Қала: Шымкент Өткізу уақыты: 8-9 маусым 2012 ж. Ұйымдастырушы



Дата15.07.2016
өлшемі50.27 Kb.
#200362
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

«АЙМАҚТАРДЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ–ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ»

атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
Ел: Қазақстан Республикасы

Қала: Шымкент

Өткізу уақыты: 8-9 маусым 2012 ж.

Ұйымдастырушы: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Конференцияның мақсаты: Аймақтардың индустриалды-инновациялық дамуының әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық мәселелеріне талдау жасау, шешу жолдарын іздестіру.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

  1. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму жағдайында экономикалық қатынастар мен аймақтық экономикалық тиімді қызмет механизмдерін қалыптастыру.

  2. Жаһандану жағдайында аймақтардың индустриалды-инновациялық дамуы:

  • альтернативті энергетика, металлургия, мұнайхимия, химиялық өнеркәсіп;

  • биология и биотехнология, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, агроөнеркәсіпті кешен;

  • аймақтық аспектілердегі энергиялық-экологиялық мәселелер.

  • машинажасау және транспорт, құрылыс материалдары, құрылыс.

  1. Жаһандық және аймақтық деңгейде әлеуметтік-саяси, құқықтық және рухани даму.

  2. Аймақтарға қажетті бәсекеге қабілетті мамандар даярлау:

  • кәсіптік білім берудегі қазіргі педагогикалық технологиялар және 12-жылдық білім беру мәселелері;

  • мамандар даярлаудың көпдеңгейлі жүйесін жетілдіру;

  • академиялық ұтқырлық және кооперация интеллектуалды потенциалды дамыту факторы ретінде.

  1. IТ-технологиялар және автоматты жүйелер, ақпараттық кеңістіктегі бірлестікті қалыптастыру.

Конференция жұмысына қатысуға конференция тақырыбы бойынша маңызды ғылыми зерттеу нәтижелері бар Қазақстан, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының және алыс шетел мемлекеттерінің жоғары оқу орындары мен ҒЗИ-тарының оқытушы-профессорлар құрамы, ғалымдар шақырылады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері

Конференцияға қатысу үшін өтініштің (тіркелген үлгі бойынша), баяндама мәтінінің баспа түріндегі және электрондық нұсқалары (2 данадан) және ұйымдастыру жарнасы (3000 теңге көлемінде) төленгені туралы түбіртектің көшірмесі электрондық поштамен немесе төмендегі мекен-жайда 2012 жылдың мамырдың 25-не дейін қабылданады: 160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті №3 «В» ғимараты, 2 қабат, 203 каб. Конференцияны ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы: к.т.н. Бескенов Нұрлан Бескенұлы - М. Әуезов атындағы ОҚМУ Ғылыми-зерттеу басқармасы техникалық ғылымдар бөлімінің бастығы.


Баяндаманы дайындауға қойылатын талаптар:


Баяндама мәтіні (суреттер мен сызбаларды қоса А4 форматында 5 беттен аспайтын) Microsoft Word редакторының мәтінінде терілуі қажет. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі баяндамалар үшін Times New Roman қарпі (қаріп өлшемі – 11, жоларалық қашықтық – 1, сол жағы – 2,5 мм, қалған жақтары – 20 мм, жаңа жол бойынша шегініс – 1 см) қолданылады. Материал төмендегідей тәртіппен орналасады: бірінші жолда ӘОЖ көрсетіледі, бір жол төмен – бас әріптермен баяндама тақырыбы (қою қаріппен), бір жол төмен – автордың аты-жөні және тегі, бір жол төмен – мекеме, қала және ел атауы беріледі. Келесі жолда курсивпен – орыс тіліндегі баяндамалар үшін түйін және summary, қазақ тіліндегі баяндамалар үшін резюме және summary, ағылшын тіліндегі баяндамалар үшін түйін және резюме келтіріледі. Жаңа жолдан баяндаманың негізгі мәтіні басылады. Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннің соңында бір шегіністен кейін беріледі. Баяндама мәтіні мен өтініштің сапалы басылған екі дана (бет нөмірі көрсетілмей) баспа түрі және электронды нұсқасы, ұйымдастыру жарнасы төленгені туралы түбіртектің көшірмесімен бірге дискте немесе мына электрондық поштамен srd-sksu@yandex.kz ұсынылады (файлдың атауы бірінші автордың фамилиясымен сай келуі қажет, баяндама мен өтініш бір файлда беріледі). Баяндама авторларының саны 3 адамнан аспауы тиіс. Баяндама мәтіні түзетілмейді және түпнұсқа болып саналады. Конференция еңбектерінің жинағы тікелей көшіру әдісімен теріледі. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен немесе талаптарға сай келмейтін материалдар жарияланбайды, қаралмайды және қайтарылмайды.

Қонақүйді брондау 2012 жылдың маусымның 1-не дейін

Құрметті әріптестер! Сіздерден жоғарыда көрсетілген талаптарға сай дұрыс терілген материалдарды жіберу сұралады.
Баяндаманы дайындау үлгісі:

ӘОЖ (10 пт.)
М. ӘУЕЗОВТІҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ (11 пт.)
Асанов А. (11 пт.)

М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан (10 пт.)


Резюме (10 пт.)
Summary (10 пт.)
Баяндаманың негізгі мәтіні (11 пт.)

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Әдебиеттер (11 пт.)
1

2


Өтініш үлгісі:

Өтініш

1

Баяндамашының тегі, аты-жөні (толығымен)




2

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы




3

Мекемесі, лауазымы




4

Мекен-жайы (индексі көрсетілуі міндетті)




5

Телефон, факс (халықаралық байланыс кодымен)




6

Баяндаманың тақырыбы




7

Секцияның атауы




8.

Керекті техникалық құралдар




9.

Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі

(иә, жоқ)







Барлық сұрақтар бойынша конференцияның ұйымдастыру комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз:

Телефон: +7 (7252) 21-06-48, 21-19-82 Факс: +7 (7252) 21-19-89 E-mail: srd-sksu@yandex.kz

М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің банк деректемелері:

ИИК: KZ51 9260 8011 1438 2000

ШФ АО Казкоммерцбанк

БИК: KZKOKZKX

БИН: 9902 4000 5557

РНН: 582 100 003 432



Кбе 16

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет