САБАҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: Нан пісіру ашытқылары
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: технологиялық үрдістерді білуге, жаңа білімді меңгеруге
және оны іс – жүзінде қолдануды үйрету. Ашытқылардың түрлерін ажырата білу және ұтымды пайдалануға баулу;
Дамытушылық: жаңа тақырыпты меңгеру барысында «оқытушы –
студент» қарым – қатынасын және логикалық ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәнерін, әлеуметтік – еңбек құзыреттілігін дамыту;
Тәрбиелік: әртүрлі өндірістік жағдайларды теория жүзінде алған
білімдерін қолдана білу дағдысын, іскерлікті мамандыққа деген қызығушылықпен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: бинарлы сабақ
Пәнаралық байланыс: биология, химия, микробиология, тағам өндірісінің
химиясы
Сабақтың әдісі: әңгіме, баяндама, сұрақ арқылы тексеру, слайдпен жұмыс,
шикізаттармен жұмыс
Көрнекіліктер: интерактивті тақтамен, слайдтармен, шикізаттармен жұмыс;
Үй тапсырмасы:
Л.Ф.Зверева «Нан өндірісінің технологиясы және технохимиялық бақылау» М.,Колос «Тамақ өндірісі», 1989 ж. 46 – 50 беттер
Сабақтың құрылым элементтері
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Нан өндірісінде қолданылатын су;
Нан өндірісінде қолданылатын ас тұзы;
ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау әдісімен түсіндіру:
Жаңа тақырып жоспары:
Ашытқылар туралы түсінік
а) Ашытқылар құрамы
ә) Химиялық әрекеттер
2. Нан өндірісінде қолданылатын ашытқылар
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту
Ашытқылар дегеніміз не және оларды кәсіпорындарда қолдану туралы ұғымды қалыптастыру;
Достарыңызбен бөлісу: |