесетін қателік. Ойыңызды кіріспеде анық білдіретін болсаңыз, оны кіріспенің соңында беруіңіз мүмкін, бірақ бұл міндетті емес.
- Неліктен кіріспе жазу қиындық тудырады?
- Ешқашан алғашқы қызығушылықты оятуға екінші рет мүмкіндік берілмейді.
- Кіріспе мәтіннің негізгі жоспары болып табылады.
-
- Кіріспе мәтінде қаралатын ақпарат туралы мәлімет беруі тиіс.
- Кіріспе бөлімді жазудың жолы
- Оқырманды жұмысты оқып шығарлықтай құнды екеніне сендіру.
- Кіріспені жалпы ақпарттан бастаңыз, бірақ тым кең мағлұматтан бастамау.
- Кіріспені соңынан жазуға тырысыңыз.
- Кіріспені ең соңынан жазу.
- Алғашқы сөйлемге ерекше мән беру.
- Қорытынды:
- Қорытынды эссенің соңғы бөлімі. Онда негізгі бөлімде қарастырылған мәлімет қысқаша қамтылады, сол себепті ол негізгі бөлімге байланысты болады. Сонымен қатар, Кіріспеде айтылған сұраққа жауап беріледі.
- Қорытынды жазу барысында
- ескеретін кеңестер:
- Өз аргументтеріңіз бен ойларыңызды қысқаша қортындылап беріңіз; Қорытынды бөлімде Негізгі бөлімде берілген ойларыңызды түйіндеу барысында жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қолданған жөн.
- Өз қорытынды пікіріңізді білдіріңіз. Бұл қорытынды бөлімнің негізгі шарттарының бірі
- Өз пікіріңіздің маңызды екенін анық етіп жазыңыз. Себебі, эссені жазудағы мақсатыңыз жазылып отырған тақырып жөнінде өз ойыңызды білдіру болып табылады.
- Қорытынды көлемін шағын етіп жазыңыз. Негізен қорытынды жазылған жұмыстың 10 пайызынан аспауы қажет. Бірақ, эссе көлемі шағын болса, бұл көлем сақталмауы да мүмкін.
- Қорытынды жазу барысында ескеретін жайттар:
- Эссенің негізгі бөлімінде берілген көлемді ақпаратты қайталамау. Бұл эссе көлемін арттыру мен қатар оқырманды жалықтыруы мүмкін.
- Негізгі бөлімде талқыланбаған жаңа ойды жазбау. Жаңа ой жаңа талқылауы қажет емес ал қорытынды бөлімде жаңа ой талқыланбайды, тек айтылған ой қорытындыланады
практикалық сабақ: - Кіріспені жазудың ерекшелігі.
- Түйін сөздер.
- Жазба жұмыстардың кіріспе бөліміне талдау жасау
студенттің өзіндік жұмысы Пайдаланылған әдебиеттер: - Оразбаева Фаузия Шамсиевна. Тіл әлемі [Текст]: мақалалар, зерттеулер.- Алматы: Ан-Арыс, [278 б] 2009.- 368 б.
- Короткина И. Б. Возможности использования зарубежного опыта развития академических языковых навыков в российском образовании // Вестник Московского государственного областного педагогического университета. – 2009. – № 4. – C. 81-84.
- Чеканова А. Э. Обучение написанию аналитической статьи на английском языке как средство развития словесно-логического мышления студентов // Педагогическое образование в России. – 2011. – № 1. – С 176-183.
- Oshima, A. and Hogue A. Writing Academic English (The Longman Academic Writing Series, Level 4) 2005, Pearson PTR Interactive
- Sowton, C. 50 Steps to Improving Your Academic Writing Study Book Imprint: Garnet Education, 2012.
Достарыңызбен бөлісу: |