Ала бойындағы тентектіктің тамырын кесіп тастасаңыз, ешқашан да данагөй шығара алмайсыз Жан Жак Руссо



Дата25.02.2016
өлшемі71 Kb.
#20739
Ала бойындағы тентектіктің тамырын кесіп тастасаңыз,

ешқашан да данагөй шығара алмайсыз»

Жан Жак Руссо

Әл-Фараби бабамыз: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» - деген екен. Расында да солай. Өйткені ғылымға бет бұрған, соған барынша назар аударып, тәрбиені заңмен реттеуге тырысқан көптеген дамыған мемлекеттер ел болашағы саналатын жастардың тіршілігіне алаңдаушылық білдіріп, мазасыз күй кеше бастады. Олардың жанында ғасырлар бойы атадан-балаға дарыған тәлім-тәрбиесі ұрпақты тек жақсылыққа тәрбиелейтін қасиеттер қазақты замана аласапыранынан сақтап келеді. Болашақта да тағдырымыздың тәлкекке түсіп, талбесігіміз шайқалмауы үшін осы салада қыруар шаруаны іске асыру қажет. Осы орайда еліміздегі мектепке дейінгі білім ордаларының алар орны ерекше.

Елімізде балалардың мектепке дейінгі білім алуында мемлекет тарапынан қолдау алатын құқықтары заңмен бекітілген. Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру жүйесі балалардың денсаулығын нығайту мен сақтау факторларының бірі және еліміздегі демографиялық жағдайдың жақсаруы ретінде қарастырылуда, себебі тууды арттыру әрбір қазақстандық отбасында балаларға мектепке дейінгі білім беру қызметінде нақты әлеуметтік кепілсіз мүмкін емес.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан азаматтарының дәулеттілігін арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауында «Ерекше көңіл балалардың дамуына жағдай жасайтын, үздіксіз оқытудың алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі білім беру саласына бөлінуі тиіс» делінген.
Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу, зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Бүгінгі күні күнделікті күйбеңмен, қу тірлікте жүріп бала тәрбиесін санасынан сырт қалдырған ата-аналар да бар.

Сондықтан еліміз айрықша мән беріп, өз мемлекетінің ұландарына жақсы жағдай жасау, құқықтарын қорғау туралы халықаралық құжаттар арқылы шарттасып жатқанда, біздің әрбіріміздің балаға деген басқаша көзқарастан арылып, келешекті ойлауымыз парыздың үлкені дегім келеді.

Бүгінгі таңда Астана қаласы бойынша сәби жастан кәмелетке толғанға дейінгі жас аралығында 169 646 бала өмір сүреді (0 -18 жас). Оның ішінде: 81 842 - мектеп жасына дейінгі балалар, 73 857 — мектеп жасындағы балалар, олардың әрқайсысы түрлі деңгейдегі мемлекеттің қамқорлығына мұқтаж.

Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Қазақстан Республикасында тәуелсіз және егемен мемлекет болғаннан бергі өткен уақыт аралығында демократиялық құндылықтарға бағдарланған қуатты заңнамалық құжаттар тобы қалыптастырылды. Олар:

1.БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенция

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылғы 30 тамыз)

3."Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" (Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы)



4.Неке және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Заңы (1998 жылғы 17 желтоқсан N 321-I)

5."Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

6."Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi N 319 Заңы)

"Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңы)

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

«Мүмкіншіліктері шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау көрсету туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (№343, 2002 жылы 11 шілде).


Көрсетілген заңнамалық құжаттарда мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың балалар құқығын қамтамасыз ететін мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

Қазақстанда білім мекемелерінде бала құқығын қорғау халықаралық нормалармен, қазақстандық заңнамалармен, білім ұйымдарының ішкі құжаттарымен де реттеледі.

"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында:

15-бап. Баланың бiлiм алуға құқығы

1. Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарына сәйкес оған тегiн орта бiлiм, бастапқы кәсiби бiлiм және конкурстық негiзде тегiн орта кәсiби және жоғары кәсiби бiлiм алуға кепiлдiк берiледi.

2. Тегiн жалпы орта бiлiм немесе бастапқы кәсiби бiлiм алғанға дейiн баланы мемлекеттiк бiлiм беру мекемесiнен шығару, шығарудың жалпы тәртiбiн сақтаумен қатар тек қорғаншы және қамқоршы органдарды хабардар ете отырып қана жүргiзiлуi мүмкiн.

3. Арнаулы педагогикалық тәрбиенi қажет ететiн кемтар балаларға мемлекеттiк бюджеттен белгiленген стандарттар деңгейiнде олардың бiлiм алуына кепiлдiк беретiн қосымша қаражат бередi.

4. Мемлекет балалардың бiлiм алу кезеңiнде әлеуметтiк қорғауды қажет ететiндерiнiң күтiп-бағу шығынын толық немесе iшiнара көтередi. Олардың бiлiм алу кезеңiнде әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерi мен көздерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 49 бабы:

3. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң:

1) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкес сапалы бiлiм алуға;
2) бiлiм беру ұйымы кеңесiнiң шешiмi бойынша жалпыға мiндеттi мемлекеттiк бiлiм беру стандарттары шеңберiнде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқуға;

3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;

4) өзiнiң бейiмдiлiгi мен қажеттерiне қарай қосымша бiлiм беру қызметтерiн, бiлiмдердi ақылы негiзде алуға;

5) бiлiм беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;

6) қайта қабылдануға және бiр оқу орнынан басқасына, бiр мамандықтан басқасына немесе оқудың бiр нысанынан басқасына ауысуға;

7) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бiлiм беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды тегiн пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдiстемелiк кешендермен және оқу-әдiстемелiк құралдармен қамтамасыз етiлуге;

8) спорт, оқу, акт залдарын, кiтапхананы тегiн пайдалануға;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпарат алуға;

10) өзiнiң пiкiрi мен сенiмiн еркiн бiлдiруге;

11) өзiнiң адамдық қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне;

12) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегi табыстары үшiн көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.



«Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, бала отбасында өз мүддесіне қатысты кез-келген сұрақтың шешілуі кезінде пікірін білдіруге, сондай-ақ, сот талқылауында тыңдалуына құқылы. 10 жасқа толған баланың пікірі, мүддесіне қайшы келген жағдайдан басқа, есептелуге міндетті.

Балалық шақты қорғау, бүгінгі күннің өзекті проблемаларының бірі ретінде, қоғамдық қауымдастықтың назарын өзіне көптен-көп аударады. Бұл әлеуметтік жетімдіктің, бақылаусыздықтың, құқықбұзушылықтың өсуімен, тәуелдіктің таралуымен байланысты. Діни ұйымдар мен тоталитарлық секталардың іс-әрекеттері, бұқаралық ақпарат құралдарының бақылаусыз әсері балалардың адамгершілік, психикалық және физикалық денсаулығына үлкен қауіп туғызады.

Балалар мен жасөспірімдердің инабаттылығын және психикалық саулығын сақтау жаһандану жағдайында маңызды проблема болып табылады.

Қазіргі кезде көп балабақшаларда тәрбиешілер балаларды тыныштандыру үшін мультфильмдер қойып отырғызып қояды. Оның мағыналы болуынжәне уақытының шектелуі болу қажет.

Біздің қоғамымыздың бір ерекшелігі баланың қызығушылықтары мен құқықтарына көп жағдайда эмоцианалдық деңгейде көңіл бөлумен сипатталады: онда сүйіспеншілік пен қамқорлық көрсету, қиыншылықтардан, өмірлік қиын проблемалардан қорғау болып табылады.


Балалардың құқықтарын жақсарту жағдайларының оң тенденцияларымен қатар белгілі бір проблемалары мен шешілмеген мәселелері бар. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы Конвенциясының ережелерін насихаттау және түсіндіру бойынша қолданылған шараларға қарамастан, кейбір балаларда өзінің құқықтық дәрежесін құқығы шектелген адам ретінде өзін-өзі төмен бағалауы байқалады.

Балалар құқықтарын қорғау саласындағы маңызды халықаралық құжат-Бала құқықтары туралы конвенция болып табылады.

Жұртшылық пен балалар арасындағы Конвенция туралы хабардарлық деңгейі бұрынғысынша төмен күйінде қалып отыр. Білім беру саласында балаларды олардың құқықтарымен таныстыру факультатив сабақтар деңгейінде жүргізіледі, алайда мұндай сабақтарды міндетті түрде оқу бағдарламаларында нормативтік деңгейде бекіту тиімді болар еді.

Конвенция – ерекше, әлеуметтік ізгілік мағынадағы құжат, ол баланы тануды адамзаттың белгі ісі ретінде нығайтады, оны бұрмалауды болдырмайды. Ол балалардың мүдделік басымдылығын, мемлекет, қоғам, дін, ұрпақ мұқтаждығы алдында жариялайды. Онда әлеуметтік жағынан шектелген балалар: жетімдер, мүгедектер, босқындар, құқық бұзушыларды мемлекет пен қоғамның ерекше қорғау қажеттілігі айқындалған. Құжатта бала құқығының дербес субъектісі, толыққанды және толық құқылы жеке адам ретінде көрсетілген. Балаға мұндай көзқарас еш жерде, ешқашан болған емес. Оның тұжырымдары төрт негізгі талаптарға саяды, яғни баланың тіршілік етуі, дамуы, қорғануы және қоғам өміріне белсенді араласу құқытары қамтамасыз етіледі.

Тұтастай алғанда, баланың оның көзқарасын құрметтеуге, туылғанын тіркеуге, тиісті ақпаратқа қол жеткізуге, отбасының болуына, денсаулығы мен медициналық қызмет көрсетуге, білім алуға, бос уақыты мен мәдени қызметіне, кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігінің іске асырылуына, азаптаудан және қатігездікпен қараудан қорғалуға, сондай-ақ панасыз балалар мен мүгедек балалардың ерекше қорғалуына құқықтарымен байланысты қалған мәселелер бойынша Қазақстан Комитеттің Ұсынымдарын орындау үшін ауқымды шараларды қабылдады.

Балалардың ең абзал мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы бала құқықтарын қорғау мақсатын көздейтін неғұрлым маңызды конвенцияларға қосылды

БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ БҰҰ КОНВЕНЦИЯСЫ – БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕМДІК КОНСТИТУЦИЯСЫ

Конвенцияның құрылу тарихына қысқаша шолу

1945 жыл – Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды;

1946 жыл – БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) құрылды;

1948 жыл – БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясын қабылдады;

1959 жыл – БҰҰ Бас Ассамблеясының Бала құқықтары декларациясы қабылданды;

1978 жыл – Польша үкіметі адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Комиссиясына Бала құқықтары туралы Конвенция негізінде жоба ұсынды;

1979 жыл – Халықаралық Балалар жылы болып жарияланды;

1989 жыл 20 қараша – БҰҰ Бас Ассамблеясы Бала құқықтары туралы Конвенциясын қабылдады. Жыл сайын БҰҰ шешімі бойынша 20 қараша – Бала құқығы күні болып аталады;

1990 жыл 26 қаңтар – Конвенцияға қол қою басталды. Алғашқы күні Конвенцияға 61 мемлекет қол қойды;

1990 жыл 2 қыркүйек - Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы күшіне енді;

1994 жыл – Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялады.


Дегенмен, халықаралық стандарттармен кепілдік берілген, мемлекет тарапынан неғұрлым ауқымды көмекті және қолдауды қамтамасыз ететін бірқатар ұлттық заңнама нормалары бар. Атап айтқанда, Конвенцияның
28-бабы мемлекеттің тегін және міндетті бастауыш білім берумен қамтамасыз ету және тегін орта білім беру жөніндегі міндеттемесін көздейді, ал ҚР Конституциясының 30-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында орта білім алу міндетті. Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар. Осылайша, заңнама Конвенция нормаларын кеңейте отырып, азаматтардың тек тегін бастауыш білім ғана емес, сонымен бірге тегін орта білім алуына да кепілдік береді.
Бала құқықтары оның дамуы мен тәрбиесі қашанда бүкіл әлемдік проблема болғанын білеміз. Осыған орай біздің елімізде бала құқықтары жөнінде БҰҰ конвенциясы тұжырымдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы үкіметі өз қаулысы қабылдады.

Бала өмірі мен құқықтарын, пікір мен дін бостандығын, білім алу, дем алу мен бос уақыт, денелік және психологиялық жәбірлеуден қорғау, балалар еңбегінің қаналуынан қорғау құқықтары сақталатын адамгершілікті әділ қоғамның қалыптасып жатқаны қуантады.


Әрбір бала:

өмір сүруге;

дамуына;

жеке басының бостандығына;

денсаулық сақтауға;

отбасында өмір сүруге;

білім алуға;

сөз, ақпарат, қоғам өміріне еркін қатысуға;

мүлікке;

әлеуметтік қолдау алуға;

демалуға және бос уақытын пайдалануға құқылы.
Астана қаласы бойынша бала құқығын қорғаумен айналысатын мемлекеттік мекемелер:

1.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті;

2.Балалардың құқықтарын қорғау департаменті;

3.Қалалық прокуратура;

Ішкі істер департаменті;

Білім басқармасы;

Денсаулық сақтау басқармасы;

Әділет департаменті, қалалық және аудандық АХАЖ бөлімдері;

Астана қаласының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық және кәмелетке толмағандарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы және олардың мүдделерін қозғайтын азаматтық істерді қарауға уәкілетті «Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құру туралы» Қазақстан Президентінің Жарлығына орай эксперимент жасау тәртібімен Астана және Алматы қалаларында екі ювеналды сот құрылды. Заң жобасының қабылдануы заңнамада кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер Қазақстанның кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың қарауына жататындығын айқындауға мүмкіндік береді.


Бала құқығын қорғаумен айналысатын басты мекемелер – білім беру мекемелері болып табылады. Себебі, олар балалармен күнделікті тығыз жұмыс жасап, бірінші байқайтын да, бақылайтын да мекеме.

Алдарыңызға күнделікті келіп жүрген балалардың сол күнгі көңіл-күйінің нашарлығы, ұйқысының қанбауы, мазасыздануы немесе дене жарақатының байқалуы арқылы анықтауға болады. Қажет болса, сылтау тауып баланың үйіне бару қажет. Себебі, көп жағдайда отбасылық кикілжіңнің құрбаны бала болады. Ерлі-зайыптылар бір-біріне деген ренішін баладан алады.

Әрине, арнайы тексеру құралдары жоқ болғандықтан, бала бойында не себепті зұлымдықтың не өзімшілдіктің пайда болып, неге оның адамгершілігі мен мәдениеттілігінің азайып кеткенін дәрігердің анықтамасындай нақты айта қою қиын болар, десек те барлық әрекеттің түбінде тәрбиенің тұрғанын болжау қиын емес.Мәселен, баланың тәрбиешіге қалай сөйлегеніне қарап, оның үйінде ата-анасының қалай сөйлейтінінен шамалауға болады. Сол сияқты оқушының сабаққа ынтасының болу-болмауы, тәртібі, күнделікті көңіл күйі де отбасындағы көп жайдан хабар береді, оны көзі қырағы әрі тәжірибелі тәрбиеші тез аңғарады. Ата-аналармен әңгіме барысында осы жөніндегі түйгені мен көргенін айтып, еркін пікір алмасар болса, отбасы тәрбиесінің түзелуіне әсер етпей қоймайды
Бала құқықтары туралы Конвенцияның 18 бабында «Бала тәрбиесіне әке-шешесінің екеуі де жауап береді, ал мемлекет оларды қолдауы керек» делінген. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі бойынша жұмыс істейтін әйел адам баласын тәрбиелеуге күніне 16 минут, ал демалыс күндері 30 минут уақыт бөледі екен.
Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің (бұдан әрі – Департамент) басты бағыты – балалардың өмір сүру сапасының әлеуметтік және құқықтық кепілін қамтамасыз ету.

Балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі Департаменттің негізгі серіктестері – барлық мүдделі мемлекеттік мекемелер, түрлі үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және ата-аналар жұртшылығы.

Барлық бала өз құқығын біле тұрса да қажетті кезде орнымен қолдана алмайды. Ересектердің өзі заңды білместігінен өмірдің қиын жағдайына тап болады. Заңды білген күнде де өз құқығын қорғай алмайтын ересектер де кездеседі. Ал, балалар не істеу қажет?

Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінде 2007 жылдың желтоқсан айынан бастап «Жүрек жылуы» Қоғамдық қабылдауы және 39-04-93 нөмірлі сенім телефоны қызмет етеді. Негізгі мақсаты – өмірдің қиын жағдайына тап болған балалар мен отбасына психологиялық, құқықтық және кеңестік көмек көрсету.

2011 жылдың 9 айы бойынша Департаменттің «Жүрек жылуы» Қоғамдық қабылдауына 63 өтініш түсіп, Сенім телефонына 186 қоңырау шалынды.

Негізінен сенім телефонына қоңырау ересектерден түседі, балалар өздері хабарласпайды. Барлық түскен өтініш, гағымдар түгелдей дерлік қаралып, жауаптары беріледі. Егер бала көмек сұраған жағдайда ересектер тарапынан көмек дер кезінде берілсе, сонда ғана балалардың үйден кетуі, сабақтан қалуы, қылмысқа баруы, өзіне қол жұмсаушылар саны азаяр еді (мысалдар келтіру).


Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.

Департамент мүдделі органдар мен жергілікті атқару органдары, халықаралық және мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, біздің еліміздегі балалардың жағдайын жақсарту бойынша жұмысын жалғастырады.



Балалардың құқықтық білімдерін кеңейту үшін:

Тақырыптық сынып сағаттар өткізу;

Ата-аналар жиналысын жүйелі, мазмұнды өткізу;

Құқықтық бұрышты безендіру.

Астана қаласының білім беру мекемелерінде тәрбиеленушілер мен ата-аналарына құқықтық тәрбие беруді жетілдіруге бағытталған «Өзіңді қорға!» атты құқықтық бұрышында болу қажет:

Балалардың басты құқықтары (суреттермен бейнеленген);



Сенім телефондар нөмірі;

Заңнамалық құжаттар тізімі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет