Ақсу қаласы
Аксу атауы неге өзгерді? Моноқала деген не?
Ақсу қаласы қалай құрылды?
Ақсу қаласының өндірісі мен табысы, халқының қазіргі жағдайы?
Моноқала. Өндірісті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында қала құраушы кәсіпорын жанынан құрылған елді мекен болып табылады, яғни жұмысшылар үшін құрылған елді мекен. Алғашқы өнеркәсіптік моноқалалар тау-кен өнеркәсібінің кәсіпорындарымен байланысты болды. Моноқалаларды құру мемлекеттің сыртқы немесе ішкі экономикалық жағдайларын шешуге, тұрғындардың қоныстануын оңтайландыруға негізделеді. Кеңес Одағы кезінде пайда болған мұндай қалалар елімізде 10-нан 200 мыңға дейін тұрғыны бар қалалық елді мекендерге айналған және олардағы ересек халықтың кемінде 20% - ы қала жанындағы кәсіпорында жұмыс істейді. Демек моноқалалардың сол кезеңдегі басты артықшылығы: саны өсіп келе жатқан халықты толық жұмыспен қамтуда еді. Алайда, барлық моноқалалар бірдей әлеуметтік-экономикалық жағдайда бола бермейді. Шартты түрде оларды үш топқа бөлуге болады:
Жұмыс істеп тұрған қала құраушы кәсіпорындары бар (салыстырмалы түрде гүлденген 19 моноқала): Абай, Ақсай, Ақсу, Балқаш, Жаңаөзен, Жезқазған, Жітіқара, Зырян, Қаражал, Құлсары, Курчатов, Лисаков, Риддер, Рудный, Сәтпаев, Теміртау, Хромтау, Шахтинск, Екібастұз.
Жартылай жұмыс істейтін қала құраушы кәсіпорындары бар (жағдайы төмен 5 моноқала): Арқалық, Жаңатас, Қаратау, Саран, Степногорск.
Жұмыс істемейтін қала құраушы кәсіпорындары бар (қолайсыз 3 моноқалалар): Кентау, Серебрянск, Текелі
Ақсу моноқаласы. Жаңа қала мен қара металлургия мен энергетиканың алғашқы ірі нысандарының құрылысының басталуына байланысты Ермак ауылы 1961 жылғы 23 қазандағы Жарлығымен облысқа бағынатын қала болуына байланысты 1992 жылы 21 ақпанда Ермак атауы Ақсу болып өзгертілді. Бұл қала құрылысы өткен ғасырдың ортасында басталған Ермак ферроқорытпа зауыты мен Ермак ГРЭС (Мемлекеттік үлгідегі аудандық электр станциясы) негізінде бой көтерген. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін бұл кәсіпорындар жекешелендірілді. Қазірде олар алып Еуразиялық Топтың (ERG) құрамында. 2021 жылғы дерекке сүйенсек қаладағы әрбір бесінші тұрғын осы кәсіпорында жұмыс істейді.
Ақсу ферроқорытпа зауыты («Қазхром «ТҰК» АҚ филиалы) – дүние жүзіндегі ірі ферроқорытпа өндіруші және жеткізушілердің бірі. Зауыт жұмысшылары жыл сайын 1 млн тоннадан астам өнім шығарады, оның 90%-ы алыс шетелдерге: Жапония, Корея, Қытай, Еуропа елдеріне, АҚШ пен Ресейге экспортталады. Жалпы «ферроқорытпа» деген темірге негізделген немесе болаттың физикалық, химиялық қасиеттерін өзгерту (жақсарту) үшін материалдың құрамына қоспалардың қосылуы болып табылады. Мұндай қорытпалардың әлемдік сұранысқа ие болуының екі себебі бар. Біріншіден, технологиялық тұрғыдан ферроқорытпалармен араластыру таза металдарды қолдануға қарағанда арзанырақ. Екіншіден, алынған темір қорытпалары балқу температурасының төмендеуімен сипатталады, бұл болатты өңдеу процесін жеңілдетеді.
Алайда бұл табысы зор зауыттың қала экологиясына алып келер зияны қаншама. Алайда қала халқының пікірі бойынша Ақсу экологиясы облыс орталығына қарағанда біршама жақсы. Павлодар қалада бір аптадай Ақсуда болып, қайта оралған бойда пайдаланылған газдардың ерекше қышқыл иісін сезетінін жеткізген. «Ақсуда ондай нәрсе жоқ. Меніңше, Ақсуда машиналар бірнеше есе аз болғандықтан болар» - дейді.
ERG ферроқорытпа зауыты. Қарама-қайшылық. Қаланың басты табысы да осы зауыт, басты қаупі де осы зауыт
Дегенмен мұндай алып зауыт үшін жұмысшылардың саны мен сапасы өте маңызды. Ал қалада университет жоқ. Қала жастарының біраз бөлігі оқу іздеп Павлодар, Алматы, Астана сияқты ірі қалаларға кетеді. Ал қаладағы «Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі» және «Ақсу қара металлургия колледжі» техникалық мамандықтарды дайындайды. Онда Павлодар жеке университетінің филиалы бар. Бірақ тау-кен зауыттарына жұмысқа орналасу үшін көбінесе колледж дипломы жарай бермейді. Сондықтан колледж түлектеріне ірі қалалардағы университеттерде оқуға тура келеді. Қазірде 50 оқу орны - 27 мектеп, 3 кәсіптік-техникалық училище, қазақ тілді орта мектеп, лицей және 11 шағын жинақты бастауыш мектеп, мектептен тыс мекеме: балалар шығармашылығы орталығы, өнер мектебі және жас натуралистер орталығы, 6 балабақша бой көтерген. Қала тұрғындарының қызметіне 78 мың данадан астам кітап қоры бар, ауылдық округтердің кітапханаларымен модемдік байланысы бар орталықтандырылған кітапхана жұмыс істейді. 2000 жылы облыста алғашқылардың бірі болып кітапханада халыққа электрондық пошта арқылы қызмет көрсету бойынша электрондық жүйе енгізілген.
Сонымен қатар денсаулық сақтау мекемелеріне «Ақсу орталық ауруханасы», «Қалқаман ауылдық ауруханасы», туберкулезге қарсы диспансер, жедел жәрдем станциясы, 11 ауылдық амбулатория, оның ішінде бір жеке клиника кіреді.
Ақсуда жүзу бассейні, спорттық-сауықтыру орталығы, 5000 орындық стадион және балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бар.
Қала келбеті. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қазір қала келбеті біршама жақсарған. Көшелер тазаланып, көгалданып, сәулет ескерткіштері мен қызықты мүсіндер салына бастаған.
Бүгін Ақсуда жүрген туристің көзіне не түседі? Мүсіншелер немесе қазір айтылғандай, жергілікті тұрғындар ерекше сүйіспеншілікке ие болып көрінетін өнер нысандары, мұқият боялған ойын алаңдары заманауи және жарқын көрінеді, - дейді қалаға қыдырып келген Ксения Пермякова.
Қала нышаны - Бейбітшілік сақинасы. Ақсу қаласы туралы естігенде көп адамның айтатыны осы сәулет өнері болып табылады.
Кесте №1 Халықтың саны мен құрамының көрсеткіші 2022 жылы:
Аудан
|
Барлық халық
|
Қала халқы
|
Ауыл халқы
|
|
барлығы
|
ерлер
|
әйелдер
|
барлығы
|
ерлер
|
әйелдер
|
барлығы
|
ерлер
|
әйелдер
|
Ақсу
|
70 214
|
33629
|
36 585
|
45 420
|
21345
|
24075
|
24794
|
12284
|
12510
|
|
Кесте №2 Табиғи өсім көрсеткіші:
Ақсу
|
Адам
|
1000 адамға
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
2021
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
2021
|
408
|
410
|
349
|
288
|
197
|
5,79
|
5,84
|
4,98
|
4,11
|
2,82
|
Кесте №3 Туу көрсеткіші
|
Адам
Человек
|
1000 адамға
на 1000 человек
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
2021
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
2021
|
Ақсу
|
320
|
295
|
295
|
318
|
277
|
16,15
|
15,03
|
15,16
|
16,43
|
18.63
|
Кесте №4 Өлім көрсеткіші
|
Адам
Человек
|
1000 адамға
на 1000 человек
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
2021
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
2021
|
Ақсу
|
210
|
238
|
236
|
249
|
275
|
10,60
|
12,13
|
12,12
|
12,87
|
17.78
|
Бейбітшілік сақинасы (Кольцо мира)
Сонымен қатар қалада тренажерлары бар ондаған тегін спорт алаңдары, спорт сарайы, амфитеатрлар және қаладағы немесе алыс-жақын жерден келген серуендеуді ұнататын халық үшін кең жолдары бар жаңа жағалау салынған. Шығармашылық жағынан да өркендеуді бастаған. Айтпақшы 2021 жылғы ТМД тарихындағы классикалық емес санаттағы алғашқы Грэмми иесі муыкант Иманбек осы Ақсу қаласынан. Грэмми сыйлығы әнші, музыканттарға беріледі, қысқаша айтқанда «Оскар» сыйлығы іспеттес. Иманбекті қала жастарының көбі мақтан тұтады.
Қала тұрғындарының құрамына келсек, халықтың жалпы саны 69 995 адамды құрайды. Қалалық округтің ұлттық құрамы мынадай (2021 жылдың басында):
қазақтар - 39 964 адам (57,10 %)
орыстар - 22 216 адам (31,74 %)
украиндықтар - 2409 адам (3,44 %)
немістер - 1692 адам (2,42 %)
татарлар - 1245 адам (1,78 %)
белорустар-416 адам (0,64 %)
молдовандықтар - 293 адам (0,44 %)
әзірбайжандар-276 адам (0,39 %)
шешендер - 290 адам (0,41 %)
басқа да ұлттар -1194 адам (1,64 %)
Қалада 7 діни бірлестік жұмыс істейді, оның ішінде мешіт, екі православие шіркеуі, жетінші күндік адвентист христиандар шіркеуі, евангелиялық Баптист христиандар қауымдастығы, «жаңа өмір» Евангелиялық христиан шіркеуі, сондай-ақ «Иегова куәгерлері» діни бірлестігі.
Пайдаланылған ақпарат көздері
1.http://map.pavlodarlibrary.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=5&Itemid=10&lang=kz
2. https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-asku-town/29118742.html
3. https://yvision.kz/post/663099
https://silkadv.com/en/content/aksu-gorod
4. https://wildticketasia.com/ru/205-aksu-city-pavlodar-region.html
5. https://vlast.kz/hometown/24703-gorod-sputnik-gorod-mecta.html
6. https://pavlodarica.fandom.com/wiki/Аксу
7. http://shansmedia.ru/привет-из-ермака-а-ныне-из-аксу/
8. https://dzen.ru/media/id/5c4e632595151200ac28681a/pochemu-ia-hochu-uehat-iz-aksu-5e5f2269669c1f78da9270a8
9. https://ru.wikipedia.org/wiki/Моногорода_Казахстана
10. https://ru.wikipedia.org/wiki/Аксу_(город,_Павлодарская_область)
Есептер
1.Ақсу қала халқының ең төменгі және ең жоғарғы тығыздығы бар аймақтарды салыстырыңыз.Кестедегі мәліметтерді пайдалана аласыз.
2.Ақсу қаласындағы 1000 адамға шаққандағы 2021 жылғы туу көрсеткіші 18,63,ал 1000 адамға шаққандағы 2021 жылғы өлім көрсеткіші17,78 Ақсу қаласының табиғи өсім көрсеткішін тап.
Формула:ТӨ=Т×Ө
ТӨ- табиғи өсім
Т-туу көрсеткіші
Ө-өлім көрсеткіші
3. Ақсу қаласының жалпы халық саны 70214 адам.Ал туу көрсеткіші бойынша 177 адам.Ақсу қаласындағы туу коэффициентін есепте.
Формула:Кт=( Т÷ЖХС)×1000
Кт-туу коэффициент
Т- туу көрсеткіші
ЖХС- жалпы халық саны
Достарыңызбен бөлісу: |