Қала мектептерінің оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру



Дата19.06.2016
өлшемі102.92 Kb.
#147832
Қала мектептерінің оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы №14 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесіне» сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008-2009 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау, жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының көшіру мен бітіру емтихандарын өткізу жөніндегі 18.03.2009 жылғы №118 бұйрығына сай жұмыстануда.

III тоқсанды 31169 оқушы аяқтады, оның ішінде оқу озаты -3935 оқушы, оқу екпіндісі -11043. Үлгермеуші саны -304. Үлгерім - 99 %, білім сапасы - 48%

II тоқсанмен салыстырғанда оқу озаты – (2714 болды)- 1221оқушыға көбейген, оның ішінде 1 сыныптан тоқсан бағасы шығып 1159 оқу озаты бастауыштан көбейіп отыр.

9 класс-3606 оқушы 94 оқу озаты, 941 оқу екпіндісі, 91 үлгермеуші.

10 класс1846 оқушы 67 оқу озаты, 647 оқу екпіндісі , 51 үлгермеуші

11класс 1746 оқушы 52 оқу озаты, 503 оқу екпіндісі, 47 үлгермеуші.

100 % үлгерім берген мектептер №10,14, 18, 19, 29, 36, 38, 40, 42, ЭБГ, ВБГ.

Білім сапасы бойынша жоғары көрсеткіштер: № 42 мектеп -71, 4%,ЭБГ -67%, ВБГ-66% № 9 мектеп -64, 31 %, № 18 мектеп -62%, №43 -57, 2 %, №41 -57, 1%

Сапасы төмен көрсеткіш берген мектептер: №44 мектепте 48 оқушыға «2» деген баға шыққан , №25 мектепте - 24 оқушыға «2»-лік.

23 мектепте 19 оқушыда «2»-лік шыққан, оның ішінде 11-кластан -5 оқушыға.

9, №32 мектептерде 18 үлгермеушіден, №17 мектептен -15 оқушы, № 24 мектептен -14 оқушы, № 4, № 39 мектептен 12 оқушыдан.

4 сыныптар бойынша 2389 оқушының ішінен тестілуге 2294 оқушы қатысты, сол көрсеткіш 98 пайызды құрайды. 95 бала белгілі себептермен тестілеуге қатыса алмады. №№3,4,14,18,19,38,42,43 ЭБГ, Серебряков мектеп оқушылары 100 пайыз бақылауға қатысты.

Қала бойынша орташа 17,15 балл болса, қазақ мектептері 17,16 балл, орыс мектептерінде 17,14. Егер өткен жылы орыс тілінде оқытылатын оқушылардың көрсеткіштері қазақ мектептерінен жоғары болса, биыл қазақ мектептерінің көрсеткіштері жоғары деңгейде.

Қалалық деңгейден жоғары балл жинаған 21 мектеп, олар: №№3,4,7,17,18,21,23,24,25,26,27,28,31,38,41,42,43,45,ЭБГ,ВБГ және Серебярков мектептері, қалалық көрсеткіштен төмен нәтиже берген 19 мектеп №№1,2,5,6, 22,30,32, ,36,Кругл,33, 19,16,34,14, 13, 20,39,40 және №12 мектептер.

ІІ тоқсан қорытындысына ең жоғарғы білім көрсеткіші 80 пайыздан жоғары №25 мектеп (қазақ),41,42,43,№2 (орыс -87%) , №18,21,23,24 (-86%), №25 (орыс - 86 %), №26 (орыс – 84 пайыз), №31(-100 пайыз), ЭБГ,31 мектептер құрайды. Аралық бақылауда тоқсан қорытындысын дәлелдеген №41,42,43,31,ЭБГ оқушылары

2009 жылғы мемлекеттік аралық бақылауға (МАБ) 9 сынып оқушыларынан 3168 оқушы қатысты, соның ішінде 1220 оқушы қазақ сыныбынан, 1948 оқу орыс тілінде жүретін сыныптан.

МАБ-қа 100% қатынасқан мектептер: №1, 14,18,40,43 және Серебряков.

Облыс бойынша орташа балл - 60,0 болса, қалада 63,3 болды, өткен оқу жылымен салыстырсақ 7,5 баллға өскен 3,3 балға облыс көрсеткішінен жоғары.

Орыс сыныптарындағы қазақ тілінен орташа балл – 22,5, орыс тілінен қазақ сыныптарында – 23,6 балл, шет тілінен – 19,4 балл, географиядан – 21,5 балл алды.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептегі қазақ тілінен 30 балл жинаған 24 оқушы, тиісті деңгейді алалмаған 5 оқушы болды (№5, 12,26 және К(а) ЖОББМ).

Оқу қазақ тілінде жүретін мектептегі орыс тілінен 30 балл жинаған 16 оқушы болса, деңгейден өте алмаған оқушылар –3 (№36,30)

Шет тілінен 30 балл жинаған -18 оқушы, шекті деңгейден өтеалмағандар – 28.

География пәнінен 30 балл жинаған тек бір ғана оқушы, ол №16 ЖОББМ-шы, шекті деңгейден алалмаған оқушылар – 7.

МАБ қорытынды бойынша қалада 1 орында №35 МЛ (73,6б), 2 орында №42 «Ақниет» гимназиясы(72.7б), 3 орында №41 ЖОББМ (71б).

9 сыныптардың МАБ-ның қорытындысы бойынша облыс көлемінде қала 3 орында, өткен оқу жылында 5-ші орында болып едік.

Биылғы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу былтырғы жылдағыдай 1 және 10 маусым аралығында өткізіледі. Биыл да жоғары оқу орындарына оқуға түсуге тілек білдірген білім алушылар, жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер үшін қорытынды аттестаттау міндетті түрде ҰБТ нысанында өтеді.

Биыл 1746 оқушы мектепті бітіргелі отыр.

Өткен оқу жылында қалада 8 түлек «Алтын белгіге» ие болса, 6-ы үздік аттестат алған еді.

Қазіргі таңда ІІІ-ші тоқсанның қорытындысы бойынша 35 түлек «Алтын белгіге», 8-і «Үздік» аттестатқа үміткер болып, өз дайындықтарын нақтылауда.

Қаңтар айында мектептердің өздері өткізген байқау тестілеуінің қорытындысы қала бойынша орташа балы-71,7 балл, ақпанда – 73,8 балл.

Ал, қалалық білім беру бөлімі наурыздың 10-20 аралығында өткізген байқау тестілеуінің нәтижесі -70,7 балл болды.

Осындай байқау тестілеуін «Алтын белгіге» үміткер түлектерімен де өткізілді.

Байқау сынағына 35 «Алтын белгіге» үміткердің тек 30-ы қатысты, солардың ішінен тек 10-ы ғана өз білімдерін дәлелдеді. Осы өз білімдерін дәлелдеген 10 үміткердің 9-ы қазақ мектептерінің түлектері.

Ең жоғарғы балл жинағаны №41 мектептің түлегі Құсайнова Л – 119 балл.

117- балдан №36 мектептің түлегі Жауынбаева және 3 оқушы №42 мектеп гимназиясынан жинады.

№27 ЖОББМ-ң екі оқушысы және №41 ЖОББМ-ң бір оқушысы 116 балдан жинады, т.б.

Мектеп директорлары, пән мұғалімдері, қалалық білім бөлімінің қызметкерлері мектеп бітірушілердің білім сапасын көтеруде қатаң талап қойып, нақты жұмыстануда.

Қазіргі кезде әрбір мектеп түлегі ҰБТ-ге үлкен жауапкершілікпен қарап, сапалы дайындалып, байқау тестілерінен кеткен қателерге терең сараптау жұмыстарын жүргізіп, ҰБТ-де оң нәтижеге қол жеткізуге үміттенуде.

2008-2009 оқу жылында қалалық әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспары бекітіліп, қызмет аясы12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге бағытталған әдістемелік қызметтің жүйелігі мен тиімділігін жетілдіруге бағытталды.

Сондықтан жаңа оқу жылында әдістемелік кабинетте 15 әдіскер жұмыс жасайды, сапалық құрамы 1-жоғары санатты, 6-бірінші санатты болып, 50 пайызды құрайды. Педагог кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру мен шыңдау бағытында 6 әдіскер республикалық деңгейде біліктілігін арттырса , 2 әдіскер республикалық деңгейде Алматы, Қызылорда қалаларында семинарда өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Жұмыс жоспарына сәйкес оқушылардың білім, білік, дағды қабілеттерін анықтау, пәндер бойынша нақты білімдерін тексеру бағытында барлығы аймақтық- 33 , қалалық-60 пәндік олимпиадалар, 43 интеллектуалдық байқаулар, 17 спорттық жарыстар мен сайыстар ұйымдастырылды. 2009 жылдың 16-17 қаңтар күндері аралығында өтілген облыстық олимпиадада қала командасы 26 жүлделі орын мен 11 диплом алып, ІІ орынды иеленді,8 жұмыс республикалық сараптама комиссиясына ұсынылып, республикалық кезеңде эстетикалық бағыттағы гимназиясының 11 сынып оқушысы Гумаров Азамат-қола медальды (ІІІ орын) иеленіп, Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-нің мемлекеттік грантын жеңіп алды.Республикалық «Қазақстан-бақытымның ордасы» шығармалар сайысында қала командасы (№17,25,39,35,12) жүлделі ІІ орынды иеленді.Экономика пәнінен №21 ЖББОМ-тің 11 сынып оқушылары Т.Тоғай, А.Джабашева, Ж.Абдрахманова жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. №41 ЖББОМ-тің 9 сынып оқушысы Дюсенгалиева Сабина Республикалық ғылыми жобалар сайысының дипломанты атанды.ҚазМҰУ-нің ұйымдастырған пәндік олимпиададан І орын алғандар эстетикалық гимназия оқушысы Емельянова Анжелика (орыс тілі), №36 ЖББОМ-тің оқушылары Аязбаев Ғабден (математика), Ғайсағалиев Ершат (химия) және №34 мектеп-гимназия оқушысы Уразгалиева Динара (қазақ тілі). «Fleх[» халықаралық бағдарламасы бойынша №35 мектеп-лицейінің 7 оқушысы, №6,16,ВБМГ оқушылары АҚШ-та білім алуға грант ұтып алды..№40 ЖББОМ-тің «Сайып қыран» клубының оқушылары облыстық патриоттық әскери-спорттық клубтар арасындағы «Отан қорғаушы-2009» байқауында І орын, республикалық Степногорск қаласында өткен «Ұлан» байқауында ІІ орын алды.26.04-3.05 аралығында өтетін Республикалық бизнес жоба сайысына №42 «Ақниет» мектеп-гимназиясының оқушысы Мақсатова Раушангүл мен №33 ЖББОМ-тің оқушысы Хамит Бибинұр жолданды.

Қала мектептерінің оқушылары облыстық «Егемендік жаршысы»-І орын, «Алашорда тарихы және тарихи тұлғалар»-І, «Мен тәуелсіз Қазақстанның азаматымын»-ІІ, «Туған жерім-алтын бесігім»-ІІ, «Қазақстан Еуропалық қоғамдастық әлемінде»-І, «Жас қайраты елімнің»-І жүлделі орындарды алды.Облыстық М.Мақатаев оқулары сайысында №27 ЖББОМ-тің оқушысы Төлегенова Алфия ІІ орынды иеленді.

Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының орындалуын және 4,9, 10,11 сынып оқушыларының білім деңгейін анықтау мақсатында тоқсан сайын қалалық білім кесімдері өткізіліп , МАБ-қа, ҰБТ-ге дайындығын күшейту мақсатында жұмыстар жүргізілді.Нәтижесінде қала мектептері МАБ бойынша облыс көлемінде ІІІ орында , 4 сыныптар (қазақ тілі, орыс тілі, математика) бойынша орташа балл -17,21 , 9 сыныптар (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, география) бойынша-63,17 болды.

Мектептердегі шығармашылық бағытта жұмыстанатын мұғалімдерді анықтау және іс-тәжірбиесін насихаттау негізінде бастауыш сынып, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі,математика, информатика,химия пәндері мұғалімдерінің олимпиадасы ұйымдастырылды.Алғашқы рет қала мектептерінің жаратылыстану-математика пәндері мұғалімдерінің арасында «Ең үздік ақпаратты мұғалім» байқауы ұйымдастырылды. Облыстық «Алтын диск» байқауында №35 мектеп-лицейінің информатика пәнінң мұғалімі Жигалина Светлана І орынды жеңіп алды.Математика пәнінен облыстық олимпиадада мұғалімдер командасы ІІІ орынды алды. Дәстүрлі «Жыл мұғалімі-2009» байқауы өткізіліп, №36 ЖББОМ-тің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тәжіғалиева Зәмзәгүл бас жүлдені иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.

Қалалық «Алтын ұя» байқауы ұйымдастырылып, байқау жеңімпазы №43 ЖББОМ-тің отбасысы облыстық кезеңде номинациямен марапатталды.Мектеп театр ұжымдары арасында қалалық «Балбұлақ» байқауы өткізіліп, сайыс жеңімпазы №6 ЖББОМ-тің ұжымы облыстық турда «Үздік қойылым кейіпкері» номинациясын жеңіп алды.

Қала мектеп оқушыларының арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында №41,36,28,22,16 ЖББОМ-дің базасында семинар-тренингтер ұйымдастырылды.

Қала мектептерінің физика пәні кабинетінің байқауын ұйымдастырды. Қалалық әдістемелік кабинет бойынша 13 шығармашылық топ жұмыс жасайды. Шығармашылық топтардың жұмыстарына қала мектептерінің 150 мұғалімі тартылды.

Қала мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыруда Батыс Қазақстан облыстыө педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты жанынан 175 мұғалім, ақылы семинарларда-120 мұғалім және Республикалық басшы кадрлардың біліктілігін арттыру институтында 2009 жылға жоспарланған 40 курстың 27 курсында мұғалімдер өз білімдерін жетілдірді.

Әдістемелік кабинет өз жұмыс жоспарына сәйкес тақырыптық 104 семинар ұйымдастырды.

2008-2009 оқу жылындағы қала педагогтарын аттестаттау жұмыстары бойынша 170 мұғалімге- ІІ санат, 207 мұғалімге-І санаттары беріліп, 86 мұғалім облыстық аттестаттау комиссиясына жіберілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 10.04.2001 жылғы №240 бұйрығын іске асыру мақсатында және педагогтық бастамаларды экспертиза және лицензиялаудан қалалық эксперттік кеңеске жоғары санатқа ұсынылған педагогтардың жұмысы мен І санатқа ұсынылған педагогтардың жұмысы қаралып,облыс көлемінде- 19 мұғалімнің іс-тәжірбиесі, қалалық көлемінде-31 мұғалімнің іс-тәжірбиесі әдістемелік құралдар, жұмыс дәптерлер,тесттер жинақтары ретінде таратылды.

Қала мектептерінің мұғалімдері облыс көлемінде әдістемелік көмек көрсету мақсатында Бөрлі, Жәнібек, Сырым, Зеленов,Шыңғырлау, Казталов,Теректі,Жаңақала, Бөкей орда аудандарына, Ресей Федерациясының Самар қаласына барып, іс-тәжірибелерімен бөлісіп, оқыту семинарларын ұйымдастырды.

Эстетикалық бағыттағы гимназияның орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Казанцева О.М, тарих пәнінің мұғалімі Лұқпанова Я.А республикалық көлемінде «Он-лайн» сабақ, облыстық деңгейде №28 ЖББОМ-тің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Амандәулетова А.Қ, №30 ЖББОМ-тің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қажгереева Л.Н, №24 ЖББОМ-тің математика пәнінің мұғалімі Жердецкая Е.Н сабақ берді.

№43 ЖББОМ-тің базасында облыстық көлемде «Интерактивті тақтаның қолданылуы» тақырыбында оқыту семинарында №6,16,43,ЭБГ мұғалімдері облыс мұғалімдерін интерактивті тақтамен және қосымша құрылғыларды пайдалануды үйретті.

Әрбір сейсенбі күндері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы бойынша интерактивті сабақтарға, бейсенбі күндері рсепубликалық және облыстық «Он-лайн» сабақтарына қала мектептері қатысуда әдістемелік кабинет бақылау және басқару қызметін атақарады.

Қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес қала мектептерінде іс-тәжірбие алмасу бағытында теориялық және практикалық семинарлар,ғылыми-практикалық конференциялар өткізіледі. Атап айтсақ мектеп директорлары арасында №26 ЖББОМ-тің, мектеп директорларының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларының эстетикалық бағыттағы гимназия, №3,22,44 ЖББОМ-тің, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының №2,9,12,19,23,40,44 ЖББОМ-тің іс-тәжірибелері таратылды.

2008 жылы өткізілген «Аймақтық білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдісті басқару» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қала мектептерінен 12 жұмыс тыңдалып, жинаққа енгізілді.

Қазіргі уақытта Орал қаласында 40 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. Оларда тізім бойынша 6385 бала тәрбиеленуде. Мемлекеттік тілде 13 балабақша жұмыс жасайды, оларда 1738 бала тәрбиеленуде, өзге балабақшалар аралас тілді, оларда 4647 бала тәрбиеленуде.

Білім беру бөлімінде аудандар бойынша 8000-нан астам өтініш тіркелген. Орал қаласының білім беру бөлімі мектепке дейінгі ұйымындағы кезекте тұрған балалардың тізімі 2008 жылдың маусым айында Орал қаласының әкімі С.Оразовпен бекітілді. Мектепке дейінгі ұйымдарға балалар тұрған кезегі бойынша жіберіледі. Барлық балабақшаларға негізгі балалалар маусым айында мектепке дейінгі ұйымдардың директорлары баянаты бойынша жолданады. Жыл бойы босаған орындарға кезектегі балалар жіберіліп отырылады. 2009 жылы балабақшалардан 2185 бала шығарылу жоспарлануда. 2009 жылдың маусым айынан бастап білім беру бөлімі балабақшаларға 1500 балаларды жолдайды.

2008 жылы 7 ш/а 280 орыннан 2 балабақша іске қосылды.

Жаңадан салынған №34 «Балбұлақ» , №37 «Жұлдызай» мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте тұрған №25 МдҰ «Снежинка», №27 «Жігер», №4 «Березка» МдҰ-ның балалары жолданды, жеңілдікпен әскери қызметшілердің және оралмандардың балалары заңға сәйкес жіберілді.

2009 жылы қаңтар айында облыс әкімі қатысуымен Зачаганск кентінен 175 орындық балабақша іске қосылды.

Зашаған кенттік округіндегі жаңадан берілетін МдҰ сол аймақтағы балалар бақшасындағы алдынғы қатарда тіркеуде тұрған балалар жолданды.

№45 мектеп интернатының ғимаратын 75 орындық балабақшаға қайта күрделі жөндеу жүргізіліп, №36-шы «Балақай» МдҰ-на кезектегі №24 «Солнышко»МдҰ, №15 «Ақбота» МдҰ, №22«Колобок» МдҰ, №8«Сказка» МдҰ-ның балалары жолданды. Меловые горки кентіндегі №18 мектептің балабақшасына 25 бала, №3 мектептің мектепалды даярлық тобына 75 бала, №1-ші мектептің мектепалды даярлық тобына 75 бала жолданды.

2008 жылы мектепке дейінгі ұйымдарға барлығы 2975 бала жіберілді

240 орындық бұрынғы «Русь» казіргі «Шұғыла» балабақшасының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп, 2009-шы жылдың мамыр айында тапсырылуы жоспарланып отыр.Осы МДҰ-ға №4 «Березка» МдҰ, № 20 «Балбөбек» МдҰ, № 26 «Тұлпар» МдҰ, № 12 «Аленушка» МдҰ-дардың алдынғы кезектегі балалары жолданады.

2009-шы жылы «Жана орда» ауданында 280 орындық, Зашаған кенттік округі «Болашақ» шағын аудананда 280 орындық балабақша салынуда.

Жаңа объектілерді іске қосу арқылы 2004 жылы туған 2035 баланы, 2005 жылы туған 2301 баланы мектепке дейінгі тәрбиемен қамту жоспарланған.

2008-2009 оқу жылында Орал қаласы білім беру бөлімінің бекітілген перспективалық жоспарына сәйкес 7- МдҰ-дар мемлекеттік аттестациядан өткізіліп, оқу іс-әректінің лицензия талаптарына сай жүргізілуі тексерілді.

МдҰ-дарда 798 педагог кадрлар жұмыс жасайды. Соның ішінде жоғарғы білімді 447 маман, ал 351-і арнаулы орта білімді.

2008-2009 оқу жылында жоғарғы санатқа 15 педагогтар, бірінші санатқа 14 педагогтар, екінші санатқа 34 педагогтар өтініштерін білдірді.

Биылғы оқу жылында Республикалық педагог кадырлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтынан 5 педагогтар, ал облыстық педагог кадырлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтынан

64 МДҰ-ның мамандары өз білімдерін жетілдірді.



2008-2009 оқу жылында Орал қаласының білім беру бөліміне өз кезегін білу мақсатында 76 өтініштер түсті, сол өтініштер бойынша жауап қайтарылды. № 26-шы «Тұлпар» МдҰ –ның директоры атына шағым түсіп, сол шағым бойынша осы аталған МдҰ-ның директоры өз еркімен атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет