Ақтау қаласының 2015 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қала 1963 жылы құрылған.
Қаланың ауданы – 29,86 мың га.
Қала орталығы – Ақтау каласы.
Қаланың халқының саны 01.10.2015 жылға – 185,4 мың адам.
Қаланың әкімшілік бөлімі: Өмірзақ ауылы, тұрғындар 2,6 мың адам.
Ақтау қаласы ірі өнеркәсіп орталығы болып табылады, өңдеу және кен өндіру өнеркәсіптік ірі кәсіпорындары жұмыс атқарады (химиялық өнеркәсібі, машина жасау, металлургия жеңіл және азықтық өнеркәсібі). Қаланың негізгі өндірушілері: «МАЭК – Қазатомпром» ЖШС, «ҚазАзот» ЖШС, «Ақтау құю зауыты» ЖШС, «Каспий машина құрастыру комбинаты» ЖШС, «Кеппел Қазақстан» ЖШС және т.б.
«Ақтау теңіз порты» 2000 га. құрайтын арнайы экономикалық аумағын пайдалануда.
2015 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 88,1 млрд. теңгені құрады, нақты ауқым индексі (бұдан әрі НАИ) – 83,9% -ды құрады (2014 жылдың осы кезеңінде НАИ – 134,2%). Оның ішінде:
-
тау-кен өнеркәсібінде – 1,3 млрд. теңге (НАИ – 13,7%);
-
өңдеу өнеркәсібінде – 37,6 млрд.теңге (НАИ – 89,6%);
-
электрмен жабдықтау, газ, бу беру – 42,5 млрд. теңге (НАИ – 43,7%);
-
сумен жабдықтауда – 6,7 млрд. теңге (НАИ – 135,6%).
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тау-кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 86,3%-ға төмен. Оның ішінде гранит және ескерткіштерге арналған тастар өндірісінің көлемі 1,8%-ға (22,1 мың куб.м.) және табиғи құм 48%-ға (12,9 мың куб.м.).
Сонымен қатар, өткен жылдың сейкес кезеңіне мәрмәр мен ескерткіштерге арналған тастар көлемі 26,3%-ға (21,6 мың текше м) және тас үгіндісі (малта тас, қиыршық-ұсақ тастар) көлемі бойынша 20,5%-ға (54,1 мың текше м.) өсті.
Кен өндіру өнеркәсібінің өзге де салалары бойынша келесілер төмендеді: бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар 6,7%-ға (135,4 мың тонна), жасанды тастан жасалған тақтайшалар 43,5%-ға (56,7 мың тонна), оның ішінде бетоннан жасалған конструкциялар 5,4%-ға (14,7 мың тонна), ерітінділер 50,2%-ға (2,9 мың тонна) және сәйкесінше тауарлық бетон көлемі 36,2%-ға (378,9 мың тонна) өсті.
Өңдеу өнеркәсібінің көлемі келесі өндірістер бойынша 10,4%-ға төмендегені анықталды:
-
ет өнімдері 90,7%-ға (15,8 млн. тенге);
-
сусындар 28,5%-ға (130,3 млн. теңге);
-
фармацевтикалық өндірістері 4,5%-ға есеге (67,7 млн. теңге);
-
металлургия өндірісі 35,6%-ға (2622,9 млн. тенге);
-
кокс 21,8%-ға (4641,8 млн. тенге);
-
машина жасау 45,8%-ға (4534,3 млн. теңге) және басқалар.
Сонымен қатар, келесі өндірістердің көлемі артқаны анықталды:
-
тамақ өнімдері 10,2% (2462,5 млн. теңге);
-
сүт өнімдері 18,5%-ға (1380,7 млн. теңге);
-
жеңіл өнеркәсібі 14,9%-ға (573 млн. теңге);
-
киімдер 6,4 есеге (99 млн. теңге);
-
тоқыма бұйымдары 2,1%-ға (40,5 млн. теңге);
-
қағаздар 36%-ға (19,9 млн. теңге);
-
химиялық өнеркәсібі 12,2%-ға (10755,2 млн. теңге);
-
пластмасса өндірісі 28,4%-ға (1942,5 млн. теңге);
-
өзге де металл емес минералды өнімдер 16,2%-ға (8341,8 млн. теңге) және басқалар.
Электрмен жабдықтауда, газ, бу беруде және әуе салқындатқышында электр энергиясы көлемі 6,4%-ға (3,6 млрд. кВт.сағ.) төмендеді. Сонымен бірге, жылу энергиясы көлемі 6,3%-ға (2,6 млн. Гкал) артты.
Сонымен қатар, табиғи судың көлемі өткен жылдың сәйкес деңгейінен 5,1% төмен және 804,3 млн.текше м. құрады.
Қалалық өнеркәсіп өнімдерінің көлемінің облыстық көлемдегі үлесі 7,8%-ды (1133,1 млрд. теңгеден) құрайды.
Ауыл шаруашылығы өнімі. 2015 жылдың 8 айына ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 183,9 млн. теңгені құрады, НАИ 109,8%-ды құрады (2014 жыл – 90,6%).
Есепті кезеңде барлық шаруашылықтың санаттарында тірі салмақтағы барлық мал және құс түрлерін союды жүзеге асыру көлемі 31,2%-ға (76,3 тонна), сауып алынған сиыр сүті 61,3%-ға (45,5 тонна) өсті және 7,6 есе жоғары деңгейде тауық жұмыртқалары алынды (13 мың дана).
01.10.2015 жылға ірі қара малының бас саны 20,5%-ға (128 бас), қойлардың 24,8%-ға (825 бас) және жылқының 14,4%-ға (131 бас) азайды.
Сонымен қатар, түйелердің бас саны 55,4%-ға (129 бас), ешкілердің 36,8% - ға (260 бас) және құстардың 13,4 есеге (242 бас) артқаны анықталды.
Мал шаруашылығының 2015 жылғы қаңтар-қыркүйек айларына
негізгі көрсеткіштері
(бас)
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 34,2 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың үйлесімді кезеңімен салыстырғанда 27,7%-ға жоғары - құрылыс-монтаж жұмыстары 46,6%-ға (24 млрд. теңге) өсуінің есебінен. Сонымен қатар, ағымдағы жөндеу көлемі бойынша көлемі 51,4%-ға (445,3 млн. теңге) және күрделі жөндеу бойынша 85%-ға (476,4 млн. теңге) төмендеді.
(млрд. теңге)
2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 195 жаңа ғимарат пайдалануға берілді, олардың 187-ы тұрғын үйлер.
Қалалық құрылыс жұмыстарының көлемінің үлесі облыс бойынша жалпы көлемінен 28,4%-н құрайды.
Қала бойынша тұрғызылған тұрғын үй ауданы 109,6 мың м2, оның ішінде тұрғындардың есебінен салынған – 55,6 мың м2 немесе жалпы салынған тұрғын үйдің көлемінен 64,9%-н құрайды. Тапсырылған тұрғын үй ауданы өткен жылдың сәйкес кезеңінен 4,6%-ға көп (НАИ – 104,6%).
(мың м2)
Тұрғын үй құрылысына 11,2 млрд. теңге бағытталды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,2 есе жоғары, оның ішінде халықтың меншікті қаржы есебінен – 3,6 млрд. теңге.
Негізгі капиталға инвестиция салу 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 92,5 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 60,9%-ға жоғары, оның ішінде 28,6 млрд. теңге (жалпы көлемінен 31%) көлік және қоймалауға бағытталған, 20,4 млрд. теңге (22,1%) өнеркәсіпке, 14,8 млрд. теңге (16%) тау-кен өндіру өнеркәсібіне және басқалар.
(млрд. теңге)
Атап кететін жәйт, инвестицияның артуы 2014 жылдың үйлесімді кезеңімен салыстырғанда меншікті қаржылары есебінен 70,8%-ға (63,5 млрд. теңге), қарыздық қаржылары есебінен 19,2%-ға (9 млрд. теңге), банктік несиелер есебінен 5,6 есе 10,4 млрд. теңге сомада және бюджеттік қаржыдан 19,1%-ға (9,6 млрд. теңге).
(млрд. теңге)
Негізгі капиталға салынған инвестиция техникалық құрылымы бойынша ғимараттар мен құрылыстардың күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстарына бағытталған – 46,2 млрд. теңге (жалпы көлемінен 50%), машина және түгендеу құралдарын сатып алу – 38,5 млрд. теңге (41,6%) және өзгелер – 7,8 млрд. теңге (8,4%).
Қалалық негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің үлесі облыс бойынша жалпы көлемінен 28,4%-н құрайды.
Орташа айлық жалақы мөлшері 2015 жылдың I-ші жарты жылдығында қала бойынша 223 685 теңгені құрады немесе 2014 жылдың үйлесімді кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға өсті (210 078). Қала бойынша 2015 жылдың I-ші жарты жылдығында жалдамалы жұмысшылардың саны 95,1 мың адамды құрады, оның ішінде орта және ірі кәсіпорындарда – 74,8 мың адам. Жалдамалы жұмысшылар саны 2014 жылдың үйлесімді кезеңімен салыстырғанда 2,3 мың адамға өсті немесе 2,4%-ға көп.
Жұмыссыздық және жұмыспен қамтамасыз ету. Экономикалық белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1%-ды құрайды.
01.10.2015 жылға жұмыспен қамту органына өтініш білдірген азаматтар саны 2478 адамды құрады немесе өткен жылдың тиісті деңгейінен 50,3% жоғары.
Қала бойынша 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 7297 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2014 жылдың тиісті деңгейінен 2,3%-ға жоғары (7132).
Ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі адамдар саны, 01.10.2015 жылға 944 адамды құрады немесе 2014 жылмен салыстырғанда 24,9%-ға көп (01.10.2015 жылға – 756 адам).
Халықтың табиғи қозғалысы. 8 айға бала туу деңгейі 1000 адамға шаққанда 28,62 промилле (4%-ға төмен) және өлім-жітім деңгейі – 5,81 промилле (0,3%-ға өсім). Аналар өлімі болған жоқ.
Есептік кезеңде (9 айға) нәрестелердің шетінеуі 50%-ға төмендегені айқындалды (4,6 промилле) және туберкулез бойынша ауру-сырқау деңгейі 100 мың адамға шаққанда 1,4%-ға (50,3 жағдай), 2014 жылы – 39,6 жағдай.
Ағымдағы жылдың 9 айына салық пен басқа да міндетті төлемдерден мемлекеттік бюджетке 62,1 млрд. теңге түсті (2014 жылдың сәйкес кезеңіне 104,8%), оның ішінде республикалық бюджетке – 17,9 млрд. теңге (95,3%), жергілікті бюджетке – 44,2 млрд. теңге (109,3%).
2015 жылдың 1 қазан жағдайы бойынша жергілікті бюджетке салық пен төлемдерден 17,6 млрд. теңге түсті немесе орындалысы 105,1%-ды құрады.
Жергілікті бюджет кірісіне жалпы салықтық түсімдер мен жинақтардан салықтық түсімдер – 10,2 млрд. теңге (116,3% - есептік жоспарға), салықтық емес түсімдер – 163,2 млн. теңге (110,3%), негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 2,5 млрд. теңге (81,5%) және трансферттік түсімдер – 4,8 млрд. теңге (100%).
Трансферттік түсімдерін есептемегенде, жергілікті бюджетке 12,8 млрд. теңге түсті немесе есептік жоспарына 107,2% орындалды.
Бюджеттің шығын бөлігі 18,2 млрд. теңгеге орындалды немесе жоспарланған қаржының жоспарына 96,7%-ы (18,8 млрд. теңге).
(млрд. теңге)
Жергілікті бюджет бойынша төлемдер жөнінде берешек 1,6 млрд. теңгені құрады немесе 2014 жылдың деңгейінен 16%-ға өсімімен (1,4 млрд. теңге).
Достарыңызбен бөлісу: |