Аккузова айнур абдыжалиловна


 Д.Исабековтің автор – мәтін – мәтіннен тыс болмыс – мәдениет –



Pdf көрінісі
бет38/85
Дата03.12.2022
өлшемі2.11 Mb.
#466350
түріДиссертация
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85
дулат исабеков

2.3 Д.Исабековтің автор – мәтін – мәтіннен тыс болмыс – мәдениет – 
оқырман ұғымдарының тұтасу қызметі  
Қазіргі таңда көркем мәтінді зерделеуде автордың шеберлігі мен 
оқырманның қабылдауы арасындағы байланыс жөнінде көптеген зерттеулер 
жүргізілуде. Автор өз туындысын оқырманға бағыттап жазады. Автордың ойы, 
тілегі жүйеленіп оқырманға жетемін дегенше бірнеше сатыдан өтеді. Демек, 
автор мен мәтін – ажырамас ұғымдар. Себебі мәтін – автордың кемел 
идеясының нәтижесі. Ғалым А.Салқынбай «автор – мәтін – оқырман» жүйесін 
төрт түрлі аспектіде бөліп көрсеткен: «1) лингвонегізді тәсіл: «тіл – мәтін» 
бағыты бойынша; Қазақ әдеби тіліндегі басты зерттеулер осы дәстүрлі тәсілдің 
негізінде жазылған-ды. Мұндағы логика тілдік бірліктер мен категориялардың 
қызметін көркем мәтін бойынша анықтауға құрылады. Дәстүрлі стилистика мен 
тілдік бірліктердің стилистикасына қатысты жазылған көптеген ғылыми 
жұмыстар осы бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қазақ әдебиетінде 
жазылған көркем шығармалардың тілі мен стилін зерделеді. 2) мәтін бүтіндігі 
тәсілі мәтіннің ішкі құрылымдық-мәндік бүтіндігін анықтаумен байланысты. 
Мәтін бүтіндігі тәсілі мәтінді нәтижелі бірлік және шығармашылық қызметтің 
нәтижесі, аяқталған бүтін нысан ретінде қарастырады. Біздіңше, бұл тәсіл қазақ 
тіл білімінде енді ғана қалыптасып келе жатыр. 3) антропоцентристік тәсіл: 
«автор – мәтін – оқырман» бағыты бойынша. Бұл тәсіл авторлық позиция, 
оқырманның қабылдауы мен оған шығарманың әсерін зерделеуге бағытталады. 
4) когнитивтік тәсіл: «автор – мәтін – мәтіннен тыс қызмет» бағыты 
бойынша.
ХХІ ғасырдың басы қазақ тіл білімі үшін осы ұғыммен басталды. Әуелгі 
сөздің басы – когнитивтік ұғымдар мен терімсөздерді орыс тілі арқылы енгізіп, 
аударма ғылыми жұмыстар жазылды. Ендігі басты мақсат тілді, лебізді жүйелі 
зерделеп, психолингвистикалық, қызметтік, антропологиялық тіл білімі 
тұрғысынан айқындау, осының негізінде тілдің, сонымен бірге мәтіннің де 
когнитивтік негізі мен ерекшелігі айқындалуы қажет» [64, 30 б.]. Ғалымның 
жіктемесінен көріп отырғанымыздай, көркем шығарма автордың ойынан 
туындаған мәтіннен ғана тұрмайды. Оның негізін мәтіннен тыс болмыс, ұлттық 
мәдениет пен таным құрайды. Яғни көркем туынды ақынның когнитивтік 
санасындағы терең астырт құрылымдарды тілдік санасына көшіру арқылы 
жасалған «ғаламның» индивидуалды көркем бейнесі де болып шығады. Ол 


72 
арқылы, мәтінде ұсынылған әрбір тілдік бірліктің таңбалық табиғатына мән 
беріп, онда тілдік семантикалық құралдар арқылы қатталған мәдени ақпаратты 
ашуға болады. Бұл бір жағынан, автордың ортағасырлық тіл ұстанушы ғана 
емес, тілдік тұлға ретіндегі қырларын тануға жол ашса, екінші жағынан, 
поэтикалық мәтіннің мәдени семиотикалық кеңістігін лингвокогнитивтік 
тұрғыдан зерделеуге, яғни көркем мәтінді адекватты түрде интерпретациялауға 
мүмкіндік береді. 
Ғалым 
Қ.Т. 
Жанұзақова 
«мәтіннің 
мағыналық 
мазмұны 
мен 
композициялық құрылымының ерекшеліктерін түсініп қана қоймай, оған қоса 
автордың ұстанымы, автордың ішкі әлемі, дара стилі, өзіндік дүниетанымы 
ескерілгені жөн деп есептейді. Ғалымның пайымынша, герменевтика саласы 
туындыны жеке дара қарастырмай, оны тудырған, дүниеге келуіне ықпал еткен 
дәстүрлі мәдениет аясында тану, түсіну қажеттігін алға тартады» [108].
Әдебиеттану саласында көркем мәтінді талдауда қолданылатын 
герменевтика деген сала бар. «Герменевтика – гр. һегmeneutikos – 
түсіндірмелік, талқылаушылық – классикалық түсінікте – мәтіндерге түсінік 
беру өнері» [109]. Мәтін тануға көмегін тигізетін бұл саланың негізгі ұғымы 
интерпретация болып табылады. Интерпретацияның, яғни түсіндірудің 
бірнеше түрі бар: 
«1. Алғашқы, оқырмандық интерпретация. Адамның шығарманы оқып 
шыққаннан кейінгі алғашқы әсеріне, көңіл-күйіне, сезіміне негізделеді. 
2. Ғылыми интерпретация. Мәтінге ғылыми тұрғыда түсініктеме беру.
3. 
Шығармашылық-образдық 
интерпретация. 
Әдеби 
шығарманы 
көркемөнердің басқа түріне көшіру (мысалы, әдеби шығарма негізінде көркем 
фильм түсіру, сахналық қойылым, опера немесе балет жасау т.т.)» [110].
Демек, автор өз танымы, көзқарасы, идеясы негізінде мәтін түзсе, оқырман 
сол шындықты өз дүниетанымы арқылы түсінеді. Осылайша автор мен 
оқырман арасында диалог туындайды. Әңгімелесу мәтінінің стилистикалық 
сипатын зерттеген М. Маретбаева «аяқталған мәтін қашанда тақырыптық, 
мағыналық және құрылымдық тұтастыққа, композициялық тәртіптілікке, 
грамматикалық байланыстылыққа ие болуы керек. Сонда ғана сөйлеу әрекеті 
толыққанды жүзеге асады» деп санайды және аяқталған сөйлеу бірлігіне
мәтінге тән қасиеттер мен олардың психологиялық мәнін былайша санамалап 
көрсетеді:
Тақырыптық тұтастық 

сөйлеудің логикасына нұқсан келтірмейді, 
реципиенттің мәтінді қабылдауына оңтайлы жағдай туғызады. 
Мағыналық тұтастық 

сөйлеудің негізгі (орталық) және қосалқы 
(перифериялық) компоненттерін және мәтіннің, сөздің маңызды бөліктерін 
ажыратуға мүмкіндік береді. 
Композициялық тұтастық 

мәтінді түсінуді, қабылдауды жеңілдетеді, 
мәтіннен тыс, мәтіндегі және мәтінде астарлы берілген мән-мағыналарды 
жалпы композициялық тұтастықта алып түсінуге мүмкіндік береді. 
Грамматикалық байланыстылық 

мәтін мазмұны мен құрылымын 
тұтастықта ұғынықты және жеңіл қабылдауға әсер етеді [111, 9 б.]. 


73 
Бұл жерде мәтіннің түзілуі мен оны оқырманның қабылдануы жіктемесін 
көруге болады. Мәтіннің жасалуы кодталу болса, оны оқырманның қабылдауы 
мен түсінуі декодталу деп түсініп, ғалым «Алғашқысы сөйлеуші немесе 
жазушы автор арқылы қалыптасса, соңғысы айтылған мәтінді қабылдаушы 
тарапынан жүзеге асырылатын үдеріс болып табылады. Біріншісі 
психолингвистиканың сөйлеудегі сөзөндіру үдерісі туралы мәселелердің негізін 
құраса, екіншісі сөзқабылдау және түсіну туралы мәселелерге тірек болады. 
Аталған психологиялық үдерістердің нысанын сөйлеу әрекетінің негізгі бірлігі 
ретінде мәтін құрайды. Әңгімелеу мәтіндерін талдауда сөйлеу әрекетінің 
аталған аспектілерінің алғашқысы – мәтін талдаудың өлшемдері мен талаптары 
ретінде негізге алынса, соңғысы – оның эстетикалық және коммуникативтік, 
прагматикалық табиғаты мен болмысын, сипатын тануда басшылыққа 
алынады» деп тұжырымдайды [111, 10 б.]. Демек, жазушы өзінің танымын, 
көзқарасын ұлт мәселесімен ұштастырған жағдайда қазақ халқының ұлттық 
танымы, ұлттық мәдениеті, ұлттық болмысы тақырыптары арқылы 
туындысының іргесін қалай алады. 
Сонда көркем шығарма қазақ халқының табиғатынан алыстамай, ұлттық 
кодымызды сақтай отырып, оқырманға жетеді. Осымен байланысты бұл 
байланыстың ғылыми негізін анықтап, қазаққа тән тілдік табиғатты зерттейтін 
этнолингвистика саласының негізін қалаушы академик Ә. Қайдар тіліміздің, 
ұлтымыздың ерекшеліктерін, мәдениетін, танымын зерттеуде мынадай 
қағидаттарды атап көрсетеді:
1) қазақ этносының ұлттық бейнесін, өзіндік болмысын толық та түбегейлі 
түрде тек оның тіл байлығы – «тіл әлемі» арқылы ғана жан-жақты танып-білуге 
болады; 
2) қазақ этнолингвистикасы алдына қойған мақсаттың үдесінен шығуы 
үшін этнос тіліне қатысты көптеген қоғамдық пәндермен де, лингвистика 
салаларымен де бірлесе отырып, өзара сыбайласа, іліктесе әрекет ететін, бірақ 
олардың бірде-біреуінің шылауында жүрмейтін, пәнаралық қызмет атқарып, 
«қолбала» да болмайтын, өзіндік үрдісі мен принципін сақтаушы әмбебап 
ғылым; 
3) қазақ лингвистикасы қазақ тілінің лексикалық байлығын мүмкін 
болғанша (жетер жеріне жеткізе) түгел қамтып, індете зерттеуді мақсат етеді. 
Тіл әлеміндегі этнос бейнесін тек лексика қорының жиі қолданылатын «үстіңгі 
қабатындағы» мағыналық бірліктер негізінде ғана емес, сонымен қатар оның 
төменгі қабаттарына, қойнау-қолаттарында тұнып жатқан (бүгінде сирек 
қолданылатын) сөз маржандары арқылы да жаңғыртуға тырысады; 
4) лексикалық байлықтың мазмұны мен мән-мағынасын этностық таным 
тұрғысынан толық ашу, этнос болмысына қатысты мағлұматтар мен құнды 
деректерді түгел сөйлету, тілдің өзіне тән бояу-нақышымен бейнелі де көркем 
түрде суреттеу; 
5) жүйелілік [27, 17 б.].
Көріп отырғанымыздай, этнолингвистика саласы тілде сақталған және тіл 
арқылы ұлт танымын, ұлт болмысын танытатын тіл қазынасы аясында 
зерттеулер жүргізеді. Сонымен қатар қазақ тілінің көп қатпарлы тіл тарихында 


74 
қалып кеткен көне сөздер, тарихи лексемаларды қайта қопарып, жандандыру 
жұмыстарын жүргізетінін көруге болады. Осыған сәйкес тарихи-мәдени 
мазмұнды шығармалардың көркем мәтінінде сипатталған қазақтың ұлттық 
болмысы мен дүниетанымы ең алдымен этнолингвистика аясында жаңғырып 
зерттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет